Бөлімдері: Сөлеуді дамыту, Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: Атамның ауылында
Мақсаты: а)Білімділік: Сөздер мен фразадағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау ,балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Берілген тақырып аясында диалогке қатысу. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу.
ә) Дамытушылық: Үй жануарларына байланысты тақпақ,сұрақ – жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту.
б) Тәрбиелік: Олардың бізге тигізер пайдасын айту,күтіп баптауға,қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер: Үй жануарлары мен төлдерінің суреттері, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
- Балалар бүгін бізде ерекше сабақ . Өйткені бізге қонақтар келді. Бәріміз амандасып алайық.
- Жарайсындар балалар
Балалар қане, бәріміз бір–біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрып көрейікші.
Армысың, Жарық күн!
Армысың, Көк аспан!
Армысың, Жер ана !
Армысын Достарым!
Армысын қонақтар !
- Жарайсындар, отыра қойындар.
Көктем мезгілі бейнеленген слайдтарға назарларын аударамын. Ауа райы, көктем құбылысы туралы сұрақтар қойып, түсіндіремін:
Балалар жылдың неше мезгілі бар?
Жыл мезгілдерін атайық.
Әр жыл мезгілінің өзіндік ерешеліктері болады.
Көктем мезгілінде болатын қандай өзгерістерді білесіңдер? Көктем айларын атандар. 1.Көктемнің ең алғашқы айы Наурыз деп аталады-бұл айда күн жылынып қар еріді. Сай сала суға толады
2.Сәуір айы- жер беті көгеріп ағаштар бүршік атып айнала құлпырып кетеді жаңбыр жиі жауады
3.Мамыр айы- дала жасыл желек жамылады. Бұл айды «Ән айы» деп атайды. Өйткені бұл айда құстар балапан басады. Құстардың сайраған дауыстары естіледі. Сондықтан да балалар көктем жылдың ең тамаша мезгілі.
Ал бүгін аптаның кай күні ? 1 Аптада неше күні бар?
Атандар. Ойын: «Артығын тап»
Көктем мезгілінде табиғатта өзгерістер туралы.
Балалар көктемде күн жылынады.Ағаштар бүршік жарады. Қар жауады. Жылы жақтан құстар ұшып келеді. Боран соғады. Жамбыр жауады. Жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Жер қөгеріп, шоптер шығады. Малдар төлдейді. Мал далаға жайлауға шығады.
- Дұрыс балалар. Көктем мезгілінің ерекшелігінің бірі малдар өріске жаулаға шығады. Ал, үй жануарларын маған кім атап береді?
Бүгінгі сабақта үй жануарлары туралы әңгімелесеміз.
Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр.
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
2. Екі найзасы бар,
Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар,
Бір таяғы бар. (сиыр)
3. Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ.
Мінсең қанат
Сүті дәрі еті тамақ. ( Жылқы)
4 . Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
5.Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар.
Бір сақалы бар (Ешкі)
- Сонымен балалар үй жануарларына не жатады?
- Қане,кім айтады? -Дұрыс айтасыңдар балалар,оларға: түйе, жылқы, сиыр, қой ,ешкі жатады?
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? – Төрт түлік.
- Неліктен олар үй жануарлары деп аталады?
Дұрыс айтасындар . Адамдар үй жануарлырын бағады, қысты күні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды, оларға жем,шөп,су береді.
- Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
-Сиыр – сиырдың сүтінен жасалатын ұлттық тағамдар өте көп.Олар құрт,ірімшік,май,айран,қаймақ,сүзбе,сиырдың еті өте дәмді болады. Сиырдың терісінен былғары жасап, одан аяқ киім, курткалар, сөмкелер жасалынады
-Жылқы – жылқы мінсе көлік сойса ет. Оның еті өте дәмді, ал қымызы адамға пайдалы емдік қасиеті бар.
- Қой – төрт түліктің ішіндегі аса жуасы,момыны. қойдың жүнің жуып, тазартып, жіп иреді. жіптен күртешелер, кілем жасайды және жүнінен пима жасалынады , қойдың терісінен тон тігіледі .Және де қойдың етін тағам ретінде пайдаланамыз.
- Ешкі - ешкіден түбіт аламыз. түбіттен шәлі, қолғап тоқиды. Ешкіні сиыр сияқты сауады, оның сүті және еті өте пайдалы.
-Түйе – түйені ертеректе көшіп-қонған кезде үстіне жүк артып көлік ретінде пайдаланған.Түйе сүтінен адамға пайдалы, емдік қасиеті бар шұбат жасалынады.
-Дұрыс айтасыңдар,олардың пайдасы өте көп. Жеп отырған етіміз,ағарған тағамдарымыздың барлығы осы төрт түліктен алынады.
- Сонымен,балалар,үй жануарларының адам өміріне қандай маңызды пайдасы бар екенін білдік.
Сергіту сәті
Ал, қазыр біз бір ойынды ойнайық «Төлдерін тап» деп аталады.
-Жақсы балалар жарайсындар.
- Балалар,кімдер үй жануарлары туралы тақпақтар біледі -Қане, кім айтады?
Кіп – кішкене момақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзім деп.
Шөре – шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секектемей деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Құлыншағым құндызым,
Құлдырайды шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
Айналайын ботам,
Қандай күлте жотаң.
Табаңдарын жолтақ,
Теріп жейсің жантақ.
Ақ бұзауым ұнайды,
«Мө - мө» деп сүт сұрайды.
Келеді өсіп күн сайын,
Тұмсығын созып қарайды,
Тілімен мұрнын жалайды.
Ал, қазыр біз тағы бір ойынды ойнайық «Үй жануарлары қалай дыбыстайды» деп аталады.
Сиыр-мөңірейді, жылқы- кісінейді, түйе-боздайды, қой мен ешкі –маңырайды. -Жақсы балалар жарайсындар.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Суреттерді сәйкестендір. Қайсысы не
береді?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
3-тапсырма. Ортақ атауын тап.
4-тапсырма. Суреттегі заттарды тізбек бойынша
түсіндіріп бер.
Бидай, ұн, печенье. Тауық, жұмыртқа, қуырған
жұмыртқа. Сүт, айран, құрт. Дән, түйін, қияр, тұзды қияр.
Өте жақсы балалар жарайсындар.
Қорытындысы:
Балалар, біз бүгінгі сабақта не туралы өттік?
Оларды неге үй жануарлары дейміз. Өйткені үйде өсірілетін жануар болғандықтан. Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар.
Жануарларынан: Түйеден – Шубат .
Жылқы – Мінсе көлік, ішсе сусын.
Сиырдан – Сүт,құрт, май, айран, ірімшік.
Қойдан - Жүнін, етін пайдаланамыз.
Оларды күтіп баптау үшін біз не істейміз? Оларға уақытылы жем шөбін беріп қорасын тазалап отыру қажет.
Үй жануарларының төлдері бар. Олар: Бота, құлын, бұзау, қозы, лақ.
Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан ерді түсті қарындашпен бояуын сұраймын: Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.
Достарыңызбен бөлісу: |