Сабақтың тақырыбы: Адам өз өміріне қажетті жағдайлар



жүктеу 0,78 Mb.
бет4/5
Дата05.02.2018
өлшемі0,78 Mb.
#8688
түріСабақ
1   2   3   4   5
4. Қорытынды:

- Сонымен аралық тұстары қалай аталады екен?

- Көкжиек тұстарын білу не үшін керек?

- Көкжиек сызығы деген не екен? осы білім адамға не үшін қажет?

- Оңтүстік пен солтүстікті табиғи заттарға қарап қалай ажыратамыз?

Суреттегі адамдардың қай бағытқа бет алғандарын анықтату;

- Сонымен тұсбағар дегеніміз не екен?

- Тұсбағар не үшін керек?

- Тұсбағарды қалай пайдаланады екенбіз? Кемелер тұсбағарсыз жолға шықпайды дедік. Неліктен

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндап келу;

6. Бағалау;



Күні:

10. Сабақтың тақырыбы: Тұсбағар

Мақсаты: 1. Оқушыларға тұсбағар. Оның көмегі туралы білім бере отырып, тұсбағарды пайдалану тәртіптерін түсіндіру;

2. Көкжиек туралы алған білімдерін одан әрі дамыта отырып, білім-білік дағдыларын арттыру;

3. Тұсбағарды дұрыс пайдалана білуге үйрету;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: дидактикалық материалдар

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем:

Ал, балалар, балалар, Ауа, аспан, Жер мен Көк

Күндей күліп тұрыңдар Сырын терең ұғыңдар

2. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ жауап арқылы тексеріп өту:

- Көкжиек дегеніміз не?

- Көкжиек тұстарын атаңдар. Аралық көкжиек тұсын атаңдар

- Көкжиек тұстарын білу не үшін керек?



3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі:

  • Бір күні қыдырымпаз Тасбақа мен құмырысқа екеуі келісіп, ашық теңізге саяхатқа шығыпты. Көп жүріп, олар баратын бағыттарынан адасып қалыпты. Енді оларға көмекке келетін ешкім болмаса да , айғайлап көмекке шақырады. Сонда оларға көмекке бір зат келіпті. Ол не екенін білгілерің келе ме? Олай болса мына сөзжұмбақты шешіп тастайық:




Н

О

Т

Ұ

С

Б

А

Ғ

А

Р

А

н у

О

У

А

Н

М

Б




р

А

Р




А

И

А




Ы

Н

Ғ

Н

Ш




А







Т

  1. Біз одан барлық затты аламыз

  2. Бидай өнімі 3 . Тірліктің өзегі

4. Қысқы дауыл 5. Өмірдің нәрі

6. Аспандағы тылсым 7. Ас атасы

8. Табиғаттың дәулеті, аң мен құстың әулеті
- Сонымен оларға көмекке келген заттың аты не екен?

- Тұсбағар. Біздің де бүгінгі сабағымыз тұсбағар туралы болмақ



5.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

  • Оқушыларға тұсбағар туралы түсіндіріп, оның пайдасы туралы әңгімелету;

Оқушыларды 10 минутқа далаға шығарып, тұсбағардың қозғалысын, көрсетіп тұрған тұстарын аңғарту арқылы оның құрылысы туралы білімдерін нақтылау;

  1. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (28-29-бет): берілген мәтінді оқып сұрақтарға жауап алу:

  • Тұсбағар дегеніміз дегеніміз не екен? қандай жергілікті белгілерге қарап, тұстарды анықтауға болады?

Дәптермен жұмыс:Тұсбағардың пайдалану тәртібін жазып алу:


3.Жаңа білімді бекіту:

Оқулықта берілген «Тұсбағарды кімдер пайдаланады?» суреті бойынша жұмыс жүргізу:

Берілген мамандық иелерінің тұсбағарды не үшін қолданатынын сұрап, анықтату;

4. Қорытынды:

- Сонымен тұсбағар дегеніміз не екен?

- Тұсбағар не үшін керек?

- Тұсбағарды қалай пайдаланады екенбіз? Кемелер тұсбағарсыз жолға шықпайды дедік. Неліктен?



5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндап келу;

6. Бағалау;



Күні: №8

11. Сабақтың тақырыбы: Сурет және сұлба. Жер сұлбасы. Топсаяхат

Мақсаты: 1. Оқушыларға сурет және сұлба туралы түсінік бере отырып, кіші және үлкен заттардың сұлбасын сызуды үйрету;

2. оқушылардың анықтау, дәлдеу, салыстыру дағдыларын дамыту;

3. Өлшеу, салыстыру, сызу машықтарын қалыптастыра отырып, жер сұлбасының шартты белгілерін ажырата білуді үйрету;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: дидактикалық материалдар

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем:

Аю салдым қорбаңдаған, Балық салдым шошаңдаған

Қасқыр салдым жортып жүрген, Қоян салдым қорқып жүрген

2. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ жауап арқылы тексеріп өту:

- Көкжиек дегеніміз не? Көкжиек тұстарын атаңдар. Аралық көкжиек тұсын атаңдар

- Тұстарды анықтау үшін не керек? Тұсбағардың тілдері нені білдіреді?

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі:


  • Сөйтіп өткен сабағымыздағы қыдырымпаз тасбақа мен құмырысқаға тұсбағар көмек көрсеткен соң. Олар үйлеріне қайтты. Олардың алдынан көбелек шығып менің суретімді салуға көмектесіңдерші деп өтініпті. Бірақ тасбақа мен құмырысқа сурет салуды білмейді екен. тіпті сурет деген не деп қатты ойланып ақыры жауабын таба алмапты.

5.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

  • Ал, сендер білесіңдер ме? Сурет дегеніміз не? (оқушылардың жауаптарын тыңдау)

  • Иә, сурет дегеніміз кез-келген заттың бейнеленген көрінісі. Мысалы тақтадағы суреттерге назар аударайық. Бұлар ненің суреттері? (тақта, кітап, бала, ағаштар т.б.)

  • Жақсы, сурет дегеннің не екенін білдік. Ал, енді сұлба дегеннің не екенін білесіңдер ме?

  • Білмесеңдер, онда алдарыңдағы кез-келген бір затты таза қағаз бетіне қойып қарындашпен сызыңдар. Не шықты? Бұл сызғандарың, сен дердің жаңағы қойып сызған заттарыңның сұлбасы. Ал енді партаны қағаз үстіне қойып оның сұлбасын сыза аласыңдар ма?

  • Жоқ сыза алмаймыз, үйді ше, оны да сыза алмаймыз. Демек үлкен заттардың сұлбасын сызу үшін олардың көлемін кішірейтуге тура келеді. Мысалы парта 100см болса, оны 10см-ге дейін кішірейтіп саламыз. Барлық үлкен заттардың сұлбасын кішірейтіп сызады.

  • Яғни, белгілі бір үлкен заттың көлемін кішірейтетін санды «масштаб» дейміз. Мысалы оқулықтағы суретте берілген үстелдің масштабы 1см: 10с. Сонда затты үлкейтіп кішірейту үшін масштаб қолданады екенбіз.

  1. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (30-31бет): берілген мәтінді оқып сұрақтарға жауап алу:

  • Оқулықта берілген суреттер мен сұлбаларды салыстырту, олардың айырмашылықтарын табу;

  • Сұлба деген не екен? сурет деген ше?

Сергіту сәті:

Дәптермен жұмыс:

  1. Сыныптағы бір заттың сұлбасын сызып көрсету;

  2. ұзындығы 14см, ені 70см болатын төсекті қалай салуға болады?




  • Қыдырымпаз тасбақа мен құмырысқа орманға қыдырып келеді. Жол сөмкелерінде орман-ның сұлбасы бар. Олар оны бірақ ұмытып кеткен сияқты. Өйткені көлді таба алмай іздеп жүр.

Осы жерде оларға сұлба не үшін қажет?

Топсаяхат. Оқушылармен мектеп ауласына шығып, мектепке дейінгі арақашықтықты белгілеп аламыз. Мектептің орнын тұсбағар арқылы анықтатып, қағазға белгілеп қоямыз. Мектеппен екі аралықта қандай ерекше объектілерді көріп тұрсыңдар?

6. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (32-33бет): берілген мәтінді оқып сұрақтарға жауап алу:



  1. Оқулықта берілген суреттер мен сұлбаларды түсіндіру

  2. Сұлбасын сызатын жерегі болатын объектілердің шартты белгілерін түсіндіру;

С
ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДІҢ СҰЛБАСЫ
ызба нұсқамен жұмыс:

Жергілікті жердің сипатына қарай

Нысананың орналасуына қарай

Нысананың орналасу арақашықтығына қарай

Сергіту сәті:

Дәптермен жұмыс:

Кітапта берілген сызбаларды пайдалана отырып, мектеп пен оның ауласындағы ара қашықтықтағы байқаған объектілердің сұлбасын салу:

- Мектеп ауласына шыққанда, қандай объектілерді байқадыңдар?

- Оқулықтағы шартты белгілердің арасында ондай объектілер бар ма?

Оқушыларға көмек: Қағаздың қай бөлігіне мектепті белгілеу керектігін оның алып тұрған бағытына байланысты орын белгілеп алу. Әр заттың шартты белгісін өз бағытында орналастыру үшін ең алдымен жолды түсіріп, содан кейін жолдың екі жағында орналасқан заттарды белгілейді.

(бұл жұмысты орындау барысында оқушылар жер сұлбасын түсіру жайында алғашқы түсінік алады.)


  1. Сонда әр затты сұлбаға түсіру барысында немен жұмыс істеу керек? (тұсбағармен)

Әр заттың бағытын анықтап алу үшін ең алдымен тұсбағар керек

3.Жаңа білімді бекіту:

Оқулықта берілген суреттерді басшылыққа ала отырып, сабақты бекіту:

4. Қорытынды:

- Сонымен сурет дегеніміз не екен? сұлба дегеніміз не?

- Үлкен заттарды дәптер бетіне қалай салатын болдық?

- Бір заттың көлемін кішірейту мақсатында қолданатын санды не дейміз?

- Сұлба сызарда бізге нелер қажет деп ойлайсыңдар?

- бүгінгі сабақтың бізге қаншалықты маңыздылығы бар?

- бүгінгі сабақта жердің сұлбасын қағазға түсіру үшін қандай белгілермен таныстық?

- Олар неге шартты белгі аталған деп ойлайсыңдар?



5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндап келу;

6. Бағалау;



Күні:

12. Сабақтың тақырыбы: Жергілікті жердің сұлбасы

Мақсаты: 1. Оқушыларға жергілікті жердің сұлбасын сызумен таныстыра отырып, жер сұлбасының маңыздылығын түсіндіру,масштаб туралы тереңірек білім беру;

2. Оқушылардың анықтау, дәлдеу, салыстыру дағдыларын одан әрі дамыту;

3. Өз жерінің табиғаты туралы түсінік ұғым қалыптастыра отырып, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, сұлба сыза білуге үйрету;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: дидактикалық материалдар

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем:

Аю салдым қорбаңдаған, Балық салдым шошаңдаған

Қасқыр салдым жортып жүрген, Қоян салдым қорқып жүрген

2. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ жауап арқылы тексеріп өту:

- Сурет дегеніміз не? Сұлба мен суреттің қандай айырмашылығы бар? Үлкен затты кішірейтетін санды не дейміз?



3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі:

  • Қыдырымпаз тасбақа мен құмырысқа орманға қыдырып келеді. Жол сөмкелерінде орман-ның сұлбасы бар. Олар оны бірақ ұмытып кеткен сияқты. Өйткені көлді таба алмай іздеп жүр.

  • Осы жерде оларға сұлба не үшін қажет?

Топсаяхат. Оқушылармен мектеп ауласына шығып, мектепке дейінгі арақашықтықты белгілеп аламыз. Мектептің орнын тұсбағар арқылы анықтатып, қағазға белгілеп қоямыз. Мектеппен екі аралықта қандай ерекше объектілерді көріп тұрсыңдар?

6. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (32-33бет): берілген мәтінді оқып сұрақтарға жауап алу:



  • Оқулықта берілген суреттер мен сұлбаларды түсіндіру

  • Сұлбасын сызатын жерегі болатын объектілердің шартты белгілерін түсіндіру;

С
ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДІҢ СҰЛБАСЫ
ызба нұсқамен жұмыс:

Жергілікті жердің сипатына қарай

Нысананың орналасуына қарай

Нысананың орналасу арақашықтығына қарай

Сергіту сәті:

Дәптермен жұмыс:

Кітапта берілген сызбаларды пайдалана отырып, мектеп пен оның ауласындағы ара қашықтықтағы байқаған объектілердің сұлбасын салу:

- Мектеп ауласына шыққанда, қандай объектілерді байқадыңдар?

- Оқулықтағы шартты белгілердің арасында ондай объектілер бар ма?

Оқушыларға көмек: Қағаздың қай бөлігіне мектепті белгілеу керектігін оның алып тұрған бағытына байланысты орын белгілеп алу. Әр заттың шартты белгісін өз бағытында орналастыру үшін ең алдымен жолды түсіріп, содан кейін жолдың екі жағында орналасқан заттарды белгілейді.

(бұл жұмысты орындау барысында оқушылар жер сұлбасын түсіру жайында алғашқы түсінік алады.)


  • Сонда әр затты сұлбаға түсіру барысында немен жұмыс істеу керек? (тұсбағармен)

  • Әр заттың бағытын анықтап алу үшін ең алдымен тұсбағар керек екен.

4. Қорытынды:

- Сонымен сұлба дегеніміз не еді?

- бүгінгі сабақта жердің сұлбасын қағазға түсіру үшін қандай белгілермен таныстық?

- Бір заттың көлемін кішірейту мақсатында қолданатын санды не дейміз?

- Олар неге шартты белгі аталған деп ойлайсыңдар?

- Бүгінгі сабақтың бізге қаншалықты маңыздылығы бар?



5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндап келу;

6. Бағалау;



Күні: №9

Сабақтың тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеті. Зерханалық жұмыс №1

Сабақтың мақсаты: 1. Ауа, ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру. Ойлау дағдысын қалыптастыру.

2. Ойлау,сөйлеу,қабілетін дамыту. Топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

3. Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Кіріктірілген сабақ

Көрнекілігі :Суреттер,кестелер,оқулық,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: ана тілі,еңбек,бейнелеу

Техникалық құрал: интерактивті тақта.

Сабақтың мазмұны:

I.ұйымдастыру бөлімі.(Жылдың қай мезгіл?Ай,күні,ауа-райы Оқушылардың ойын айтуы)

А) Қоршаған орта табиғат Жануар, өсімдік, адамзат

Сүю, қорғау-парасат Білейік мұны жамағат. (интерактивті тақтаға жазу)

Ә)(Үй тапсырмасына шолу.)



II. Осы сыныптың ішінде бізді не қоршап тұр? (Интерактивті тақтадан оқылады)

  • Дене деп нені айтады? Қандай денелер болады?

  • Дене неден тұрады Құбылыс деген не? Қандай табиғат құбылысы апат деп аталады?

III. Б) Жұмбақ жасыру.

Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)

В) «Ауа» кестесіне жауап беру. (Интерактивті тақтадан.)

Білемін?



Не Білгім келеді?

Қалай білемін?

Енді осы білгіміз келгенді оқып білуіміз керек. Ол үшін біз 3 орталыққа бөлініп тапсырмалар орындаймыз. (Сабақтың жоспарын оқып таныстырамын.) Тапсырмалар интерактивті тақтада

«Ауа» мәтінін оқу, мазмұндау.

2.Қосымша мәтінді оқу. «Жел» туралы ұғым. Ауа құрамы, қасиеті.



II. Дәптермен жұмыс

Дәптерге күн жадын, сабақтың тақрыбын жазу.

Оқушылар орындарынан 7 мин. дайындалады

«Жылы ауа», «Салқын ауа», тіркестеріне және «жел», «дауыл» сөздеріне сөйлем құрау.

Ауа, жел, дауыл ұғымына қатысты мақал- мәтел, жаңылтпаш , өлең, жұмбақтар жазу.



III. Өздік жұмыс.

1.Суретке қарай отырып ауаның жылуы және салқындауы туралы пайымдау.

2. Зерханалық жұмыс .

А) Майшамды жағу арқылы. Ә) Шарды үрлеу арқылы .

Б) Майшамға стаканды төңкеру. В) Ыдысқа су құю арқылы.

3.Нәтижесін дәптерге жазу.

.IV. Бекіту:

Ойын«Кім жылдам?»

Ауа,жел,дауыл туралы мақал-мәтел, жұмбақ, өлең, жаңылтпаш айту.

Басқа орталықтарға ауысу,тапсырмалар орындау. (суреттер бойынша пайымдау)

Ауа құрамы, ауа қасиеттері, ауаның таралуы, ауаны қорғау туралы түсінік беру.

Ауа таза болу үшін не істеу қажет? Машиналарды азайту қажет

Зауыт, фабрикаларды қала шетіне салу, Күл-қоқыстарды кез- келген жерге төкпеу

Ағаштарды, гүлдерді көптеп өсіру.

Сабақыты қортындылау. Сұрақтармен жұмыс:

Ауа құрамы,қасиеттері.

1 Ауаның қасиеттері, құрамы туралы не білеміз?

2 Майшамды жағып, есікті ашып жерге қойсаң ауа қалай қозғалады?

3 Жоғары қойсаң ше?

4.Стаканға су құю арқылы нені байқадық?

5.Суы бар ыдысқа стаканды төңкеру арқылы не байқадыңдар?

6. Жанған майшамның үстіне стаканды төңкеру арқылы не байқадың?

VIII Бағалау. (Бағалау парағы арқылы)

IX Үйге тапсырма беру

Күні: №10

14. Сабақтың тақырыбы: Ауаның адам, жануарлар, өсімдіктер үшін маңызы

Мақсаты: 1. Ауаның қасиеттері туралы алған білімдерін дамыту мақсатында, ауаның маңыздылығын түсіндіру;

2. Оқушылардың ауа туралы ұғымдарын арттыра отырып, ой-өрістерін, алған білімдерін одан әрі дамыту;

3. Тірі ағза үшін ауаның маңыздылығын бағалай білуге үйрету;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: дидактикалық материалдар

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем:

Армысыз шұғылалы алтын күн! Армысыз қасиетті Жер Ана!

Армысыз сусын берген бұлақ үні ! Армысыз жұпар шашқан дала гүлі!

2. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ жауап арқылы тексеріп өту:

- Ауа дегеніміз не? Ауаның қандай қасиеті бар? ауа неден тұрады екен?



3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі: жұмбақтар шешу:

Түсі бар көрінбейтін Терезеден есіледі Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Біртұтас бөлінбейтін Қараңғыны көшіреді Бірақ тыныш тұрмайды

Тынысы ол тіршіліктің (Сәуле) Сақтамасаң қорын тек

Ешқашан көрінбейтін (Ауа) Барша тірлік қурайды (Су)


  1. Кубше әдісі: (иіріп тұрып жазылған саныны байланысты сұрақтар қойып жауап алу) :

- Ауа тірі табиғатқа қажет пе, әлде өлі табиғатқа ма? ауа не үшін қажет?

- Бізді қоршап тұрған не?



5. Сызбаны толтыру:

Біз не білеміз?

Не білгіміз келеді?

Не үйрендік?

...

...

...

Сызбаға ауа туралы алған білімдерін пайдаланып, өз білімдерін жазады.

6. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (38-39бет): берілген мәтінді оқып, түсіндіру, сұрақтарға жауап алу:



  • Ауаның адам өміріне маңыздылығы қаншалықты?

  • Неліктен ауаны тіршіліктің көзі деп атайды?

  • Ауаны қандай заттар ластап, ауаға зиян әкеледі екен?

  1. Сергіту сәті:

  2. Дәптермен жұмыс:

  • Оқулықтағы тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, ауаның қасиеттері мен маңыздылығын анықтап, дәптерге жазып алу;

  1. Жаңа білімді бекіту:

- Ауаның маңыздылығы оның тазалығы. Таза ауа адамның денсаулығына тікелей байланысты

- Ауа шаруашылықта да маңызды дегенді қалай түсінесіңдер?

40-беттегі берілген суретті сызба бойынша ластанған ауаның адам денсаулығына тікелей кері әсері барын түсіндіру;


4. Қорытынды:

- Сонымен ауа маңыздылығы дегенді қалай түсіндіңдер?

- ауаның таза болмауына бйланысты қандай жағдайлар орын алуы мүмкін?

(Семей Полигоны туралы, оның түтінінің зиянды болғандықтан жақын маңдағы қарапайым халық зардап шеккенін айтып түсіндіру)

- Сонымен ауаның тіршіліктегі пайдасы қандай?

(Адам мен өсімдіктің өміріндегі ауаның пайдасын салыстырту)

- Бүгінгі сабақтың бізге қаншалықты маңыздылығы бар?

- Айналамызды қоршап, тіршілікке нәр беріп тұрған ауаны қалай сақтау керек?

- Ендеше жақсы өмір, мықты денсаулығымыз болу үшін қоршаған ортыны сақтап жүрейік

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндап келу;

6. Бағалау;



Күні: № 11

15. Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті. Зертханалық жұмыс №2

Сабақтың мақсаты: 1. Су,судың құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру. Ойлау дағдысын қалыптастыру.

2. Ойлау,сөйлеу,қабілетін дамыту. Топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

3. Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Кіріктірілген сабақ

Көрнекілігі :Суреттер,кестелер,оқулық,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: ана тілі,еңбек,бейнелеу

Техникалық құрал: интерактивті тақта.

Сабақтың мазмұны:

I.ұйымдастыру бөлімі.(Жылдың қай мезгіл?Ай,күні,ауа-райы Оқушылардың ойын айтуы)

А) Қоршаған орта табиғат Су, өсімдік, адамзат

Сүю, қорғау-парасат Білейік мұны жамағат. (интерактивті тақтаға жазу)

Ә)(Үй тапсырмасына шолу.)



II. Осы сыныптың ішінде бізді не қоршап тұр? (Интерактивті тақтадан оқылады)

  • Дене деп нені айтады? Қандай денелер болады?

  • Дене неден тұрады Құбылыс деген не? Қандай табиғат құбылысы апат деп аталады?

III. Б) Жұмбақ жасыру.

Жылт – жылт етеді, Жылғалардан өтеді. (Су)

В) «Су» кестесіне жауап беру. (Интерактивті тақтадан.)

Білемін?



су Білгім келеді?

Қалай білемін?

Енді осы білгіміз келгенді оқып білуіміз керек. Ол үшін біз 3 орталыққа бөлініп тапсырмалар орындаймыз. (Сабақтың жоспарын оқып таныстырамын.) Тапсырмалар интерактивті тақтада

«Су. Судың қасиеті» мәтінін оқу, мазмұндау.

2.Қосымша мәтінді оқу. Су құрамы, қасиеті.



II. Дәптермен жұмыс

Дәптерге күн жадын, сабақтың тақырыбын жазу.

Оқушылар орындарынан 7 мин. дайындалады

«Жылы су», «Салқын су», тіркестеріне және «жаңбыр», «мұз» сөздеріне сөйлем құрау.

Су, жаңбыр ұғымына қатысты мақал- мәтел, жаңылтпаш , өлең, жұмбақтар жазу.



III. Өздік жұмыс.

1.Суретке қарай отырып судың жылуы және салқындауы туралы пайымдау.(43 бет)

2.Судың жай-күйін қалай анықтайды:

А) Бұлттанып жаңбыр боп жауады. Ә) су қатты қайнағанда бу шығады

Б) қатты суықта мұз болып қатады . В) Қыста бұлттан суық қар жауады.

3.Нәтижесін дәптерге жазу.

Су жер бетінде көп кездеседі. Сусыз тіршілік жоқ. Жер бетінің 2/3 бөлігін су алып жатыр. Су табиғатта көп. Олар: өзен, көл, мұхит, теңізде бар. Су табиғатта өте жақсы еріткіш. Біздің қаламызда қандай өзен, көлдеркездеседі? Жем өзені, Құрсай өзені, Қамыскөл көлі. Ендеше біз бүгін суда қандай заттардың еритіні туралы білеміз.оқулықтағы мәтінді оқу.



жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау