5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §18. «Алтын киімді адам»
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Сақ дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштерді сипаттай отырып, материалды, рухани мәдениеттің көрсеткіші - өнер туындыларымен сақтардың мәдени-экономикалык даму дәрежесінің белгісі ретінде таныстыру.
Дамытушылық: Картаның көмегімен сак дәуіріне катысты ескерткіштердің таралған аумағымен танысу, тарихи-мәдени ескерткіштер негізінде сактардың экономикалық, мәдени даму дәрежесін бағалап, талдап, ой қорыта білуге, ізденуге үйрету.
Тәрбиелік: Сақтардың рухани және материалдық мәдениет ескерткіштеріне сүйене отырып, оқушыларды мәдениетті сүйіп, құрметтеуге, мәдениеттің адам өмірінде алатын маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, география
Көрнекілік: Сак қорғандарына жүргізілген экспедициялы жұмыстардың картасы. Сақтардың мәдениетін сипаттайтын зергерлік өнер туындыларының суреті.
Сабақтың барысы: I. Үйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы
Тақырыптың соңындағы мына сұрақ тапсырмаларға сүйене отырып сыныптың сабақка дайындығын тексеріп шығамын.
1.Тарих атасы Геродоттың жазбаларында сақтардың жауынгерлігі қалай бейнеленген?
2. Отаншылдық, ұлтжандылық деген сөздерді калай түсінесіңдер?
3. Шырактың ерлігі туралы қысқаша әңгімелеп беріңдер.
4. Парсылармен бірге одак кұрып, сақтар қандай елдерге жорық жасады, сол мемлекеттердін аумағын картадан белгілендер.
5. Сақтарға катысты тақырыптың мәтіндерін пайдалана отырып, жасалған хронологиялық ретпен тарихи оқиғаларды баяндап шығыңдар.
Төмендегі тапсырманы орындаңдар: Бұлар кімдер?
Кир- .....................................................................................
Томирис -.............................................................................
Спаргапис -..........................................................................
Ескендір Зұлкарнайын -......................................................
Зарина- ................................................................................
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Есік қорғаны.
2. «Алтын киімді адам».
Бүгінгі тақырыбымыз бұрынғы сабақтарда өткен сактар тарихының жүйелі жалғасы екендігі, «ерте көшпелілер дәуірі» деген атпен белгілі бұл дәуірдің басты ерекшеліктерін, оның Қазақстан тарихында алатьш орнын айта келіп, окушылардың танымын жаңа арнаға бағыттаймын. Көрнекі құралдар арқылы оқушы назарын жаңа сабақка аударып, олардың тақырыпка қызығушылығын тудыруға күш саламын.
Сақ коғамы мәдениетінің даму дәрежесі көрсеткіші ретінде сак дәуірінің өнер туындыларын оқытқанда төмендегі негізгі міндеттерді басшылыкка аламын:
сактардың жерлеу дәстүрі,
сактардың өнер туындыларының стильдік ерекшелігі,
өнер туындылары негізінде сактардың дүниетанымын керсету.
Бұл такырыпты өткенде , сактардың өнер туындыларының ең бір тамаша куәгері - «Алтын киімді адам» көне заманның теңдесі жоқ жәдігері деп атап, оны зерттеп тапкан белгілі ғалым, археолог К. Ақышевтің еңбек жолымен таныстырып, «Алтын киімді адамның» табылу тарихына токталып кетемін. Окушылардың үйден жинастырып, дайындап келген суреттерін пайдалана отырып, сақ өнерінің стильдік ерекшеліктерін сипаттаймын. «Алтын киімді адамға» окулыкта берілген сипаттаманы оқи отырып, оны суреттен тауып алуға әрекеттендіремін. Бұл оқушыларды байқағыштыкка икемдейді. Одан кейін қазіргі таңда осы «Алтын киімді адам» бейнесі Қазақстанның егемендігінің символына айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Ал сак жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпарлар біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың Елтаңбасынан орын табуына сендер қандай баға беріп, ой корытындылайсыңдар деп оқушылардың өздеріне сұрақ қоямын. Оқушылардың көзбен көріп, есте сақтау қабілетін дамыту үшін төмендегі тапсырма орындалады.
1-тапсырма. Сақ өнері мен мәдениетінің даму дәрежесін көрсететін колөнер жөне зергерлік бұйымдарының суретін сал.
Сабақты бекіту мақсатында окушыларға мынандай сұрақтар қойып шығамын.
1. «Алтын киімді» адам кай жерден табылды?
2. «Алтын киімді» адамды тапқан белгілі ғалым-археолог кім?
3. Сақ жауынгері мүрдесі басы кай жакка каратылып жерленген?
4. Қабірдің қай бөлігінен ыдыстар, зергерлік бүйымдар табылды?
5. «Алтын киімді адам» қанша алтын әшекейлермен жабдықталған?
6. Қабірден табылған қолөнер заттары қандай стильде бейнеленген?
7. Сақтардың беліне бекітіп жүретін канжары калай аталады?
8. «Алтын киімді адамның» жанынан табылған күміс тостағанда не бейнеленген?
9. Сақ жауынгерінің бас киімінде не бейнеленген?
Қорытындылау: Сақ қоғамының бізге жеткен өнер туындыларын көрсетіп, сақтардың қолжеткен жетістіктерін қалайша бағалайсыңдар деп оқушылардың өздеріне сабақты қорытындылатамын.
Бағалау:
Үйге тапсырма. 18-параграфты оқып, қосымша деректер жазып келуге тапсырма беру.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 19. Мөде- Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ғұнатауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы» ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы, шаруашылық өмірі мен тұрмысы туралы білім беру.
Дамытушылық: Мемлекеттердің калыптасуының алғышартын, оның белгілерін анықтай білу, карталарды сабақта тиімді пайдалана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тарихи аңыз деректер негізінде балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Орталық Азия тарихының жалғастығын керсету, ірі саяси тұлғаны үлгі қылу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география
Көрнекілік:
1. «Ғұндар» картасы.
2. Жаңа сөздер жазылған плакат.
3. Ғұндардың батырлығын, жауынгер халық болғандығын дәріптейтін суреттер.
4. Ғұндардың пайдаланған қару-жарактарының суреті.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасы оқушылардан мына ретпен сұралады.
1. «Алтын киімді адамның» табылу тарихы.
2. К. Ақышевтің Қазақстан археологиясына қоскан үлесі.
3. «Алтын киімді адамның» қабірінен табылған әшекей заттарды атап шығыңдар.
4. «Алтын киімді адамның» әшекей заттарына сипаттама беріңдер.
Одан кейін үйден осы «Алтын киімді адамның» тарихына қатысты жазып алып келген оқушылардың қосымша деректері оқылады.
Қорытындылау. Сақтар кешпелілер өркениетіне өзіндік үлесін қоса білген тамаша мәдениет жаршыларының бірі. Сақ дәуірінен жеткен мәдениет үлгілері одан кейінгі мем-лекеттер өмірде өз жалғасын тапты. Сақ мәдениеті қазақ мәдениетінің қайнар көзі.
Жаңа сабақты түсіндіру
Қазақтардың арғы ата-бабалары ғұндар жөніндегі тақырыпты оқушыларға оқытудың тәрбиелік маңызы зор. Ғұндардың көшпелілер тарихында, жалпы әлемдік тарихқа қосқан үлесін ерекше. Жаңа тақырыпты түсіндіруде өткен параграфтарда қарастырған сақтардың мемлекеттік, әлеуметтік-саяси кұрылымын ғұндармен салыстыра және оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында сұрактар қоя отырып баяндаймын.
Сабақ жоспары:
1. Ғұнатауы.
2. Ғұн мемлекетінің өрлеуі.
3. Ғұндардың көршілерімен саяси байланысы.
4. Ғұндардың шаруашылык өмірі, тұрмысы.
5. Ғұн мәдениеті.
Ғұндар -б.з.б. III ғасыр мен б.з-дың ІҮ ғасырында Орталық Азияда қоныстанған деп бастайды. Б.з.б. I мыңжылдыктың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазакстан аумағындағы «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады деп картадан ғұндардың мекендеген аумағын көрсетемін.
Мөде шаньюйдің ғұн мемлекетінің негізін салып, «Аспан ұлы» деген атаққа ие болуы женіндегі аңызды оқушыларға абзац бойынша кезек-кезек оқытып, қалған оқушылар оның мазмұнын түсіндіреді. Оқушыларға жеңіл болу үшін оны сұрақтарға жауап беру арқылы ұйымдастыруға болады.
Әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі болып табылатын Қытаймен қарым-катынасында ғұндардың басымдылығын Қытай императорының ғұндарға жыл сайын алым-салык төлеп тұрғанынан көруге болады. Алайда Қытаймен арадағы шиеленіскен қарым-қатынас, кейін ғұн мемлекетін дағдарысқа ұшыратып, екіге бөлінуіне алып келеді. Бұл жерде оқушыларға мәтіннен ғұн мемлекетінің дағдарысқа ұшырап, екіге бөлінуінің себеп-салдарын ашу тапсырмасы беріледі.
Сабақтың келесі кезеңі окушылардың эстетикалык білімін ұштауға негіз болуы тиіс. Ғұндардың шаруашылық негізіне, соғыс қаруын колдану дәстүрі жағынан жеткен жетістіктеріне косымша мәліметтер келтіре отырып түсінік беремін. Ол ойды тиянақтап, бекіту үшін төмендегі тапсырма орындалады. Кестені толтыр:
Ғұн қоғамы қандай жетістіктерге қол жеткізді?
1)
2)
3)
4)
5)
6)
7)
8)
9)
Бекіту:
1.Қытай деректерінде ғұндар қандай атпен белгілі болды?
2. Ғұндардың аты тарихта қандай әлемдік тарихпен тығыз байланысты?
3. Қытай деректері бойынша ғұндардың алғашқы көсемі кім болған?
4. Аманат дегеніміз не?
5. Ғұндардың жоғарғы билеушісін қалай атады?
6. Ғұн коғамында жоғарғы билікке ие болған Мөде қандай атаққа ие болды?
7. Б.з.б. 188 жылы болған қытайлыктар мен ғұндар арасындағы шайқас кімдердің жеңісімен аяқталды?
8. Зерттеушілердің көпшілігінің пікірі бойынша ғұндар кімдердің арғы тегі болып есептелінеді?
9. Ғұн империясы қашан екіге бөлініп, ыдырады?
10. Ғүндардың баспанасы не болды?
11. Ғұндарда өркениеттің қозғаушы күші болған көсіп түрін ата.
12. Үлкен соғыстардың кезінде ғұндардың қолданған жебе түрі.
Бағалау:
Үйге тапсырма: 19-параграфтың соңындағы сұрақ тапсырмалар негізінде тақырыпты оқып келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 20. Батыс және оңтүстік ғұн империялары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Батыс ғұн империясын құрушы Аттилаға (Еділге) тарихи тұлға ретінеде сипаттама беріп, ғұндардың батыска жорықтарының нәтижесінде туындаған «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деген атпен белгілі оқиғаның әлемдік тарихтағы маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетің жаңа сабақтың мазмұнын дамыта отырып жетілдіру негізінде Батыс елдеріне зор әсер еткен Ғұн империясының саяси және мәдени дамуын қазіргі Қазақстан жетістіктерімен ұштастыра білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды Қазакстан даласын мекендеген тайпалардың ерлік дәстүрлерін, қазақ халқының мәдениетіне қоскан үлесін аша отырып, адамгершілікке, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі: баяндау сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік:
1. Ғұн империясының картасы.
2. Еділ патшаның портреті.
3. Ғұндардың жаугершілігін бейнелейтін суреттер.
4. Ғұндардың колданған кару-жарак түрлері.
Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы
Төмендегі сұрақтар негізінде үй тапсырмасын сұрап шығамын.
1. Құдіретті Шығыс ғұн мемлекеті қалай құрылды?
2. Ғұн мемлекетінің күшейген шағындағы аумағын картадан көрсетіңдер.
3. Мөде шаньюй туралы не білесіңдер?
4. Ғұн империясының екіге бөлінуіне қандай жағдайлар себеп болды?
5. Ғұндардың жауынгерлік өнері туралы қысқаша әңгімелеп беріңдер.
6. Ғұндардың тұрмысы, шаруашылығы туралы не білесіңдер?
Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:
1. Батыс Ғұн империясынын құрылуы.
2. Ғұндардың жеңімпаз жорықтары және Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
3. Рим және Ғұн империясы.
4. Оңтүстік Ғұн империясы және оның тағдыры.
5. Біртұтас ғұн империясының ыдырауы.
Б.з-дың V ғасырында өмір сүрген Еділ (Атти-ла) патшаның Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз жорықтарының нәтижесінде Еуразия кеңістігінде көшпелілердің империясы құрылды. Еділ Алмания (Германия) мен Скандинавия тарихында Этқель, славяндарда Атыл есімімен белгілі болса, венгр (мадиар) халқы оны бабамыз деп есептейді. Осы жерді оқушыларға оның себебін ашып айту. Одан кейін Еділ Батыс ғұн империясының билігіне қалай келгендігі, оның жүргізген жеңімпаз жорықтарының сипаттайтын қосымша деректерден үзінді келтіремін. Қосымша әдебиет:
Т. Журтпбаев. Дулыга: Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар. - Алматы. 1994.
Еділдің тұсындағы ғұндардың жеңімпаз жорықтарын баяндай отырып картаның көмегімен ғұндардың мекендеген аумағы мен бағындырған елдерін картадан көрсетемін.
Оқушылар жақсы есте сақтау үшін Еділдің бағындарған елдері мен халықтарды дәптерлеріне жазғызып қоямын. Олар дәптерлеріне Рим империясы, угор /естек/, аландар, славяндар, Боспор патшалығы, вестгот, остгот сияқты герман тайпалары деп жазып алады.
Осы жерде ғұндардың батысқа жорығында қандай қарулармен қаруланғанын сипаттау мақсатында тақтаға ілінген сурет бойынша ғұндардың қару-жарақ түрлерін сипаттап айтып беремін. Одан әрі ғұндардың Еуропаны жаулауы Баламер патшаның тұсында басталып, Еділдің тұсында аяқталды. Ол қанша жерден жаулап алушы болғанмен, шамасы келгенше жаулап алған жерлерде қалалар мен мәдени ескерткіштерді қиратуға жол бермеген. Бұл дәуірдің ұлы оқиғасы деп 451 жылы болған Каталаун /Франқия жері/ шайқасын айтады. Рим мен ғұндар арасындағы соғыста 200 мың адам қайтыс болды деп жазады. Бұл шайқастың нәтижесінде ғұндар Рим империясының орталық бөлігін талқандап императордың қарындасын және оның жасауы деп Римнің қазынасын алуы Ғұндардың құдіреттілігін көрсетеді деп, оқушыларға осы сөйлемдерді мәтіннен тауып оқып беруге тапсырма беремін. Бұл оқиғаның әлемдік тарихта алатын маңызына ерекше тоқталып кетемін. Ғұндар бастаған «халықтардың ұлы қозғалысы» әлем тарихында орта ғасырлардың қақпасын ашып, феодалдык дәуірді бастан берді. Ғұн соғысынан кейін құл иеленуге негізделген Рим империясы ыдырап Еуропада ұлттық мемлекеттер пайда болды. Бұл Еуропа тарихы үшін үлкен прогресс еді деп ерекше тоқталып кетемін.
Одан әрі қандай мемлекет болмасын өз өмір сүру тарихында шарықтап өсу кезеңдері мен құлдырау кезеңдерін бастан кешірген, сол сияқты осындай ірі мемлекет ғұн империясы да түрлі себептерге байланысты дағдарысқа ұшырап, бірнеше иеліктерге бөлініп кеткендігін айтамын. Шығыс ғұн империясы ыдыраған уақытта біраз ел Оңтүстікке қоныс аударып Ақ Ғұн мемлекетін құрғанын, оның үлкен империяға айналып Үндістан мен Иран жерін бағындырғанын, қазіргі Түркістан мен Ташкент алқабы да Оңтүстік ғұн империясының құрамында болғанын баяндау. Оқушыларға мәтіннен осы ғұн империясының құлдырап, ыдырауының себебін тапқызып, бір оқушыға оны дауыстатып оқытқызамын.
Сабақтың келесі сатысы өткен сабақтағы жаңа сөздермен жұмыс түрі. Тақтаға Халықтардың ұлы қоныс аударуы, угор /естек/, Рим империясы, Боспор патшалығы, вестгот, остгот, Византия, феодалдық дәуір, эфталит, ақ ғұн деген сөздердің ұғымдарын жазып коямын.
Сабақты бекіту мақсатында оқушылардың білімдерін төмендегі сұрақтар арқылы тексеріп шығамын.
1. Ғұндардың Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз жорықтары кімнің атымен байланысты?
2. Еділ батыр қай ғасырда өмір сүрген?
3. Еділ патшаның Батыс ғұн империясының тағына отырған жылы.
4. Ғұндардың бағындырған мемлекеттері мен тайпаларын ата.
5. Ғұндардың Еуропаны жаулауы кімнің тұсында басталды?
6. Бұл дәуірдің ұлы оқиғасы деп аталатын Каталаун шайқасы қай жылы болды?
7. Ғұндардың шабуылынан кейін ыдырай бастаған Рим империясының шығыс бөлігі енді тарихта қандай атаумен белгілі болды?
8. Ғұндардың оңтүстікке жылжыған топтарын қалай атады?
9. Ондаған жылдық соғыстан кейін кімдер жүз жыл бойы оңтүстік ғұндарға бағынышты болды?
10. Қай ғасырларда ғұн мемлекеті бірнеше иеліктерге бөлініп ыдырап кетті?
Бағалау:
Үйге тапсырма. 20 параграфты оқу, параграф бойынша 2-3 сұрақтан дайындап келу.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 21. Ежелгі түркілер. Түрік қағандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Түрік», «қағанат» атауларына түсінік беру, Түрік қағандығының коғамдық құрылысының ерекшелігін ашып көрсету және саяси тарихы мен шаруашылық жағдайы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Түркі дәуірінің тарихы мен мәдениетін қазіргі Қазақстан тарихы мен мәдениетімен байланыстырып, оқушылардың тарихи ойлап, қорытынды шығара білу қабілеттерін, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақтардың арғы ата-бабалары түріктердің жан-жақты даму тарихын оқыта отырып, оқушыларды отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Лекция
Әдісі: баяндау
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: 1.Түркі дөуірінің картасы.
2.Түркі дәуірінің ескерткіштерінің суреті.
З.Түркі қағандығының шаруашылығын, тұрмысын сипаттайтын суреттер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
2-3 окушыға Еділге тарихи тұлға ретінде берген мінездемесін дауыстатып оқытамын. Қалған оқушылар оны тыңдай отырып, өздерінің алып-қосатындары болса қосымша қосады. Одан параграфтың соңындағы қалған сұрақтар бойынша тексеріп шығамын. Осылайша үй тапсырмасын қайталап, оқушылардьщ өткен сабақта алған білімдерін тиянақтағаннан кейін жаңа тақырыпка көшемін.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. «Түрік» атауы.
2. Түріктердің көршілерімен саяси карым-қатынасы.
3. Қағандықтың құрылуы.
4. Түрік қағандары.
5. Қағандық халқының кәсібі.
6. Түріктердің рухани мәдениеті.
Б.з-дың I мыңжылдығының орта шенінде Қазакстан даласында ірі этникалық өзгерістер басталды. Бұл дәуірді шартты түрде ежелгі түрік (ежелгі түркі) немесе көне түркі дәуірі деп атаймыз деп, одан әрі ұлы даланың тұрғындары түріктердің шығу тегі туралы аңыздарға тоқталамын. Одан кейін тақтадағы картаның көмегімен түркілердің әр түрлі бағыттағы көршілерін және олармен қарым-қатынасына тоқталамын. Оқушыларға еске сактауға ыңғайлы болуы үшін төмендегі сызбаны пайдаланамыз.
-
Ирандықтар
|
Тунгус-манчьжурлар
|
Қытайлықтар
|
|
Түркілер
|
|
|
Тохар тайпалары
|
|
Түріктер өздері мемлекеттің құру жолында осы тайпалармен бірде достық бірде жаулық қарым-қатынастарда болғандығын сипаттай отырып, Түрік қағандығының құрылып, қуатты мемлекет дәрежесіне көтерілу кезеңдерін түсіндіремін. Осы кезеңде параграфтағы маңызды даталарға ерекше тоқталып, сабақ барысында олардың хронологиялық кестесін құру.
Маңызды даталар
|
Болған оқиғалар
|
|
Б.з-дың I мыңжылдығынын ортасы
|
Қазақстан даласындағы ірі этникалык өзгерістер.
|
|
542 жыл
|
Қытай деректеріндегі алғаш «түрік» атауының кездесуі.
|
|
У-ГУ ғасырларда
|
Орта Азияның тарихында түрік этносының жаңғыруы.
|
|
VI р-дың ортасына дейін
|
Түріктердің жужандарға бағынышты болуы.
|
|
551-555 жылдар
|
Жужандардың түріктерден жеңіліп, кеп бөлігінің қырылуы.
|
|
551-744 жылдар
|
Түрік қағандығының өмір сүрген жылдары.
|
|
551 жыл
|
Бумынның түрік қағандығының негізін салып, қаған атануы.
|
|
552-553 жылдар
|
Қараеске кағанның билік етуі.
|
553-572 жылдар
|
Мұқан қағанның билік еткен жылдары.
|
VІ-VІІ ғасырларда
|
Түріктердің қолдауымен Жетісуда, Жоңғарияда, Шығыс Түркістанда, Оңтүстік Сібірде сауда мекендерінің құрылуы.
|
VII ғасырдың басында
|
Азия кеңістігі үлкен аумағының Батыс жөне Шығыс Түркі державала-рының колында болуы.
|
714-715 жылдар
|
Сырдария бойындағы өлкеге арабтардың жорығы.
|
VІ-ХІІ ғасырдың ортасында
|
Буддизм, манихейлік, христиандық діндердің түркі тілдес халықтардың арасында кең тарауы.
|
Осылайша оқушы білімін дамыта отырып, кағанат халқының кәсібі, оның қағандык өмірінде алатын орны мен маңызын ашып көрсетемін. Окушылардың эстетикалық дамуын назарда қалдырмау үшін түрік халықтарының діни наным-сенімдері, жазу мәдениеті мен әдебиеті туралы жан-жақты сипаттама беріп, оқушыларды имандылык, адамгершілік сияқты ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.
Бекіту сұрақтары:
1. Түркі дәуірі немесе көне түркі дәуірі деп қай кезеңді айтамыз?
2. Қытай деректері бойынша түріктер кімдердің ұрпақтары деп есептелінеді?
3. Ескі сына жазуларда түріктер өздерін қандай атпен жазған?
4. Түріктер мен жужандар арасындағы соғыс қай жылдары болды?
5. Түрік қағанаты құрамында өмір сүрген халықтарды атаңдар.
6. Түрік хандарының сенімді көмекшілері болғандар?
7. Түрік қағандығы халқының басым бөлігінің негізгі кәсібі не болды?
8. «Татсыз түрік жоқ» деп жазған кім?
9. «Құдатғу-білік» еңбегінің авторы кім?
10. 714-715 жылдары түркілер кімдермен шайқасты?
Бағалау:
Үйге тапсырма: 21-параграфты оқып, соңындағы сұрақ-тапсырмалар бойынша дайындалып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |