Сабақ тақырыбы Сағат саны Мерзімі 1


Мектептегі тәжірибе (6 апта)



жүктеу 1,39 Mb.
бет3/4
Дата23.02.2018
өлшемі1,39 Mb.
#10576
түріСабақ
1   2   3   4
Мектептегі тәжірибе (6 апта)

Мектептегі тәжірибе кезінде мұғалімдерге қойылатын талаптар:
Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінің соңына дейін барлық мұғалімдер мектептегі тәжірибе кезеңінде олардан не талап етілетінін айқын түсінгені аса маңызды.

Бұл талаптарға:

•• Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған он тапсырманы орындау;

•• Сынып аясында жергілікті іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлау және жүргізу;

•• Бағдарламада ұсынылған жеті модульдің екеуі бойынша әріптестердің коучингісі;

•• Бағдарламаның барлық жеті модулін тізбектелген сабақтар топтамасына (кем дегенде

төрт сабақтан тұратын) ықпалдастыру бойынша әріптестердің біреуіне тәлімгерлік ету жатады. Іс-әрекеттегі зерттеудің, коучинг және тәлімгерліктің жазбалары портфолио бойынша тапсырмаларды орындау үшін қажет болмақ. Ал портфолио тыңдаушының курста оқуын бағалауға негіз болады. Мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған он тапсырманың көпшілігі бағалауға арналған портфолиоға кіреді. Мұғалімдерге барлық он тапсырманы орындап, олар бойынша жазба жүргізу керек. Бұл жазбалар екінші «Бетпе-бет» кезеңінде қажет болады.

Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінің соңына дейін тренерлер мұғалімдерге мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмалар бойынша олардың білгісі келген кез-келген мәселе жөніндегі сұрақтарын қоюға мүмкіндік бере отырып, ол тапсырмалар туралы хабардар екендіктерін тексерулері керек. Мұғалімдерге мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған он тапсырманы орындаудың, сонымен қатар деректер жинау және портфолионың үш тапсырмасы бойынша жазбаларды жүргізудің маңыздылығын түсіндіру керек.



Мектептегі тәжірибе кезінде мұғалімдерге қолдау көрсету

Мектептегі тәжірибе кезінде тренерлердің мұғалімдермен байланыста болғаны аса маңызды, олар:

•• Үздіксіз қолдау көрсетіп, мұғалімдерге іс-әрекеттегі зерттеу, коучинг және тәлімгерлік жүргізу үдерісінде кеңес бере алады;

•• Мұғалімдердің Бағдарлама идеяларына сәйкес жұмыс істеп жатқандығына көз жеткізу үшін олардың жұмысының мониторингін жүргізе алады;

•• Мұғалімдер орындауға тиісті тапсырмалардың барлығын орындап жатқандығын тексере алады.

Форумды пайдалану

Тренерлер форумда топтық жұмыс жүргізуге арналған кеңістікті ұйымдастырады, ол мектептегі тәжірибе кезінде мұғалімдермен байланыста болу үшін пайдаланылады.

Тренерлер мектептегі тәжірибе кезінде өз тобының тыңдаушыларының әрқайсысымен кем дегенде екі реет байланысуы керек:

Бірінші тілдесу мұғалімдерде бағдарлама талап ететін жоспардың бар-жоқтығын және мектеп басшылығынан барлық қажетті рұқсаттың алынғандығын анықтау үшін кезеңнің басында жүргізіледі.

Екінші тілдесу тапсырмалардың дұрыс өтіп және орындалып жатқандығына көз жеткізу үшін қажет. Бұл тілдесу мұғалімдер тренерден алған нұсқауларға сәйкес әрекет ету үшін мейлінше ерте жүргізілгені дұрыс, алайда мұғалімнің дұрыс бағытта екендігін бағалауға мүмкіндік болу үшін, тым ерте болмауы тиіс.

Тренерлермен жүргізілген екі тілдесуге қосымша мұғалімдер туындаған сұрақтары бойынша жауап алу үшін форумды пайдалана алады. Әріптестерден қолдау алу үшін мұғалімдердің форумды пайдалануын ынталандыру қажет. Алайда егер мұндай тәсіл нәтиже бермеген жағдайда, тренерлер мұғалімдерді қолдап және бағыттап отырулары тиіс.

Осылайша, тренерлер әріптестер жауап бермеген сұрақтарға жауап беру үшін форумды үнемі тексеріп отырғандары аса маңызды. Тренерлер жауап бере алмайтын сұрақтарды қажеттігіне қарай Педагогикалық шеберлік орталығына немесе солар арқылы Кембридж университетінің сарапшыларына жіберуге болады

Екінші «Бетпе-бет» кезеңі (4 апта)


1-апта

1-күн 1-2 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:


Екінші «Бетпе-бет» кезеңінің құрылымына, мазмұнына кіріспе. Мектептегі тәжірибені жалпы талқылау және оның нәтижелері бойынша кері байланыс орнату

Жалпы мақсаты:


Екінші «Бетпе-бет» кезеңінің нысаны, барысы және мазмұны туралы мұғалімдерді ақпараттандыру. Мұғалімдерге бірінші «Бетпе-бет» кезеңінің идеяларын өз мектептеріне енгізу тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік беру.

Оқу нәтижелері


Мұғалімдер екінші «Бетпе-бет» кезеңінің нысаны мен талаптарын түсінеді.

Өз тәжірибелерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастыру.






1. Төрт аптаның мазмұны туралы әңгімелеу:

•• Орындауға арналған жаттығулар түрлері;

•• Күн тәртібі;

•• Апта сайынғы бағалау үдерісі.

Бұл мақсаттар үшін powerpoint таныстырылымдарын пайдалануға болады. Жоғарыда келтірілген тізімнің үшінші тармағын талқылау кезінде Мұғалімге арналған нұсқаулықтың бағалау тақырыбын қозғайтын бөліміне сілтеме жасаған жөн.

2. «Танысуға» қатысты, мысалы, тренерлерді оқыту бағдарламаларының бірінші және екінші «Бетпе-бет» кезеңдерінің басында пайдаланылған кейбір белсенді жаттығуларды пайдаланыңыз.

3. Әрбір мұғалімге алдын-ала төрт бөлікке бөлінген ашықхаттардың бөліктерін беріңіз де, картинканың қалған фрагменттері бар үш адамды табуын сұраңыз. Әркім қалған үшеуіне өзі туралы кез-келген деректерді айтады.

4. Мұғалімнен басқа мұғалім туралы өзіне бұрыннан мәлім емес дерек туралы айтуын сұраңыз.

5. Әңгіме болып жатқан адамға лақтыратын допты пайдалануға болады. Содан кейін басқа біреу туралы айту кезегі осы адамға келеді. Әрбір мұғалім допты өзінде ең кем дегенде бір рет ұстап тұруы тиіс.Сіз басқа ұқсас жаттығуларды пайдалана аласыз. Ең бастысы, олар «белсенді» болып,бір-біріне таныс емес мұғалімдер арасындағы әңгімені ынталандыруы керек.

Үзіліс.1) Оқытудың бірдей сатысында, мысалы, бастауыш немесе орта білім саласында жұмыс істейтін мұғалімдерді 3-4 адамнан топ етіп ұйымдастырыңыз. Сонымен қатар мүмкін болса, мұғалімдерді пәндер бойынша бөлуге болады. Топтар төраға мен хатшыны тағайындайды да, бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде белгіленген топтық жұмыс ережелеріне бағынады. Топтар ресурс парағында көрсетілген сұрақтарды талқылайды, ал хатшы жауаптарды жазып отырады.






2) Хатшы және топтың бір қатысушысы оқытудың басқа сатысына немесе басқа пән бойынша сабақ беретін мұғалімдер тобына ауысады. Жаңа құраммен оқытудың әртүрлі сатыда немесе әртүрлі пәндерден сабақ беретін мұғалімдер тәжірибесінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары талқыланады. Әрбір топ ұқсастық пен айырмашылықты плакатқа жазады – ұқсастығын бір жағына, айырмашылығын сырт жағына жазады.

Ресурстар: «Кіріспе» таныстырылымы (Білім беру платформасын қараңыз)

Мұғалімге арналған нұсқаулық.Мектептегі тәжірибе туралы кері байланыс

(Білім беру платформасын қараңыз)






1-апта

1-күн 3-4 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Мұғалімнің жауап алуы мен оқушының ойлау деңгейі арасындағы байланыс

Жалпы мақсаты:


Мұғалімнің жауап алуы мен оқушылардың ойлау дағдылары тақырыбындағы тапсырмаларды орындау қорытындыларымен бөлісу.

«Қорытынды» мен «Талдау» арасындағы айырмашылықты түсінуді дамыту.



Оқу нәтижелері


Мұғалімдер:

•• Жоғары тәртіптегі ойлауды қамтитын сұрақтар түрлерін түсінуді жетілдіреді.

•• Қорытынды туралы қалай есеп беру және іс-әрекеттегі зерттеу жөніндегі жобаның қорытындыларын қалай талдау қажеттігі туралы түсінікті жетілдіреді.





