Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы:
І. Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Жаңа материалды үйретуге дайындық.
1. Тарауға шолу.
- Біз қандай тарауды аяқтадық?
- Өткен өмірден.
- Енді қандай тарауды бастаймыз? («Қыс бейнесі» тарауы)
- «Қыс бейнесі» тарауында кімдердің шығармаларымен, қандай өлең, әңгімелерді оқып - танысатынымызға шолу жасап өтейік. (Шолу жасалады).
- Тарау соңында біз қыс туралы шығарма жазумен аяқтаймыз. Ендеше осы тарауды оқи отырып біз алдымызға қандай мақсаттар қоямыз? (Ақын-жазушылардың қыс туралы шығармаларымен таныса отырып, олардың қысқы табиғатты қалай суреттегенін, табиғат құбылыстарын қандай бейнелі, көркем сөздермен сипаттағанын, неге теңегенін аңғару, сөйлегенде, шығарма жазғанда қолдану.)
- Алдымен қыс мезгілі туралы біз не білеміз, соған тоқталайық.
2.Ассоциация «Қыс».
- Қазір далада қыс мезгілі. Сендерге қыс ұнай ма? Несімен ұнайды? Несімен ұнамайды?
3.Суретпен жұмыс. «Қысқы табиғат».
Достарыңызбен бөлісу: |