Темір түсі ақ,жылтыр метал. Темір — Менделеев кестесіндегі атомдық нөмірі 26 болып келетін элемент. Fe ( лат.: Ferrum) деп белгіленеді. тығыздығы ρ =7,85г/см³, атомдық массасы 55,85г , атомдық радиусы 1,54Å. Жерде ең көп таралған металл қатарында. Ересек адамның организмінде 3,5-4 грамм темір болады. Темірдің ерекшелігі оның аллотропиялық өзгеріске душар болатындығында, қатты күйінде қыздырып және суытып,оны өзгеріске түсіруге болады. Температураға байланысты темір әртүрлі модификацияда болады. Темір қалыпты жағдайда көлемдік центрленген кубтық торды иемденеді.
Темір — ең ежелгі металл қатарында. Ең алғашқы темірден жасалған заттар біздің заманымыздан бұрын 4 мыңжылдыққа жасалған, ежелгі шумер және ежелгі Египет өркениетінің еншісінде.Темір металы адам баласына осыдан бірнеше мың жыл бұрын-ақ белгілі болған. Алайда оның адамға толық қызмет ете бастағанына жүз жылдан астам уақыт ғана өтті. Бұл металлдардың қажеттілігі соншалық, онсыз күнделікті тіршілігімізді көзге елестететудің өзі мүмкін емес. Темір — бұл машиналар мен станоктар, поездар мен самолеттер, машиналар т.б. Адам баласына темірден артық қажетті металды атау мүмкін емес сияқты. Темірді қалағаныңша өндеуге, оны балқытуға, ұзартып созуға, қалыптап құюға, кесуге болады.
Болат — темірдің көміртек (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы; темірдің көміртегі және басқа элементтермен қосылып жасалған деформацияланатын қорытпасы.Болат - өндіру технологиясына байланысты, қорытпа құрамында көміртектен басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор т.б. қосалқы элементтер болады. Мұндай болатты көміртекті болат деп атайды.
Болат сапасын арттыру үшін, қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий вольфрам, марганец, кремний т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады. Шойынды болатқа аударудағы негізгі жұмыс- құрамындағы көміртекті азайту, ол үшін көміртекті жандырып, оксидке айналдырып ұшырады. Бұл жандыру кезінде марганец пен кремний де тотығады. Соңғы кезде болат қорытуға электр пештер қолданатын болды, мүнда температура 2000 градусқа дейін жеткізіледі. Болат – қара металлургия өндірісінің негізі - машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал.
Достарыңызбен бөлісу: |