Мұғалімдер 4-6 адамнан тұратын топтарда жұмыс істейді

1. Мұғалімдер бақылау парағын салыстырады және мұғалімдердің сауалнамасына оқушылардың қалай әрекет еткенін көрсететін ойлаудың алуан түрлерін бейнелеу үшін графикалық таныстырылымның белгілі бір түрін пайдаланады. Мұғалімдер мынадай сұрақтарға жауап береді: Ойлаудың қандай түрлері жиірек іске қосылады?

Ал қандайы азырақ іске қосылады?

Мұғалімдер үнемі ойлаудың бірдей түріне түрткі болды ма, әлде кейбір оқушылар

басқаларына қарағанда жоғарырақ деңгейдегі ойлауға қол жеткізе алды ма?

2. Мұғалімдер Блум таксономиясының тақырыптарына сәйкес ойлаудың алуан типті түрлері кіретін сұрақтар үлгілерінің тізімін құрады, мысалы, білу, түсіну т.б. және оларды қызықты түрде ұсынады. Мұғалімдер мынадай сұрақтарға жауап береді:Ойлаудың алуан түрлі деңгейлерін қамтитын сұрақтардың қандай ұқсастықтары бар?

Жоғарырақ деңгейдегі ойлауды қамтитын сұрақтарда қандай да бір негізгі, тірек сөздер болды ма?

3. Мұғалімдер өздерінің «Жауап алуды пайдалану» рефлексивтік есептеріне сүйенеді –және төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, шағын рефлексивтік есеп жазады (А4 форматты парақтың жарты бетінен артық емес):

Берілген тапсырманы орындай отырып, оқытуда жауап алуды пайдалану туралы не білдіңіз?





4) әрбір топ төмендегі мамзұнда плакат дайындайды:

•• Сіздің сандық және сапалық деректер туралы жазбаңыз;

•• Сіздің сандық және сапалық деректерді талдауыңыз;

•• Сіздің талқылауыңыздың нәтижесі.

Үзіліс.Әрбір топ кезекпен қалған топтарға өз плакатын таныстырады (5 минут + кері байланысқа

5 минут). Бұл жаттығу іс-әрекеттегі зерттеудің қорытындысын ойластыруға және сол зерттеу есептерінің бөлімдерін талдауға көмек беретіндігін түсіндіріңіз.

Ресурстар: Жауап алу және ойлау деңгейі (Білім беру платформасын қараңыз)

Мұғалімдерде болуға тиісті нәрселер:

•• Бақылау парағы;

•• Рефлексивтік есептер;

•• Сабақтардың бейнежазбасы (болған жағдайда)

(Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған 1-тапсырма)






1-апта

2-күн 1-2 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Бағдарламаның жеті модуліне сәйкес іс-әрекеттегі зерттеудің тақырыбын негіздеу

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдерге іс-әрекеттегі зерттеу бойынша есептің бірінші бөлімін аяқтауда қолдау көрсету.

Оқу нәтижелері:


Мұғалімдер:

•• Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша есептің бірінші бөліміне қойылатын талаптарды немесе критерийлерді түсінеді;

•• Берілген бөлімді жақсарту бойынша кері байланыс орнатылады.





Мұғалімдер іс-әрекеттегі зерттеу бойынша есептің бірінші бөлімінің жобасын жазады.Олардың естеріне салыңыз:

•• Жеті модульдің белгілі бір аспектісін немесе аспектілерін таңдау себептерін түсіндірулері керек екенін;

Бұл неге оның сыныбы аясында маңызды болды?

Бұл неге оның мектебі аясында маңызды болды?

•• Өзі зерттейтін оқыту мен оқу аспектісі туралы не белгілі екендігін түсіндіруі керек екенін;

Бұл бөлімде мұғалімдер бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде және Мұғалімге арналған нұсқаулықта баяндалған релеванттық идеяларды талқылауы тиіс. Мұғалімдер осы салада қалам тартып жүрген негізгі авторларға және осы салада жүргізілген маңызды зерттеулерге сүйенулері тиіс. Бұл бөлімді толықтыру үшін Нұсқаулықта берілген материалға қоса, оқуға арналған тиісті материалдарға сілтеме жасау ұсынылады.

•• Өзінің зерттеу сұрағын жазуы керек екенін;





Бұл жерде олардың неге қол жеткізуге ұмтылатыны нақты сипатталуы керек және осы сұраққа жауап бере отырып, сіз талқылаған идеялармен тікелей байланысты болуы тиіс.Сіз берілген бөлім бойынша сұрақтар мен идеяларды талқылау үшін шағын пікірталас (көп дегенде 10 минут) жүргізе аласыз.

Үзіліс.Мұғалімдер жұп болып жұмыс істейді:Әуелі әркім өз жұмысын қарастырады. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың барлығы баяндалғандығын ескеру қажет. Мұғалімдер жұмыстарымен алмасады да, осы бөлім бойынша барлығы жасалғандығына қатысты өз пікірлерін білдіреді. Мұғалімдер бір-бірінің жұмыстарын оқиды да, «Екі жұлдыз бен бір тілек» қағидаты бойынша ауызша түсіндірме беруі тиіс, атап айтқанда: оларға ұнаған екі мәселе және олардың пікірі бойынша жақсартылуы тиіс бір мәселе. Мұғалім әрбір жұлдызды не үшін бергенін негіздеуге тиіс.Тілекке қатысты – талаптарға (критерийлерге) сәйкес болу үшін жұмыс қалай жақсартылуы мүмкін екендігін түсіндіру керек.

Ресурстар:1-ресурс парағы (Білім беру платформасын қараңыз).

Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша есеп жазу.

4-ресурс парағы (Білім беру платформасын қараңыз)

Өзін-өзі бағалау және әріптестерінің жұмыстарын қарастыру






1-апта

2-күн 3-4 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Әріптестермен кеңесудің іс-әрекеттегі зерттеу жобасына ықпалы

Жалпы мақсаты:


Әріптестер сыныпта іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу барысында мұғалімдерді қалай қолдағандығы немесе кедергі жасағандығы туралы ой бөлісу.

Оқу нәтижелері:


Мұғалімдер:

•• Сыныптағы жұмысқа енгізілген өзгерісге әріптестері қалай қолдау көрсететінін түсінеді;

•• Әріптестері сыныптағы жұмысқа өзгеріс енгізуге қалай кедергі келтіретінін түсінеді.





1) Шағын топтық жұмыс (30 минут)

Мұғалімдер 6 адамнан тұратын топтарда жұмыс істейді.

Олар мына мәселелерді талқылайды:

•• Жобаны бастамас бұрын олар жоба туралы кімдермен сөйлесті?

•• Бұл адамдардың әрқайсысы көмектесуге қаншалықты дайын болды?

•• Сіздің жасағыңыз келген нәрсеге біреу кедергі жасады ма?

•• Зерттеуді жүргізуге қатысты біреулер ұсыныс білдірді ме?

•• Зерттеуді бастағаннан кейін сізді қолдауды біреу жалғастырды ма? Қалайша?






•• Мектептегі адамдармен талқылау сіздің зерттеуіңізге өзгеріс енгізуге түрткі болды ма?

Қандай өзгерістер енгізілді?

2) Жұптық жұмыс (1 сағат)

Мұғалімдер жұп болып жұмыс істеп, әріптесі зерттеуді әзірлеуге қолдау көрсеткен талқылауды көрсетуге дайындалады: Мұғалімдердің біреуі іс-шараларды жасау мақсатында зерттеуді жоспарлаушының рөлін ойнайды, ал екіншісі талқылауға қатысатын адамның рөлін ойнайды.

Сіз қатысқан шынайы пікірталастар, сондай-ақ бұған дейін бүкіл топ талқы жүргізген

пікірталастар пайдаланылады. Жұптар көрсетілімді басқалардың алдында қою үшін алдымен репетиция жасайды. Бұдан кейін мұғалімдер рөлімен алмасады да, жобаны жүргізуге кедергі келтірген әріптесін талқылауды сахналайды. Сіз қатысқан шынайы пікірталастар, сондай-ақ бұған дейін бүкіл топ талқы жүргізген пікірталасты пайдалануға болады.Жұптар көрсетілімді басқалардың алдында қою үшін алдымен репетиция жасайды.

Үзіліс.Әрбір жұп 6 адамнан тұратын топтардың аясында өз рөлдерін ойнайды. 6 адамнан тұратын әрбір топ басқаларға көрсету үшін бір «қолдау көрсетілетін» және бір «кедергі жасалатын» екі пікірталасты таңдайды. Барлық топқа көрсетіледі.

Ресурстар:Әріптестермен іс-әрекеттегі зерттеу туралы кеңесу (Білім беру платформасын қараңыз). Мұғалімдерде толтырылған «Басқалармен кеңесу» нысаны және мектептегі тәжірибе кезеңінде орындалатын 2-тапсырманың рефлексивтік есептері болуы керек.



1-апта

3-күн 1-2 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу кезінде балаларды оқыту туралы деректер жинау

Жалпы мақсаты:


Балаларды оқыту туралы деректерді жинаудың әртүрлі тәсілдерін қарастыру. Мұғалімдерді іс әрекеттегі зерттеу жөніндегі есептің «деректерді жинау» бөлімін жазуға дайындау.

Оқу нәтижелері:


Мұғалімдер:

•• Оқушылардың білім алғандығын көрсетудің алуан түрлерінің артықшылықтары мен

кемшіліктерін түсінеді;

•• Деректерді талдау кезіндегі мәселелердің негізділігі мен дұрыстығын қарастыруға кіріседі.






Мұғалімдер 3-4 адамнан тұратын топтарда жұмыс істейді.

1-жаттығу (30 минут)

Мұғалімдер өздері жинаған балалардың білім алғандығының дәлелдемелерінің жиынтық кестесін салыстырып, мыналарды талқылайды:

•• Сіздер топ ретінде жинаған деректердің қай түрі жиірек кездесті?

•• Сіздің пікіріңізше, осы түрдің жиі кездесетін себебі неде?

•• Топтың әрбір қатысушысы жинаған деректердің түрлері әртүрлі болды ма?






Қалай ойлайсыз, неліктен әртүрлі адамдар әртүрлі деректер жинады?

Мұғалімдер бұл сұрақтардың жауаптарын бір-екі слайд түрінде дайындайды (топ ретінде)

2-жаттығу (60 минут). Мұғалімдер жиналған деректердің кейбіреуін қарастырады.

Әрбір мұғалім деректердің, оның пікірінше, балалардың білім алғандығы туралы көп

мәлімет беретін бір түрін таңдайды. Мұғалімдер кезекпен топтағы басқа мұғалімдерге дәлелдемелерді көрсетеді де, қандай да бір деректердің зерттеу идеяларына қатысты үш баланың әрбіреуінің білім алғандығы туралы нақты не айтатынын түсіндіреді.Басқа мұғалімдер берілген деректердің қаншалықты күштілігі, олардың шынымен де мұғалім айтқандарды көрсететіні, көрсетпейтіні туралы кері байланыс береді. Әрбір мұғалім бір-екі слайдтан тұратын таныстырылым дайындайды, онда төмендегілер орналастырылады:

•• Ұсынылған деректер (бұл слайдта бейнеленуі немесе өзі көрсетілуі мүмкін);

•• Неліктен ұсынылған дәлелдеме олардың зерттеуіне қатысты барлық үш баланың білім алғандығын көрсететінін түсіндіру.

Үзіліс.3-жаттығу (10 минут)

Топ төмендегілерді қамтыған таныстырылым дайындайды:

•• 1-жаттығуды орындағаннан кейін дайындалған слайдтар;

•• Топтық 2-жаттығу кезінде барлық мұғалімдер дайындаған слайдтар;

•• Бір қорытынды слайд.

Әрбір топ өз таныстырылымын ұсынады (кері байланыс жасау уақытын қоса алғанда 10

минутқа жуық)

Ресурстар: Оқу дәлелдемелері (Білім беру платформасын қараңыз)

мектептегі тәжірибе кезеңінде орындалатын 3-тапсырмасынан дәлелдемелер жазбасы мен оқытудың жиынтық кезеңдері






1-апта

3-күн 3-4 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Іс-әрекеттегі зерттеулерге арналған деректерді жинау

Жалпы мақсаты:


Мұғалімдерге іс-әрекеттегі зерттеу бойынша есептің екінші бөлімін жазуда қолдау көрсету.

Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша есептің екінші бөлімі бойынша өз жұмысын және әріптестерінің жұмысын бағалау.



Оқу нәтижелері:


Мұғалімдер:

•• Әдістемеге енгізілген өзгерістерге түсініктеме берудің қажеттілігін түсінеді.

•• Балалардың білім алғандығының дәлеледемелері қалай жиналғандығын түсіндіру қажеттілігін түсінеді.





Мұғалімдер іс-әрекеттегі зерттеу жөніндегі есептің екінші бөлімінің жобасын жазады. Олардың естеріне салыңыз:

•• Олардың әдістемесіне қандай өзгерістер енгізілгенін түсіндіру керектігін;

Олар өздерінің әдеттегі әдістемесінде нақты нені өзгертті?

Бұл үдеріске қандай балалар қатысты? Неге нақты осы балалар (барлық сынып болмаған

жағдайда)? Қандай балалардың білім алуына көңіл аударылды?

Неге нақты осы балалар (барлық сынып жұмылдырылмаған жағдайда)?

Балалар қандай жаттығуларды орындады? Олар сыныптағы әдеттегі жаттығулардан несімен ерекшеленді? Олар қандай жаңа ресурстарды пайдаланды? Олар әдетте пайдаланылатындардан несімен ерекшеленді? Олар неге осы өзгерістерді енгізді – Бағдарламаның бірінші «Бетпе-бет» кезеңінің идеяларымен және Нұсқаулықта сипатталған идеялармен байланысы қандай?

•• Балалардың білім алғандығын көрсету үшін қандай деректер жиналғандығын және олар нақты қалай жиналғандығын түсіндіру керектігін;

Оқыту жазбасы жүргізілді ме? Егер солай болса, нақты қанша сабақ және сыныптың қай бөлігінде?

Мұғалімдер бақылау жүргізді ме? Олар бақылау нысанын пайдаланды ма немесе түсіндірме жазбалар жазды ма? Олар балалардың жұмыстарын жинады ма?

Сабақты бағалауды аяқтау үшін балалармен әңгімелесу жүргізді ме?

Балалардың білім алғандығын анықтау үшін қандай басқа әдістер пайдаланылды?

Сонымен қатар мұғалімдер қандай да бір әдісті таңдау себебін түсіндіре алады. Таңдалған әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Үзіліс.Мұғалімдер жұпта жұмыс істейді:Әуелі әркім өз жұмысын қарастырады.

Жоғарыда көрсетілген тармақтардың барлығы баяндалғандығын ескеру қажет.

Мұғалімдер жұмыстарымен алмасады да, осы бөлім бойынша барлығы жасалғандығына қатысты өз пікірлерін білдіреді.






Мұғалімдер бір-бірінің жұмыстарын оқиды да, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша ауызша түсіндірме беруі тиіс, атап айтқанда: оларға ұнаған екі мәселе және олардың пікірі бойынша жақсартылуы тиіс бір мәселе. Мұғалім әрбір жұлдызды не үшін бергенін негіздеуге тиіс.Тілекке қатысты – талаптарға (критерийлерге) сәйкес болу үшін жұмыс қалай жақсартылуы мүмкін екендігін түсіндіру керек.

Ресурстар:Іс-әрекеттегі зерттеу туралы есеп жазу (Білім беру платформасын қараңыз)

4-ресурс парағы – Өзін өзі және өзара бағалау (Білім беру платформасын қараңыз)





1-апта

4-күн 1-4 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Іс-әрекеттегі зерттеу нәтижелерін талдау. Іс-әрекеттегі зерттеу. Әріптестердің өзара бағалауы

Жалпы мақсаты:


Мұғалімдерге іс-әрекеттегі зерттеу бойынша қорытынды мен талдау бөлімдерін жазуда

қолдау көрсету.



Оқу нәтижелері:


Мұғалімдер:

•• Қорытынды мен қорытындының талдауы арасындағы айырмашылықты түсінеді;

•• Айтылған тұжырымдамаларды дәлелдеу үшін деректерді қалай пайдалану керектігін түсінеді;

•• Зерттеу сұрағын қорытындының талдауында талқылаған дұрыс екендігін түсінеді.






Мұғалімдер өздерінің іс-әрекеттегі зерттеу жобаларындағы қорытынды мен талдауды көрсететін плакатты жеке-дара дайындайды. Плакаттың нақты бөлінген екі бөлімі болуы тиіс: қорытынды және талдау. Мұғалімдердің өз плакаттарын таныстыруда креативтілік танытуын ынталандырыңыз. Мұғалім бұл екі бөлім арасындағы айырмашылықты түсіну үшін «Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша есеп жазу» атты 1-ресурс парағына сүйене алады.

Үзіліс.Плакаттар бөлме ішінде ілінеді.

Мұғалімдер «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша стикерлерде кері байланыс ұсынады.

Мұғалімдерге төмендегідей табыс критерийлерін беріңіз. Олардың кері байланысы осыларға сүйенетін болсын.

Осы плакат:

•• Қорытындыны нақты әрі айқын көрсете ме?

•• Талдаудағы шынайы қорытындыларға сүйене ме?

•• Талдауда қорытындыға негізделген ұсыныс жасала ма?

Әрбір плакатта кем дегенде 3 стикер болуы керектігін айтыңыз.

Мұғалімдер іс-әрекеттегі зерттеудің үшінші бөлімін жазу жөніндегі жұмыстарын толықтыру үшін кері байланысты пайдаланады.

Түскі ас.Мұғалімдер іс-әрекеттегі зерттеудің үшінші бөлімінің жобасын жазады. Олардың естеріне салыңыз:

1. Өз қорытындыларын нақты әрі айқын көрсету керектігін;

Сандық қорытындылар кесте, сызба немесе әртүрлі график түрінде берілуі мүмкін.

Мұндай қорытындылар қандай да бір оқиғаның қанша рет болғандығын білдіруі мүмкін

немесе оқушы мен оқиға арасындағы, не болмаса оқиғаның екі типі арасындағы және т .б. өзара байланысты көрсетуі мүмкін. Сапалық қорытындыларға мыналар кіруі мүмкін:





o Сыныптағы әңгіменің транскриптісінен үзінділер;

o Фотосуреттер (түсіндірмелері болуы мүмкін);

o Бейнежазбадан үзінді-кадрлар (түсіндірмелері болуы мүмкін);

o Оқушылар жұмысының көшірмелері (түсіндірмелері болуы мүмкін);

o Әңгімелесу транскриптілерінен үзінділер

o Оқушылардың бағалауы және түсіндірмелері.

Сапалық қорытындылар (деректер) көбіне сандық қорытындыларды (деректерді)

суреттейді.

2. Өз пікірлері бойынша не болғандығын дәлелдейтін пайымдауларын енгізу үшін өз

қорытындыларын талдау керектігін. Бұл талдау қойылған зерттеу сұрағына жауап беруге көмектесуі тиіс.Талдауда қорытындыларға сілтеме жасап, зерттеу сұрағына қатысты олардың мәнін түсіндіруге тырысқан дұрыс.

Үзіліс.Мұғалімдер жұпта жұмыс істейді:Әуелі әркім өз жұмысын қарастырады.

Жоғарыда көрсетілген тармақтардың барлығы баяндалғандығын ескеру қажет. Мұғалімдер жұмыстарымен алмасады да, осы бөлім бойынша барлығы жасалғандығына қатысты өз пікірлерін білдіреді.Мұғалімдер бір-бірінің жұмыстарын оқиды да, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша ауызша түсіндірме беруі тиіс, атап айтқанда: оларға ұнаған екі мәселе және олардың пікірі бойынша жақсартылуы тиіс бір мәселе. Мұғалім әрбір жұлдызды не үшін бергенін негіздеуге тиіс. Тілекке қатысты – талаптарға (критерийлерге) сәйкес болу үшін жұмыс қалай жақсартылуы мүмкін екендігін түсіндіру керек.

Ресурстар:Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша есеп жазу (Білім беру платформасын қараңыз)





1-апта

5-күн 1-4 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Әрекеттегі зерттеуге қатысты таныстырылым өткізу және формативті кері байланыс орнату

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдерге бағалау жүргізілетін аптаға арнап таныстырылым әзірлеуде қолдау көрсету.

Оқу нәтижелері


Мұғалімдер:

•• Өзінің бірінші таныстырылымын жасайды;

•• Өз таныстырылымдарын жақсарту туралы формативті кері байланыс орнатады.





Мұғалімдер тобының бірінші ¼ бөлігі өзінің іс-әрекеттегі зерттеу жобасының қорытындылары және оның болашақ тәжірибеге әсері туралы 20 минуттық таныстырылым ұсынады.Таныстырылымнан кейін қалған мұғалімдер таныстырылымның табыс критерийлеріне сәйкестігіне қатысты кері байланыс ұсынады:




Таныстырылым мұғалім жасаған қорытындыны айқын түсіндіре ме?

Мысалы, тәжірибеге енгізілген өзгерістер оқушылардың оқуына қалай әсер етті (егер ондай жағдай болса)?

•• Мұғалім жасалған қорытынды нәтижелерінде алдағы уақытта өз тәжірибесіне өзгерістерді қалай енгізгісі келгенін түсіндірді ме?

•• Таныстырылым айқын әрі қызықты болды ма?

(Таныстырылым кезінде критерийлерді көрсету қажет)

Тренер қорытынды жасап, кері байланыс ұсынуы қажет.

Үзіліс.Мұғалімдер тобының екінші ¼ бөлігі 20 минуттық таныстырылым ұсынып, кері байланыс алады.

Түскі ас.Мұғалімдер тобының үшінші ¼ бөлігі 20 минуттық таныстырылым ұсынып, кері байланыс алады.

Үзіліс.Мұғалімдер тобының соңғы ¼ бөлігі 20 минуттық таныстырылым ұсынып, кері байланыс алады.


2-апта

1-күн 1-2 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Бірлескен критериалды бағалау және алға қойылған мақсаттарды саралау

Жалпы мақсаты:


Әртүрлі жастағы және үлгерім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған табысты оқу критерийлерін саралау тәсілдерін қарастыру.

Оқу нәтижелері


Мұғалімдер:

•• Критериалды бағалауды қалай пайдалану түсінігін жетілдіреді.

•• Әртүрлі жастағы және үлгерім деңгейі әртүрлі оқушыларға бір тақырыпты тиімді жеткізуге болатынын түсінеді.





1-жаттығу.Мұғалімдер жұптарда жұмыс істейді және бір-біріне түсіндіру үшін мектептегі тәжірибе кезінде орындалатын 4-тапсырманың жұмыс нысанындағы жазбаларды пайдаланады:

•• Өздері сабақ берген тақырып;

•• Тақырып қалай берілгендігі (сабақ жоспарына сүйене отырып);

•• Үш оқушының әрбіреуіне арналған табыс криетрийлері;

•• Үш оқушының табыс критерийлеріне қол жеткізгендігінің дәлелдемелері;

•• Өз әріптестері берген үш оқушының табыс критерийлеріне қол жеткізгендігінің дәлелдемелері.






Екі мұғалім өз жұмыстары жөнінде айтқан кезде, олар мыналарды талқылайды: Бір сыныптағы әртүрлі үлгерім деңгейіндегі оқушылар үшін бір тақырыптың табыс критерийлері қалай ерекшеленді? Әртүрлі жастағы (бір, әртүрлі сыныптардағы) оқушылар үшін бір тақырыптың табыс критерийлері немен ерекшеленді?

Бастауыш сыныптың үздік оқушыларынан және жоғары сыныптың нашар оқушыларынан күтілетін нәтижелерінің түйісуі байқалды ма?

Табыс критерийлері барлық оқушыларға сәйкес келді ме?

Оларды болашақта оқыту үшін қандай түзетулерді жоспарлайсыз?

Үзіліс.Мұғалімдер 6-8 адамнан тұратын топтарда жұмыс істейді. Мұғалімдердің әрбір жұбы мектептегі тәжірибе кезеңінде орындалатын 4-тапсырмаға сүйене отырып, қалған мұғалімдер тобына жоғарыда келтірілген сұрақтарға жауаптарын ұсынады. Жұптардың таныстырылымы аяқталған соң, топ барлық топқа естіртіп айту үшін үш негізгі тармақты бөліп алады.Осы үш тармақ әртүрлі жастағы және үлгерім деңгейі әртүрлі оқушылар үшін бір тақырыпқа қатысты табыс критерийлерін белгілеуде топқа маңызды болып көрінетін нәрсеге қатысты болуы тиіс.Әрбір топтан өзінің үш тармағын айтуды сұраңыз.

Ресурстар: Критериалды бағалау (Білім беру платформасын қараңыз). Мұғалімдерде мектептегі тәжірибе кезеңінде орындалатын 4-тапсырманың жазбалары болуы тиіс.






2-апта

1-күн 3-4 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Бағдарламаның жеті модулі аясында коучинг сабағының тақырыбын негіздеу (1-сабақ)

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдерге коучинг әдісіне негізделген сабақ бойынша рефлексивтік есеп жазуда қолдау көрсету.

Оқу нәтижелері


Мұғалімдер:

•• Коучинг сабағы бойынша рефлексивтік есептерінің бірінші бөлімін жазады;

•• Бірінші бөлім бойынша кері байланыс ұсынады және алады.





Мұғалімдер коучинг сабағы бойынша бірінші рефлексивтік есептің бірінші бөлімінің жобасын жасайды. Оған мына мәселелер енуі тиіс:

•• Коучинг сабағының тақырыптары, мысалы, құрбыластарының бағалауы мен табыс

критерийлерін қолдану, бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру, ойлаудың жоғары деңгейін дамытуда дарынды және талантты оқушыларға көмектесу және т.б.

•• Коучинг сабағының мәнмәтіні:

oМектептің түрі қандай?

oМектептің қай мұғалімдері?






oСіздің тақырыбыңызға қатысты мұғалімдер бұрын не істеді?

•• Неліктен олар оқыту мен оқудың белгілі бір аспектісіне көңіл аударуды ұйғарды:

oСіз үшін бұл неге маңызды болды?

oБұл неге сіздің мектептің аясында маңызды болды?

•• Олар неге белгілі бір мұғалімдермен жұмыс істеуге ұйғарды:

oОқыту мақсатына қатысты олардың қажеттіліктері қандай болды?

Үзіліс.Мұғалімдер жұптарда жұмыс істейді:Әрбір мұғалім өзінің жұмысын талдайды. Олар жүргізілген жұмыс жоғарыда айтылғандарға қол жеткізгендігін қарастыруы тиіс. Мұғалімдер жұмыстарымен алмасады да, осы бөлім бойынша барлығы жасалғандығына қатысты өз пікірлерін білдіреді.Мұғалімдер бір-бірінің жұмыстарын оқиды да, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша ауызша түсіндірме беруі тиіс, атап айтқанда: оларға ұнаған екі мәселе және олардың пікірі бойынша жақсартылуы тиіс бір мәселе. Мұғалім әрбір жұлдызды не үшін бергенін негіздеуге тиіс.Тілекке қатысты – талаптарға (критерийлерге) сәйкес болу үшін жұмыс қалай жақсартылуы мүмкін екендігін түсіндіру керек.

Ресурстар:«Коучинг сабағы бойынша рефлексивтік есептер жазу» 2-ресурс парағы

(Білім беру платформасын қараңыз)

«Өзін өзі және өзара бағалау» 4-ресурс парағы (Білім беру платформасын қараңыз)






2-апта

2-күн 1-2 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Коучинг сабағын бағалау (1-сабақ)

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдердің өзінің бірінші коучинг сабағын талдауы.

Оқу нәтижелері:


Мұғалімдер:

•• Коучинг сабағы кезінде ненің сәтті, ал ненің сәтсіз өткенін анықтайды;

•• Өзінің коучинг сабағы бойынша кері байланыс алады





Мұғалімдер бірінші коучинг сабағын бағалау үшін өз бетімен плакат дайындайды:

Олар:1. Үлкен қағаздың ортасында коучинг сабағының жоспарын орналастырады;






2. Коучинг сабағы кезінде болған оқиғалардың артефактілерін дайындайды. Мұндай артефактілер сабақ суретінен, сабақ туралы жазбадан немесе мұғалім сабақ кезінде орындаған жұмыстардың мысалдарынан тұруы мүмкін.

3. Ненің сәтті, ненің сәтсіз өткенін түсіндіру үшін артефактілерге түсініктеме береді, мысалы, ашық сұрақтарға мысал жазумен айналысып жатқан мұғалімді көрсететін (сәтті) сурет немесе мұғалімдер рөлдік ойынға қатысудан бас тартқан сабақтардың сипаттамасы (онша сәтті емес).

4. Мұғалімдер коучинг сабағының қандай элементі жақсы өткенін, ал қандайы нашар

өткенін нақты бөле отырып, коучинг сабағы жоспарының айналасында артекфактілерді орналастырады.

Үзіліс. Төрт-алты мұғалім өз постерлерін алып, бір уақытта бөлмеде арнайы бөлінген орынға шығады. Әр мұғалім топтағы қалған мұғалімдерге өз постерін түсіндіреді (5-10 минут).

«Тыңдап отырған» мұғалімдер «екі жұлдыз, бір тілек» білдіре отырып, коучинг сабағында ненің жақсы өткені және оны жақсарту үшін не істеу керектігі туралы стикерлерде кері байланыс ұсынады.

4-5 мұғалімнен тұратын келесі топ өз плакаттарын таныстырады және т.с.с. Бір мезгілде сөз сөйлейтін мұғалімдердің саны топтың мөлшеріне байланысты. Әр мұғалімде өз плакатын таныстырып, кері байланыс алуға мүмкіндігі болуы қажет.





2-апта

2-күн 3-4 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:


Бірлескен топтық жұмыс жүргізуде әріптестерге қолдау көрсету

(шағын топтардағы жеке таныстырылымдар)



Жалпы мақсаты:


Топтық жұмысты қалай ұйымдастыру және дарынды, талантты оқушыларды оқытуды қалай тереңдетуге болатындығы жөнінде идеялармен бөлісу.

Оқу нәтижелері:


Мұғалімдер:

•• Бірлескен топтық жұмыс үшін лайықты мақсаттар мен тапсырмалар туралы идеялармен бөліседі;

•• Бірлескен топтық жұмыс кезінде оқытуды тереңдету үшін дарынды және талантты

оқушыларға беруге болатын әртүрлі рөлдерді білетін болады.






Мұғалімдер 4-6 адамнан тұратын топтарда жұмыс істейді.

1-жаттығу.Әрбір мұғалім кішкентай қағазда мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған

5-тапсырма бойынша жұмыс істеу барысында әріптестермен белгілеген бірлескен топтық жұмыс үшін лайықты оқыту мақсатын жазады.

Екінші кішкентай қағазда әрбір мұғалім әртүрлі мүмкіндігі бар оқушылар тобында бірлесе орындауға арналған тапсырмаларды жазады.

Үшінші қағазда әрбір мұғалім топта дарынды және талантты балаларға берілген рөлді жазады. Бұл қағаздарды басып шығарған дұрыс, өйткені жазылған болса, бұл тапсырманың жалғасын орындау барысында қай қағаз кімдікі екені анық көрініп тұрады. Топтағы барлық мұғалімдер жоғарыда сипатталған тапсырманы орындап болған соң, басқа топтармен өз парақтарымен алмасады.





Топтар барлық қағаздарды үстелдің ортасына қояды да араластырады. Топтар әрбір сабаққа арнап дарынды және талантты оқушыларға арналған мақсаттар, тапсырмалар мен рөлдерді байланыстыруға тырысады. Топ бұл тапсырманы орындап болған соң, қағаздарды олардың сәйкестігі дұрыс болған-болмағандығын тексеру үшін алғашқы топқа қайтарады.

Үзіліс. 2-жаттығу

Әрбір мұғалім қалған топқа таныстыру үшін оны кезекпен алады. Олар мыналар бойынша деректерді түсіндіруі және көрсету тиіс:

•• Бірлескен тапсырмаға дарынды және талантты оқушылардың қатысу дәрежесі.

•• Дарынды және талантты оқушылар өздеріне тапсырылған рөлді қаншалықты жақсы орындады.

•• Дарынды және талантты оқушылар көрсете білген оқу деңгейі.

•• Дарынды және талантты оқушылардың ойлау деңгейі.

Топ төмендегілерге қатысты кері байланыс ұсынады:

•• Дарынды және талантты оқушыларды оқытуда жақсы қолдау көрсету үшін тапсырмаларды қалай өзгертуге болады?

•• Осы тапсырмада дарынды және талантты оқушылардың рөлін өзгертуге бола ма?

Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған 5-тапсырма: топтық жұмысты ұйымдастыру (Білім беру платформасын қараңыз).Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған 5-тапсырма бойынша рефлексивтік есеп: топтық жұмысты ұйымдастыру (Білім беру платформасын қараңыз)





2-апта

3-күн 1-2 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:


Мұғалімнің алған білімін бағалау және оның білім алғандығының негіздемесі коучинг нәтижесі ретінде (1-сабақ)

Жалпы мақсаты:


Мұғалімнің білім алуына назар аудара отырып, әріптестердің коучинг өткізу тиімділігін талдау тәсілдерін қарастыру.

Оқу нәтижелері:


Мұғалім:

•• Коучинг сабағының тиімділік дәрежесін анықтау үшін қатысушылардың бағасын

қолданады;

•• Коучинг сабағы кезінде мұғалімдердің білім алғандығының дәлелдеріне қатысты кері

байланыс ұсынады және алады.





Мұғалімдер жұп болып жұмыс істейді

2-бөлім жобаларымен алмасады (коучинг сабағы туралы рефлексивтік есеп) және әріптестің жұмысына шолу жүргізеді.

Мұғалім мына тармақтар бойынша жұмыстарды атқара алғанын бағалаңыз:

•• Коучинг сабағы үшін оқыту мақсатын белгілеу;

•• Коучинг сабағында (коучинг тапсырмасында) не орындалғанын сипаттау);

•• Олардың әріптес-мұғалімдерінің коучинг сабағы кезіндегі әрекеттерін сипаттау;

•• Ненің және неліктен жақсы өткенін айту;





Ненің және неліктен сәтсіз өткенін айту. Мұғалімдер бір бірінің жұмыстарын оқиды және «екі жұлдыз, бір тілек» білдіреді, яғни критерийлерге (талаптарға) сәйкес келетін екі тұсты және жақсартуды қажетсінетін бір тұсты атап көрсетеді.Мұғалім әрбір жұлдызды не үшін бергенін негіздеуге тиіс. Тілекке қатысты – талаптарға (критерийлерге) сәйкес болу үшін жұмыс қалай жақсартылуы мүмкін екендігін түсіндіру керек.

1-жаттығу: Баға-пікірлерден алынған мұғалімдердің білім алғандығының дәлелі

1) Мұғалімдер әріптесімен плакат алмасады және оның коучинг сабағы туралы мыналарды анықтауға тырысады:

•• Коучинг сабағының тақырыбы қандай болды?

•• Коуч мұғалімдерге ұсынылған идеяларды түсінуге қалайша көмектесуге тырысты?

2) Мұғалімдер жақсырақ түсіну үшін бір-біріне коучингіге қатысты сұрақтар қояды.

3) Әр мұғалім әріптесінің коучинг сабағы туралы қысқаша ескерту жасайды:

•• Бұл коучинг сабағында мұғалімдер нені үйренді деп ойлайсыз?

•• Оларға сабақта бәрінен бұрын не ұнады деп ойлайсыз?

•• Сабақта оларға не ұнамады деп ойлайсыз?

Үзіліс.4) Мұғалімдер үзіліске дейінгі жұптарымен жұмыс істейді және мұғалімдердің коучинг сабағынан кейін жинап алған бағалары-пікірлерімен алмасады.

Мұғалімдер әріптестің коучинг сабағы туралы баға-пікірлерімен танысады және үзіліске дейін ескертулерде жазылған пікірлерді мақұлдай ма екенін шешеді.

5) Мұғалімдер коучинг сабағы туралы бағалау-пікірлерді оқығаннан кейін алған әріптесінің коучингісі туралы кез келген жаңа ақпаратты қосады.

6) Мұғалімдер өз әріптестерімен өзгертілген ескертулерді алмасады және бір бірінің коучинг сабағының барысын талқылайды:

•• Мұғалімдер нені үйренді;

•• Мұғалімдердің соны үйренгендігіне неліктен сенімді;

•• Коучинг сабағын қалайша жақсартуға болады.

Жекелеген мұғалімдерден жоғарыда айтылған үш тармақты сипаттайтын шағын таныстырылым жасауды сұрауға болады.

Ресурстар: Коучинг сабағы туралы рефлексивтік есептің 2-бөлімінің жобалары.

2-аптаның екінші күнінің плакаттары.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған 6-тапсырма. Алғашқы коучинг сабағы туралы баға-пікірлер. Алғашқы коучинг сабағы туралы рефлексивтік есептер.





2-апта

3-күн 3-4 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Бірінші коучинг сабағы бойынша рефлексивтік есептер

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдерді оқытуға қатысты мұғалімдер коучингінің тиімділігін қарастыру.

Оқу нәтижелері

Мұғалімдер:

•• Бірінші коучинг сабағы бойынша рефлексивтік есептерінің үшінші бөлімінің жобасын

аяқтайды.

•• Үшінші бөлім бойынша кері байланыс алады және ұсынады.






Мұғалімдер бірінші коучинг сабағы бойынша рефлексивтік есептерінің үшінші бөлімінің жобасын жазады. Бұл бөлімде олар:

•• Әріптес-мұғалімдер коучинг сабағынан не үйренгені туралы не ойлайтынын айтады –әртүрлі мұғалімдер туралы пікірлерде айырмашылық болуы мүмкін;

•• Мұғалімнің білім алғандығы туралы деректер ұсынады;

•• Оқытудың осы мақсатына қатысты мұғалімді оқытуды жақсарту үшін олар басқа жолы нені басқаша істегісі келетіні туралы ұсыныс жасау.

Үзіліс.Үшінші бөлімді өзара бағалау: бірінші коучинг сабағының рефлексивтік есептері. Әрбір мұғалім алдымен өзінің жұмысын талдайды.Олар жүргізілген жұмыс жоғарыда айтылғандарға қол жеткізгендігін қарастыруы тиіс.Мұғалімдер жұмыстарымен алмасады да, осы коучинг сабағы үшін тиістінің барлығы жасалғандығына қатысты өз пікірлерін білдіреді. Мұғалімдер бір-бірінің жұмыстарын оқиды да, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша ауызша түсіндірме беруі тиіс, атап айтқанда: оларға ұнаған екі мәселе және олардың пікірі бойынша жақсартылуы тиіс бір мәселе.

Мұғалім әрбір жұлдызды не үшін бергенін негіздеуге тиіс.Тілекке қатысты – талаптарға (критерийлерге) сәйкес болу үшін жұмыс қалай жақсартылуы мүмкін екендігін түсіндіру керек.

Ресурстар: 2-ресурс парағы: Коучинг сабағы бойынша рефлексивтік есеп жазу

(Білім беру платформасын қараңыз)

4-ресурс парағы: Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау (Білім беру платформасын қараңыз).





2-апта

4-күн 1-2 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Бағдарламаның жеті модулі аясында коучинг сабағының тақырыбын негіздеу (2-сабақ)

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдерге коучинг әдісіне негізделген сабақ бойынша рефлексивтік есеп жазуда қолдау көрсету.

Оқу нәтижелері


Мұғалімдер:

•• Коучинг сабағы бойынша рефлексивтік есептерінің бірінші бөлімін жазады;

•• Бірінші бөлім бойынша кері байланыс ұсынады және алады.





Мұғалімдер коучинг сабағы бойынша екінші рефлексивтік есептің бірінші бөлімінің жобасын жасайды. Оған мына мәселелер енуі тиіс:

•• Коучинг сабағының тақырыптары, мысалы, құрбыластарының бағалауы мен табыс критерийлерін қолдану, бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру, ойлаудың жоғары деңгейін дамытуда дарынды және талантты оқушыларға көмектесу және т.б.

•• Коучинг сабағының мәнмәтіні:

o Мектептің түрі қандай?

o Мектептің қай мұғалімдері?

o Сіздің тақырыбыңызға қатысты мұғалімдер бұрын не істеді?

•• Неліктен олар оқыту мен оқудың белгілі бір аспектісіне көңіл аударуды ұйғарды:

o Сіз үшін бұл неге маңызды болды?

o Бұл неге сіздің мектептің аясында маңызды болды?

•• Олар неге белгілі бір мұғалімдермен жұмыс істеуді ұйғарды:

o Оқыту мақсатына қатысты олардың қажеттіліктері қандай болды?

Үзіліс. Мұғалімдер жұптарда жұмыс істейді:Әрбір мұғалім өзінің жұмысын талдайды. Олар жүргізілген жұмыс жоғарыда айтылғандарға қол жеткізгендігін қарастыруы тиіс. Мұғалімдер жұмыстарымен алмасады да, осы сабақ үшін тиістінің барлығы жасалғандығына қатысты өз пікірлерін білдіреді.Мұғалімдер бір-бірінің жұмыстарын оқиды да, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша ауызша түсіндірме беруі тиіс, атап айтқанда: оларға ұнаған екі мәселе және олардың пікірі бойынша жақсартылуы тиіс бір мәселе. Мұғалім әрбір жұлдызды не үшін бергенін негіздеуге тиіс. Тілекке қатысты – талаптарға (критерийлерге) сәйкес болу үшін жұмыс қалай жақсартылуы мүмкін екендігін түсіндіру керек.

Ресурстар:«Коучинг сабағы бойынша рефлексивтік есептер жазу» 2-ресурс парағы

(Білім беру платформасын қараңыз)

«Өзін өзі және өзара бағалау» 4-ресурс парағы (Білім беру платформасын қараңыз)


2-апта

4- күн 3-4 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Коучинг сабағын бағалау (2-сабақ)

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдердің өзінің екінші коучинг сабағын талдауы.

Оқу нәтижелері


Мұғалімдер:

•• Коучинг сабағы кезінде ненің сәтті, ал ненің сәтсіз өткенін анықтайды;

•• Өзінің коучинг сабағы бойынша кері байланыс алады.





Мұғалімдер екінші коучинг сабағын бағалау үшін өз бетімен плакат дайындайды:

Олар:


1. Үлкен қағаздың ортасында коучинг сабағының жоспарын орналастырады;

2. Коучинг сабағы кезінде болған оқиғалардың артефактілерін дайындайды. Мұндай

артефактілер сабақ суретінен, сабақ туралы жазбадан немесе мұғалім сабақ кезінде орындаған жұмыстардың мысалдарынан тұруы мүмкін.

3. Ненің сәтті, ненің сәтсіз өткенін түсіндіру үшін артефактілерге түсініктеме береді, мысалы, ашық сұрақтарға мысал жазумен айналысып жатқан мұғалімді көрсететін (сәтті) сурет немесе мұғалімдер рөлдік ойынға қатысудан бас тартқан сабақтардың сипаттамасы (онша сәтті емес).

4. Мұғалімдер коучинг сабағының қандай элементі жақсы өткенін, ал қандайы нашар өткенін нақты бөле отырып, коучинг сабағы жоспарының айналасында артекфактілерді орналастырады.

Үзіліс.Төрт-алты мұғалім өз постерлерін алып, бір уақытта бөлмеде арнайы бөлінген орынға шығады. Әр мұғалім топтағы қалған мұғалімдерге өз постерін түсіндіреді (5-10 минут).

«Тыңдап отырған» мұғалімдер «екі жұлдыз, бір тілек» білдіре отырып, коучинг сабағында ненің жақсы өткені және оны жақсарту үшін не істеу керектігі туралы стикерлерде кері байланыс ұсынады.4-5 мұғалімнен тұратын келесі топ өз плакаттарын таныстырады және т.с.с.

Бір мезгілде сөз сөйлейтін мұғалімдердің саны топтың мөлшеріне байланысты. Әр мұғалімде өз плакатын таныстырып, кері байланыс алуға мүмкіндігі болуы қажет.






2-апта

5-күн 1-2 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Екінші коучинг сабағы бойынша рефлексивтік есептер

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдерді оқытуға қатысты мұғалімдер коучингінің тиімділігін қарастыру.

Оқу нәтижелері


Мұғалімдер:

•• Екінші коучинг сабағы бойынша рефлексивтік есептерінің үшінші бөлімінің жобасын аяқтайды.

•• Үшінші бөлім бойынша кері байланыс алады және ұсынады.





Мұғалімдер екінші коучинг сабағы бойынша рефлексивтік есептерінің үшінші бөлімінің жобасын жазады. Бұл бөлімде олар:

•• Әріптес-мұғалімдер коучинг сабағынан не үйренгені туралы не ойлайтынын айтады –әртүрлі мұғалімдер туралы пікірлерде айырмашылық болуы мүмкін;

•• Мұғалімнің білім алғандығы туралы деректер ұсынады;

•• Оқытудың осы мақсатына қатысты мұғалімді оқытуды жақсарту үшін олар басқа жолы нені басқаша істегісі келетіні туралы ұсыныс жасау.



Үзіліс.Үшінші бөлімді өзара бағалау: екінші коучинг сабағының рефлексивтік есептері. Әрбір мұғалім алдымен өзінің жұмысын талдайды. Олар жүргізілген жұмыс жоғарыда айтылғандарға қол жеткізгендігін қарастыруы тиіс. Мұғалімдер жұмыстарымен алмасады да, осы коучинг сабағы үшін тиістінің барлығы жасалғандығына қатысты өз пікірлерін білдіреді.Мұғалімдер бір-бірінің жұмыстарын оқиды да, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша ауызша түсіндірме беруі тиіс, атап айтқанда: оларға ұнаған екі мәселе және олардың пікірі бойынша жақсартылуы тиіс бір мәселе. Мұғалім әрбір жұлдызды не үшін бергенін негіздеуге тиіс.Тілекке қатысты – талаптарға (критерийлерге) сәйкес болу үшін жұмыс қалай жақсартылуы мүмкін екендігін түсіндіру керек.

Ресурстар: 2-ресурс парағы: Коучинг сабағы бойынша рефлексивтік есеп жазу

(Білім беру платформасын қараңыз)

4-ресурс парағы: Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау (Білім беру платформасын қараңыз).






2-апта

5-күн 3-4 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Жүргізілген коучинг нәтижесінде өзінің білім алуы туралы рефлексивтік есеп

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдер өздерінің коуч ретінде дамуын қарастыру керек.

Оқу нәтижелері


Мұғалімдер:

•• Әріптестерімен коучинг жүргізу нәтижесінде алған білімдері туралы рефлексивтік

есептерінің жобасын құрады;

•• Олардың рефлексивтік есептері бойынша кері байланысты алады және ұсынады.






Мұғалімдер талқылау үшін шағын топтарда жұмыс істейді:

Өздерінің коучинг өткізу тәжірибесінен олар нені білді:

•• Олар коучинг өткізген идеялар;

•• Балалардың білім алуы;

•• Ересектер коучингісі;

•• Өздерін мұғалім ретінде;

•• Өздерін коуч ретінде;

•• Болашақта олар коучингіні қалайша жақсартар еді.

Мұғалімдер әріптестерімен коучинг жүргізу нәтижесінде алған білімдері туралы

рефлексивтік есептерінің жобасын құрады.






Үзіліс.Әріптестерімен коучинг сабағын жүргізу нәтижесінде алған білімдері туралы рефлексивтік есептері бойынша құрбыластарын өзара бағалау.Мұғалімдер жұптарда жұмыс істейді: Әрбір мұғалім алдымен өзінің жұмысын талдайды.Олар жүргізілген жұмыс жоғарыда айтылғандарға қол жеткізгендігін қарастыруы тиіс.Мұғалімдер жұмыстарымен алмасады да, осы коучинг сабағы үшін тиістінің барлығы жасалғандығына қатысты өз пікірлерін білдіреді.Мұғалімдер бір-бірінің жұмыстарын оқиды да, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша ауызша түсіндірме беруі тиіс, атап айтқанда: оларға ұнаған екі мәселе және олардың пікірі бойынша жақсартылуы тиіс бір мәселе. Мұғалім әрбір жұлдызды не үшін бергенін негіздеуге тиіс. Тілекке қатысты – талаптарға (критерийлерге) сәйкес болу үшін жұмыс қалай жақсартылуы мүмкін екендігін түсіндіру керек.

Ресурстар:«Коучинг сабағы бойынша рефлексивтік есептер жазу» 2-ресурс парағы (Білім беру платформасын қараңыз).«Өзін өзі және өзара бағалау» 4-ресурс парағы (Білім беру платформасын қараңыз)






3-апта

1-күн 1-2 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Коучинг жүргізу тәжірибесі және ол туралы таныстырылымдарға шолу

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдерді бағалау жүргізілетін аптаға арнап таныстырылым әзірлеуде қолдау көрсету.

Оқу нәтижелері:


Мұғалімдер:

•• Өзінің екінші таныстырылымымен сөйлейтін сөзін пысықтайды;

•• Өз таныстырылымын қалайша жақсарту керектігі туралы формативтік кері байланыс алады.





Мұғалімдер шамамен 6 адамнан топтарда жұмыс істейді және кезек бойынша топтың басқа мүшелеріне таныстырылым береді. Әр мұғалімде таныстырылым үшін 10-12 минуттай және кері байланыс алу үшін 10 минуты болуы тиіс. Әр таныстырылымнан кейін қалған мұғалімдер сабақ табыс критерийлеріне сәйкес болуына қатысты кері байланыс береді:

•• Мұғалім коучинг сабағын анық сипаттады ма?

•• Мұғалім мұғалімдер нені үйренгені туралы ақпаратты ұсынды ма?

•• Мұғалім мұғалімдерді оқытудың айқын дәлелдерін ұсынды ма?

•• Таныстырылым анық және қызықты болды ма?

Үзіліс.Таныстырылымды жалғастыру.






3-апта

1-күн 3-4 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:


Бағдарламаның жеті модуліне сәйкес оқуды талдау кезінде ынталандырушы бейнежазбаларды қолдану

Жалпы мақсаты:


Бағдарлама идеяларымен сәйкес дамытуға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету үшін әріптестер сабақтарының талдауын өңдеу.

Оқу нәтижелері


Мұғалімдер:

•• Белгілі бір мәселелерге қатысты сабаққа талдау жүргізу дағдысын дамытады;

•• Бақыланатын сабақ нәтижелері бойынша тәлім алушыларға кері байланыс ұсыну дағдыларын дамытады;

•• Бақыланатын сабақтарға негізделе отырып, мақсаттарды белгілеу дағдыларын дамытады.






Мұғалімдер 3-4 адамнан топ болып жұмыс істейді.

Әр мұғалім бейнежазбадағы жазылған сабағы туралы әңгімелейді (3 адамнан тұратын топ үшін 15 минут және 4 адамнан тұратын топ үшін 12 минут).

Олар:

•• Бақылайтын мәселесін түсіндіруі;



•• Бақыланатын мәселеге қатысы бар бейнежазба үзінділерін көрсетуі;

•• Бейне материалды қараған кезде тәлім алушымен нені талқылағанын түсіндіруі;

•• Сабақты бақылау және бұдан кейінгі талқылау нәтижесінде мұғалімдер үшін қандай мақсат белгіленгенін айтып беруі керек.Топтар тәлімгерліктің тиімділігін талқылауы тиіс (3 адамнан тұратын топ үшін 15 минут және 4 адамнан тұратын топ үшін 12 минут):

•• Тәлімгердің тәлім алушымен бейнежазбада көрсетілген әдістеме туралы талқылаған сұрақтары релевантты ма?

•• Бақыланатын мәселеге қатысты талқылауға болатын басқа да қайсыбір мәселелер болды ма?

•• Қолайлы мақсаттар қойылды ма? Тағы да қандай мақсаттар белгілеуге болатын еді?

Үзіліс.Таныстырылым жалғасады. Егер сабақтың соңына дейін уақыт қалатын болса, тренерлер топтан мұғалімдердің бейнежазбаны қолдануы пайдалы/пайдасыз деп санайтыны туралы кері байланыс ұсынуын сұрауға болады.

Ресурстар: Бейнежазбаны пайдалану (Білім беру платформасын қараңыз)

Мұғалімдер өз тәлім алушыларының сабақтарының бейнежазбасын алып келеді.


Қосымша жұмыс

Портфолиомен жұмысты аяқтау үшін істелетін жұмыстардың тізімін дайындаңыздар.




3-апта

2-күн 1-2 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Тәлім алушының оқудағы қажеттіліктерін анықтау.Кері байланыс ұсыну және оқу мақсатын белгілеу

Жалпы мақсаты:


Тәлім алушылардың дамудағы қажеттіліктерін анықтаудың тиімді тәсілдерін қарастыру.

Қалайша жазбаша түрде тиімді кері байланыс беруге болатыны туралы түсінігін дамыту.



Оқу нәтижелері


Мұғалімдер:

•• Өз әріптестерінің даму қажеттіліктерін қалай анықтау керектігі туралы түсінігін дамытады;

•• Тәлімгерлік туралы сараптамалық есептің 1-бөлімінің жобасын жазады;

•• Тәлім алушылар ұсынған жазбаша кері байланысты сыни бағалайды;

•• Тиімді жазбаша кері байланыстың негізгі сипаттамасын анықтайды.





Мұғалімдер өздері бірге жұмыс істеген тәлім алушылардың қажеттіліктерін және осындай қажеттіліктер қалайша анықталғанын талқылау үшін 3-4 адамнан топ болып жұмыс істейді. Кейбір қажеттіліктер ұқсас па?

Тәлім алушылардың қажеттіліктерін анықтауда әртүрлі тәсілдер қолданылды ма?

Мұғалімдер тәлімгерлік тәжірибесі туралы өз сараптамалық есебінің 1-бөлімінің жобасын жазады.

•• Өз тәлім алушысының қысқаша түйіндемесін беру – біліктілігі, рөлі, сабақ беретін

мерзімі;

•• Тәлімгерліктің ең басында Бағдарлама идеяларына қатысты даму қажеттіліктері қалай анықталғанын түсіндіру, мысалы, аса тәжірибелі әріптестермен талқылау, тәлім алушының қолдау көрсету туралы өтініші, мұғалімдердің қадағалауы, тәлім алушылармен талқылау және т.б.

Үзіліс.Мұғалімдер 3-4 адамнан шағын топ болып жұмыс істейді.

Олар бір бірінің кері байланыстарын қарайды және мынадай тармақтарды талқылайды:

•• Кері байланыс таңдап алынған мәселені көрсете ме?

•• Кері байланыс басқа мәселелерді көрсете ме? Бұл орынды ма?

•• Кері байланыс:

 Оқыту сипаттамасын бере ме?

 Сұрақ қоя ма?

 Сыни пікір бере ме?

 Мақтай ма?

 Ұсыныс жасай ма?

•• Дамуға арналған мақсат белгіленді ме?

Әр топ тиімді жазбаша кері байланыс пен тікелей байланыстың 3 негізгі тармақтарын анықтайды.Әр топтан қалған мұғалімдермен анықталған тармақтармен бөлісуін сұраңыз.

Ресурстар:«Тәлімгерлік туралы сараптамалық есеп жазу»

3-ресурсы. (Білім беру платформасын қараңыз). Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған 8-тапсырма: Кәсіби сұхбат.Мұғалімдерде тәлім алушысының жазбаша кері байланысы болуы керек.






3-апта

2-күн 3-4 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Тәлім алушыны қадағалау және кері байланыс ұсыну

Жалпы мақсаты:

Тәлім алушылардың көзқарасын ескере отырып, тәлімгерлік үдерісін талдау.

Оқу нәтижелері


Мұғалімдер:

•• Тәлімгерлік туралы сараптамалық есептің 3-бөлімінің жобасын дайындайды;

•• 3-бөлім бойынша кері байланыс ұсынады және алады.





Сараптамалық есептің 3-бөлімінің негізі ретінде мұғалімдер мектептегі тәжірибе

кезеңінде орындауға арналған 10-тапсырма үшін орындаған өзінің тәлімгерлік қызметі

туралы рефлексивтік есепті алады. Бұл бөлімде мына сұрақтарға жауап беру қажет:

Сіздің тәлім алушымен қарым-қатынасыңыз қаншалықты жылы?

Сіздің пікіріңізше, тәлім алушы тәлімгерлік тәжірибесінен не алды?

Қайсысы анағұрлым сәтті/сәтсіз өтті? Неліктен?

Сіздің тәлім алушыңыздың әдістемесі тәлімгерлік үдерісі нәтижесінде қалайша өзгерді?

Сіз басқаша қалай істер едіңіз? Сізде бұл тәжірибені қайталауға мүмкіндік бар ма?

Сіз аталған мұғалімге бұдан әрі қандай қолдау көрсетер едіңіз?

Мұғалімдер осы аптада әзірленген және баяндалған тәлімгерлік үдерісі туралы идеяларға сүйене отырып, өз есептерін кеңейтуі және өзгерістер енгізуі қажет.

Үзіліс.3-бөлімді өзара бағалау: Тәлімгерлік тиімділігін талдау. Мұғалімдер жұп болып жұмыс істейді:Әр мұғалім алдымен өз жұмысын қарайды. Мұғалімдер жоғарыда аталған тармақтар баяндалғанын бағалауы қажет.Одан кейін мұғалімдер жұмыстарын алмасады және өз әріптесіне тәлім алушының баға-пікірін ұсынады.Әр мұғалім әріптес есебінің 3-бөлімінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарастырады. Мұғалімдер тәлімгер мен тәлім алушының көзқарастары сәйкес келетінін бағалайды. Мұғалімдер «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша стикерде кері байланыс ұсынады.Сонымен бірге олар тәлімгер мен тәлім алушының көзқарастары сәйкес келетіндігіне/

келмейтіндігіне түсініктеме берулері керек. Мұғалімдер кері байланыспен алмаса отырып, мәселені талқылайды.

Ресурстар: Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған 10-тапсырма

Тәлімгерлік үдерісі туралы рефлексивтік есеп жазу» (Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған 10-тапсырма)

«Тәлім алушының тәлімгерлік үдерісі туралы баға-пікірі»

(Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған 10-тапсырма)



Қосымша жұмыс


Тәлімгерлік туралы сараптамалық есептің 1-бөлімімен жұмысты аяқтау.

Тәлімгерлік туралы сараптамалық есептің 2-бөлімін қайта қарау.






3-апта

3-күн 1-2 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Тәлім алушыға оқыту мен оқуда АКТ -ны қолдануға көмектесу

Жалпы мақсаты:

Әріптестерге оқыту мен оқуда АТК-ны тиімді қолдануда қолдау көрсету тәсілдерін қарастыру.

Оқу нәтижелері


Мұғалімдер:

•• Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану идеяларымен бөліседі;

•• Тәлім алушыларға оқушыларды оқыту үдерісін жақсарту үшін АКТ-ны тиімді қолдануға қатысты кері байланысты қалай ұсыну қажеттігі туралы түсінігін дамытады.





Мұғалімдер шамамен 6 адамнан тұратын топтарда жұмыс істейді.

1. Әр мұғалім қалған топқа тәлім алушымен бірге жоспарланған сабақта АКТ қалай қолданылғанын түсіндіреді. Әр түсіндірме бір сөйлем түрінде powerpoint слайдына енгізіледі.

2. Жұптар топ шеңберінде сабақтан кейін өз тәлім алушысы берген жазбаша кері

байланыс нысанымен алмасады. Мұғалімдер кері байланысты қарайды және мыналарды анықтайды:

•• АКТ-ны қолдану туралы түсініктемелер;

•• АКТ-ны қолдану туралы сұрақтар;

•• АКТ-ны пайдалануға қатысты сын немесе мақтау;

•• АКТ-ны қолдануға қатысты алға қойылған мақсаттар.

Мұғалімдердің әр жұбы мыналардан тұратын екі слайд дайындайды:

•• Тақырыбы – қарастырылып отырған сабақта АКТ қалай қолданылғаны туралы түсінік беретін бір сөйлем (бір мұғалім үшін)

•• Осы сабақта АКТ қолдану жөнінде кері байланыс;

•• Аталған кері байланыстың АКТ-ны оқушыларды оқытуды жақсарту үшін қолдануға бағытталғандығы туралы түсініктеме.

3. 6 адамнан тұратын топтар өз слайдтарын біртұтас таныстырылымға біріктіреді.

Мұғалімдер бірлесіп 2 слайд қосады:

oТоп ретінде олар оқыту үдерісін жақсарту үшін АКТ тиімді қолдану туралы не білді?

oТоп ретінде олар тәлім алушыларға оқытуда АКТ-ны пайдалану жөнінде қолдау көрсету туралы нені білді?

Үзіліс.Топтар кезек бойынша өз таныстырылымдарын ұсынады. Таныстырылым мен талқылауға шамамен 15 минут бөліңіз.





3-апта

3-күн 3-4 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Тәлім алушының тәлімгерінің қызметінің табыстылығы туралы ойлары

Жалпы мақсаты:

Тәлім алушының көзқарасын ескере отырып, тәлімгерлік үдерісін талдау.

Оқу нәтижелері


Мұғалімдер:

•• Тәлімгерлік туралы сараптамалық есептің 3-бөлімінің жобасын дайындайды;

•• 3-бөлім бойынша кері байланыс ұсынады және алады.





Сараптамалық есептің 3-бөлімінің негізі ретінде мұғалімдер мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған 10-тапсырма үшін орындаған өзінің тәлімгерлік қызметі туралы рефлексивтік есепті алады. Бұл бөлімде мына сұрақтарға жауап беру қажет:




Сіздің тәлім алушымен қарым-қатынасыңыз қаншалықты жылы?

Сіздің пікіріңізше, тәлім алушы тәлімгерлік тәжірибесінен не алды?

Қайсысы анағұрлым сәтті/сәтсіз өтті? Неліктен?

Сіздің тәлім алушыңыздың әдістемесі тәлімгерлік үдерісі нәтижесінде қалайша өзгерді?

Сіз басқаша қалай істер едіңіз? Сізде бұл тәжірибені қайталауға мүмкіндік бар ма?

Сіз аталған мұғалімге бұдан әрі қандай қолдау көрсетер едіңіз?

Мұғалімдер осы аптада әзірленген және баяндалған тәлімгерлік үдерісі туралы идеяларға сүйене отырып, өз есептерін кеңейтуі және өзгерістер енгізуі қажет.

Үзіліс.3-бөлімді өзара бағалау: Тәлімгерлік тиімділігін талдау.Мұғалімдер жұп болып жұмыс істейді:Әр мұғалім алдымен өз жұмысын қарайды.Мұғалімдер жоғарыда аталған тармақтардың баяндалғанын бағалауы қажет.Одан кейін мұғалімдер жұмыстарын алмасады және өз әріптесіне тәлім алушының баға-пікірін ұсынады.Әр мұғалім әріптес есебінің 3-бөлімінің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарастырады.Мұғалімдер тәлімгер мен тәлім алушының көзқарастары сәйкес келетінін бағалайды. Мұғалімдер «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша стикерде кері байланыс ұсынады.Сонымен бірге олар тәлімгер мен тәлім алушының көзқарастары сәйкес келетіндігіне/ келмейтіндігіне түсініктеме берулері керек. Мұғалімдер кері байланыспен алмаса отырып, мәселені талқылайды.

Ресурстар:Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған 10-тапсырма

«Тәлімгерлік үдерісі туралы рефлексивтік есеп жазу» (Мектептегі тәжірибе кезеңінде

орындауға арналған 10-тапсырма).«Тәлім алушының тәлімгерлік үдерісі туралы баға-пікірі». (Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған 10-тапсырма)


Қосымша жұмыс

Тәлімгерлік туралы сараптамалық есептің 3-бөлімін қайта қарау.


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау