ІІІ. Жаңа сабақ.
Жамбыл туралы не білеміз?
Ой шақыру.
1.Жамбыл аталуы
2. Қобызшы бала.
3. Бөлтірік ақын осы екен.
4. Алғашқы дәріс.
5. Менің пірім-Сүйінбай.
Жамбылдың туған халқының өмірін жүз жыл талмай жырлауының өзі де – ерлік. (Родригес Роман. Куба қайраткері)
Жамбыл халық поэзиясының ғасыр жасаған емені, ақындық еңбектің батыры, халқының мақтанышы. (М.Рыльский. А.Малышко. Украина ақындары)
«Жуан, жіңішке сұрақтар» стратегиясы:
- Жамбыл кім? Қай жылы дүниеге келді? (жыршы, дастаншы, айтыскер, ақын. 1846 ж.)
- Жамбыл туралы не білеміз?
- Жамбылдың әкесі мен анасының есімі?
- Өзіне пір тұтқан ұстазы кім? (Сүйінбай Аронұлы. Ол - )
Кімдермен айтысты? (Құлмамбет, Досмағамбет, Сарыбас, Айкүміс, Бақтыбай, Шашубай )
(Жауап тыңдағаннан кейін)
Жамбыл – ақын, айтыскер, дастаншы, ұстаз, жыршы. Ол 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданына қарасты Хантау тауы баурайында дүниеге келген. Бала кезінен өлең-жырға үйір болған.
Әсіресе оның 1936-1945 жылдары шығарған жырларының орны бөлек.
Көктей түс Отанымның шаттық бағы,
Кел ұшып, сайрай түсші бұлбұл тағы.
Бұлбұлдай шаттық жырын ақтарыңдар,
От жүрек еркіндіктің адамдары. /Жамбыл. «Күн толғауы»/
Бұл өлең – 1938 жылы жазылған ақын атамыздың «Күн» толғауынан үзінді. Ол кезде бейбіт өмір болатын. Содан кейін соғыс басталып кетті.
- Балалар, Отанға, халыққа деген сүйіспеншілік, ынтымақ, бірлік – Жамбыл шығармаларының негізгі арқауы. Ақынның көптеген өлеңдері еліміздің бейбітшілік саясатына арналған. Жамбыл Отан қорғау тақырыбын жырлағанда есімдері елімізге кеңінен танымал халық батырларының бейнелерін көз алдымызға қайта елестетіп, кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ұсынады. «Ленинградтық өренім» (1941ж.), «Мәскеу», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» атты өлеңдері, «Ұлы көш» толғауы майданның алғы шебіндегі кеңес жауынгерлерін ерлік күреске рухтандырған ұран болды, сол кезде олар ауыздан ауызға таралып жатты.
«Ленинградтық өренім» туралы Прокофьев былай деп жазды: «Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты өлеңі жарияланған кез ең ауыр кезең еді. Халықтың рухын көтеру үшін бұл жыр радиодан күн сайын оқылып тұрды. Халық бомбадан тығылу орнына Жамбыл өлеңі жазылған газеттерді алу үшін кезекте тұрғанын талай көрдік.»
Жамбылдың отаншыл өлеңдерінің ішінде дастандары ерекше орын алады.Бұл қатарда оның «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр», «Замана ағымы», т.б. дастандарын атауға болады. Ол- керемет жыршы. Жамбыл қырғыздың әйгілі «Манас», шығыстың «Ләйлі - Мәжнүн», «Жүсіп- Зылиха», т.б. жыр-қиссиларын тәулік бойы талмай жырлаған.
Бейнесюжет.
Оқушыларға сұрақтар:
- Соғыс қашан басталды, қашан аяқталды?
- Соғысқа қатысқан жауынгерлер туралы не білесіңдер?
«Тұжырымдама» кестесі
Соғыс адамзатқа қандай зардап әкелді? Соғысқа қарсы нелер, қандай күштер жасақталды? Соғыста жауынгерлер қандай ерліктер көрсетті?
Бомба тасталды, оқ атылды, еріксіз әскерге аттанды, ел ерсіз қалды. Қала, ауыл қирады, қырғын болды, Әскер қатары күшейтілді, білікті мамандар жинастырылды. Оқ-дәрі, киім-кешек, мініс ат, т.б.жіберілді. Қажырлық, табандылық, достық, бірлік, отансүйгіштік, әдіс-айла
Сондай шығармасының бірі – соғыс жылдарындағы Жамбылдың аса бір әсерлі өлеңдері – баласы Алғадайды майданға аттандырғанда және Алғадай ерлікпен қаза болғанда айтқандары. Яғни «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдері. Екеуі де ауыз әдебиеті үлгісінде, батагөйлік сарында көркем суретпен, терең философиялық мәнде туған.
Бүгінгі сабағымызда «Аттандыру» өлеңі.
1. Өлеңді өзім мәнерлеп оқимын.
2. Оқушыға оқытамын.
Алғадай – Жамбылдың өте жақсы көретін баласы. Майданға әке әмірімен аттанады. Майданда еткен еңбек, ерліктерін естігенде қуана жауап жазады, алғыс айтады. Майданда әр жеңіске қуанышын да білдіріп отырады.
Алғадай – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ақынның ұлы. 1943 жылы баласы Алғадайдың қайтыс болғанын Ғали Орманов (сол кездегі хатшы), Әбділда Тәжібаев естірткен. (суреттерін көрсету)
Өлең толғау секілді әуенмен айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |