Сабаќтыѕ жоспары



жүктеу 2,63 Mb.
бет4/5
Дата18.12.2017
өлшемі2,63 Mb.
#4914
1   2   3   4   5

Ендеше, бүгін сіздерді микропроцессордың тағы бір түйіні Сумматорлармен таныстырып өтейін.



Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сумматор – екі екілік санның сандық кодының қосу ариметикалық операциясы орындалатын түйін. Кез келген позициялық санау жүйесіндегі сандар разряд бойынша қосылады. Кіші разрядтан үлкен разрядқа ауысуын ескере отырып, бір разрядты сандарды іске асыратын түйін болып табылады. Сумматор бір разрядты екілік сандарды аі, bi қосуды және рiкіші разрядқа ауыстыруды, шығысында Si қосындысының мәнін шығаруын және Pi+1 үлкен разрядқа ауысуды орындайды. Яғни, бірразрядты сумматор үш кірісі және екі шығысы бар схема болып табылады.


1 сурет. Бірразрядты сумматор.


Сумматор - арифметикалық - логикалық құрылғының (АЛУ) маңызды түйіндерінің бірі болып табылады, ол арифметикалық қосу және сандарды алу амалдарын екілік кодтар түрінде орындауға арналған. Бұл операцияны кері және қосымша кодтарды қолданып қосулар, шегерулер арқылы жасауға болады. Сумматорларды құрудың бірнеше түрлері бар. Бір разрядты және көп разрядты сумматорлар деп бөлуге болады. Сумматорларды осылай топтастыру қосылған кодтардың дәрежелерінің санымен анықталады. Көп разрядты сумматорларды жүйелік және параллель деп бөледі. Жүйелік сумматорларды қосу операциясы разряд бойынша кішіден үлкенге дейін орындалады. Параллельді сумматорларда бір уақытта барлық қосылған кіріс кодтарының дәрежелері қосындыланады, ал сигнал әртүрлі жолмен тасымалданады. Сәйкесінше паралельді сумматорларды жүйелік сумматорлардан параллельдігімен, топтығымен, топтар арсындағы параллельді байланыстылығымен ерекшеленеді. Сумматорлардың негізгі параметрлеріне:

- тасымалдау, тарату уақытының кідіруі;

- логикалық схемаларды қолданғанда аппараттық қиындықтар болады;

- қосынды кодтарын құру уақыты - тасымалдау таратулары арқылы барлық параллельді сумматор дәрежелері уақытымен анықталады.



Бір разрядтты сумматор. Бір разрядтты сумматор 1 - суретте көрсетілгендей үш кіруі (екеуі қосылғандарды және біреуі кіші разряттағыны тасымалдау арналған) және екі шығуы болады.





1- сурет. Бір разрядтты сумматордың шартты белгіленуі.

Бір разрядтты сумматормен екілік көп разрядтты кодтарды қосуып, есептеулер жүргізуге болады. Сондай сумматорды жүйелі сумматор деп атайды, операндылар разряд бойынша кішісінен бастап өңделеді.



Жүйелі сумматор схемасы 2 - суретте көрсетілген, үш жылжымалы регистордан, бір D - триггерден және сонымен қатар бір рарядтты сумматордан тұрады. Регистрлар мен триггерлер С импульсімен үйлестіріледі



2 - сурет. Жуйелі сумматордың схемасы

Жүйелі сумматор схемасы салыстырмалы, қарапайым құрылымды. Бірақ жылдам аппараттық құралдардың пайда болуы, сумматор әрекеттерінің төмендеуі орын алады. Осыдан келіп жылдам әрекеттерді жоғарылатуға арналған паралельді сумматорларды қолдану қажет болды.



жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау