30
дағдыларын да дамытуға болады. Бұл оқушылардың зерттеу ұстанымына ие
болу қабілетін, оқу барысында зерттеу жұмыстары элементтерін қолдану
негізінде алдарына мақсат қоя білу және мәселені шешу қабілеттерін дамытуға
көмек береді. Мәселен, «Жердегі өсімдіктер әлемі көптүрлілігінің тарихи
дамуы», «Таби
ғи бірлестіктер» тарауларындағы тақырыптарға берілген
практикалық жұмыстарға сүйене отырып, оқушылар ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізе алады.
Практикалық
жұмыстар
коммуникативтік,
ақпараттық
және
проблемаларды шешу сия
қты түйінді құзіреттіліктерді шешуді қамтиды.
Сондықтан практикалық жұмыстарды өз мәнінде ұйымдастыру оқушы
білімінің сапасын көтеруге көмектеседі және шығармашылықпен, ғылыми
жұмыстармен айналысатын оқушылардың дараланып шығуына ықпал жасайды.
Биология сабақтарында практикалық жұмыстарды орындатуды түрлендіріп
өткізуге әртүрлі бағытта ұйымдастыруға болатындығын баса айтқым келеді.
Біздің басқа мамандықтарға қарағанда тандап алған мамандығымыз
«
Биолог» немесе табиғат жөніндегі ғылымды оқытушы болғандықтан да
басқалардан ерекшелігі бар. Сол ерекшелік негізінде бір нәрсеге бас ию керек
болса, онда өсімдікке бас иіп, тәжім ету қажет себебі, өмірге, тіршілік етуге
қажеттінің бәрін адам өсімдіктен алады.
Табиғат – тілін білгенген, сырын ұққанға тәлімі мол мектеп. Дала – адамды
еркіндікке баулыса, таулар ерлікке ша
қырады, орман сергектікке, еңбекке
үйретсе, өзен-көл пәктікке, мөлдірлікке үйретеді. Олай болса табиғатты
жасандырып, оның әмірі мен күшін неғұрлым толық ашуына қолғабыс тигізу
әрқайсымыздың қасиетті де қастерлі борышымыз.
Биология пәнінен оқытуда зертханалық және практикалық сабақтардың
маңызы өте зор. Жүйелі жүргізілген практикалық жұмыс оқушының ойлау
қабілетін дамытып, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету.
Сабақ – шығармашылық жұмыс, өйткені сабақты түрлендіру арқылы
мұғалім оқушының өз бетімен жұмыс істеу, зерттеу дағысын қалыптастырады.
Өз бетімен іздендіріп, сол арқылы меңгерткен білім оқушы зердесінде ұзақ
сақталады. Сабақты дұрыс ұйымдастыра білу мұғалімнің іздемпаздығына
байланысты.
Соңғы кездерде мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде жобалап оқыту
технологиясы жиі қолданылуда. Жобалап оқытудың негізгі міндеті – пәнаралық
байланыстарды жүзеге асыру. Жобада оқушылар әр пән мұғалімдерімен бірлесе
отырып білім алады. Жетекші м
ұғалім жобаның әр кезеңін қатаң бағалауы
керек. Себебі қадағалау дұрыс болмаса, онда алға қойылған мақсат өзгеріп,
басқа нәтиже көрсетілуі мүмкін. Жобада окушылардың ізденіс, ғылыми бағыт,
бір-бірінің еңбегін бағалау яғни, ұжымдық қызметі айқындалады. Жоба таңдау
кезінде мұғалім өтілген тақырып, тарау бойынша оқушыларға практикалық
жұмыстар бойынша тақырып таңдауды ұсынады.
Жобаның кезеңдері:
І кезең. Жобаның тақырыптарын ұсыну.
Бұл кезенде миға шабуыл әдісі қолданылып, әр оқушы өзіне ұнаған
тақырыбын айтады. Мұғалім оқушылар айтқан ұсыныстарды ұнамаса да
31
қабылдауы қажет. Тақырыпты талқылаған кезде оқушылар бәрі бірдей сөйлеп,
шу болып кетуі мүмкін, оны болдырмау үшін 1 -2 хатшы тағайындалып, олар
балалар айтқан тақырыптарды тақтаға жазып отырады. Бұл кезең 10-15 минутқа
созылады.
ІІ кезең. Жобаның белгілі бір тақырыбын таңдау.
Мұғалім оқушыларды белгілі бір тақырыпты таңдауға итермелейді. Осы
жерде мектептің оқу материалдарының мүмкіндігі ескеріледі. Бұл кезең 15-20
минутқа созылады.
ІІІ
кезе
ң.
Жобамен
ж
ұмыс
жасаудың
әдістері
мен
ресурстарын,қорытындыны ұсынудың формасын таңдау.
Ресурстар мен әдістерді таңдау: тәжірибе жасау, сауалнама алу, әлеуметтік
сұрау, топсеруен, қосымша әдебиеттер оқу, интернеттен ақпараттар алу, арнайы
мекемелермен келісім шартқа тұру, олардың жұмыстарының анализімен танысу
т.б.
ІV кезең. Жобамен жұмыс.
Жоба берілген уа
қыттың негізгісін алады. Уақытты күнтізбеге қарай
отырып мұғалім өзі белгілейді. Көбінесе сабақтан тыс уақыт пайдаланылады.
V
кезең. Жобаны ұсыну.
Жобаның қорытындысы сабақ кезінде, сабақтан тыс яғни, апталықтарда,
лездемелерде, сынып сағаттарында ұсынылады. Мысалы, 6-сыныпқа арналған
«Бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудың көктемгі жұмыстары» практикалық
жұмысын орындауға болады.
Мұғалім сабақтарында сынақтан өткен жеке тұлғаға бағдарланған
проблемалық технологияларды – модульдік, проблемалық оқыту, жобалап
оқыту технологияларын және әртүрлі оқыту формаларын: эксперименттік
бақылау, топсеруен, семинар, ғылыми практикалық конференция, зерттеу
бағытындағы практикалық жұмыстарды, шығармашылық жұмыстарды қорғау,
оқушылардың практикалық жұмыстарының компьютерлік презентацияларын,
рөлдік ойындарды үйлестіре қолдануға тырысқаны абзал.
Бұл жерде баланың жалпы дамуы, оның білімі және білік дағдыларының
қоры есепке алынады. Осыған байланысты, зерттеу әрекетінде оқушыларды
саралау қолданылады. Оқу мүмкіндігі төменгі деңгейдегі балалармен өсімдік,
жануар және табиғи нысандарға жай бақылау жүргізіледі. Білім деңгейі
жоғарырақ оқушылармен зерттеу сипатындағы эксперимент жүргізіледі. Бұл
оқушыларға фенологиялық бақылаулар, «табиғат календарын» құру, бақылау
арқылы жануар мен өсімдіктерге тән белгілерді нақтылау, календардың нақты
жадын белгілеуді тапсыру
ға болады. Оқу мүмкіндігі жоғары деңгейдегі
оқушылар шығармашылық жұмыспен айналысады.
Оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру өмір, тұрмыс
жағдайының ықпалынан, ғылыми білімді игеру үрдісінен және тәрбиелік
қызметтің мақсаткерлік нәтижелерінен көрінеді. Оқушыларда айналасындағы
табиғат пен қоғамның даму зандылықтары туралы көзқарас қалыптасады.
Ғылыми дүниетаным тәрбиесі жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Табиғат дүниесі
арқылы ғылыми дүниетаным қалыптастыруды ресурстық орталық оқушылары
тек п
ән бағдарламаларынан ғана алатындықтан, олардың танымдық