Тапсырма.
1. Алғашқы сөйлемдегі дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
2. Қияр, қоюлана, жиюлы деген сөздерді буынға бөліп жаз.
V. Сабақты бекіту: Диктанты жаздыру.
VI. Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)
VII. Оқушыларды бағалау: Оқушылардың жұмыстарын бағалау.
VIII. Үйге тапсырма беру
Қайталау. Ереже жаттау.
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыс түрлері. 26
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру.
2. Дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді үйрету.
3. Сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушылардың дайындығын қадағалау
б) Психологиялық дайындық
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Дыбыстарды нешеге бөлеміз?
Оларды ата.
Мақсат қою
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – дауыссыз дыбыс түрлерімен танысу,оларды ажырата
білу.
IV. Жаңа сабақ.
1.Тақтамен жұмыс.
дауысты үнді дауыссыздар
ДЫБЫСТАР ДАУЫССЫЗДАР ұяң дауыссыздар
Дауыссыз қатаң дауыссыздар
Үнді дауссыздар: Л, М, Н, Ң, Р, Й, (У)
Ұяң дауыссыздар: Б, В, Ғ, Г, Д, Ж, З.
Қатаң дауыссыздар: К, Қ, Т, П, С, Х, Ц, Ч, Щ, Ш, Ч, Һ, Ф.
2.Сергіту сәті :
Орнымыздан тұрайық.
Құстай қанат қағайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
3.Дәптермен жұмыс:
Сөздік диктант: Қасқыр, түлкі, арыстан, жолбарыс, қабылан, қоян, керік.
Дауыссыз дыбыстардың астын сызындар.
121 – жаттығу.
Өлеңді көшіріп жазады, қарамен жазылған сөздерден дауыссыз дыбыстарды табады.
V. Сабақты бекіту:
Өзіндік жұмыс: Дауыссыз дыбыстарды жатқа жаз.
Үнді дауссыздар: .....................
Ұяң дауыссыздар: ..................
Қатаң дауыссыздар: ..............
VI. Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)
Сабақта қандай дыбыс түрлерімен таныстық ?
Дауыссыз дыбыстарды нешеге бөлеміз ? Оларды ата.
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыдарды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: 122 – жаттығу. Жаңылтпашты көшіріп жазып, дауыссыз дыбыстардың қай түрлері кездесетінін айтады.
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыс түрлері. 27
Сабақтың мақсаты: 1. Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері
туралы алған білімді еске түсіріп, пысықтау.
2. Дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді үйрету, сөздік қорларын
дамыту.
3. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушылардың дайындығын қадағалау
б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
122 – жаттығуды тексеру. Ереже сұрау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Мақсат қою
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлерін еске
түсіру, пысықтау.
IV. Жаңа сабақ.
1. Оқулықпен жұмыс
123 – жакттығу. Ребусты шешеді, шешуіндегі сөзге байланысты сөйлем құрастырады.
Шешуі:Қолшатыр .
2.Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Вв вагон
Сөздік диктант: Оқулық, мектеп, жиен, әже, көрпе, сызғыш, балық, қасық, гүл, зығыр.
124 – жаттығу.
Суреттегі сөзлерге дабыстық талдау жасайды.
Үлгі: ж – дауыссыз, ұяң
а - дауысты, жуан
л - дауыссыз, үнді
б - дауыссыз, ұяң
ы - дауысты, жуан
з - дауыссыз,ұяң
3.Сергіту сәті
4. Тақтамен жұмыс.
Шығармашылық тапсырма:Өлеңді көшіріп жазады, қатаң дыбыстардың астын сызады.
Күміс қанат шағала,
Ұшып жүрсің жағада.
Қармағынң жоқ, ауың жоқ,
Шабақ алдың бағана.
V. Сабақты бекіту: Жатқа дауыссыз дыбыс түрлерін сұрау.
VI. Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыдарды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру
125 – жаттығу.
Өздерің білетін зиянкесектер туралы әңгімелеп жазу.
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п 28
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға сөз соңында б дыбысы айтылғанымен п жазыла –
тынын, п дыбысы нан соң дауысты дыбыс келсе,ол ұяңдап б – ға
айналатынын үйрету.
2. Оқушылардың ақыл – ойын дамыту
3. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушылардың дайындығын қадағалау
б) Психологиялық дайындық
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Мақсат қою
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – дауыссыз б мен п жазылуы мен айтылуын дұрыс жазып айта білуді үйрену.
IV. Жаңа сабақ.
1. Оқулықпен жұмыс
126 – жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқиды ,б мен п дауыссыздардың қай тобына жататынын анықтайды.
