Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлттық ою-өрнегінің қима үлгісін жасау. 5-сынып. Мақсаты



жүктеу 444,15 Kb.
Дата09.01.2018
өлшемі444,15 Kb.
#7219
түріСабақ

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлттық ою-өрнегінің қима үлгісін жасау.5-сынып.
Мақсаты: 1)Білімділік:оқушыларға ою - өрнектің шығу тарихы жайында жалпы түсінік беру; ою - өрнек түрлерімен қима үлгісін жасау технологиясымен таныстыру .
2)Дамытушылық: халқымыздың салт дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой - өрісін дамыту
3)Тәрбиелік: ұлттық ою - өрнек үлгілерін орынды қолдана білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: түрлі ою-өрнектің суреттері оюлар,ұлттық ою-өрнектер слайд.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: қағаз, қайшы, карандаш, сызғыш т.б
Сабақтың барысы:

1 . Ұйымдастыру кезеңі.

2.Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4. Бекіту инструктажы

5.Жұмыс орнын жинақтау



I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

Арнаулы киімін тексеру

Құрал- жабдықтар мен материалдарды тарату;

Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау;

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;



II. Өткен сабақты қайталау.
1. Мата неден тұрады?
1/ жіптен 2/ талшықтан 3/ мақтадан
2. Кесте тігісінің қандай түрлерін білесіңдер?

1/көктеу 2/ тепшу 3/ тышқан із, айқас. 


Психологиялық дайындық
Сөзжұмбақты шешу арқылы келесі жаңа тақырыпқа көшу. Оқушылар сөзжұмбақты шеше отырып, жаңа сабақ қандай тақырыпта өтетінін анықтайды.
1. Тігінші құралы
2. Иық бұйымдарының бірі
3. Ұлттық бас киім
4. Қазақтың ұлттық саз аспабы
5. Ертеден бүгінгі күнге дейін жеткен үй жиһазы
6. Қалыңдықтың бас киімі
7. Ұлттық аяқ киім




1

о

й

м

а

қ




2

к

о

с

т

ь

ю

м










-




























3

б

ө

р

і

к










4

д

о

м

б

ы

р

а













5

с

а

н

д

ы

қ




6

с

ә

у

к

е

л

е










7

к

е

б

і

с















































Жаңа сабақ жоспары
1. Ою - өрнектің шығу тарихы
2. Ою - өрнектің топтары
3. Ою - өрнектің жасалу жолдары
4. Сарамандық жұмыс
І.Ою - өрнектің шығу тарихы
Қазақ ою - өрнегінің өзіне тән даму тарихы бар. Өте ерте заманда ата - бабаларымыз жазу, сызуды білмей тұрғанда тау - тасқа, белгілі бір мағынаны білдіріп отырған. Қазақ ою - өрнегі ғасырлар бойы дамып, қазақ халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан - ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталған. Мысалы: әрбір қазақтың үйінде сандық, алаша, киіз, құрақ көрпешелер, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері бар. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал киім-кешекке, тұскиізге, т. б қолөнер бұйымдарын кестелеп бейнеленетін бедер сол сияқты тоқылатын алашаға, қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды береді. Мағынасы әсемдеу, сәндеу, сонымен ою - өрнек дегеніміз әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.
Ою - өрнек құрт - құмырсқаға, малдың денесіне, аңның дене мүшесіне, қару - құралдарға, құстарға, ай, күн, жұлдыздарға, көк әлемге, геометриялық фигура тектес, жер, су, өсімдік бейнелі болып бөлінеді.

ІІ. Ою - өрнек топтары. Қазірде ою - өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар ою - өрнекті 4 топқа бөледі.

1. Зооморфты

2. Өсімдік пішіндес

3. Геометриялық

4. Космогониялық.


Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: "Қошқар мүйіз" оюы молшылықты меңзейді, ал "ағаш "оюы ынтымақ бірлікті, "ирек"оюы адамның өмір жолы дегенді білдіреді. Жасалу жолдарына қарай ою - өрнек: қима ою, ойма ою, сызба ою, шексіздікке ұластыра ою болып бөлінеді..
1. Қағаз немесе былғарыдан, матадан, картоннан тұтас қиып алынған ою - өрнек қима ою деп аталады.
2. Қағаз немесе матаны қайшымен ойып, ою - өрнек жасауды ойма ою деп атайды.
3. Сызылып барып кесілген ою үлгілерін сызба ою деп атайды
4. Бір - біріне жалғастыра сызып, кесілген ою шексіздікке ұластыра ою деп аталады.
ІІІ. Ою - өрнектің қасиеті. Қазақтың ою - өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан өнер түрі. Оған мысал ретінде "Сырмақ шерткен сыр" аңыз әңгімесін айтып берейін.
Ертеде бір әділ хан болыпты. Оның жарлығымен қол астындағы халық, үй жиһаздарын, киім - кешек, құрал - саймандарын, қару жарақтарын ою - өрнектермен әдемілеп ұстайтын болған. Сондықтан оны халық Ою хан атапты. Бір жылдары бөтен елдің ханы жаулап алып, ою ханды зынданға тастапты. Ою ханның орнына хан болып, бұрынғы салт - дәстүрді, ою - өрнекті жойып, жаңаша құрмақ болады. Жаңа дегендердің бәрі тез ұмыт бола береді. Оған жөн айтқан адамдардың көзін жоя берген. Сондықтан оны жою хан деп атапты. бұл кезде Ою хан зынданда жағдайдың бәрін естіп - біліп жатыпты. 
Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. Жолдағы аңның бәрін түгел қырқып, ойына келгенін істеп келе жатырғанында бір үкі мұның бетіне шапшып, екі көзін ойып жібереді. Еш нәрсе көре алмай тентіреп келе жатып, жардан құлап батып өледі.
Жою хан баласына іздеу салады.
- Кімде кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды. Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге баратынын хабарлайды. Жою хан оны зынданнан шығарып, жолға салады. Ол дәрі - дәрмегін алып орманды аралап келе жатса бір тастың астынан.
- Жойылсын, Жою хан!- деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қараса, жамбасына оқ тиіп, күйреген сұр тышқанды көреді. Оның аяғын таңып, дәрі құйып жөніне жібереді. осылайша кездескен аң - құстың барлығын емдейді. ең соңында қанаты сынған үкіні емдеп, " Жою ханның баласын көрдің бе?"- деп сұрайды.
- Қатыгез хан баласы жолында кездескен сұр тышқанды, арқарды, бұғыны, жолбарысты жаралып, балықты құрлыққа тастап, қайтып айналып келіп, сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Өйткені бұл аңдардың барлығы Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде өліп жатыр.
Мұның бәрін естіген Ою хан үйіне келіп, оюлап, оқиғаның желісін сырмақтың бетіне ою түрінде түсіріп, Жою ханға алып келеді. Жою хан сырмақтың оюына қарап отырып оқиғаны былайша тарқатады.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, жағдайларды көрсету.
- Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді, жаны рухта, тәні аруаққа айналды деп тұр ма?
- О, жалған! Менің ұлым шынымен өлгеніме? Өлтірем!!!- деп қылышын суырып Ою ханға төнеді Ою хан саспастан жою ханның өз жарлығын есіне салады. Ханның екі айтқаны өлгені деп, жарлық бойынша өз басын алады. Ою ханды ел - жұрты қайта хан көтереді. Әр оюдың тілі бар деген сөз осыдан қалған деседі. Бұл аңыздан ою - өрнектердің барлығын қоршаған ортадан алғанын көреміз.
ІҮ Оюды ою сызбасымен таныстыру. Қазақ ою - өрнегін жасаудың өзіндік принциптері бар. Олар: Композиция дегеніміз - өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру. Колорит дегеніміз - ою - өрнектің бояу түрлерінің бір - бірімен үйлесіп, жарасым табуы. Осы жерде әр түстің нені білдіретінін айтамын. Мысалы: Көк түс - аспанның, қызыл түс - оттың, ақ түс - ақиқаттың, сары түс - ақыл парасаттың, жасыл түс - жастықтың көктемнің символы.
Симметрия дегеніміз - ою өрнекте бір элементтің қайталанып келуі.
Ритм дегеніміз - ою - өрнекте бір элементтің қайталанып келуі.
ҮІІ. Сарамандық жұмыс.
Сарамандық жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережені еске түсірейік. Қайшымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережені білеміз жеке - жеке айтырамын. Ою - өрнекке қарап отырып қағазымызға қарандашпен өрнек жобасын салып қиып үйренеміз, бұл сызылып барып қиылған ою сызба оюы. Оны желіммен қағаз бетіне жапсырамыз.
ҮІІІ. Сергіту сәті. Қайшысыз қағазды жырту арқылы ою ойып шығу.

IV. Қорытынды.Оқушылардың алған білімін сұрақ-жауап арқылы қорыту.

VI. Бекіту сұрақтары:

1. Қандай ою - өрнектердің түрін білесіңдер? 


(Ботамойын, қошқармүйіз, түйемойын, бұғымүйіз, сынармүйіз, қармақ, бүршік, ирек, толқын, сынықмүйіз, қолтықша, арқармүйіз, құсқанаты, шырмауық, ғарыш сипаттағы өрнектер).

2. Ою-өрнек түрлері неше топқа бөлінеді?


1.Өсімдік тектес ою-өрнектер.
2.Жануар тектес ою-өрнектер.
3.Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер.
4.Ғарыш әлеміне байланысты ою-өрнектер.

3. Ою-өрнек дегеніміз – латын тілінен алынған «орнамент» мағынасы сәндеу, әсемдеу.

Композиция дегеніміз – өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру.
Мысалы: көлемі шағын бұйымға ірі өрнек салмайды.

1.Симметрия дегеніміз –ою-өрнектің екі жағының тең болуы. Мысалы: кітаптың екі бетіндей.

2.Колорит дегеніміз –ою-өрнектің бояу түрлерінің ою-өрнектің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы.
Мысалы: қара түсті қызыл, ақ, сары түстердің ашуы.

6. Ритм дегеніміз – ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі



Үйге тапсырма:қағазды бүктеу арқылы бірнеше ою қиып келу.

VII. Бағалау. Оқушылардың жауабын, жұмыстарын бағалау, сараптау

VIII. Жұмыс орнын жинақтау






жүктеу 444,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау