Сабақтың тақырыбы: §21 Ақпараттық технологиялар
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және бағдарламалық жасақтармен таныстыру.
Көмпьютердің жұмыс істеу принципін үйрету мен бағдарламалық жасақтама түрлерін ажырата білуді, қажеттіліктерін анықтай алуды үйрету.
Адам мен компьютердің ұқсастықтарын көрсету, компьютерде ұқыпты жұмыстануға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар беру
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Информатика-ақпарат, ақпаратты адамдардың қарым-қатынасында, ЭУЬ жұмысы мен қоғам өмірінде жинау, жинақтау, сақтау мен беру заңдары тәсілдері туралы ғылым.
Қысқаша айтқанда ЭУЬ көмегімен ақпаратты қңдеу тәсілдері туралы ғылым.
Бұл XX ғасырдың 2 жартысында пайда болды, оның дамуы ЭЕТ-ның пайда болуымен байланысты. Компьютер болмаған кезде ақпаратты өңдеу, сақтау, беру жұмыстарын адам атқарады. Негізінен компьютер құрылысы жағынан адам организіміне ұқсас. Адамның ең маңызды мүшелері-бас, ми. Бірақ өмір сүру үшін адамға тек бас жеткіліксіз, оған тағы басқа мүшелер керек. Сол сияқты компьютерге де жұмыс істеу үшін көптеген құрылғылар қажет.
Ақпаратты білдіру мен есте сақтау қажеттілігі пайда болғанда, тіл, жазу, бейнелеу өнері пайда болады. Телефон, телеграф, радио және теледидир пайда болуы ақпараттың орасан зор көлемін беруге мүмкіндік береді.
Техникалық құралдар мен құрылғыларды пайдаланып ақпараттық процестерді ұйымдастыру ақпараттық технология деп аталады.
Ақпарттық технология үш топқа бөлінеді.
Қағаздық технологиялар- бұл қағаз тасуыштарды (хат, кітап, архив, кітапхана т.б) пайдаланып ақпарат жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.
Қағазсыз технологиялар- бұл ақпараттық қағаз тасуыштарды пайдаланбай (радио, теледидар,телефон, телеграф т.б) арқылы ақпарат жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.
Жаңа ақпараттық технологиялар- бұл ЭЕМ-ді пайдаланып ақпаратты жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.
Қорытынды
Үйге тапсырма
§21 мазмұндау, бақылау сұрақтарына жауап беру
Достарыңызбен бөлісу: |