2.Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу: Бб Пп бос қап
Жатқа жазу: Тізбектеліп барады,
Аспандағы тырналар.
Көзін алмай қарайды
Құмарланып балалар.
Тапсырма. Б мен п әріптерінің астын сызып шығады.
127 – жаттығу.
Көп үнктенің орнына п, б әріптерінің тиістісін қойып сөздерді көшіріп жазады.
Әде..., тала..., жі..., шө..., қора....
Ереже: Сөз соңында б естілгенімен, п әрпі жазылады.
3.Сергіту сәті .
4. Тақтамен жұмыс.
128 – жаттығу.
Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге байланысты сөйлем құрастырып жазады.
Шешуі: Талапты.
129 – жаттығу.
Төмендегі суреттерден штаб, клуб сөздерін қалай оқуға болатындығын түсіндіреді.
V. Сабақты бекіту:
Қима қағаздармен жұмыс.
1. Мына сөздерге ы, і әріптерін қосып жаз.
Мектеп, кітап, топ, сап, шөп, көп, жіп ( т.б )
VI. Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)
VII.Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыдарды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру:
130 – жаттығу. Мұғалім, мектеп, оқу, талап, кітап сөздеріп қатыстырып әңгіме құрастырады.
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п 29
Сабақтың мақсаты: 1. Дауыссыз б мен п туралы өткенді тиянақтау.
2. Оқушылардың сөздік қорын молайту.
3. Сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушылардың дайындығын қадағалау
б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
130 – жаттығуды тексеру. Ережені сұрау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Мақсат қою
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – дауыссыз б мен п туралы алған білімдерімізді тиянақтау.
IV. Жаңа сабақ.
1. Оқулықпен жұмыс
131 – жаттығу. Сөйлемдерді оқиды, кітап, доп деген сөздер неліктен өзгергенін айтады.
Бұл сөздерге ы дыбысы жалғанып тұр
Ереже: П дыбысына аяқталған сөздерден кейін дауысты дыбыс келетін болса п дыбысы б дыбысына айналады.
2.Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Бб Пп
Сөздік диктант: топ, сап, қорап, құлып, сынып, тәртіп, себеп, талап, асқақ, шаттық, сезім, жүзім.
132 – жаттығу. Берілген сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін қойып көшіріп жазады.
Мысалы: Тәртіп – тәртәбі, қолғап – қолғабы ....,.......
133 – жаттығу.Тәртіп, топ, қорап сөздерін қатыстырып сөйлем құрастырады.
3.Сергіту сәті
4. Тақтамен жұмыс.
Екі бағандағы сөздерді жұптастаырып жаз.
ша та
жа П се БУ
те те
V. Сабақты бекіту
Шағын тест.
1.Тасымалданбайтын сөздерді тап. 2. Қай сөзге б әрпін жазамыз?
а) шағала а) кіта...
ә) асық ә) до...ы
б) белдік б) қа...
Тағыда сол сияқты сұрақтармен жалғасады.
VI. Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)
VII.Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыдарды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру:
135 – жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырады.
№24
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ Сабақтың мақсаты: 1. Қ дыбысы сөздің барлық буындарында келе беретінін, ал ғ ды-
бысы сөз басында, ортасында ал сөз соңында келмейтінін байқату
2. Оқушылардың сөздік қорын молайту,қызығушылығын арттыру.
3. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушылардың дайындығын қадағалау
б) Психологиялық дайындық
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Өткеднді қайталау. (сұрақ – жауап арқылы)
Дауыссыз дыбыстарды неше бөлеміз?
Б мен п дыбыстары туралы не білеміз?
Мақсат қою
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – дауыссыз қ мен ғ жазылуы мен айтылуын дұрыс жазып айта білуді үйрену.
IV. Жаңа сабақ.
1. Оқулықпен жұмыс
1 – жаттығу. Сөздерді көшіріп жазып, жазылуын есте сақта.
Қ, Ғ дыбысы туралы не білесіңдер?
Қ – дыбысы қатаң дыбыс, ал ғ – дыбысы ұяң дыбыс.Қ – дыбысы барлық буындарды кездеседі, ал ғ дыбысы басында , ортасында ал сөз соңында кездеспейді.
2.Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Ққ Ғғ қақ ғарыш
Сөздік диктант.Жапырақ, топырақ, қабық, қорық, жорық,сабағы, табиғат, лағы, бұтағы ғибрат,сұрағы құрығы.
1-жаттығу.Сөздерді көшіріп жазып, жазылуын есте сақта.
2-жаттығу.Мәтінді түсініп оқы.
3– жаттығу.Көп нүктенің орнына ы, і,қ,ғ,к дыбыстарын қосып көшіріп жаз.
3.Сергіту сәті
4. Тақтамен жұмыс.
4– жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Керекті сөздер:құрық,асау тай,бұйрық берді,таяқ ұстаған қария,жылқышы,сақ қимылдайды,құрақты жапыру.
V. Сабақты бекіту
4– жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
VI. Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)
VII.Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыдарды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру:
5-жаттығу.Қ дыбысынан басталып, қ дыбысына аяқталатын сөз ойла.
6-жаттығу.Өлеңді жатқа жаз.
№25
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ
Сабақтың мақсаты: 1. Дауыссыз қ мен ғ туралы өткенді тиянақтау.
2. Оқушылардың сөздік қорын байыту.
3. Сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушылардың дайындығын қадағалау
б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
140 – жаттығуды тексеру. Ережені сұрау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Мақсат қою
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – дауыссыз қ мен ғ дыбыстары туралы алған білімдерін кеңейту.
IV. Жаңа сабақ.
1. Оқулықпен жұмыс
1 – жаттығу. Көп нүктенің орнына қ,ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз.
2.Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Ққ Ғғ қарға
Сөздік диктант: Берілген сөздерге ы,і дыбысын қосып екінші бағанға жаз
Құдық – құдығы құлақ -
Тарақ - жаңғақ -
қалақ - пышақ –
2– жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз.
3– жаттығу.(Ауызша) Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
3.Сергіту сәті
4. Тақтамен жұмыс.
4– жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
Сабақты бекіту: Ребусты шеш:
Р 40 ТА
VI. Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)
VII.Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыдарды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру:
5 – жаттығу. Жұмбақты көшіріп жаз.
№27
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға к мен г туралы түсінік беру, және қ мен ғ – дан
айырмашылығы к мен г дыбыстары жіңішке буындарда кездесе -
тінін түсіндіру.
2. Оқушылардың сөздік қорын байыту.
3. Сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушылардың дайындығын қадағалау
б) Психологиялық дайындық
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Білімдерін жан – жақты тексеру:
дыбыстарды нешеге бөлеміз?
дауыссыз дыбыстарды атаңдар.т .б.
Мақсат қою
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – к мен г дыбыстары туралы толық танысамыз.
IV. Жаңа сабақ.
1. Оқулықпен жұмыс
1– жаттығу.Сөздерде не байқағандарын айтады.
Кебек бүрге
серік К үзеңгі Г
терек жігер
К дыбысы қатаң , г дыбысы ұяң дыбыс.Қ мен ғ – дан айымашылығы к мен г дыбысы жіңішке буындарда кездеседі.
2.Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Кк Гг үкі гүл
Сөздік диктант: Өрік, түлік, тірегі, үйрек, жүк, көк, иек, иегі, түлігі, шелегі, жүрегі, білек, сирек, ирегі.
2 – жаттығу. Санамақты жатқа айт.
3 – жаттығу.Суреттегі заттардың атын жаз.
Ереже: Сөз соңындағы к дыбысына і дыбысы жалғанатын болса, ол г –ге айналады.
3.Сергіту сәті
4. Тақтамен жұмыс.
4 – жаттығу. Сөздердің аяғына у әріпін қосып жаз.
V. Сабақты бекіту:
Берілген сөздерге і дыбысын қосып екінші бағанға жаз
Күрек – күрегі белдік - ......
Кірпік - ......... жүрек - .......
VI. Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)
VII.Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыдарды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру:
5-жаттығу.
№28
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға к мен г туралы түсініктерін тиянақтау
2. Оқушылардың сөздік қорын байыту.
3. Алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушылардың дайындығын қадағалау
б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
152 – жаттығуды тексеру. Ережені сұрау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Мақсат қою
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – к мен г дыбыстары туралы алған білімімізді тиянақтау.
IV. Жаңа сабақ:
1. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Кк Гг
2. Оқулықпен жұмыс
1 – жаттығу.Өлеңді түсініп оқы.
2– жаттығу. Суреттегі заттардың атын үлгіге қарап жаз.
3-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.
4-жаттығу.(Ауызша)
3.Сергіту сәті .
4. Тақтамен жұмыс.
Суреттегі зат атауларын қатыстырып сөйлемдер құрайды.
V. Сабақты бекіту:
Қима қағаздармен жұмыс:
1. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.
Ақылды сабыр с,ері...і. Мектеп білім бесі...і
Кітап білім бұла...ы Мұғалім мектептің жүре...і
VI. Сабақты қорыту :ү (сұрақ -жауап арқылы)
VII.Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыдарды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру:
5 – жаттығу. К дыбысынан басталып,к дыбысына аяқталатын сөздерді жаз.
№
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға к мен г туралы түсініктерін тиянақтау
2. Оқушылардың сөздік қорын байыту.
3. Алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушылардың дайындығын қадағалау
б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
158 – жаттығуды тексеру. Ережені сұрау.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Мақсат қою
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – к мен г дыбыстары туралы алған білімімізді тиянақтау.
IV. Жаңа сабақ:
1. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Кк Гг
159 – жаттығу.
Мақалды жатқа жазады.
161 – жаттығу.
Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Үлгі: к – даыссыз, қатаң
е - дауысты, жіңішке
р – дауыссыз, үнді
і – дауысты, жіңішке
к – дауыссыз, қатаң т.б.
2.Сергіту сәті .
Көк аспанды шарлаймыз,
Ұшқан құсты санаймыз
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде жорғалар.
3.Оқулықпен жұмыс.
160 – жаттығу.
Ребусты шешеді. Шешуіндегі сөзге байланысты сөйлем құрастырады.
Шешуі: Парақ
V. Сабақты бекіту:
Ойын: «Жалғасын тап»
То..., шө..., те..., шеле..., ла..., тара..., төсе..., кіта...., еңбе...., терез..., сабы....т.б.
VI. Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)
VII.Оқушыларды бағалау: Өзіндік бағалау тәсілін қолдану.
VIII. Үйге тапсырма беру:
162 – жаттығу. Суретке қарап әңгіме құрастырып жазып келу.
Сабақтың тақырыбы: Диктант. Қауын 35
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға диктант жаздыру
2. Оқушылардың ақыл – ойын дамыту
3. Сауатты жазуға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі:Сөздік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушылардың дайындығын қадағалау
б) Психологиялық дайындық
Амансыңба алтын күн,
Амансыңба көк аспан,
Амансыңба достарым,
Сендерді көрсем қуанамын !
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Мақсат қою
Бүгінгі сабақта диктант жазамыз
мақсатымыз – диктантты сауатты әрі әдемі етіп жазу.
IV. Жаңа сабақ.
Оқушыларды диктантпен таныстыру, жаздыру.
Қауын
Қауын – адамға аса пайдалы тағам. Оның қабығының түсі сары немесе жасыл болып келеді. Тәтті қауын жылы жақта көп өседі. Қауыннан қақ жасайды. Ол ұзақ сақталады. Кейде оны өріп қояды. Қақ өте дәмді.
Тапсырма.
1. Тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз.
2. Қауын сөзіне дыбыстық талдау жаса.
3. Қауындар, қабығы, тәтті сөздерін буынға бөліп жаз.
V. Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)
VI. Оқушыларды бағалау: Оқушылардың жұмыстарын бағалау.
VII.. Үйге тапсырма беру: Қайталау. Ереже жаттау.
Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. 36 Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылармен тоқсан бойы өткенді қайталау.
2. Оқушылардың сөздік қорын мойлайту, пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
3. Алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, тест.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушылардың дайындығын қадағалау
б) Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
162 – жаттығуды тексеру.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Мақсат қою
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – тоқсан бойы өткенді қайталау.
1. Оқушылардың білімдерін жан – жақты тексеру.
- дыбыстарды нешеге бөлеміз?
- дауысты дыбыстарды нешеге бөлеміз?
- оларды ата.
- дауыссыз дыбыстарды нешеге бөлеміз?
- оларды ата.
2.Тақтамен жұмыс.
Шығармашылық жұмыс. ( сыныпты екі топқа бөлеміз)
Сөздерді топтап жазыңдар.
Көйлек, шелек, ожау, етік, қасық, шапан, пышақ, табақ, орамал, бөрік, кесе, жейде.
I - топ Киімдер: II - топ Ыдыс – аяқтар:
.... ....
... ....
3.Сергіту сәті .
4. Дәптермен жұмыс.
Көшіріп жазып, қарға сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса долданып,
Бұтаға келіп қорғалар.
V. Сабақты бекіту:
Тест: 1. Бес сөзі бар сөйлемді белгіле
а) Айгүл ауылға барды
ә) Әжем маған қолғап тоқып берді.
б) Атамның көзілдірігін алыып бердім. т.б.
VI. Сабақты қорыту: (сұрақ – жауап арқылы)
VII.Оқушыларды бағалау: Бірін – бірі бағалау тәсілін қолдану
VIII. Үйге тапсырма беру:
Қайталау. Ережелерді жаттау
Достарыңызбен бөлісу: |