Сабақтың тақырыбы: Күләш Ахметова «Астана»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың саналы түсініп оқу, мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығын жетілдіру. Өлеңді негізгі ойды білуге дағдыландыру. Астана, Алматы туралы жалпы мағлұмат беру, түсіндіру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу, өз елін, туған жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Көрнекілігі: Бәйтерек, Астана, Алматы туралы мағлұматтар.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап, ассоциация, ой-толғаныс, мадақтау.
Пәнаралық байланыс: Сурет, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Өзін-өзі тану бағдарламасы бойынша амандасу. Бір-біріне сәтттілік тілеу.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Бір болып кеште қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтсін күніміз.
Түгелдеу, назарларын сабаққа аударуү
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
Сәкен Жүнісов «Кімнің мекені жақсы?».
«Туған жер» тақырыбында эссе жазу.
Бөлімдер бойынша оқытып, сұрау.
«Көкқұтанның мекені»
«Бозторғай мен жауынқұрттың мекені»
«Өз үйім-өлең төсегім».
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Сұрақтар қою арқылы қорытындылау.
«Кімнің мекені жақсы?» авторы кім, кейіпкерлерін ата?
Мәтін неше бөлімнен тұрады? Мәтіннен не түсіндің?
Тышқанның жауы? Көкқұтанға қойған сұрағы?
Құрбақанның мекені қандай? Туған жер туралы мақал-мәтел.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ребус шешу. (Астана, Алматы)
Ребус шешуіндегі екі қала туралы өз білгендеріне ассоциация құрғызу, оқыту, талдау.
Алматыға саяхатқа шығу. (Алматы туралы ойларымен салыстыра отырып, толық мағлұмат беру).
Астанаға саяхатқа шығу. (Астана туралы толық мағлұмат беру).
Осы Астана жайлы бізге К. Ахметова апамыз әдемі өлең ұсынған екен, ендеше бүгін К.Ахметованың «Астана» өлеңімен таныс боламыз.
Авторға шолу жасау.
Күләш Ахметова- 1946 жылы 25 сәуірде Қырғыз Республикасы, Талас ауданы, Киров ауылында дүниеге келген.Ақын, жазушы. Өлеідері бірнеше тілге аударылған. Бірнеше жыр жинақтарының авторы.
Астана өлеңін түсініп оқыту.
Өзім оқып оушылармен, бірге талдау жұмыстарын жасау.
Өлеңдегі ақын ойын сызба арқылы түсіндіру.
А) Сарыарқа ә) Алатау б) Алматы
↓ ↓ ↓
Есіл Алматы Астана
↓
Астана
↓
Бәйтерек
А) Бұл жерде ақын ауызбіршілікке, бейбітшілікке, егеменді ел болуға Отаныңды, еліңді қорғауға шақырып тұр.
ә) Ақын, Алматы бас қала болған кезде де біз біраз жетістіктерге жеткенбіз. Ең бастысы тәуелсіздікке қол жеткізгеніміз жайлы айтып тұр.
Б) Ақын өлеңдегі Алматы мен Астана сөздерін адамның көз жанарына теңеген, себебі Алматы мен Астана да Қазақстан Республикасының құтты мекені десек артық айтқандық болмас. Алматы бұрынғы тарихы бар астана болса, Астана қазіргі жаңа бас қала. Екі қала бір-бірімен тығыз байланыс та. Алматыда «Тәуелсіздік монументі» болса, Астанада 97 метр биіктікте орналасқан «Бәйтерек монументі» бар. Бәйтеректің жұмыртқасының үстінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алақаны бар.
Ой-толғаныс. Астана- бас қала. Эссе жазу. Оқып талдау жасау. Бәйтереккке шығу арқылы, сұрақтармен қорытындылау.
Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
Бәйтеректің ұзындығы неше метр?
«Алтын адам» қай қаладан табылған?
Алматы сөзі қандай мағына береді?
Астананың бұрынғы атауы?
Бағалау: Геометриялық фигуралар тарату арқылы.
* - 5, - 4, ∆ - 3
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Бәйтеректің суретін салу. Сурет сала отырып, өлең шығарып келу..
Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың туған өлкесіне, өз Отанына деген өлең арқылы сана сезімін ояту,автор туралы мағлұмат беру.
Оқу арқылы қуаныш, мақтаныш,ұлттық сана –сезіміне әсер беру, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру;
Елін жерін, туған өлкесін сүюге үйрету, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тапсырмалар, оқулық, дәптер мағлұмат, презентация
Сабақтың барысы:
Кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.1.Көркем әдебиет оқу минуты.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
Өлең тыңдау.
Тақырыпты ашу.
3.1.Өлеңмен жұмыс.
« Жаңғырық ойыны»
Автормен танысу
Өлеңді талдау.
Мақал –мәтелдер : «Жалғасын тап»
Сергіту сәті:
Шығармашылық тапсырма:
Қорытынды:
Бағалау.
Үйге тапсырма:
|
Психологиялық дайындық.
5 Минут қосымша әдебиет оқу арқылы оқу жылдамдығын жақсарту.
Дихан Әбілевтің Туған тілім өлеңін жатқа сұрау, ақын туралы қосымша мәлімет сұрау.
Қосымша өз өлеңін оқыту.
Бұзылмас қамалы,
Батыры уақыттың.
Тербеген самалы,
Бесігін бақыттың.
Өз елім менің -
Өзегім менің.
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.
-Бұл өлең шумақтарында не туралы айтылған?
-Отан
Туған өлкем, туған жер жайлы айтылған
-Енді осы өлеңді естігенде сендерде қандай сезім оянды?
-Көңіл күйін қандай болды?
Мәтінді оқу.
Мәнерлеп оқу, іштей ,тізбектеп оқу жұмыстарын жүргізу
Алдыңғы оқушыдан да жақсы оқимын деп тырысады.
Өтебай Тұрманжанов 1905-1978 жылы жазушы, зерттеушісі, ақын, баспа меңгерушісі, Еңбек қызыл ту орденімен марапатталады.
-Қандай сезімдерін болды?
-Неліктен мақтаныш
Біздің Отанымыз қандай ел
-Биыл Тәуелсіздігімізге -20жыл болады.
1.Туған жердей,жер болмас,
..................(Туған елдей ел болмас)
Әркімнің өз жері.....(Мысыр шаһары)
Туған жердің күні де
ыстық,
........(Түні де ыстық.)
Отан...... (оттан да ыстық.)
Мына менің жүрегім
Бәрін осы бастаған
Мына менің басым
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Бәрін осы атқарған.
5 жол өлең құрастыруды үйрету.
1.Өлеңнен не түсіндің?
2. Өлеңді оқығанда қандай сезімде болдың?
Оқушының білім-біліктілігін бағалау.
Өлеңді жаттау, өлең, эссе жазу, сурет салу.
|
Сабаққа дайындық
Жарты дауыспен көркем әдебиет оқиды.
Үй тапсырмасын жатқа орындау.
Сұрақтарға нақты жауап беру.
Ойын арқылы өлеңдіоқу
Өз ойларын айтады.
Ой толғаныс
Миға дем алдыру.
5 жол өлең құрастыру.
|
Ойындар мен тапсырмалар
1.Мына сөздердің жалғасын тауып ,жазыңдар:
Қазақ жер
Ас стан
Қос тана
Ал маты
Туған танай
Жауабын жаз:
1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген.
-------------------
2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар.
-------------------
3.Қазақстан астанасы қай қала?
------------------
4.Біздің қала қай өзеннің бойында орналасқан?
---------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ойындар мен тапсырмалар
1.Мына сөздердің жалғасын тауып ,жазыңдар:
Қазақ жер
Ас стан
Қос тана
Ал маты
Туған танай
Жауабын жаз:
1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген.
-------------------
2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар.
-------------------
3.Қазақстан астанасы қай қала?
------------------
4.Біздің қала қай өзеннің бойында орналасқан?
--------------
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев Балапан қанат қақты.
Мақсаты: Оқушыларға ақынтуралы мағлұмат беру, оқуға машықтандыру.
Оқу жылдамдығын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Қайырымдылыққа, мейірімділікке үйрету.
Көрнекілігі. Портреті, мәтін, шығармашылық тапсырма.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың психологиялық дайындығын қалыптастыру
ІІ. Көркем әдебиет оқу.5 минут
Үй тапсырмасын тексеру. М.Дулатовтың 1 өлеңін жатқа сұрау. Дәптермен жұмысты ұйымдастыру. Осы 2 өлең бойынша салыстыру жұмысын жүргізу, сұрақтарға жауап іздеу.
ІІ: Жаңа сабақ. Ақынның өмірбаянын айту, ол туралы мағлұмат беру. Мұғалім мәтінді оқу.
2. оқушылар іштей оқиды.
3. Мәнерлеп тізбектеп оқиды.
Сөздік жұмысын жүргізу.
(“Балапан” журналына арналып қара сөзбен жазылған өлең)
Балапан қанат қақты…
Жас едi. Қанаты да қатып жеткен жоқ едi. Амалсыз қақты.
Солтүстiктiң суығына шыдай алмады. Суық жел сүйегiне жеттi. Ызғар өкпесiне өттi.
Ұшып орманға барып едi, күнi кеше күбiрлесiп, күлiмдесiп, жылы құшағын ашып тұрған ағаштар бұған мойнын бұрмады. Ұшып тоғайға барып едi, қанша шырылдап айналып жүрсе де, қалың ақ кебiнiн жамылып, тоғай тұрмады.
Балапан баспана таба алмады.
Балапан қанат қақты…
Аштан өлетiн болды. Ойды-қырды қар басқан. Бiр қылтанақ таба алмады. Тоңып, дiрiлдеп, аласұрып жүрген балапанды көрiп: “Қорама кiр, қолымда тұр, қалған-құтқанымды берермiн”, — деп күледi солтүстiктiң салқын жүрек, тас бауыр адамы!
Балапан қанат қақты…
Ойы — жандәрмен жылы жаққа жетпек, егiз Есiл — Нұраның тәттi суларынан iшiп, Аралдың ыстық құмын құшпақшы. Терең Балқаштың мөлдiрiне шомылмақшы. Алтайдың етегiнде “уһ” деп демiн алып, Марқакөлдiң қаймағында ан қанат қақты…
Тақырыбы: «Аңыздар туралы түсінік »
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайта отырып, дұрыс әрі мәнерлі сөйлеуге үйрету. Сол арқылы балаларды ұйымшылдыққа, бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу. Сахналық қойылым арқылы балалардың эстетикалық талғамдарын, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекі-құралдар: Тақырыпқа байланысты суреттер
Сабақ барысы: Шаттық шеңбер. Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады.
Үй тапсырмасын сұрау.
Төрт түлік туралы жинақтаған материалдарын айтып шығады.
Жаңа сабақ:Аңыздар туралы түсінік
Алдаркөсе мен Қожанасыр туралы түсінік беру.
оқушылар кезектесіп оқи отыра мазмұнын түсіндіріп отырады.
Сергіту сәті: Орман жаққа шықтық тық-тық,
Біреулер жүр тық.
Түлкі екен деп қалдық тық.
Үйге қарай зыттық тық.
Шығармашылық жұмыс.
Алдаркөсе мен Қожансырға мінездеме беру.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма:
Алдаркөсе мен Қожанасыр туралы жинақтау
тақырыбы: «Сақина » ертегісі
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайта отырып, дұрыс әрі мәнерлі сөйлеуге үйрету. Сол арқылы балаларды ұйымшылдыққа, бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу. Сахналық қойылым арқылы балалардың эстетикалық талғамдарын, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекі-құралдар: Тақырыпқа байланысты суреттер, желім, қағаз, сүлгі, табиғи материалдар.
Сабақ барысы: Шаттық шеңбер. Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады.
Мұғалім: – Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті.Балалар бізге шуағын төккен «күнмен», «қайырымды жер анамен», «мейірімді аспан атамен» және бізге келген қонақтармен амандасайық.
Балалар: Армысыз қайырлы- Күн!
Армысыз мейірімді- Жер ана!
Армысыз қайырымды- Аспан ата!
Сәлеметсіздерме апайлар!
Мұғалім: Өте жақсы балалар. «Жақсы сөз-жарым ырыс» демекші,қане балалар мен сендерге жақсы тілектер айтайын. (лента арқылы тілектер айтылады).
- Елім, аман болсын, бақытты болайық, нан көп болсын, аналарымыз аман болсын, достарымыз көп болсын.
- Ал, балалар, қараңдаршы, мына дөңгелек неге ұқсайды?
- Балалар – Допқа, шарға, айға, күнге, моншаққа т.б.
Мұғалім: – Енді, қолымызды ұстасқан бойымызда ленталарды жоғары көтерейік, енді неге ұқсайды?
Балалар: – Шаңыраққа.
Мұғалім: Ал, қолдарың уыққа ұқсайды. Иә, балалар. Балалар «Шаңырақ» дегеніміз киіз үдің төбесі. Бір үйдің адамдарын бір шаңырақтың адамы деп те атайды. Бізде топта бір шаңырақтың
астындамыз. Сол, шаңырақтың астында тату, дос болып тұрайық. (Балалар шеңбер бойында тұрып, ортаға түйісіп жиналып, қайта шеңбер бойына келеді).
Мұғалім: Балалар, осы шеңбердің ішінде мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Бұл ойынның аты – әдеби калейдоскоп. Енді ойынымызды бастайық. Ойынның шарты бойынша ортаға калейдоскопты лақтырады. Ойын барысында қоянның суреті түссе, балалар «Қоян» туралы тақпақты айтып, қимылмен көрсетеді.
Тәрбиеші: – Ал, мынау ненің суреті?
Балалар: Аюдың суреті.
Мұғалім: Аю қалай жүреді?
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық.
Қалтамызға салайық.
Бақа, бақа, балпақ.
Басың неге жалпақ.
Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ.
Торғай, торғай, торғайсың.
Жақын келіп қоңғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аяздан тоңбайсың.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы- қырлы жерлермен.
Ытқып, ытқып жүгірді.
Суреттермен «Қыс» туралы әңгіме жүргізу.
-Ал, балалар есімізге түсірейікші жылдың қазір қай мезгілі?
- Қыс.
- Дұрыс. Қыста қандай өзгерістер болады?
- Қыс суық болады. Қар көп жауады. Ағаштардың басын қар басады.
- Ендеше, осы қыс өзгерістерін мына тақтаға жапсырып көрсетеміз.
Балаларды бір-бірден шақырып, мақтадан жасалған қарларды жапсыру, аспанда қар жауып тұрғанын жапсырып көрсету.
- Қыста қандай ойын ойнайсыңдар?
- Аққала жасаймыз, шанамен сырғанаймыз.
- Ал, ендеше маған «қыс» туралы тақпақ айтып беріңдерші.
Қыс келді, қыс келді.
Ақтарып ақ қарды.
Жол аппақ түске енді,
Аралап қайтайық.
Ақ күміс бақтарды.
Аралайды бақшаны.
Үзілмейді жақсы әні,
Гүлденеді бақшалар.
Жаусын-жаусын ақша қар.
Мұғалім: Өте жақсы. Қыс туралы жақсы білесіңдер. Ал, енді бізге және бір сыйлық келіпті. Осы сыйлықты ашып көрейін, ішінде не бар екен?
Ішінен хатты алып көрсетеді.
- Ал сол хаттың ішінен балаларға арналған «аққаланың» сыйлығы екен.
- Аққаланың сөзі: – Сәлеметсіңдер ме, балалар мен сендердің достарың – аққаламын. Сендер мені ұмытқан жоқ шығарсындар. Сендерге жаңа жылда қонаққа келгенмін.
- Ертегі жақсы көресіңдер ме?
- Мен сендерге, сыйлыққа «Ормандағы үйшік» ертегісіндегі достарымды жібердім. Көріп тамашалаңдар. Мұқият тыңдаңдар.
- Осы кезде, топқа «Ормандағы үйшік» ертегісінің кейіпкерлері кіріп, балалар сахналап қойылым көрсетеді.
(Тышқан, бақа, қоян, түлкі, аю кейіпкерлерін көреді).
Мұғалім: Өте жақсы, балалар қандай ертегі тыңдадыңдар?
- « Ормандағы үйшік».
- Қандай аңдар бар екен?
- Қоян, түлкі, бақа, тышқан аю.
Сергіту сәті: Орман жаққа шықтық тық-тық,
Біреулер жүр тық.
Түлкі екен деп қалдық тық.
Үйге қарай зыттық тық.
- Осы ертегіні түсінсек, мына тақтаға жапсырып айтып көрсетейік. (3-4 баладан шығарып, суреттерді жапсыра отырып ертегіні қайталайды).
- Осы ертегіні жапсыру сабағында жалғастырамыз. Жұмыс барысын түсіндіру.
- Ал енді, балалар әрқайсымыз орнымызға отырып, жұмысымызға кірісеміз.
- Мына үстелдің үстінде мақта, салфетка, желім, таяқшалар тұр.
- Қағаздың жоғарғы бөлігіне мақтамен аспанды бейнелейміз.
Астыңғы бөлігіне, жердегі қарды жұлмалау әдісімен жасалған салфетканы пайдаланып, жапсырамыз. Ортаңғы бөлігіне үйшігімізді орналастырамыз. Үйшікті таяқшадан құрап, жапсырамыз.
Балалармен жұмыс.
Балалардың жұмыстарын талдау.
Сабақтың тақырыбы: Оспахан Әубакиров.Сүт қалай ұйықтайды ?
Сабақтың мақсаты
Дамытушылық/Оқушылардың тілін,ойын дамыту,сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік Оқушыларды сауатты жазуға,оқуға тәрбиелеу
Көрнекілік/ Оқулық.дәптер
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың түрі Жаңа сабақ
Әдебиет
Ана тілі 2- сынып
Әдістемелік құрал
Сабақтың жоспары :
1.Ұйымдастыру кезеңі ( 2 минут)
2.Үй тапсырмасын тексеру(15 минут)
3Сөзжұмбақты шешу (10 минут)
4. Жаңа сабақ. (10 минут)
5 Сергіту сәті(5 минут)
6. Қорытынды (3 минут)
7.Үй тапсырмасы(1минут)
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылармен амандамсу;
-Оқушыларды түгендеу;
-Көңіл күйлерін сұрау ;
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару
-Салеметсіздер ме ,оқушылар!
-Здравствуйте!
-Good morning!
Отырыныздар.
Sit down please.
How are you?
2.Үй тапсырмасын тексеру
Үйге не берілді?Дайынсыңдар ма ?
Кәнеки кім бірінші бастайды?
Өленді сұрау
4 Жаңа сабақ
-Балалар біз бүгін сендермен бірге жаңа тақырыппен танысамыз, Адам болам десеңіз
Ал енді 147 бетті ашамыз.Мен даустап мәнерлеп оқып берем,сосын сендерге сұрақ қоямын.Сұрақ қойғаннан кейін бір –бір сойлемнен бірінші партадан бастап оқимыз.Расул бастайды қалғанымыз қолмен жүргізіп қарап отырамыз.
Сүт қалай үйықтайды ?
Сүт бір күні үйықтапты .
Қатты үйықтапты
Ұйқтағаны соншалық ,
Ұйып қапты .
«Ойбай,сүт ұйықтап қапты ,
Ұйықтап қапты !
Қарап отырып ,
Айран бопты »,-
Деп ел- жұрт қайран қапты .
Сүт ұйқысын қоя алмапты ,
Айқайлап жатса да қоя алмапты ,
Айқайлап жатса да оянбапты ,
Мүлде берекесі қашыпты .
Айран болу оңай ма ,
Бықырып тұрып ашыпты .
Ашыған айран быжынап ,
Қазанға сыймай құтырыпты .
Сүт ұйқысын қоя алмапты ,
Аттандап жатса оянбапты .
«Ұйқы – душпан » деген ғой ,
Сүт бір күні іріп қапты .
Сүттің мындай қылығын
Әжем ғана біліп қапты .
Не дерін білмей тұрып қапты .
«Бұл сүтке ұйқы ұя салыпты »
Депті де әжем айранды
Бір дорбаға құя салыпты .
Сүт сонда ғана оянып ,
Еңіреп тұрып жылапты ,
Көзінің жасын бұлапты .
.........Бәлкім ,жұрттың өсегі ,
Әңгіме ғой кешегі .
«Дорбадан аққан ғой сары су –
Сүттің көз жасы » деседі.
«Мұнымыз өтірік » десең де ,
Ертегіге сыйяды – ау .
Әй, дегенмен ,балалар .
Көп ұйқтаған зиян- ау .
Балалар, осы ертегіде ненің әрекеті суреттелген ?
5. Сергіту сәті
Бойынды сергек тік ұста,
Деміңді ішке тез ал да.
Емін еркін тыныста,
Сол қолынды соз алға,
Қол ұшына қара да
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер жасап зырласын.
6. Қорытынды
Сонымен бүгінгі сабақ түсінікті ме ?
7.Үй тапсырмасы :Өленді мәнерлеп оқып келу
Сабақтың тақырыбы: 16-желтоқсан Қайраттың жазу дәптерінен.
Мақсаты: Тәуелсіздік, 16-желтоқсан жайлы, Қайрат туралы жаңа мәліметтепр беру.
Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, оқу ,шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;
Өз елін қорғауға, азамттық борышын тәрбиелеу.
Көрнекілігі: портреті, мақалдар, оқулық.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Зейнолла Шүкіровтың Ақша қар жайлы өлеңін жатқа сұрау, жаңылтпашты сұрау.
Оқушының білімін бағалау.
ІІІ: Жаңа сабақ.
1-желтоқсан қандай күн?
Осы күн не мереке жайл ы небілеміз?
Ол мереке біз қалай жеттік?
Биыл неше жыл толғалы отыр? Биылғы жыл қалай аталған еді?
20-жылдық мереке, Тәуелсіздікке « Бейбітшілік пен жасампаздық жылы» деп аталған болатын.
Осы 1986 жылы Алматы жастары алаңға шыққан болатын. Қайрат, Сабина, Ләззат, Тұрар сықылды жастар өз елімізіді өз көсеміміз басқарсын деп өз тілектерін білдірген болатын.
Портреттерін көрсету, таныстыру.
Оқулықпен жұмыс.Мәтінді оқу
Іштей оқу
Тізбектеп оқу.
Сөздік жұмысынг жүргізу.
МӘтінді талдау.
Қайрат Рысқұлбеков! 1986 жылғы Желтоқсан қаһарманы ол. Арыстан жүректі арыс әуелі ату жазасына кесілді. Кейін шет мемлекеттердің наразылығынан сескеніп, Кеңес соты ату жазасын 20 жылға бас бостандығынан айырумен алмастырды. “Сотталған Қайрат Рысқұлбеков түрме камерасында өзін өзі өлтірді” деген мәлімдеме таратты. Неткен аярлық, неткен қитұрқылық!
Сол қайсар Қайрат Алматының түрмесінде тергеліп, жалғыз кісілік камерада отырған шағында есебін тауып, түрмедегі қазақтың қыздары мен әйелдеріне бір жапырақ қағазға жас жүрегін жарып шыққан сәлем хат беріп жіберген екен!
Оқиға былай болған. 1988 жылдың наурыз айының басында түрме әкімшілігі Балта Исаұлын астыңғы қабаттағы бір адамдық камерада отырғандарға тамақ тасуға, сол қабаттың ұзын дәлізінің еденін жууға ауыстырады. “Жасы келіп қалған адам ғой, камерада отырғандармен байланыс жасай қоймас”, деп ойлаған болса керек. Бір күні Қайраттың камерасындағы темір есіктің кішкентай ғана тесігінен түрменің быламық көжесін ұсына берген Балта ағасының қолына есіл ер қарауыл солдаттарға байқатпай шиыршықталған қағазды қыстырып жіберіпті.
– Аға! – деп қалған дауысын естиді ол Қайраттың. Бірақ, қарауыл солдат алақандай тесікті жедел жауып тастап, оның әрі қарай сөйлеуіне мүмкіндік бермепті.
– Қайраттың алақаныма қыстырып жіберген қағазын қапысын тауып, ешкімге сездірместен түрме асханасының ыдыс-аяқ жуатын кішкене қуысына алып келдім. Ашып қарасам, жазушы Ілияс Есенберлиннің “Қаһар” кітабының соңғы парағын жыртып алып, соған жазған екен. Қайрат бұл хатын түрмеде отырған қазақтың қыз-келіншектеріне арнапты. Өйткені, дәл сол күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні еді.
Түрмеде желтоқсан оқиғасына байланысты айыпталған қазақтың көптеген қыздары мен келіншектері де қамауда жатқан болатын. Бірақ, олар басқа корпус ғимаратында еді. Онда да шаруашылық жұмыстарына қалдырылған сотталған әйелдер бар. Сол себепті бұл ғимаратқа бөгде еркек адамның жақындауы, біреудің сәлем-сауқатын беріп жіберуі әсте мүмкін емес болатын. Мен де сол себептен Қайраттың осы сәлем хатын түрмедегі қазақтың қыз-келіншектеріне жеткізіп бере алмадым. Бірақ оны бойтұмарымдай аман сақтап, бостандыққа өзіммен бірге ала шықтым, – деп еске алады кейін Балта Исаұлы.
Бұл ағамыз үлкен азаматтық жасаған! Қайраттың сәлем хатын кезінде түрмедегі қыз-келіншектерге жеткізіп бере алмағанымен, оны көзінің қарашығындай сақтап, бүгінгі күнге жеткізгені үлкен ерлік емес пе?
Желтоқсанның сол бір даңқты күндерінде алаңға атойлап шыққан жастардың жартысынан астамы қазақтың қыз-келіншектері болғанын бүгінде зерттеушілер айтып жүр. Әрине, Қайраттың бұл құттықтау хаты тар қапаста тарыққан сол қаракөз қыз-келіншектерге дер кезінде жетсе, олардың құлазыған көңіл-күйлері бір сәтке болса да көтеріліп қалатындары анық еді. Бірақ, онда бұл хат бүгінгі күнге жетер ме еді, жетпес пе еді? Жеткен күннің өзінде осы хатты оқыған қыз-келіншектердің қайсыбіреулері:
– Сол қиын-қыстау шақта ату жазасына кесілген қазақтың бір жігітінен көңілімізді көтерген хат алып едік, – деп орталарында анда-санда ғана бір еске алар. Ал Қайрат боздақтың сол хатын тайға басқан таңбадай етіп, жарқырата алдымызға тартқан Балта Исаұлына бүгінгі және келешек ұрпақ қарыздар.
Енді елім деп еңіреп өткен есіл ердің түрмеден жолдаған сәлем хатына назар аударалық. Онда кітап парағының таза жағына маржандай жазуларымен қиғаштай жазып, Қайрат бауырымыз былай депті:
Құрметті қаракөз қарындастар мен жылы жүзді жеңгейлер!
Шын жүрек, ақ көңіліммен алғашқы көктемнің күлімдеген мерекесі 8 март – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Қамқоршы қайын және ағаларың,
Жәрдем берер жағаларың.
Қыздар үшін тар қапасқа,
Келіп түскен тұлпарларың.
Қайрат Рысқұлбеков Ноғайбайұлы.
13.03.1986 ж.
ст.60, 65, 173-1
срок – ату жазасы
08.03.1988 ж.
Бывший ст-т ААСИ г.А-Ата.
Сын Моюнкума Джамб. обл.
Осылай деген де, астына әдемілеп тұрып қолын қойған. Міне, Қайрат ердің қапас түрмеден қазақ қыздарына жолдаған сәлем хаты осы!
Ол осы хатын асығып жазғаны көзге бірден-ақ байқалып тұр. Көңіліндегі аппақ тілегін тар қапастың ішінде аласұрып, кітаптан жыртып алынған ақ парақ бетіне түсіріп отырған сәтінде сөздердің ретін сәл шатастырып алған.
60, 65, 173-1 дегендері – Қайрат батырдың мойнына кеңестік соттың іліп қойған кодекс баптары. “Срок – ату жазасы” дегеніне қарағанда, бұл кезде соттың үкімі шығарылып та қойған сияқты. Алайда, аталған жаза 20 жылға бас еркінен айыруға айырбасталғанынан ол әлі хабарсыз екен. Әлде сол уақытқа дейін мұны Қайратқа жасырып айтпай келген бе?
“Бывший ст-т ААСИ” дегені – өзінің темір торға түскенге дейін Алматы сәулет-құрылыс институтының студенті болғанын айтқаны. “Сын Моюнкума” деп жазғаны – кіндік қаны тамған туған жері Жамбыл облысының Мойынқұм ауданының перзенті екендігін айтқандағысы ғой.
Неткен биік рух! Қандай қайтпас қайсарлық!
Өзі ату жазасына кесілген, үкімнің қашан орындаларын әр сәт сайын беймаза көңілмен күтіп жүрген боздақ Қайрат тар қапаста тұншығып отырса да тас қабырғаның ішінде жабырқап жатқан “қаракөз қарындастары мен жылы жүзді жеңгейлерін” ойлап, бір-екі ауыз жылы сөзімен болса да солардың көңілін көтеруді ойлапты-ау сабаз!
Ойлап қараңызшы, сол кезде Қайрат боздақ небәрі 22 жаста ғана екен. Сөздің шындығы керек, ердің ерінің ғана қолынан келетін тірлік қой бұл дегеніңіз.
Неге дейсіз ғой? Өзі жалғыз кісілік камерада отырған болатын. Өзі ату жазасына кесілген! Сол үкімнің қашан орындаларын күтіп, есіктің әрбір сықырынан секем алып отырған еді ғой сабазың. Артында қалың елі, әлпештеп өсірген әкесі мен шешесі, аяулы бауырлары қалып бара жатқан болатын.
Сөйтіп отырып, қаракөз қарындастарына қанатымен су сепкен қарлығаш құс секілді бір ауыз жылы сөзімен дем беруді ойлаған батыр боздақ-ай! Неткен қайтпас қайсар едің! Жүрегің неткен үлкен еді!
Сен жалғыз ғана Мойынқұмның ұлы емес, барша қазақтың ардақты батыр перзентісің, Қайрат бауырым! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – сенің тойың!
Өлген жоқсың, ер Қайрат!
Өзіңнің қыран рухың туған еліңнің көгінде қалықтап жүр. Ол халқыңмен бірге мәңгі жасай береді!
…Қайрат батырдың тар қапаста жатып, қазақтың қанаттары қайырылған қаракөз қыз-келіншектеріне жолдаған сәлем хатын жазушы Ілияс Есенберлиннің “Қаһар” романының соңғы парағына жазуының өзінде ғажап бір символикалық сыр бар сияқты көрінеді маған.
Қазақ халқының даңқты хандары мен біртуар батырларының, аузымен құс тістеген кемеңгер билерінің ерлік шежіресі іспетті осы тамаша тарихи романның соңғы парағына түрмеде жазылған үшбу хат айбынды бабалар жолын жалғаған Қайрат Рысқұлбеков сияқты бүгінгі қазақ жастарының да ерлік эпопеясының басы десек, асыра айтқандық болмас…
Қорытынды: Қайрат ол кім? Ол туралы не білдік? Ол қайсар жігіт дегенді қалай түсіндің?
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу ,мазмұнын ашу, өз ойларын жазу.
Бағалау: Оқушының білім біліктілігін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |