Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы



жүктеу 15,85 Mb.
бет64/114
Дата20.05.2018
өлшемі15,85 Mb.
#15130
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   114



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ө Ақыпбекұлы Мен таңдаған мамандық




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

1. Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсіндіру.
2. Дамытушылық мақсаты: әңгіме құрастыруда өз ойын, өз армандарын нақты және түсінікті етіп жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру. Шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, СКТ, ТС, ребус,
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, жандандыру, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Техникалық құрал: интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, музыка




Психологиялық ахуал

Бақыт менде,
Бақыт сенде,
Бейбітшілік, бейбітшілік.
Бейбітшілік менде
Бейбітшілік сенде
Бейбітшілік барлық жерде.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту

I. Өткенді пысықтау: 1. Үй тапсырмасына не берілді?
1 - топ. Төлеген Айбергенов кім?
2 - топ. Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
3 - топ. Өлеңді тізбектеп жатқа айту.
2. Тапсырмалар беру:
1 - топ. «Еңбек»туралы мақал - мәтелдер айтыңдар.
2 - топ. Ребус шешіңдер.
3 - топ. «Адал тер» дегенді қалай түсінесіңдер.
Әр топқа мамандық бойынша ат қою.
1 - топ - Мұғалім. 2 - топ - Дәрігер. 3 - топ - Биші.
III. Жаңа сабаққа көшу кезеңі:
1 - топ. Мамандық иесі болу үшін не істеу керек?
2 - топ. Еңбек деген не?
3 - топ. Мамандық деген не?
IY. Жаңа сабақ: 1. Балалар біз бүгін ақын Өтепберген Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық» атты өлеңімен танысамыз.
Ақын туралы түсінік беру. (Дәптерге күн ретін, тақырыпты жаздырту.)
2. Бұл өлең мамандық туралы, мүмкін сендердің де таңдап жүрген мамандықтарың осы өлең жолдарынан кездесіп қалар, оқып көрейік.
3. Өлеңді мәнерлеп оқу.
4. Іштей оқу. 5. Әр шумақты оқушыларға оқыту

Мен таңдайтын мамандық...


Ай - һой, ғажап қандай бұл!
Ал, қане, кәсіп таңдай біл:
Аламын қандай мамандық,
Алдымда толған таңдау тұр.
Әлемге ән боп жалғанар,
Әйгілі небір тарландар.
Әуелей ұшқан аққудың
Әсерлі үнін салған дәл
Әміре менен Күләштай,
Әнші болсам не арман бар?
Кәсіпкер болсам егер де,
Бар әлемді кезем де:
Бар пайданы ойламай,
Барымды берем мен елге.
Велосипед мініп, одан да
Вело - спортшы болам ба?
Вело жарыс жолында
Великпен желден озам да.
Геолог болып тегі мен,
Гүл жайнаған өңірден:
Гуілдеп күн - түн тынбайтын,
Газдың ашам кенін мен.
Ғалымның жолы ғажайып!
Ғибрат сабақ алайық,
Ғұмыр бойы ізденіп,
Ғанибет ашу - жаңалық.
Ғылымға құмар қалпыммен,
Ғарышкер болам, бәлкім, мен:
Ғұмырлы қазақ елінің,
Ғарышқа жаяр сатын кең...
Ес көретін өз елі,
Ер мінезді, беделді:
Ел мен елді дос етер,
Елші болғым келеді...
Әр шумаққа тоқталып, слайд бойынша түсінік беру
5. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасату.
Авторы:
Тақырыбы:
Жанр түрі:
Идеясы:
Шумақ:
Тармақ:
Буын саны:
Ұйқас түрі:
Түсіндірме сөздік:
6. Сергіту сәті.
Y. Бекіту.
1 - топ. Өлеңде қандай мамандықтардың аты аталды?
2топ. Осы мамандықтарға тағы қандай мамандық түрін қосасыңдар?
3 - топ. Өлеңде өз таңдаған мамандығың бар ма екен? Сол мамандық жайлы білетін тақпақтар айтып көрейік.
5. Ой қозғау.
1 - топ. Бірінші болып көмекке келетін мамандық түрін жұмбақтап бір - бірінен сұрайды.
2 - топ. Мамандық түрін олардың құралдары арқылы табайық.
Тарағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (шаштараз)
- Қалағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)
- Ожауы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Аспаз)
- Күрегі бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Диқан)
3 - топ. Мамандықтар туралы жұмбақтар айту.
YII. Сабақты қорытындылау: 1. Топтастыру стратегиясын құру. 17Оқушылар өз таңдаған мамандықтарын жазады.
YII. Үйге тапсырма беру: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Таңдаған мамандық туралы шығарма жазу.
YIII. Бағалау.




Сергіту сәті




Ой толғаныс




Үйге тапсырма




Бағалау




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

М. Қабанбай Сурет салғым келмейді




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Әңгіменің мазмұнын меңгерту,мән-мағынасын ашу

Оқушылардың сөздің қорын,ойлау қабылетін дамыту.

Адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:танымал суретшілердің портреттері,суреттері.слайд

Сабақ түрі:жаңа сабақ

Әдісі:сұрақ- жауап,көрнекілік,проблемалық сұрақтар.






Психологиялық ахуал

Бағдарлы-мотивациялық кезеңі.

1.Ұйымдастыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ.Үй жұмысын тексеру.

1.Мәнерлеп оқу.

2.Осы өлеңде қандай мамандықтар туралы айтылған?

3.Шығарма оқу «Қандай мамандық таңдадың?»



ІІІ. Жұмбақ жасыру.

Мына құралдар қай мамандық иесіне қажет?

(Суретте бояулар,планшет,қағаз,қарындаштар.)

-Бұл құралдар суретшіге қажет.

-Суретші деген кім?

ІV .Ой жинау.

-Кімге сурет салған ұнайды?

-Салған суреттерің өздеріңе әрқашанда ұнайды ма?

-Өз жұмыстарың ойдағыдай болу үшін не істеу керек?

-Әр адам суретші бола алады ма?

-Ол үшін қандай қасиеттер болу керек?



V..Кластер еңбекқор сезімтал
Ойы ұшқыр

талантты


ұқыпты байқампаз

VІ.Сурет өнерінің тарихы .Слайд көрсету.

VІІ.ҚР суретшілері.Ә.Кастеев,А.Қазығулов,Б.Тәбиев,С.Калмыков.Г.Ысмайылова.

Операциялық-орындаушылық кезеңі.

І.Мақсат қою

Біз бүгін «Сурет салғым келмейді» әңгімесін оқимыз.Әңгіменің тақырыбын ашып,оны өз ойымызбен аяқтаймыз.



ІІ.Автор туралы мәлімет.

Марат Қабанбай (1948-2000)-қазақ жазушысы,журналист һәм көсемсөз шебері.1948 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.Шығармалары: «Сары самауыр», «Бәрін,бәрін білгім келеді», «Жұмбақ қыз», «Бақбақ басы толған күн».



VI.Мәтінді оқу және мазмұны бойынша жұмыс жүргізу.

-Оқушылар қай үйірмеде отыр?

-Салауат ағай кім туралы айтты?

-Ана тақырыбын алғаш шырқаған кімдер екен?

-Қазақтың жас келіншегі қалай суреттелген?

-Кенеттен қандай жағдай болды?

-Ағай қандай сезімде болды?

VII.Әңгімені өз ойымен аяқтау.

-Ержан неге сурет салмады?

-Оның үйінде жазда қандай жағдай болды?

-Осы әңгімеден қандай әсер алдыңдар?

-Ағай не істеу керек еді?

-Ержан біздің арамызда болса не істер едіңдер?Қандай ақыл айтар едіңдер?



VIII.Музыка тындату.

Осы музыкаға қандай сурет салар едіңдер?(жыл мезгілі,қандай табиғат құбылысын)



ІХ.Дәптермен жұмыс

Анаға арнап сурет салған атақты суретшілердің атын жазу.



1X.Оқулықпен жұмыс .

Мұғалімнің оқушыларға ана жөнінде айтқан әңгімесін ,яғни сабаққа арналған кіріспе сөзін тауып оқы.Еске сақтаңдар,келесі тапсырмамыз осымен байланысты.



Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

1.Мәтінді зерттеу картасы.

Әңгіменің тақырыбы

Кейіпкерлері

Автордың ана туралы ойлары

Менің ойым













II. Қорытынды.

«Мақтасақ әйелді мақтайық,

Құрметтейік ананы.

Дүниедегі ең қасиетті күш-Ана.» Ғ.Мүсірепов.



III.Бағалау.

IV.Үй жұмысы. Ана туралы 5 жол өлең жазу ,әңгімені мазмұндау.



Қызығушылықты ояту



Сергіту сәті



Ой толғаныс



Үйге тапсырма



Бағалау



Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Тақырыбы:

Ә. Асылбеков Үйрену

Жалпы мақсаты


Оқушыларға Ә. Асылбеков және қазақ халқының салт - дәстүрлері жайлы мағлұмат беру. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

Оқу нәтижесі

Сыни тұрғыдан ойлай алады. Қазақтың салт- дәстүрін жақсы меңгерген. Мәтінді өзіндік сыни көзқараспен талдай алады. Алған білімдерін өмірде пайдалана алады.

Сабақ мазмұны




Сабақтың барысы

Ресурстар

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды таңдаған түстеріне орай топқа бөлемін.

Қызыл – белсенділік пен өмірдің, күш- қуаттың түсі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік- жігерлі адамдар ұнатады. Олар алдынан кезіккен қандай кедергіден де қорықпайды.

Сары – жылу мен жарықтың түсі. Сары түс белсенді, өте көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынған адамдар.

Жасыл – тыныштық пен тұрақтылықтың түсі. Бұл адамдар жұмысқа беріле кірісіп, барлық күш жігерін жұмсайды.

Көк – адамдар арасындағы қарым- қатынасты ең жоғары бағалайды. Олар зұлымдықты, сатқындықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.

Ақ – шаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл және қызба келеді. Тез еліктегіш, өзінің ықпалына жеңіл беріледі.

Сұр түс – ұстамдылықтың белгісі. Бұл түсті ұнататын адамдар сыр мінез келеді. Сезімін сыртқа шығара бермейді. Көзге түскенді, көпшіліктің қалың назарында болғанды ұнатпайды.



  1. Үй тапсырмасын тексеру.

а) «Сурет салғым келмейді» мәтінінің мазмұнын өз ойларымен аяқтау.

ә) Ана туралы жазып келген эсселерін «автор орындығы» стратегиясы бойынша оқыту.



3. Жаңа сабақ.

1) Мультфильмнен үзінді көрсетемін. Үзіндіден оқушылар жаңа сабақтың тақырыбы мен идеясын табады.

2) Оқушылар мәтінді өз беттерімен оқып шығып, бір- бірімен түсінгендерімен бөліседі (жұптық, топтық жұмыс жүреді).

4. Топтық жұмыс.

1- топ Мәтін мазмұнына байланысты сурет салады. Атасы мен немересінің арасындағы диалогты рөлге бөліп, сахналайды.

2- топ Мәтін мазмұнын ашатын мақал – мәтелдер жазып, мақалдың мағынасын ашып береді. Тоқымқағар сөзіне түсінік береді.

5. Сергіту сәті. 6. Сабақты қорытындылау.

1. «6 қалпақ» ойлау стратегиясы арқылы ой қорыту.

Ақ қалпақ – тақырыпқа шолу.(ақпараттар, фактілер)

Сары қалпақ – оқиғаның жағымды жақтары.

Қара қалпақ – жағымсыз жақтары.

Қызыл қалпақ – эмоция, сезім.

Жасыл қалпақ – шығармашылық үлес.

Көк қалпақ – қорытындылау.

2.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, 2 топ сөзжұмбақ шешеді.

1 - топқа1.Атасы қымызды қандай ыдысқа құйып алды?

2.Арғын мен ата-

сы қайда келді?

3.Атасы таза ауада демалғанды

неге ұқсатады?

4.Атасы шөп шабуға дайындалып, нені шыңдады?

5. Арғын атасынан не сұрап ішті

2- топқа

1.Арғын атасына не жасайын деп

ниет білдірді?

2.Атасы Арғынға

не ұстатты?

3.Атасы шөпті немен

шапты?

4.Шөпті неге тиеді?5.Арғынның әкесі қол шалғымен шөп шаба білуді не дейді?



7. Үйге тапсырма. Мәтінді мазмұндау.8. Бағалау.

1. Өзін – өзі бағалау парағы арқылы бағалау

2. Көңіл- күй картасы

Түрлі – түсті шаршылар, интерактивті тақта


Орындық


АКТ
Плакат, суреттер, желім, оқулық
Плакат, маркер, интернет
6 қалпақ

Стикерлер, плакат, маркер






Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

С.Жүнісов Түнгі сәуле




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Білімділік: Мәтіннің мазмұнын түсіндіру; Автор туралы мағлұмат беру;қушылардың «бірлік»,құндылығы және «көпшілдік» адами қасиет туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Тізбектей оқыта отырып, оқу техникасын дамыту,

Тәрбиелік: Таза қатесіз оқуға,тапсырмаларды қатесіз орындаға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Оқулық, сөзжұмбақ, плакат,сөздер,интерактивті тақта






Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Сәкен Жүнісовтың өмір-баянын тірек-сызба арқылы түсіндіру. Дәптерлеріне жазу.

С.Жүнісовтың «Түнгі сәуле» әңгімесімен тізбектей оқу

Сұрақтар.

1)Мәтін жалпы не туралы?Не түсіндіңдер?

2)Негізгі кейіпкерлері кім?

3)Ағайынды балалар қандай ерлік жасады?

4)Жапар неге мазасызданып,ашуланып жүр?





Қосымша тапсырма

Берілген жоспарды мәтін бойынша ретке келтіріп жаз.

1.Бауыржанның қорқуы.

2.балалардың адасқан машинанаға көмектесуі.

3.Ата – анасының қобалжуы.

Күпшек-дөңгелектің білік кигізілетін, шабақтар қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі





Ой толғаныс

– Жеңіс пен Бауыржан кімге көмектесті?

– Егерде  Жеңіс машинаға ескерту жасамағанда не болар еді деп ойлайсыңдар?

Сәкен Жүнісов туралы не білдіңдер?

Түнгі сәуле деп аталуын түсіндіріңдер?

Біз балалар «Түнгі сәуле» әңгімесімен осы тарауды аяқтадық. Ендншн осы тарауда берілген әр тапсырма,әңгімелерді бір еске түсіріп мына мен не үйрендім?ойыны арқылы білетінімізді топ бойынша жарысамыз?

Сабаққа ат салысқан оқушыларды бағалау.



Бөлім бойынша «Мен де үйрендім» эссе жазу. Мәтінді оқып келу




Үйге тапсырма




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




жүктеу 15,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   114




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау