Сабақтың тақырыбы : «Жұмыс және қуат. Энергия»



жүктеу 89,37 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі89,37 Kb.
#977
түріСабақ



Сабақтың тақырыбы: «Жұмыс және қуат. Энергия» тақырыбын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өткен тараудан алған білімдерін оқушы санасына бекіту, жүйелеу. Өткен тақырыптар бойынша берілген әр түрлі тапсырмаларды орындау.

Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру өзіне-өзі баға беруге, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйрету, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа және ойын арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге, ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру және оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін, ізденімпаздықтарын дамыту.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Сабақтың типі: Қайталау сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, блок-схема, Венн диаграммасы, сұрақ және есеп жазылған карточкалар.

Сабақтың барысы:



1. Ұйымдастыру кезеңі: Сынып жағдайын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Сабақты түсіндіру: Кестелер арқылы өткен тарауды түсіндіріп шығу.


Потенциалдық энергия



Күш

F


Орын ауыстыру

S


Энергия

Е

Кинетикалық энергия

Қуат

N=A/t

Қарапайым механизмдер

Механиканың «алтын ережесі»


ПӘК-і

Рычаг, блоктар, көлбеу жазықтық




Физикалық шамалардың атауы

Оның белгіленуі


Физикалық шамалардың бірлігі

Есептеуге арналған формула


Анықтамасы

Атауы

Белгіленуі


Механикалық жұмыс


А

Джоуль

Дж

A=F*S


Дене орын ауыстырғанда күштің атқарған жұмысы

Қуат














Потенциалдық энергия














Кинетикалық энергия
















Күш

моменті















Бұл кестені оқушылардың көмегімен толтырамыз.

  1. Ойын ұйымдастыру. Оқушыларды екі топқа бөлемін. Әр топ өздеріне

берілген тапсырмаларды орындайды. Ойын төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің тапсырмалары болады. Екі оқушы сарапшы қызметін атқарып, әр кезеңнің нәтижесін шығарып отырады

1-кезең. Бақылау сұрақтарын қою.

Екі топқа 10 сұрақ қойылады. Қай топ жылдам, әрі тез жауап берсе, сол топтың ұпайы басым болады.



I – топ сұрақтары:

1. Жұмыс дегеніміз не?

2. Механикалық жұмысты бірнеше мысалдар арқылы түсіндір?

3. Жұмыстың формуласы?

4. Қуат дегеніміз не?

5. 1 Вт-та қанша МВт бар?

6. Қуаттың формуласы?

7. Механизмдер дегеніміз не?

8. Жай механизмдердің қандай түрлері бар?

9. Жай механизмдер қандай мақсатта пайдаланылады?

10. Блок дегеніміз не?

II – топ сұрақтары:

1. Пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) дегеніміз не?

2. Күш моменті дегеніміз не?

3. Моменттер ережесін тұжырымда?

4. Механиканың «Алтын ережесін» тұжырымда және мысал келтір.

5. Потенциалдық энергия дегеніміз не?

6. Кинетикалық энергия дегеніміз не?

7. Потенциалдық энергияның кинетикалық энергияға және керісінше кинетикалық энергияның потенциалдық энергияға айналуын мысал арқылы түсіндір

8. Энергияның өлшем бірлігі?

9. Иінтірек ережесін ашқан кім?

10. АпТ тұжырымда?

2-кезең: Шығармашылық тапсырма.

Екі топқа сұрақ жазылған карточка беріледі. Екі топтан бір-бір оқушы ғана шығып сөйлейді. Әр топқа 5 минут уақыт беріледі.



I – топ карточка сұрағы:

Иінтіректің табиғатта, техникада және тұрмыста қолданылуы.



II – топ карточка сұрағы:

Иінтіректің заңын блокқа қолдану.



3-кезең. Өзін - өзі тексеру

Барлық оқушыларға 5-сұрақтан тұратын тест беріледі.



I – топ тест сұрағы:

1. 20Н күш әсер ететін жүкті 100м қашықтыққа орын ауыстыру үшін қанша жұмыс жасалады?

А) 200Дж Б) 20Дж В) 2000Дж +

2. 1Дж-да қанша кДж бар?

А) 0,001кДж+ Б)0,01кДж В) 1000кДж

3. Жұмыстың формуласы?

А) A=F/S Б) A=F*S + В) A=S/F

4. Қуаттың өлшем бірлігі?

А) Вт + Б) Дж В) м/с

5. Қуат дегеніміз ...

А) жұмыстың орындалу тездігі +

Б) денеге әсер ететін күш әсерінен пайда болады

В) тіреу нүктесі мен күштің иінтірекке әсер ету бағытын көрсететін ең қысқа арақашықтық

II – топ тест сұрағы:

1. Күш иіні дегеніміз ...

А) тіреу нүктесі мен күштің иінтірекке әсер ету бағытын көрсететін түзудің ең қысқа арақашықтығы

Б) денеге әсер етуші күш

В) жұмыстың орындалу тездігі

2. Массасы 100 кг денені 10 м биіктікте жерге қатысты потенциалдық энергиясы қандай? g=9,8 Н/кг

А) 98 Дж Б) 9,8 Дж В) 9,8 кДж +

3. Дененің массасы мен қозғалыс жылдамдығы неғұрлым көп болса, оның кинетикалық энергиясы қандай болады?

А) соғұрлым аз болады

Б) соғұрлым көп болады +

В) 2 есе аз болады

4. Потенциалдық энергия формуласы?

А) mgh + Б) mv2/2 В) FL

5. 1МВт-та қанша Вт бар?

А) 10 Вт Б) 0,0000001 Вт В) 1000000 Вт +

4-кезең. Есеп шығару.

Екі топқа бір-бір есеп беріледі. Шығару уақыты 3 мин. 1-есеп.

Иінтіректің қысқа иініне массасы 100 кг жүк ілінген. Оны көтеру үшін иінтіректің ұшын иініне 250Н күш түсірілген жүкті h=0,08 м биіктікке көтерген, сонда қозғаушы күштің түсу нүктесі h=0,4 м төмендеген. Иінтіректің ПӘК-ін абу керек.

Шығарылуы:

Берілгені: Формула: шешуі:

m=100 кг η=AΡ/AΤ*100% Ρ=1000Н

g=9,8 Н/кг AΤ=Fh2 AП=80 Дж

h=0,08 м AΡ=Ρh AТ=100 Дж

h=0,4 м Ρ=gm1 η=80%

F=250 Н

Т/к: η-?

2-есеп.

Биіктігі 22 м платинадан 10 мин ішінде 500 т су ағып түседі. Сонда қанша қуат өндіріледі?

Шығарылуы:

Берілгені: Формула: Шешуі:

h=22 м N=A/t N=183 Вт

t=10 мин=600с A=EP, EP=mgh

g=10Н/кг A=mgh

N=(mgh)/t



Т/к: N-?

Қорытынды



Сергіту сәті: «Байқап қал!» ойыны.

Бұл ойынға балалар екі топқа бөлініп қатысады. Екі топ өздеріне басшылар тағайындап алады. Стол үстіне 15-20 физикалық құралдарды қойып, оқушыларға 1 минут қаратып көрсетеміз. Содан кейін оқушылар өздері көрген нәрселердің тізімдерін жазулары керек. Қай топтың балалары көп жазса, сол топ ұтқан болып саналады. Бұл ойын оқушылардың көру және есте сақтау қабілеттерін жетілдіре түседі.


Үй тапсырмасын беру. Тарау бойынша есептерді шығару.
жүктеу 89,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау