Сабақтағы оқу үшін бағалау Пол Блэк пен Дилан Уильям өздерінің «Қара жәшік ішінде» атты көпке танымал



жүктеу 283,04 Kb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата24.12.2017
өлшемі283,04 Kb.
#5654
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс 

5-бет 


жылымда  (жетінші  сынып)  мақсатты  сынып  осы  әдіспен  жұмыс  істеуге 

әдеттенген. Мен бұл әдісті басқа топтармен жұмыс істегенде көбірек пайдалануға 

тырысамын. 

Қол көтерусіз 

 



Егер олар сұрақтың жауабын білсе, ерекше өтініш жасалмаса, оларға қол көтерудің 

қажеті  жоқ  екенін  біледі.  Тіпті  «Мен  білмеймін»  деген  жауап  болса  да,  барлық 

оқушылар кез келген уақытта жауап бере алады деп болжанады. 

Жағымды атмосфера 

 



Оқушылар  қате  жауап  беруге  қорықпайды.  Олар  дұрыс  жауап  сияқты  қате 

жауаптың да пайдасы болатынын біледі. Олар өз сыныптасына оның қате жауабын 

талдауға көмектесуге қуанышты. – Ненси,  Riverside мектебі. 

 

«Күту  уақытын»  ұлғайту  көптеген  оқушыларға  өз  жауаптарының  көлемін  ұлғайтып, 



талқылауға  белсендірек  қатысуға  көмектесуі  мүмкін.  Жұмысқа  барынша  тартуды 

күшейтудің  тағы  бір  әдісі  –  мұғалім  жауапты  сұрардың  алдында  екі-үш  минут  ішінде 

оқушылардан  сұрақты  жұп  болып  немесе  ұжымдасып  талқылауды  сұрау.  Бұл  тәсілдің 

арқасында  мұғалімдер  оқушылардың  бастапқы  білімдері  туралы,  сол  білімдегі  қандай  да 

болмасын  кемшіліктер  мен  жалған  түсініктер  туралы  көбірек  біліп,  өздерінің  алдағы 

қадамдарын оқушылардың тікелей қажеттіліктеріне бағыттай алады.  

Бұндай  өзгерістерді  пайдалану  фактілерді  айқындауға  бағытталған  шектеулі 

сұрақтармен  жұмысты  азайтып,  балалардың  назарын  сұрақтардың  түрлі  функциялары  мен 

сапасына  аударуды  көздейді.  Мәселен,  «үлкен  сұрақты»:  сабаққа  кіріспе  бола  алатын  және 

шағын топтарда немесе бүкіл сынып ішінде талдау жүргізуге түрткі бола алатын ашық сұрақ 

немесе  проблемалық  жағдайдан  шығудың  шешімін  табу  туралы  тапсырманы  пайдаланып 

көріңіз.  Қалай  болған  күннің  өзінде  де  бұл  стратегия  өнімді  болу  үшін  бұл  тапсырманы 

орындау  нәтижесінде  алынатын  екі  жауап  та,  осы  жауаптан  кейінгі  қадамдар  да  болжаулы 

болуы  керек.  Жақсы  сұрақ  қою  туралы  идеялар  мен  тәжірибе  алмасу  мақсатындағы 

мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық өте пайдалы. Сұрақтардың өздері сабақтың маңызды 

бөлігіне  айналады,  себебі  бұл  сұрақтардың  оқушылардың  оқуына  ықпал  етіп,  оны 

дамытатындай етіп құрылып, пайдаланылуы басты назарда болады. Төменде осы жөнінде бір 

мұғалімнің пікірі келтірілген: 

 

«Мен  орта  буындағы  топты  таңдап,  шын  мәнінде  оларға  қоятын  сұрақтарымның 

түрлері  туралы  ойлана  бастадым:  олар  бір  сөзден  тұратын  жауап  талап  ете  ме; 

олар нені тексереді – оқушының білімін бе, әлде түсінігін бе; мен сыныпқа жауапты 

ойлауға  жеткілікті  уақыт  беремін  бе;  дұрыс  жауапты  тез  аламын  ба;  оқушыдан 

өзінің жауабын түсіндір деп сұрадым ба; қате жауап алғанда өзімді қалай ұстадым? 

Бұл  туралы  ойлауды  қойғанда,  мен  сабақтың  мазмұны  мен  барысын  құру  үшін 

олардың  жауаптарын  пайдалану  арқылы  қыздарды  оқыту  тәжірибесін  өзгерте 

алатынымды сезіндім. – Гвен, Waterford Мектебі. 

 

Тиімді жауап алу да оқушылардың әңгімесіне мұғалімнің жоспарланбай араласуының 



маңызды  аспектісі  болып  табылады.  «Сен  неге  солай  ойлайсың?»  немесе  «Сен  оны  қалай 

түсіндіре  алар  едің?»  сияқты  қарапайым  сұрақтар  сабақта  өзара  іс-қимылға  жетелейтін 

ықпалды  күш,  сонымен  бірге  олардың  жұмысына  бірден  түсініктеме  беру  арқылы 

оқушыларға тереңнен ойлауға түрткі болатын баға жетпес мүмкіндік болып табылады. 

Мұғалімдердің тәжірибесіне негізделген жұмыста пайдалы болатын басты кеңестер: 

 



Сұрақтарды құруға көп күш салу қажет. Бұл сұрақтар оқушылардың сын тұрғысынан 

ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етуі қажет. 

 

Оқушыларға  сұрақты  жан-жақты  ойлауға  мүмкіндік  беру  үшін  «күту  уақытын» 



бірнеше  секундқа  ұлғайту  қажет,  сондай-ақ  әр  оқушыда  қойылған  сұраққа  өзінің 

жауабы бар және  ол  әңгімені  қолдай біледі деп күтілу керек. Сол жағдайда дұрысы 

болсын, қатесі болсын, барлық жауаптар оқушылардың тақырыпты түсінуін дамыту 



«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс 

6-бет 


үшін  пайдаланылады.  Негізінен  жауап  алудың  мақсаты  жай  ғана  жауап  алу  емес, 

сұрақты терең түсінуін дамыту болып табылады. 

 

Одан  кейін  орындалатын  тапсырмалар  терең  мағыналы  болуы  керек,  өйткені  олар 



оқушыларға өзінің түсінігін дамытуға мүмкіндік береді.  

Сонымен,  сұрақ  қойғандағы  жалғыз  мақсат  мұғалімге  қажет  немесе  оқушылар 

ойлануға тиіс ақпарат алу болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, бұндай өзгерістер орын 

алғанда, оқушылар оқу үдерісіне мейлінше белсенді қатысып, оқу негізінен олардың жылдам 

дұрыс жауап беру қабілетінен емес, өз ойларын жеткізуге дайын болып, өздерінің пікірлерін 

қорғай  білуіне  байланысты  екендігін  түйсінді.  Мұғалімнің  рөлі  де  ақпаратты  жай  ғана 

жеткізуден, оқушылар айтқан идеяларды дамыту үдерісін басқарушыға дейін өзгереді. 

 

Жіктеуге негізделген кері байланыс 



 

Оқушыларға  олардың  ауызша  және  жазбаша  жұмыстарына  қатысты  айтылған  пікір 

сыни сипатта болады. Зерттеу эксперименттерінен көрініп отырғандай, егер түсініктеме беру 

түрінде пікір  білдірілсе,  бұл  оқытуды  жетілдіруге  ықпал  етеді,  ал  сандық  балл  немесе  баға 

алу  керісінше  кері  әсер  етуі мүмкін, себебі  оқушылар бағаның  алдындағы түсініктемелерге 

көңіл аудармайды

5

. Мұғалімдер бұндай нәтижелерге қайран қалуда, алайда кейбіреулері баға 



қоюдан  бас  тартып,  бұндай  жағдайларда  оқушылардың  өзінің  жұмысын  жақсартуға 

бағытталған істері анағұрлым өнімді деген тұжырымды растап отыр.  

Көптеген  мұғалімдерді  балл  немесе  баға  емес,  түсініктеме  жазылған  жұмыстарын 

алғанда  оқушылар  қандай  жағдайда  болатыны  толғандырады.  Дегенмен,  бұл  мектеп 

саясатына қайшы келуі мүмкін: 

 

Менің  баға  қою  тәжірибем  мектеп  саясатына  сәйкес  келетін  баға  қойылып, 

мақсаттары жазылған түсініктеме беруден бастап, тапсырма берілген түсініктеме 

жазуға  дейінгі  жолдан  өтті.  Баға  қойылмаған  жағдайда  оқушылар  мақсаттармен, 

түзетулермен  анағұрлым  өнімді  жұмыс  істейді.  Клэр  (Ли)  егер  тапсырмаға 

түсініктемелермен  бірге  баға  да  қойылған  болса,  оқушылар  түсініктемелерді  оқуға 

өте аз уақыт жұмсайтынын бірнеше рет көрген екен. Қазір өзім таңдаған сыныпта 

мен  мынадай  жұмыс  тәртібін  орнаттым:1)  баға  қойылмайды,  тек  түсініктеме 

беріледі; 2) ненің жақсы жасалғанын, ал нені әлі де пысықтау қажеттігін көрсететін 

түсініктеме  беру;  3)  қосымша  тапсырманы  келесі  бағалағанға  дейін  орындауға 

болатын көлемде беру. – Нэнси, Riverside мектебі. 

 

Оқушылар  бұны  қалай  қабылдар  деген  бастапқы  қорқыныш  негізсіз  екен,  тіпті  ата-



аналар мен мектеп инспекторлары да жылы қабылдады. Шынымен, оқушыларға түсініктеме 

беру  ата-аналарға  белгілі  бір  балл  немесе  баға  не  үшін  қойылғанын  түсінуге  тынысқанша, 

оқу  мәселесіне  көбірек  көңіл  бөлуге  мүмкіндік  береді.  Қазір  біз  үй  тапсырмасын  бағалауға 

кетіретін  мұғалімдердің  күшін  басқаға  аударуға  болады  деп  санаймыз.  Балл  немесе  баға 

оқушыларға олардың жұмысын қалай жақсарту керектігін айтпайды, сондықтан бұл тәсілдің 

олардың білімін арттыруға ықпалы болмайды. 

Бастапқыда түсініктеме беру көп күш қажет етеді, себебі мұғалімдерге өздері айтатын 

түсініктеменің  сапасын  қадағалау  керек.  Тиімді  түсініктеме  беру  туралы  идеялар  мен 

тәжірибе  алмасу  мақсатында  орнаған  мұғалімдер  арасындағы  ынтымақтастық  өте  пайдалы, 

бұл  тәжірибе  кері  байланысты  жиі  қолдануға  әсер  етеді.  Қалай  десекте,  оқушылар  оларды 

алдағы  жұмысында  басшылыққа  алатын  болса,  түсініктеме  оқушылармен  кері  байланыс 

орнатудың тиімді құралы болмақ. 



 

Алғашқы  біліктілікті  арттыру  семинарынан  кейін  оқушыларға  барынша  мазмұнды 

пікір беру үшін жұмысты бағалаудың басқа амалын қолданып көргім келді. Оқушылар 

менің  түсініктемеме  назар  аударғандығын  білу  үшін  әрдайым  барлық  жұмыстарды 

қайталап  қарай  бермеу  үшін,  олардың  менің  түсініктемеме  реакциясын  бақылаудың 


жүктеу 283,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау