Сабақтар Тәжірибелік сабақтар 1 1-тақырып Бухгалтерлік есеп оның маңызы мен мәні 4


Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі тәжірибееееее



жүктеу 1,25 Mb.
бет83/93
Дата04.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#31523
түріСабақ
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   93
бух лекции (1)

Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі тәжірибееееее

Еңбекақы есебі


Еңбекақы төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз. Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетің, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.Әлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру қажет.Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымн қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның кететің шығындарды барынша азайтуға тырысады.

Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.

Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар. Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді. Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:

- мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;

- еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;

- қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;

- сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.

Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:

- демалыс уақыттарына ақы төлеу;

- мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;

- кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;

- жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.

Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану.

Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Тарифтік мөлшерлеме – бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін, (сағат, күн, ай) біліктіліктің айқын күрделілігінде еңбек нормасын орындаған қызметкердің еңбекақысының белгіленген мөлшері.

Тарифтік тор – бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік коэффициенттердің арақатынас мәкілі. Тарифтік тордағы разрядтардың саны және тарифтік коэффиценттер арасындағы алшақтықтар әртүрлі және олар өнеркәсіптің әр түрлі саласында орын иемденген нақты ерекшеліктермен және бөлінісінің дәрежесімен анықталған.

Лауазымды жалақы қызметкерлердің атқаратын қызметтеріне байланысты бекітілген еңбекақының абсолюттік мөлшері.

- қызметкерді босату кезінде жұмыстан шығардағы жәрдемақыны төлеу.

Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру үш өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен анықталады:

- тарифтік жүйе;

- еңбекті нормалау;

- еңбекақы төлеудің нышаны.

Тарифтік жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді олардың еңбекақыларын саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамассыз ететін норматифтердің жиынтығын көрсетеді.

Тарифтік жүйеге:

- сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтын тарифтік жүйе;

- еңбекақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың әр түрлі разряд арасындағы арақатнастарын көрсететін тарифтік тор;

- тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядтарын анықтауға болатын тарифтік біліктілік анықтамалар кіреді.

Жұмысты тарифтеу – бұл еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.

Тарифтік разряд қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияларда, әр жұмыста қолданылады.

Еңбекті тарифтеу және тарифтелуразрядының қызметкерлерге иемденіп кетуі қызметкердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.

Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 45-бабына сәйкес қызметкер жеке еңбек келісімшартындағы еңбек міндеттерін орындайтын уақыт жұмыс уақыты деп саналады. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек. Жеке еңбек келісімшартында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығын кеміту қарастырылуы мүмкін. Жеке категориядағы қызметкерлер үшін заңда жұмыс уақытының ұзақтығын кеміту қарастырылған («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 46-бабы, 1-тармағы). Барлық категориядағы жұмыс істеушілердің жұмыс уақытын пайдалану есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің белгіленген жұмыс режимін қадағалауға, атқарылған жұмыс уақыты туралы ақпаратты алуға, еңбекақылық есеп айырысу, сондай-ақ еңбек бойынша статистикалық есепті жасауға арналған «Жұмыс уақытының табелінде» (Т-13 формасы) жазылады. Қызметкерлердің өнімділігі мен жұмыс уақытының орындалу есебі үшін жұмыс уақытының есеп табелі (Т-13, Т-13а формасы) қолданылады. Бұл табельдің бланкілері компьютерлік техника құралының көмегімен бөлек толтырылған деректемелер арқылы жасалуы мүмкін. Мұндай деректемелерге мыналар жатады: кәсіпорын, цех (бөлім) құрылымдық бөлімшелері, қызметкердің аты жөні, әкесінің аты, кәсібі (қызметі), табель нөмірі және т.б. Бұндай жағдайда табель формасы қабылданған технологиялық өңделген деректерге сәйкес өзгертіледі.

Табель әр айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі, оны жүргізуге уәкілетті тұлғаға бір данадан беріледі. Табельді тиісінше ресімдегеннен кейін оны кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын есептеуі үшін бухгалтерияға тапсырылады. Табельдік нөмір кәсіпорында тәртіпке келтірілген сериялық жүйе бойынша тұтас белгіленеді, әрбір өндірістік бөлімдеріне тиесілі өздерінің нөмірлер сериясы таратылады. Табельде еңбекақыны төлеу формасына қарамастан барлық қызметкерледің аты-жөні енгізіледі. Табельде жұмыс уақытын пайдалану есебі қызметкердің жұмысқа келгенін, келмегенін тіркеп отыру арқылы (күн сайын) тіркеу әдісімен, не қызметкердің жұмыс уақытында жұмысқа келмегенін (жұмыстың болмай қалуы, қызметкердің жұмысқа келе алмауы, кешігуі, мерзімнен тыс келуі) тіркеу долымен жүргізіледі. Табельдік есепті жүргізу әдісі кәсіпорынның ыңғайына қарай іріктеледі.Табельге қызметкердің жұмысқа келмеу себебін немесе жұмыс уақытын толық істемеу себебін, мезгілден тыс жұмыс істеу туралы және қалыпты жұмыс уақытында жұмыста болмау себептері тиісінше ресімделген құжаттар (еңбекке жарамсыздығын растайтын қағаз, мемлекеттік немесе қоғамдық жұмыстарды орындағаны туралы анықтама және т.б.) негізінде белгіленеді. Мезгілден тыс жұмысқа кеткен уақыт есебі бұл жұмысты орындаған тұлға тізімінде жүргізіледі. Тізімдерді құрылымдық бөлім бастығы жасайды және оған қол қояды. Соның мезгілден тыс істелінген жұмыс сағаттарының сапасы туралы басшы белгі соғады. Тізім негізіндегі мұндай белгілеу табельге енгізіледі. Егер жұмыс уақытында істелінетін жұмыс болмай қалса, осының салдарынан бос өткен жұмыс уақыты да табельге жазылады. Табельге бұл деректер құрылымдық бөлімше басшысы жұмыс болмай қалу себебінен бос өткізілген жұмыс уақыты туралы жазылған құжат негізінде енгізіледі.

Сондай-ақ табельдік есепте табельдік таңбаны қолданып, карточкалық әдіспен – бақыланған сағаттарды пайдалану арқылы; рұқсаттамалық әдіспен – тапсыру және беру жолымен, бақылау – рұқсаттамамлық құрылғының көмегімен және т.б. жүргізуге болады. Қызметкердің жұмысқа келмей қалуын және кешігуін табельде сотқа, әскери комиссариатқа шақырылғаны туралы анықтама, уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы және басқа да бухгалтерияға тапсыратын құжаттар негізінде белгілейді.Қызметкерлердің жеке құрамы туралы есепті кадр бөлімі немесе арнайы тағайындалған тұлға жүргізеді. Жұмысқа қабылданаған әрбір қызметкерге жеке карточка толтырылып, оған өзінің жеке табельдік нөмірі жазылады. Бұйрық негізінде немесе кәсіпорын басшысының өкімімен бухгалтерия әрбір қызметкерге дербес шот ашады. Онда қызметкердің анықтамалық деректері көрсетіледі, тапқан табысы мен еңбекақысынан ұсталған сома туралы барлық мағлұматтар жазылады. Өнім өндіру есебі өндірілген өнім саны, аяқталмаған өндіріс және жіберілген ақау; әрбір қызметкердің атқарған жұмысына қарай еңбекақы мөлшерін дұрыс әрі уақытылы анықтау; өңдеуге жіберілген жартылай өңдеген өнім және материалдар санымен өндірілген өнімнің сәйкестігін бақылау; өндірістегі тораптар мен агрегаттардағы детальдар қозғалысын бақылау туралы нақты және уақытылы деректермен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Еңбекақы төлеу жүйесі, өнім сапасын бақылау, есепті компьютерлендіру деңгейі және басқа ерекшеліктерді қолдану барысындағы өндірістің ұйымдастыру мен сипатына қарай есеп бастапқы құжаттардың (атқарылған жұмыстың жүктелімі, бағдарламалық құжат, өнімділік туралы рапорты және т.б.) әр түрлі есептік әдістері мен формалары қолданылады. Есепті оңайлату мақсатында көп күндік бастапқы құжаттар қолданылуы мүмкін. Өндірістің жаппай-тасқынды жағдайында өнімділік дайын өнімдерді қабылдау бойынша ескеріледі. Әр бригада мүшелерінің өндірген өнімі мастер немесе бригадир толтырған өнімділік туралы рапорт негізінде есептеледі. Бұл рапорттардың негізінде бригада мүшелерінің еңбекақысы есептеледі. Бригаданың өнімділігі туралы рапорт (Т-17 формасы) оны дайындау бойынша бағалауы көрсетілген бірлік үшін өндірілген өнімнің нақты түріне жазылады. Рапортта бір ай ішінде немесе басқа мерзімде күн сайын әзірленген детальдардың соңы операциямен қабылданған бригаданың өнімділігі көрсетіледі. Соңғы операция бойынша қабылданған өнім арқылы анықталатын еңбекақы жұмысшылардың разряды мен істеген уақытына сәйкес бригада мүшелеріне таратылады. Бригаданың өнімділігі туралы рапорт (Т-17а формасы) аяқталмаған өндірістегі шикізаттың өндіріс қажетінен артық жиналып қалуы болмаған жағдайда қолданылады. Рапортты айдың басындағы және соңындағы операциялық шикізаттың өндіріс қажетінен артық жиналып қалған қалдықтарын алу жолымен бақыланатын бригада өнімділігінің күн сайынғы жеке есебі үшін пайдаланылады.



Бригаданың өнімділігі туралы рапортты (Т-21 формасы) жекелеген операцияларды орындаушыларды жеке ауыстырудағы тасқынды желіде және көршілес, яғни шектес ауысымдардағы өзгерген операциялар бойынша шикізаттың өндіріс қажетінен артық жиналып қалғандарды қолданады және еңбекақы мен өнімділік есебінің карточкасын ұштастырады. Өнімділік туралы рапортты әр түрлі кезең сайын қайталанатын жұмысты орындайтын бір немесе бірнеше жұмысшының еңбекақы мен өнімділік есебі үшін жаппай өндірісте қолданады. Өнімділік есеп тізімдемесі бір текті жұмысты бір ай ішінде орындаған жұмысшылар тобы үшін толтырылады. Өндірістің сериялық сипатында өнімділік ауыстыру үшін өнімділік рапортымен ұштастырылған бағдарлық құжаттың көмегімен ескертіледі. Егер бұйымды өңдеу ұзақтығы бір ауысымнан аспаса, онда бір рапортпен де шектеліге болады. Технологиялық картамен немесе кестемен бекітілген детальдар партиясына арнал,ан бағдарлық құжатты жоспар бөліміндегі жұмысшылар ертерек жазып қояды. Бағдарлық құжат детальдар партиясына жаздырылады, ол өңдеу операциялары бойынша өндіріс прцесінде оны жалғастырады. Мастер жұмыс тауып беруші бұл қағазда жұмысқа жіберілген жартылай өңделген өнім, детальдар, материалдар санын белгілейді. Барлық өндірістік операциялар технологиялық картада қалай белгіленсе, сондай тізбектіктермен аударылады. Бағдарлық құжат өндірістегі детальдар қозғалысының оперативтік есебі өнімділік есебі мен еңбекақының біртұтас құжаты ретінде қолданылады. Ауысым үшін өнімділік туралы рапорт өнімнің нақты жасалуын көрсетуге арналған және жұмысшыларға еңбекақы есептеу негізі болып табылады. Бұл бағдарлық құжаттар бойынша рапорт жасалады. Жеке немесе ұзақ сериялы өндірістегі өнімділік есебі мен еңбекақы есебі кесімді еңбек төлеміне арналған жүктелімде жүргізіледі. Орындалған міндеттің ұзақтығына байланысты жүктелім ауысымға немесе одан да ұзақ мерзімге көшіріледі. Көшірілімнің негізгі етіп технологиялық карта немесе учаскенің өндірістік бағдарламасы алынады. Мастер жұмысшылардын өнім қабылдап алғаннан кейін жүктелім жазып, барлық қосымша төлемді құжаттар қосымшаларымен бухгалтерияға өткізеді. Егер жұмыс белгіленген мерзімде бітпей қалса, жүктелім жабылып, бухгалтерияға өткізіледі. Ал бітпеген жұмыстың жалғастырылуы үшін келесі есепті кезеңде жаңа жүктелім жазылады. Өндірісте табылған ақау Ақау туралы актіде (Т-46 формасы), не ақауды есепке алатын және ысыраптың көлемін анықтайтын, бір аптаға ашылатын ақау есебінің тізімдемесінде ресімделеді. Егер қызметкер өз жұмысында жіберген ақауды өзі түзейтін болса, акт жасалмайды. Егер бұл ақауға еш қатысы жоқ, яғни ақаудың жіберілуіне кінәлі болмаған басқа жұмысшылар мен мамандар ақауды түзейтін болса, онда мұндай жұмысқа «Ақауды түзету» мөртаңбаны басылатын әдеттегі жүктелім жазылады. Жұмыс жағдацының өзгеруінен туындайтын бағалауға және өндіріс технологиясында қарастырылмаған жұмысқа қосымша төлемді қосымша төлемге арналған құжатты (Т-48 формасы) ресімдейді, не үздік белгідегі кесімді жұмысқа арналған жүктелімде ресімдейді. Өндірім туралы рапортқа немесе негізгі жүктелім нөміріне сілтеме жасаған қосымша төлемнің әр түрінде құжат жеке жұмысшыға немесе бригадаға жазылады. Кәсіпорында оларды төлеу себебі бойынша қосымша төлем номенклатурасы белгіленуі керек. Бухгалтерия қосымша төлемдер туралы мәліметті қажетті шараларды қабылдау немесе кейінге қалдыруды шешетін цехтың басшысына ұдайы жеткізіп отыруға міндетті. Мезгілден тыс жұмыстың есебін мезгілден тыс жұмыс жасайтындардың тізімі негізінде жүргізеді. Мастердің немесе цех бастығы белгі соққан тізімді мезгілден тыс жұмыс ақысын жұмыс уақытының есеп табелімен қоса есептейтін бухгалтерияға өткізеді. Жұмыссыз боп тұрып қалудың себебі, уақыты, кінәлілер және жұмысшы туралы мәліметтер мен төлем проценті көрсетілетін жұмыссыз боп тұрып қалудың есеп құжаты (Т-16 формасы) негізінде жұмыстың болмай қалу себебінен босқа өткізілген уақыттың есебін жүргізеді. Құжатқа бухгалтер мен бастығы қол қояды. Тексеріліп қабылданғаннан кейін осы құжаттар негізінде еңбекақыны есептеу бойынша есеп айырысу-төлем тізімдемесі жасалады. Жұмыс уақыты мен өгімділік есебі бойынша құжат бухгалтерияға түскеннен кейін есептік өңдеуден өткізуге жіберіледі.

. 14-Тақырып: «Меншікті капитал есебі».




жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау