Тәжірибелік сабқтар
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп құжаттары
Ұйымдар қызметінде іске асқан шаруашылық фактілерінің мазмұны рәсімделген барлық құжаттар ұйым бухгалтериясына тапсырылады. Бухгалтерияға тапсырылатын құжаттардың толықтығы мен сапасына мұны орындаған материалды жауапты адамдар жауап береді.Ұйымдар бухгалтериясына тапсырылатын барлық бастапқы құжаттар тиісті счеттарға жазылғанға дейін алдын-ала өңделеді. Бастапқы құжаттарды өңдеу төмендегі кезеңдерден өтуі керек:
1. Құжаттардың мазмұнын тексеру:
- үлгі пішім мен ревизиттердің сақталуын;
- орындалған операциялардың заңдылығын;
- арифметикалық тексеру.
2.Бағаға айналдыру (таксировка) (натуралды өлшемдерді ақшалай өлшемге айналдыру);
3. Өшіру;
4. Құжаттарды біртектес нышандарына қарай топтастыру (касса, есеп айырысу т.с.с. бойынша);
5. Құжаттар мазмұны көрсеткіштерін есеп регистрларына ауыстыру;
6. Топтастырылған құжаттарды кітаптан тігіп мұрағатқа (архивке) өткізу.
Құжаттар мазмұнын бастапқыда тексеру үрдісіне барлық жауапты адамдар айрықша назар аударуы керек. Құжаттарды тиісті жауапты адамдардан ұйым бухгалтериясына қабылдаған кезде міндет атқарушы бухгалтер құжаттарға жазылған жазулардың толықтығын, мазмұнын,арихметикалық амалдардың дұрыс қолданылғандығын және логикалық санаға маңызын мұқият тексеруі қажет. Яғни құжаттарды толтыруда барлық реквизиттердің дұрыс жазылғандығы, растаушылардың қойған қолының анықтығы, өшіріліп қайта қойылған цифрларды, дәлелденбеген түзетулерді жан-жақты тексеру қажеттігі туындайды.
Арифметикалық тексеру кезінде натуралды өлшемдегі құндылықтарды ақша өлшеміне келтіріп бағалау нәтижесінің дұрыстығы анықталады. Мұндай тексеру барысында құжаттар рәсімдеуде жіберілген қателер, мысалға, қойылмай қалған цифрлар,цифрлар жанына жазылмай кеткен немесе артық жазылған нөл, бір цифрдық орнына басқа цифрдың (67 цифрының орнына 76 цифрының) жазылып кеткендігі анықталады.Арифметикалық тексеру барысында жауапты адамның еренсіздігінен, мұқиятсыздығынан, шаршағандығынан жіберілген қателер түзетіледі. Құжаттар уәсімдеуге жіберілген қателерді түзету үшін қате жасалған құжаттар жауапты адамға қайтарылады.
Құжаттарды орындалған фактілердің мәні мен маңынасына қарай тексеруде шаруашылық фактілерінің заңдылығы, қатысушы жақтарға түсініктілігі, мысалға, шын мәнінде осындай көлемдегі фактілер болды ма, болмады ма деген күдікті сұрақтар анықталуы керек.
Өшіру деп-құжаттарды пайдаланғандығы жөнінде қойылған белгілерді («алынды», «төленді», «өшірілді» қызыл сиямен қойылған штампты) айтуға болады. Бастапқы құжаттарға мұндай белгілердің қойылуы негізінен ақша қаражаты т.б. материалды құндылықтарға тән бір құжаттың екінші рет қолданылып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Инфляция жағдайында қаржы тұрғысынан оң нәтижелерге айтарлықтай тез жетуге болғандықтан, негізінен қаржы айналымы саласында басталған Қазақстанның шағын және орта бизнесінің даму тәжірибесі бүгіндері бірте-бірте көміскілене бастады. Реформалардың негізгі мақсаты – макроэкономикалық тұрақтылық кәсіпкерлік қызметтің, ұсақ және орташа тауар өндірушілерге айналғанға дейін кеңейтілуін қалайды. Олар өздерінің арасында ішкі бәсекелестік ортаны қалыптастыруы қажет. Бұндай жағдайда мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға қолдау жасау жолына түсуі тиіс.
Үкімет өзінің осындай бағдарламалары туралы талай мәрте жариялады. Енді осы ыңғайдағы саясат сорабына талдау жасауға да болады. Министр Кабинетінің Қазақстанның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығын құру туралы 1994 жылғы 11 қазандағы қаулысымен танысу, бұл құжатты Қазақстан кәсіпкерлері конгресі әзірленген, оның республикадағы кәсіпкерлердің бәрінің бірдей көңілінен шығады деуге келмейтінің көрсетеді. Айта кетейік, қаулы оны қосар орындаушылардың да келісімімен қабылдануы тиіс еді, бірақ олай болмаған. Бұл да аталған үкімет шешімінің жарты кештігін көрсетсе керек. Атап айтқанда, ол кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі ғылыми орталық атқаруға тиісті міндеттерді толық атап көрсетпейді. Оның қызметінің негізгі бағыттырамен міндеттерін жүзеге асырудың механизмдерін, оны қаржыландырудың тәртібі мен көздері анықталмаған.
Бұған қоса бюджет тапшылығы жағдайында орталықты ұстау үшін үстіміздегі жылдың өзінде 5 миллион теңге, сондай-ақ шетелдік техникалық көмек шеңберінде қаржы және ғимарат бөлу көзделген. Осы қаулымен, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі ережеге сәйкес, орталықтың ғылыми-практикалық кеңесі құрылған. Оның бір қатар мүшелері бір мезгілде кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның да мүшелері. Мұны орынды деуге бола қояр ма екен?
Қалыптасқан жағдайда Ғылыми және Жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттар институты базасында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі Ғылыми-ақпараттық орталық құрылған қолайлырақ секілді. Бұлай еткенде осы бағдардағы ұйымдық құрылымдарды, кадрларды, ақпараттық және материлдық-техникалық ресурстарды барынша тиімді пайдалануға болатын еді.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры ұсынған екінші нұсқасы шағын бизнес орталықтарының республикалық жүйесі арқылы жұмыс жүргізуді көздейді. Бұл жүйенің элементтеріне мыналар саналады: бизнес дамытудың ұлттық орталығы, нарықтық инфрақұрылымдар элементтері, кәсіпкерлер бірлестігі, аймақтық шағын бизнес орталығы, сауда жүйесі, лизинг. Сонымен бірге көзделіп отырған жүйенің орталық буыны аймақтық орталықтар болады деп жобалауда. Олар бизнес-инкубаторлар, бизнес орталықтары, технопарктер үлгісінде жұмыс істеуі мүмкін.
Осындай ШБО желісін құру бастамасын қолдай отырып, бірқатар ескертпелер мен толықтырулар айтқымыз келеді. ШБО-лар ұсақ және орташа тауар өндірушілер тобының құрылу процесіне мемлекет тарапынан ықпал етудің нақты құралы бола алады. Алайда барлық орталықты бір қалыптан шыққандай ұқсастырып қою дұрыс емес. Бұған басқа елдердің тәжірибесімен танысу барысында көз жеткіздік. Әрбір нақты жағдайда ерекше назар аударуды қажет етеді. Әйтседе, әдістемелік нұсқаулар беру мен кері байланыстың жұмысты жолға қою үшін зор маңызы бар.
Бүгінге дейін облыс орталықтарында құрылған ШБО-ларды акционерлендіру жолы қаржыдан қиналуды, бұл олардың орнығуына кедергі келтіруде. Кәсіпкерлікті қолдау қоры ұсынған ШБО-ларды акционерлендіру жолы қажеттілік және қызмет етудің тиімді үлгісі секілді көрінеді. Солай еткенде орталықтар бір жағынан – жергілікті жерлерде кәсіпкерлікті қолдау жөнінде мемлекеттік саясатты жүргізуші, ал екінші жағынан – кәсіпкерлердің аймақтық мәселелерді шешу үшін, мысалы, шағын индустрия саласында, бірігуінің үлесі бола алады.
Әрі қарай, ШБО-ларды өзінің сауда жүйесі, лизингтік қызметі бар бір жүйеге келу ұсынылады. Ал оның ең басында бизнесті дамытудың ұлттық орталығы тұрмақ. Алайда, бұл жерде де Қазақстанның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығы сияқты үлкен құрылым барлық қаржыны тиісті қайтарымсыз өзі жұтып қою қаупі сақталады. Көзделгеніндей, орталықтың (ШБҰО) жарғылық капиталын қалыптастырғаннан кейін оған ШБҰО желісін құру үшін мақсатты қаржылар немесе несие ресурстары беріледі. Және де одан әрі ШБҰО-ның инвестициялары акцияларды сатып алу және нақты бизнес-бағдарламалар арқылы шағын бизнес орталықтарының жарғылық қорларына орналыстырылады. Аймақтық орталықтарды қаржыландырудың бағдарламада ұсынылып отырған үлгісі орталықтардың қалыптасуының бастапқы және одан кейінгі кезеңдерінде де шығынды болатын тәрізді. Қаржы тұрақсыздығы, инфляция жағдайында осыншалықты ебедейсіз, далиған жүйе құру жол беруге болмайтын ысырапқорлық. Қаржыландырудың мұндай үлгісіне қатысу одан әрі өзін-өзі ақтауға күмән тұғызып, мемлекет тарапынан негізсіз несие беру мүмкін болатын жолдар қалдырады. Өзінің сауда үйлері арқылы тауар өткізу, баға саясаты жөнінде ұсыныстар әзірлеу баға белгілеудің объективтілігіне күмән туғызады.
Бизнес – инкубатор рөлінде қызмет ететін ШБҰО-лардың жобалар бойынша үлесі 25% аса алмайды. Кәсіпорынның қалыптасу кезінде шығындар ШБО жүйесі нақты жобаға тартқан қаржы есебінен жабылады. Біздіңше, бұл орайда ШБО-ларды нақты бизнес-бағдарламалар бойынша қаржыландыруды емес, қайта кәсіпкерлікті қолдау қорының орталықтандырылған несие ресурстарын тікелей өндірушілерге беру ұсынылады. Бұл ретте ШБО-лардың жобалар мен жарғылық қордағы үлесі инкубацияланатын кәсіпорын акциясының 25% дейін құрайтының ескеруге болады. Сонымен бірге ШЮО-лар тікелей салатын қаржы бөлек есептелуі тиіс.
Бұған дейін құрылған шағын бизнес орталықтарының өкілдерімен кездесулерде мәлім болғанындай, ШБО-лардың мәртебесі мәселесінің зор маңызы бар. Біздің пайымдауымызша, шағын бизнес дамытудың аймақтық орталығы мемлекеттік акционерлік қоғам болуы тиіс. Бұл жаңа қатысушыларды, жаңа жобаларды, қаржыны таратуға ғана емес, ШБО құру процессінің және кызметінің демократиялығын қамтамасыз еткен болар еді.
Қосымша тік құрылымдардың болуы мемлекеттің кәсіпкерлікке тиімді қолдау жасауына мүмкіндік бермейді. Ал экономиканың және меншік секторын дамытуды, нарық инфрақұрлымын экономика министрлігі, Қазақстанның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығы, сондай-ақ бизнес дамытудың ұлттық орталығы қабат басқаруы олардың бір-бірінің қызметін қажетсіз қайталануына әкеліп соқтырады. Бұл арада әңгіме басқару немесе бизнесті дамытудың ұлттық орталығы арасында тандау жасау туралы емес, тиімділік тұрғысында болып отыр.
Шаруашылық үдерістерінің есебі және кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері
Кәсіпорындағы өндірістік немесе коммерциялық қызметтің нәтижесінде болып отыратын әр түрлі өзгерістерді түсініп,бақылап отыру үшін сандық ж/е сапалық деп аталатын есеп көрсеткіштері пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |