Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы



жүктеу 15,85 Mb.
бет80/114
Дата20.05.2018
өлшемі15,85 Mb.
#15130
түріСабақ
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   114

Үйге тапсырма

Тест тапсырмаларын құрастыру

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасы






Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

С Мұқанов Жылқы




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Оқушыны Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, портрет, кесте.




Психологиялық ахуал

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту

Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Жылқы қандай мал?
Оның адамға қандай пайдасы бар?
Өзің жылқы бағып көрдің бе?




Мағынаны тану

Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесінен жылқы малының пайдасы жайлы керекті мәліметтер алайық.
Оқулықпен жұмыс. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Әңгімеден Мақаңның сөзін тауып оқы. Оның сөзіне сүйеніп, өзіңше қорытынды жаса. Сөздік жұмыс.
Қос – шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп - қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.
Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады?
Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың?
Батырлар жырындағы жылқының қасиеттерін есіңе түсір.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
1. Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың? Сені таңғалдырған жайт болды ма?
2. Жылқының пайдасы жөнінде айтқан пікіріңді дәлелде.
Жылқының пайдасы Дәлел
1. Еті Өзге малдың етінен күшті, қуатты, құрттаса таза етіне жеткенде өліп қалады.
2. Сүті (қымызы ) Өкпе ауруына ем, ол сүтінің өте күштілігінен.
3. Терісі Жылқының терісінің исіне жылан жоламайды, жылан шаққан адамға аттың аттың терін ішкізсе, мың да бір ем, терісі асыл болғаны.




Ой толғаныс

Жылқы жасына қарай қалай аталатынын тауып, мына үлгі бойынша дәптеріңе жаз.
1 жаста – құлын, 2 жаста – тай, 3 жаста – құнан, 4 жаста – дөнен, 5 жаста – бесті, (ат).




Үйге тапсырма

Жылқы туралы мәліметтер жинақтау

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс

Универсалды кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Тексерілді: 15.03.2016ж


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ш.Құдайбердіұлы Еріншек. Жаз келер




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

1. Қазақтың аса көрнекті ақындарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып. «Еріншек» өлеңімен танысу.
2. Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді таныту және оқушылардың өзіндік көзқарасын дамыту.
3. Адамгершілік құндылықтарды адам бойына сіңіру.
Сабақ түрі: Топтық жұмыс
Әдісі: СТО, түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау
Көрнекілігі: слайд, сызбалар
Болжамдап отырған нәтиже: Адамгершілігі мол, биік тұлға қалыптастыру.




Психологиялық ахуал

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын,
Нұрын шашып жарығы мен мейірімін,
Көркін ашар мына әсем даланың.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасы
- Ендеше үй тапсырмасына кезек берейік. Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- Сәбит Мұқановтың «Жылқы» әңгімесін оқып, мазмұндау болатын және тақырыпқа байланысты ізденіс жұмыстары, шығармашылық тапсырма берілген еді.
- Қане, олай болса, 1 тапсырма бойынша кім айтады? (Балалар бөліктерге бөліп мазмұндайды)
1 – топ Әңгімеде табиғат көрінісі қалай бейнеленген?
2 – топ Жылқы баққан адамның үйі қалай аталады? Қос туралы не айтылған?
3 – топ Жылқы етінің қасиеті қандай? Жылқы терісі жөнінде не айтылған?
4 – топ Мақан жылқышының сөзі. Бұл сөзінде ол не дегісі келді?
Сонымен, қазақ халқы жылқыны неге қастерлеген?
2 – тапсырма
Шығармашылық жұмыс
1 – топ – Жылқыға байланысты өлеңдер
2 – топ – «Жылқы жайында эссе»
3 – топ – Мәтін бойынша суреттеу
4 – топ – Жылқыға байланысты мақал - мәтелдер.(Мағынасы қандай?)
3 – тапсырма
Ізденіс жұмысы
1 – топ Жылқының жасына қарай атаулары
2 – топ Жылқы етінен дайындалатын тағамдар
3 – топ Жылқы терісінен жасалатын бұйымдар. Жылқыға байланысты ойын.
4 – топ Жылқы жүрісі.
- Қазақта мынадай мақал бар екен: «Мал баққанға бітеді»
- Ол үшін не істеу керек?
- Еңбектену керек
- Еңбектенбеген адамды қалай атайды?
- Жалқау, еріншек дейді




Мағынаны тану

Олай болса, бүгін біз Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еріншек» өлеңімен таныс боламыз.
1. Ой қозғау
- Балалар, Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы не білесіңдер?
- Шәкәрім Құдайбердіұлы 24. 07. 1858 жылы Қазіргі ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Ол 02. 10. 1931 жылы дүниеден өткен.
Шәкәрім қазақ ақыны
Ойшыл
Сазгер
Аудармашы

Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленген.


Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, өмірінің соңына дейін ағартушылық бағыт ұстанған.
Шәкәрім шығармалары сан – салалығымен ерекшеленеді. «Жастарға», «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» өлеңдері Абай үлгісінде жазылған.
- Сондай шығармаларының бірі «Еріншек»
- Еріншек сөзінің мағынасы қандай?
-
- Жалқау,........

2. Өлеңді мәнерлеп оқу


3. Ой өрбіту
Еріншектік неден пайда болады?
Салақтықтан
Еріншектік
Надандықтан




Ой толғаныс


4. Түртіп алу
Харекет - Әрекет
Ғибадат - Өнеге
Кесел – сор, дерт

5. Мәтінді тізбектеп оқыту


6. Сұрақ-жауап тәсілі.
Өлеңде қандай жағымсыз қылықтар бейнеленген?
- Өзі таза жүре алмас
- Кір – қоңын жуа алмас
- Төсекке мойнын бұрғызар
- Өз бойынан ұялмас.

«Ер еңбегімен озады,


Еріншек езілумен тозады», - деген мақалды қалай түсінесіңдер?

7. Автордың ойы қандай? Қай шумақтан байқаймыз?

1 – тапсырма
Әр топқа сөздер беріп, буын түрлеріне талдау жасау.
1 – топ. Еріншек. Үш буынды сөз. Бірінші буын – ашық, екінші буын – бітеу, үшінші буын – бітеу, жіңішке буынды сөз
2 – топ. Салақ. Екі буынды сөз. Бірінші буын – ашық, екінші буын – бітеу, жуан буынды сөз.
3 – топ. Надан. Екі буынды сөз. Бірінші буын – ашық, екінші буын – бітеу, жуан буынды сөз.
4 – топ. Адамдық. Үш буынды сөз. Бірінші буын – ашық, екінші буын – бітеу, үшінші буын – бітеу, жуан буынды сөз.
2 – тапсырма
1 – топ «Жұбын тап» ойыны
Арам -.... Еріншек -....
Таза -.... Салақ -....
2 – топ «Жалғасын тап»
1. Еріншектің..........
2. Талаптыға..........
3................... өрге жүзер
4. Еңбек түбі -..................
3 - топ «Топтастыру»
салақ
талапсыз
кір
надан
4 – топ Жағымды, жағымсыз әрекеттерді жазу
Ішіне Сыртына
ІV Жаңа сабақты бекіту.
3 - тапсырма
Екі жақты жазба күнделігі
І – топ
Үзінді Пікір
Еріншектен – салақтық
Салақтықтан – надандық
Бірінен – бірі туады
Жоғалар сөйтіп адамдық

ІІ – топ
Үзінді Пікір


Іс қалдырмас еселі
Ең білімнің кеселі
Кірсе бойдан шығу жоқ
Күн сайын өсер бес елі

ІІІ – топ


Үзінді Пікір
Даулассаң желдей еседі
Өзі айтып, өзі шешеді
Үйір болған кісілер
Жан тыныштық деседі

ІV – топ
Үзінді Пікір


Еріншек, ашу, құмарлық
Бұларды істен шығардық
Жамандықтың басы осы
Кісі болса ұғарлық

- Осы тақырыпқа ұқсас Абай аталарыңның қандай өлеңі бар? «Ғылым таппай мақтанба»


- Абай атамыз қандай – қандай бес нәрсеге асық бол, бес нәрсеге қашық бол дейді?
Бес нәрсе
Асық -------------- Қашық
Талап -------------- Өсек
Еңбек -------------- Өтірік
Терең ой --------- Мақтаншақ
Қанағат ----------- Еріншек
Рақым ------------ Мал шашпақ

V Қорытынды


Абайдың қара сөзінде былай делінген:
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар
- надандық
- еріншектік
- зұлымдық
Еріншек – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі неден шығады?
ЕРІНШЕКТІКТЕН
Үйге тапсырма
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. «Еріншек» туралы өлең шығару
3. Әңгіме құрастыру




Үйге тапсырма




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Тексерілді: 16.03.2016ж


Пәннің аты(таңдау)

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

М.Дулатұлы Наурыз




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

1. Білімділік мақсаты: Оқушылардың наурыз өлеңі және ақынның М. Дулатовтың өмірі туралы мәлімет беру. Қазақ халқының салт дәстүрін бағалай білуге тәрбиелеу.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, көркем жазуға, әдеби көркем сөздердің мәнін түсініп, сөйлей білуін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік мақсат: Табиғатты, жануарларды, құстарды қоршаған ортаны аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, СТО, УОӘ
Сабақтың көрнекілігі: Электронды ақпараттық құралдар.
Болжамдап отырған нәтиже: Өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру.




Психологиялық ахуал

Аспанға қарадым ай көрдім,
Төменге қарадым жер көрдім.
Оңға, солға бұрылдым,
Егеменді ел көрдім.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту

Жаңа сабақты бастамас бұрын мына суретте не көріп тұрғанымызды айтайық.
- Оқушылар суретте не көріп тұрғандарын айтады.
- Бұл қай мезгіл?
- Көктем.
- Дұрыс, балалар. Ал, енді, біздің жаңа тақырыбымыздың аты «Наурыз»




Мағынаны тану

Бұл өлеңнің авторы М. Дулатов. М. Дулатов Торғай облысындағы Сарықопа деген жерде дүниеге келген. Ол – ақын, жазушы және педагог. Ақын жастарды оқу білімге, ғылымға шақырған, шығармалар жазған. М. Дулатов ұлтшыл деген жаламен жазықсыз жазаға ұшыраған.
Ал, енді, балалар мен «Наурыз» деген өлеңді мәнерлеп оқимын сендер кітапқа қарап қол жүгіртіп отырыңдар. Оқып болған соң өлеңді қарапайым сөзбен әр шумақты түсіндіріп шығамын. Оқушыларға кезектестіріп оқытамын.

Ал, енді, Түртіп алу жүйесі, сөздік пен жұмыс.


........
Оқушылардан түсінбеген сөздерін сұрап, ол сөздің мағынасын басқа оқушылардан сұрау.

V. Сабақты бекіту.


«Тапқыр достар» ойыны. Наурыз сөзінен сөздер құрастыру.
........
«Кім жылдам?» ойыны.
Бес жолды өлең.
1. Не?
2. Қандай?
3. Не істеді?
4. Не үшін?
5. Жалпы ой түйіндеу.

І – топқа «төрт түлік мал» туралы


ІІ – топқа «құстар» туралы
ІІІ – топқа «гүл» туралы

Ой шақыру.


Жұмбақтың ұйқасын тап.
Ұнатады шуды -------------------------- Екі күшті сіресті
Бұл бір ойын шулы. ------------------- Бір бірімен тіресті
Атқа мініп жігіт ------------------------- Сайыстың ең қызығы
Ару қызды қуды. ---------------------- Кім білмейді күресті.

Ас үстінде көп бар -------------------- Текке кетпей еңбегі


Қолға алмайды шоқпарды --------- Мұнда керек жеңбегі
Ешкі терісін өңгеріп ------------------- Ат үстінде еңкейіп
Тартады ол көкпар -------------------- Алу керек теңгені

Шалғайыңды басып ------------------- «Шу» де мейлі «Әй» де


Қалып жүрме сасып ------------------- Тұлпар, құнан, тайда
Көздеп, дәлдеп ататын --------------- Баптап қосар жарысқа
Ойын аты асық. -------------------------- Жарыс аты бәйге.
Наурыз өлеңінің жалғасын тап.
Наурыз өлеңін екі жолдан әр топқа бөліп беремін. Кітапты жауып, өлеңнің жалғасын табады.




Ой толғаныс

Наурыз.
Аспанда күннің нұры ------------------------- Ойнаған анау бала
Мақпалдай жердің түрі ---------------------- Көк орай жалын дала
Қуаныш мал мен жанда --------------------- Егіндік егін еккен
Қыс шыққан өлмей тірі ---------------------- Ұзамай болар жаңа

Бай, жарлы келген күй ----------------------- Келіпті жылдың құсы


Ойын - той ауыл, үйі -------------------------- Күнде шу көлдің тұсы
Қой сойып, қонақ асы – ---------------------- Күн жылы, ызғары жоқ
Мырзалық еткен сыйы ----------------------- Жаз шығып, кеткен қысы

Боздаған анау түйе


Құлындап жатыр бие
Гүлдеуге бет алып тұр
Қызарып қызыл шие.




Үйге тапсырма

Оқу,сурет салу

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




жүктеу 15,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   114




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау