Үй тапсырмасын тексеру Шөмішбай Сариев
Домбыра туралы баллада
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында,
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.
Қ-СЫ: Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.
Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның
Аманат қып ұрпағына жолдаған.
|