6-слайд. (Кестені толтыру)
Мысал өлеңдегі кейіпкер-лер
|
бозторғай
|
қырғи
|
бөдене
|
қаршыға
|
лашын
|
қаз
|
шүре-гей
|
бүркіт
|
Өлеңнен тауып, сипаттап жаз
|
сорлы, кедей кемтар құс (халі нашар)
|
төре, опа бермес кәпір, құстар-дың жауы
|
өз басын қорғай алмай жүрген сорлы
|
жыртқыш құс, шүре-гейдің қас жауы
|
хан, қаз-дың қас жауы
|
момын кедей
|
жалқау кедей
|
құс патша-сы
|
«С. Дөнентаев кейінгі ұрпақ есінде қазақ өлеңінің бозторғайы болып қалды». Құлбек Ергөбеков
3 — топқа: 2.«Талдау» стратегиясы (Өлеңдерін талдау, теориялық ұғымдар бойынша, өлеңді құрылысына қарай талдау). Екеуі де а, а, б, а-қара өлең ұйқасы, 11 буынды, 3 бунақ, 4 тармақ, 6 шу-мақты өлең. Эпитетті тауып жаз.
Проблемалық сүрақ:
Бозторғай бүркітті тапты ма? Оқушы өз ойын айтады. Бүгінгі заманмен байланыстырып қорытындылайды.
ІІ. Қорытындылау: Сәбит — қазақ ақыны, мазмұнды, қысқа өлеңнің шебері, сыншыл ақыны, мысалшы, Абай ман Сұлтанмахмуттан кейінгі сатирик ақын. Олөмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді.
ІV.Бағалау V. Үйге тапсырма. Сәбит Дөнентаевтың «Заман кімдікі?» өлеңін жаттау, «Бозторғай» мәнерлеп оқу, сахналық қойылымға даярлану, өмірі мен шығармашылығы. (реферат жазу)
Қазақ өлеңінің бозторғайы - Сәбит
Жарияланды 3-02-2014, 04:57 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: «Қазақ өлеңінің бозторғайы - Сәбит». Сәбит Дөнентаев. «Заман кімдікі?», «Бозторғай» өлеңдері
6 - сынып
Сабақтың мақсаты білімділік: Сәбит өмірінің кейбір тұстарымен таныстыру. Ақын шығармашылығына тән ерекшелікті айқындай отырып, мысал жанрындағы өлеңдерінің сюжетімен таныстыру;
дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту, мәнерлі оқуға, жүйелі баяндауға, тұжырымдама жасауға дағдыландыру;
тәрбиелік: қайырымдылыққа, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сәбит «Ақындық жолы», топтастыру, талдау, салыстыру, ой қорыту. Слайдтар, сахналық қойылым.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу;
II. Жаңа материалды түсіндіру.
1. «Қазақ өлеңінің бозторғайы» атанған Сәбиттің өмірі және шығармашылығына қысқаша тоқталамын.
2. Сәбит қайғысы - халық қайғысы, халық басына түскен ауыртпалық. Себебін ақын қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздіктен, таптық қатынастан іздейді. Заман ағымын аңғарған ақын қоғам игілігі: жер - су, орман қожалығы, ел билігі күштілердің қолында, тектінің аузында екенін ашық айтады. Мысалы: «Заман кімдікі?» өлеңін оқып көрейік.
3. Оқушылардың өлеңнен алған әсерін сараптай отырып, ойларын жинақтап, тақтада топтастыру.
Топтастыру стратегиясы
Заман
↓
күштінікі, қарабасқырдікі, азулынікі, тақсырдікі, тырнақтынікі, тістінікі
қара бас, жан → патшаныкі
даулы мал → шешендікі
абырой, кісілік → ақшанікі
билік, жиған мал, сөйлер сөз → зордікі
Оқушылардың өлең мазмұнынан ұққандарын талдай келе, салыстыру жұмысын жүргізу.
4. Венн диаграммасын толтыру. Өткен және бүгінгі заманды салыстыру.
Туған халқының жанашыры Сәбиттің елінің қорғансыз, мүшкіл халін танытқан мысал өлеңдері де баршылық. Соның бірі – «Бозторғай» өлеңі.
5. «Бозторғай» өлеңі - Жер - суынан айрылған қазақтардың патша өкіметіне қарсы күресіне арналған. Ақын патшаның билеу тәртібін сатылап сынайды.
- Бозторғай қандай құс?- деген сұрақ қоя отырып, өздері білетіндерін айтқызамын.
Қызығушылығын ояту.
Топтастыру
Бозторғай → кіп – кішкентай, шыр - шыр етеді, ерте оянады, моп – момын
Мағынаны тану.
6. Өлеңді мәнерлеп оқыту. Ой тастау. Өлең шумақтарындағы құстар арқылы ақын кімдерді көрсетпек болған? Жан - жануарлардың бейнесі арқылы өмірдегі адамдардың іс - әрекетін бейнелеу қалай аталушы еді? (аллегория)
Ендеше, әр алуан құстар әрекеті арқылы кімдердің бейнесін сомдаған екен, жинақтай қояйық. Оқушылар мәтіннен теріп, дәптерлеріне топтастырып жазады.
♦ Кедей шаруа
↓
Бозторғай, бөдене, үйрек, қаз
♦ Ұлық болыс
↓
Тұрымтай, қырғи, лашын, қаршыға
7. Өлеңді рөлге бөліп, мәнерлеп оқиды. Мәтінге жоспар құрады.
8. Өлең құрылысына талдау
Тапқанын// бүркітті іздеп, // таппағанын, ---- а
Шаққанын// ішкі мұңын, // шақпағанын - ---- а
Білмеймін// әлі күнге //естігем жоқ, ----------- б
Жатқанын //жаны тыныш, // жатпағанын. ---- а
11 - 12 буынды, 3 бунақты қараөлең ұйқасымен жазылған.
Шығармашылық жұмыс. 1. Мысал желісімен сахналық көрініс қояды.
( тапсырма күнілгері берілген)
2. Бозторғай пана таба алды ма екен? Өлеңді жалғастырып, өз ойларыңды жазыңдар.
ІІІ. Сабақты бекіту.
А) Сонымен, балалар, бозторғай қандай бейне?
Бозторғай - халық сенген өкіл. Ол халық мұңын шағатын әділ әкімді іздейді, жер - жиһанды кезеді, алайда барған жерінен қорлықтан басқаны таба алмайды.
Ә) Сәбит кімдердің мұңын жырлады, жоғын жоқтады?
Үйге: Сәбит өлеңдерін мәнерлеп оқу. «Бақытты балдәурен балалық» атты ой - толғау жазып келу.
Иса Байзақов «Құралай сұлу» поэмасы
Жарияланды 27-02-2014, 17:14 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті
Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтарын кеңейтіп «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясын ашу, кейіпкерлер бейнесін талдау.
Дамытушылық: Өз пікірін қорғай білуге, ойын еркін әрі әдеби жеткізуге баулу, шығармашылық ізденістерін дамыту
Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүйетін адал да жанашыр адам болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, салыстыру, баяндау, талдау жасау, өз пікірін қорғау.
Сабақтың көрнекілігі: Иса Байзақов өмірі жайлы видео, слайд - презентация.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, сыныпты түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Иса Байзақовтың «Құралай сұлу»поэмасын оқып келу
1. Тақырып дегеніміз не?
- Шығарма белгілі бір тақырыпты қозғайды, белгілі бір өмір шындығын өзіне арқау етеді. Тақырыпсыз шығарма болмайды.
2. Иса Байзақов поэманың тақырыбын неліктен «Құралай сұлу» деп атаған?
3. Егер жазушы болып осы поэманы жазсаңдар өздерің қалай атар едіңдер?
4. Идея дегеніміз не?
- Жазушы тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат - мүддесін, арманын білдіреді.
5. «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясы неде?
6. Сюжет дегеніміз не?
- Көркем шығарманың сюжеті оқиғалар жүйесінен құрылады. Оқиғалар бір - бірімен байланысып, желісі үзілмей, үнемі өрбіп отырады.
7. Композиция дегеніміз не?
- Шығармадағы оқиғалардың байланысуы.
ІІІ. Мағынаны тану.
Композициялық жоспар
- Ендеше сабағымызды «Құралай сұлу» поэмасына композициялық жоспар құрумен жалғастырайық.(Оқулықта поэма берілмегендіктен көшірмелері алдарына таратылады)
Оқиғаның басталуы: Елге сыйлы Ойбас Қыпшақ Монтай би.
Оқиғаның дамуы: Монтайдың Келден баймен кездесуі.
Оқиғаның шиеленісуі: Келден байдың жан баласына ашпаған сырын ашуы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Қалмақтың Сейқын ханының қызы Құралаймен кездесуі
Оқиғаның шешімі: Келден батырдың Құралайдан айрылуы.
ІҮ. Салыстыру
- Біз алдыңғы сабақта Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесін өткенбіз, осы екі шығарманы салыстырып ұқсастық пен айырмашылықтарына талдау жасайық
І топ орындайды
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы»
Кейіпкерлері
Ана
15 жасында күңдікке сатылған ана. Әке - шешесінен айрылған қайратты, сөзге шешен, ақылды. Өзінің ақылымен, өжеттілігімен қырық батырға төтеп беріп, қызын аман алып қалған.
Батыр
Жалпақ батыр
Батыр, ер жүрек, ақылды, мейрімді, қара күш иесі, тәуелді. Ананың айтқан сөзін тыңдап ақылмен шеше білген.
Жанр түрі: Әңгіме
Әйтілес қарттың ескі күндердің әңгімесін шертіп, аңызға айналған адамдардың басынан өткен оқиғаны әңгімелеуі.
Идеясы
Жеке тұлғаның бас бостандығы толық қорғалмаған. Халықты байлар басқарған, шешімді билер беріп сөзге тоқтам салған. Және ананың балаға деген махаббат айқын көрініс тапқан.
ІІ топ орындайды
И. Байзақов «Құралай сұлу»
Кейіпкерлері
Ана
Құралайдың анасы 15 жасында Қалмақ ханы Сейқынға әйел болған. Қалмақтар қазақ еліне шабуыл жасап сұлу әрі көрікті қазақ қызын алып қашып, хандарына тарту еткен.
Батыр
Келден батыр
Батыр, ақылды, қара күш иесі, қайсар, өжет, айтқанынан қайтпайды. Артынан қуып келген жүз шақты қалмаққа бір өзі тойтарыс берген.
Жанр түрі: Поэма
Қазақ пен қалмақ елі арасындағы тартысты күндерді Келден батыр еске алып өзін тұтқындықтан босатып аман алып қалған ғашығы Құралай сұлу туралы жырлайды.
Идеясы
«Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттелген, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтерілген. Ананың балаға деген махаббаты және екі жас арасындағы сүйіспеншілік сезім жырланады.
Ү. Бес жолды өлең әдісі
І топ: Ана
1. Зат есім Ана
2. Сын есім Мейрімді, қамқор
3. Етістік Мәпелейді, тәрбиелейді, аялайды
4. Сөйлем Ана өміріме сән берген.
5. Синоним Ана – шеше
ІІ топ: Батыр
1. Батыр
2. Ержүрек, батыл
3. Қорғайды, күзетеді, шабуылдайды
4. Батыр ел үшін туады
5. Батыр – қаһарман
ҮІ. Білімді бекіту
І топ: Иса Байзақовты біз кім деп танимыз?
• Ақын
• Жазушы
• Актер
• Әнші, жыршы
• 40 - тан астам әнге сөз жазған
• Суырып салма ақындығымен
ІІ топ: Қандай эпикалық шығармаларын білеміз?
«Құралай сұлу» 1925ж
«Қойшының ертегісі» 1926ж
«Алтай аясында» 1939ж
«Ұлы құрылыс» 1933ж
«Қырмызы Жанай» 1940ж аяқталмаған ерекшеленді
«Кавказ» 1941ж
«Ақбөпе» 1945ж
ҮІІ. Қорытындылау
Иса Байзақов поэма жанрын дамытуға зор үлес қосқан. Оның дәлелі жаңа өздерің атап өткен эпикалық шығармалары. Көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан. «Құралай сұлу», «Алтай аясында» поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысын шынайы суреттеп, ел бірлігі, патриотизм идеясын көтерген.
ҮІІІ. Білімді бағалау
Сабақ барысында оқушылардың сабаққа араласуына, жауап беруіне қарай таңбалар таратылып отырған. Соған байланысты оқушыларды бағалап өту
ІХ. Үйге тапсырма
«Қасиет дарыған, құт мекен – қазақ жері» тақырыбында эссе жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |