Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы
Медициналық биология және генетика пәні бойынша тәжірибе
сабақтарынан арналған әдістемелік өңдеу
Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»
Курсы: ІІ
Семестрі: IV
Құрастырушылар:
Алипбаева Г.С.
Жазықбаева Г.Т
Шымкент – 2013
Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді
«19» 06. 2013 ж
№ «21» хаттама
« Бекітемін »
Кафедра меңгерушісі Есіркепов М.М
1.Сабақтың тақырыбы: Тірі ағзаның құрылымдық деңгейлері.
Тірі ағзаның түпкілікті қасиеттері. Жасушалық құрылымның типтері.
Сағат саны: 135 мин ( 100%)
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Студенттерге тірі ағзаның құрылымдық деңгейлерін, тірі ағзаның түпкілікті қасиеттерін, жасушалық құрылымның типтерін,барлық тірі ағзалар жасушадан тұратынын оқыту. Тірі ағзалардың барлығы жасушадан тұратынын, барлық тірі ағзалардың түпкілікті қасиеттері, жасушалық құрылымның типтері туралы түсінік беру.
тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
дамыту: жаңа қосымша иновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.
Оқыту әдісі: Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер,тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер
Материалды-техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.
а) техникалық құралдар: микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмысқа арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, нұсқау карталары, кестелер, сөзжұмбақтар, плакат жинағы.
б) оқыту орны: 410, 409, 408 бөлме.
Әдебиеттер:
Негізгі оқулықтар:
1.Мушкамбаров Н.Н. Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003,
2. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для вра
чей. 3. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М.,Медицина, 2003. 4. Генетика учеб
ник для ВУЗов / под. ред. академика РАМН В.И.Иванова.- М., ИКЦ«Адемкнига»
5. Медицинская биология и генетика / Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы,
Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007
Ұйымдастыру кезеңі: 7 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Тірі ағзаның құрылымдық деңгейлері.
Тірі ағзаның түпкілікті қасиеттері.
Жасушалық құрылымның типтері.
Жасушалар құрылысы
Жасушалар қызметі
Сабақтың мақсаты мен міндеті. Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін, тірі ағзаның түпкілікті қасиеттерін, жасушалық құрылымның типтерін, жасуша құрылысын, жасуша қызметін үйрету.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 20 мин (15%)
Оқушылардың міндетін жан – жақты тексеру
Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру
Бақылау сұрақтары: (кері байланыс)
1. Тіршіліктің анықтамасы; тіршіліктің өлі дүниеден айырмашылығы;
2. Тіршіліктің құрылым деңгейлерін ата;
3. Жасушаны кім және қашан ашты?
4. Жасуша теориясын тұжырымдаған кімдер?
Жаңа сабақ түсіндіру 41 мин (30%)
Тақырыпты жоспарымен таныстыру
Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы
Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.
Биология – тіршілікті зерттейтін ғылым. Тіршілік – жанның денедегі сипаты, өмір сүру формасы. Тіршілік жан иесінің бұл дүниеге еріксіз келіп, еркінен тыс кетуімен аралықтағы белгілі бір уақыт аралығындағы өмірдің атауы. Жалпы тіршілік иелерінің әлемі сан алуандығымен қатар, қайталанбас ерекшелігімен, таңғажайып сұлулығымен, шебер үйлесімімен ерекшеленеді. Жан қозғаушы күш ретінде тіршіліктің мәні, сонымен қатар оның өмір сүруінің шарты, кепілі. Тіршілік жанға уақытша мекен болатын дененің тіршілік ету формасы. Тіршілік ұғымы өмір ұғымының ауқымында, оған қарағанда мағынасы тар ұғым. Себебі өмір ұғымы – жанға байланысты, оның өмір сүру формасы ретінде қолданылса, тіршілік дененің өмір сүру формасын анықтау үшін қолданылады. “Тірі адам тіршілігін жасайды” деген мақал өмірінің мәні жан сақтау ғана болған адам өмірінің сәттерінен хабар береді. “Тіршілігі бар”, “Күйбең тіршілік” деген сөз тіркестері де адамның тіршілікке бейімділігімен қатар, жан қамынан гөрі тән қамын күйттегенін білдіреді. Адам тіршілігінің мәні тіршілікке еріксіз келіп, еркінен тыс кете тұра өлшеулі тіршілікте берілетін жақсы-жаманды ажыратып таңдай алатындай қалау еркінің берілуімен айқындалады. Әйтсе де адам тіршілікте көптеген жағдайларға тәуелді болады, шын мәніндегі рухани еркіндікке қол жеткізу рухани кемелденудің нәтижесінде ғана мүмкін болады. «Тіршілік» ұғымының анықтамасы өте көп. Филологтар олардың саны орта есеппен бес жүзге жуық деп дәлелдейді. Бұл тек биологиялық термин емес. Философия немесе діни айқындама тұрғысынан да тіршілік анықтамасы өжептөуір көп. Ең дұрыс анықтаманың бірін Фридрих Энгельс былай деп ұсынған: «Тіршілік дегеніміз - нәруыздық денелердің өмір сүру жолы...».
Ғылымда күні бүгінге дейін бірде-бір «бейнәруызды тіршілік» формасы табылған жоқ. Тек киялшыл жазушылар шығармасынан ғана «плазмалы адамдар» немесе «кремнийлі кұбыжық» кейпінде кездестіруге болады. Шындығына келсек, тіршілік ететін ағзалардың барлығы жасушалардан тұрады, олардың кұрғак масса кұрамының, 80%-ы нәруыз. Оның үстіне нәруыздардың химиялық құрамы, қасиеттерінің алуан түрлілігінде шек жоқ, сондай-ақ тірі ағзаның әрқайсысында сирек ұшырасады. Олар химиялық ізденістердің қажетті бағытта өтуін қамтамасыз етеді жөне бүл ізденістері жеке жасушаларда да, біртұтас ағзаларда да бақыланады.
Тіршіліктің деңгейлері
Өлі табиғаттан тірі ағзаларды өздеріне тән негізгі касиеттері аркылы бірден ажыратуға болады. Тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттер: химиялық құрамының біркелкілігі, заттар мен энергияның алмасуы, құрылымдық деңгейінің ұқсас болуы, көбею, тұқым куалаушылық, өзгергіштік, өсу мен даму, тітіркенгіштік, дискреттілік (оқшаулану), өзін-өзі реттеу, ырғақтылық қасиеттер де тән. Тірі ағзалардың химиялық құрамының біркелкі болуы. Тірі ағзалардың құрамында табиғатта кездесетін 70-тен астам химиялық элементтер болады. Тірі азғалар мен өлі табиғаттың құрамындағы химиялық элементтердің мөлшері әр түрлі. Мысалы, өлі табиғаттың құрамында оттектен басқа кремний, темір, магний, алюминий, т.б. элементтер көбірек кездеседі. Тірі ағзалардың химиялық құрамының 98%-ын, негізінен, 4 химиялық элемент құрайды. Ондай элементтерге — көміртек, оттек, азот жәнесутек жатады. Тірі ағзаларда бұл элементтер күрделі органикалық молекулалардың түзілуіне қатысады. Өлі табиғатта бұл элементтер басқаша мөлшерде және өзгеше сапада болады. Өлі табиғатта кездесетін органикалық қосылыстар, негізінен, тірі ағзалардың тіршілік әрекеттерінен пайда болған. Тірі азғалар құрамындағы органикалық молекулалардың өздеріне тән ерекшеліктері бар және олар тірі ағзаларда белгілі бір қызмет атқарады.
Тірі ағзалардағы ондай органикалық қосылыстардың негізгі тобына — нуклеин қышқылдары — ДНҚ, РНҚ жатады. бұл косылыстар тірі ағзалардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттері арқылы ұрпақтарына беріліп, тірі азғалар тіршілігін үнемі жалғастырып отырады. Тірі азғалар құрамындағы органикалық қосылыстардың екінші тобына — нәруыздар (ақуыздар) жатады. Нәруыздар жасуша құрамындағы кейбір органоидтердің құрамына кіреді әрі биологиялық өршіткі (катализатор) қызметін атқарады. Органикалық қосылыстардың үшінші тобына — көмірсулар мен майлар жатады. Олар ағзаларды қажетті энергиямен қамтамасыз етеді және биологиялық мембрана мен жасуша қабықшасының құрылымдық құрамын түзуге қатысады.
Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 47 мин (35%)
Тірі ағзалардың тіршілік деңгейлерін альбом бетіне түсіру.
Жаңа тақырыпты бекіту 14 мин (10%)
Сабақты қорытындалу 3 мин (2%)
Үйге тапсырма беру 3 мин (2%)
Жасушаның молекулалық биологиясы.
2. Сабақтың тақырыбы: Жасушаның молекулалық биологиясы.
Сағат саны: 135 мин (100%)
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Студенттерге жасушаның молекулалық биологиясын, жасуша органеллаларының атқаратын қызметтерін, құрылысын, қасиеттерін, ядро, лизосома, рибосома, эндоплазмалық тор, гольджи комплексі, пероксисоманың құрылысы мен атқаратын қызметтерін оқыту.
тәрбиелік: білімділікке, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
дамыту: жаңа қосымша иновациялық ақпараттармен хабардар етіп түрлі оқу әдістерін қолдану.
Оқыту әдісі: Жаңа инновациялық әдістер арқылы тақырыппен таныстыру (презентация), мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер, тест тапсырмаларына жауап беру, баяндау, сұрақ-жауап, ситуациялық есептер, бақылау жұмысы, тест тапсырмалары, үлестірмелі кеспелер
Материалды-техникалық жабдықталуы: Плакаттар жинағы, тесттік жұмыстар.
а) техникалық құралдар: микроскоп, мультимедиялық құрылғы бейнемагнитофон, CD, DVD дискілер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмысқа арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, нұсқау карталары, кестелер, сөзжұмбақтар, плакат жинағы.
б) оқыту орны: 408, 409, 410 бөлме.
Әдебиеттер:
Негізгі оқулықтар:
1.Мушкамбаров Н.Н. Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003,
2. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для вра
чей. 3. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М.,Медицина, 2003. 4. Генетика учеб
ник для ВУЗов / под. ред. академика РАМН В.И.Иванова.- М., ИКЦ«Адемкнига»
5. Медицинская биология и генетика / Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы,
Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007
Ұйымдастыру кезеңі: 7 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Жасуша құрылымы
Жасуша органоидтары
Ядроның құрылысы және атқаратын қызметі
Митохондрияның құрылысы және атқаратын қызметі
Лизосоманың құрылысы және атқаратын қызметі
Рибосоманың құрылысы және атқаратын қызметі
ЭПТ құрылысы және атқаратын қызметі
Гольджи комплексінің құрылысы және атқаратын қызметі
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
Жасушаның структуралық құрылымымен танысу, органоидтардың құрылысын оқыту.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 20 мин (15%)
Оқушылардың міндетін жан – жақты тексеру
Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру
1. Тіршіліктің анықтамасы; тіршіліктің өлі дүниеден айырмашылығы
2. Тіршіліктің құрылым деңгейлері
3. Жасушаны ашқан ғалымдар
4. Жасуша теориясы
5. ДНҚ ның құрылысы
6. ДНҚ ның қызметі
7. ДНҚ молекуласының РНҚ дан айырмашылығы
8. РНҚ түрлері, маңызы
9. Ақуыз молекуласының І-, ІІ-, ІІІ- құрылысы
10.Ақуыз молекуласының маңызы
Жаңа сабақты түсіндіру 41 мин (30%)
Тақырыпты жоспармен таныстыру
Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы
Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану
Жасуша-тіршіліктің ең ұсақ және маңызды құрылымдық-қызметтік бірлігі болып табылады, себебі кез-келген ағзалардың денесі жасушалардан құрылған, тіршіліктің негізгі қасиеттері мен қызметтері жасушаларда жүзеге асады. Жасушаны 1665 ж. голландия оқымыстысы Р.Гук ашқан, ал жасуша теориясын 1938 ж - 1939 жж. неміс ғылымдары Т.Шванн және М.Шлейден қалыптастырды. Жасуша теориясының негізгі қағидалары төмендегідей:
1. Барлық тірі ағзалар жасушалардан тұрады. Жасуша тіршіліктің ең ұсақ құрылымдық –қызметтік бірлігі;
2. Барлық жасушалардың құрылысы, жалпы алғанда, ұқсас жоба бойынша құрылған;
3. Жасуша тек жасушалардан, орлардың бөлінуі нәтижесінде, пайда болады (Р.Вирхов, 1858) «Omni cеllula a cellula». Қазіргі кезде жасушалардың 2 үлкен тобы белгілі: прокариоттық және эукариоттық жасушалар. Прокариоттық жасушалар-бактерияларға және көк-жасыл балдырлырға, ал эукариоттық жасушалар -өсімдіктерге, жануарларға және саңырауқұлақтарға тән.
Биомембраналардың негізі болып амфифильдік (екі ұшы екі түрлі – гидрофильді және гидрофобты) липидтердің қос қабаты саналады. Мембраналық липидтердің әрбір молекуласының –гидрофильдік «басы» және екі гидрофобтық «құйрығы» болады. Гидрофобтық «құйрықтардың» әрқайсысы ұзын көмірсутек тізбегі болып табылады, оның біреуі қаныққан (яғни қосарланған байланыстары жоқ), екіншісі қанықпаған (бір не бірнеше қосарланған байланыстары болатын) болып келеді. Сулы ортада осындай амфифильдік молекулалар өздігінен қосқабат пайда етеді,онда молекуланың гидрофобтық ұштары (құйрықтары) бір біріне бағытталса, гидрофильдік ұштары («бастары») сулы ортаға қарай бағытталған. Биомембраналардың құрамына липидтермен бірге ақуыздар да кіреді. Олардың екі түрі белгілі: интегралдық және шеткі (перифериялық) ақуыздар. Интегралдық ақуыздар мембранаға терең батып липидтік қосқабатты тесіп өтіп орналасқан, ал шеткі (перифериялық) ақуыздар мембрананың тек бір бетімен (сыртқы не ішкі) ғана байланысқан. Ядро-ядро қабықшасынан, ядро матриксінен, хроматиннен, ядро шырынынан (кариоплазма) және бір немесе бірнеше ядрошықтардан тұрады. Митохондриялар жасушаның міндетті органеллаларының бірі. Оның пішіні түрліше болып келеді: таяқша тәрізді, домалақ, сопақша, гантель тәрізді т.с.с., ал өлшемі 0,5-7 мкм тең. Митохондриялар қос қабат қабықшадан, матрикстан тұрады. Митохондриялар жасушаның энергетикалық орталығы болып саналады, себебі бұл жерде органикалық заттар молекуласы ыдырайды және энергияның әмбебап көзі-аденозинтрифосфат (АТФ) синтезделінеді.
Эндоплазмалық торды өте ұсақ, қос қабат мембранамен шектелген және гиалоплазманы өне бойына тарамданып тесіп өтіп, торланып орналасқан, цитоплазманың үлкен көлемін алып жатқан микроарнашықтар мен микроқуыстар жүйесі болып табылады.
Жасуша мембранасының құрылымдық-химиялық
Достарыңызбен бөлісу: |