Сабақ Тақырыбы: «Мәтінді және сапалық есептер шығару»



жүктеу 90,18 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі90,18 Kb.
#8348
түріСабақ

«№4 орта мектебі» КММ


Ашық сабақ
Тақырыбы: «Мәтінді және сапалық есептер шығару»
Өткізген: Қуанай Жансая.

2016-2017 оқу жылы

Сыныбы: 6 «а», 6 «ә», 6 «б», 6 «в»

Сабақтың тақырыбы: Информатик тапқырлар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылау, бағалау, үздік топты анықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд.

Cабақтың барысы:

Тойлатып , додаласып , өлеңдесіп,

Достарым отырсың ба елеңдесіп.

Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,

Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып 6 – сыныптар аралығында өткізгелі отырған «Информатик тапқырлар» атты шарамызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз.

Алдарыңызда 6 «а» сыныбы «Жас қыран» тобы, 6 «ә» сыныбы «Болашақ»тобы, 6 «б» сыныбы «Ақпарат»тобы, 6 «в» сыныбы «Жас ұлан»тобы.

Ойын-толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңседе, жеңілсе де қалма жасып.

Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:



1 - бөлім «Таныстыру»

2 - бөлім «Құпия жәшік»

3 - бөлім «Бәйге»

4 – бөлім «Кім епті, еркін ойлы?»

5 - бөлім «Полиглот»

6- бөлім «Логикалық тапсырмалар»

Әділ халқым берерсің әділ баға

Өнері мен өренін салыстыра, - дей отырып сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайын.

Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын ей достар.

Осылайша шабытпен,

Қане енді бастайық

І бөлім – «Таныстыру»:


  • Топтарына ат қояды.

  • Топтарына эмблема жасайды.

  • Топқа таныстыру шығарады

Мінекей 4 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді.

Білімнің ұшқырлығы ғылым деген ,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен– дей отырып ІІ бөлімді бастаймыз. ІІ бөлім «Құпия жәшік» сайысы. Бұл бөлімде сайыскерлерге ұяшықтарда жасырылған сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа таңдалған ұяшықтағы сан бойынша ұпай беріледі.


  • ...- бұл қоршаған ортадан алатын білім, мәлімет немесе команда (Ақпарат)

  • Көбеюге және басқа бағдарламаларға жұғуға қабілетті, арнайы жазылған шағын көлемді компьютерлік бағдарлама қалай аталады? (Компьютерлік вирус)

  • Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)

  • Алғашқы электронды есептеуіш машинасының элементтік базасы? (Электрондық шамдар)

  • Алғашқы электронды есептеуіш машина қалай аталды? (ENIAC)

  • Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)

  • 1887 жылы бірінші перфорациялық машинаны құрастырған ғалымды атаңыз. (Герман Холлерит)

  • Компьютердегі программалардың жұмысын ұйымдастырып отырушы? (Операциялық жүйе)

Осымен ІІ бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп ІІІ бөлімді бастаймыз. «Бәйге», бұл бөлімде топтарға тапсырма беріледі. Мәтіндегі қателерді түзеп, дұрыс жауап беру керек.

Ең жоғарғы ұпай-5.



Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде ең алдымен монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын Жауабы: 8 қате жіберілген

1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет

2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі

3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады

4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады

5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады

6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққап керек

7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады

8. Плоттердің екінші аты – график сызғыш құрылғы.

2. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Ең бірінші бас мәзірден керекті бағдарламаны дайындаймыз. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы бағдарлама Word графикалық редакторы. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Принтер арқылы суреттің кез келген бөліктерін ерекшелеймін. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Құлаққап арқылы дайындаған суретімді алдын ала қарап, тексеріп аламын. Өз жұмысымның нәтижесін монитор арқылы қағазға шығарамын.

Жауабы:


  1. Сурет салу үшін ыңғайлы – Paint бағдарламасы.

  2. Word бағдарламасында суреттің кез – келген бөлігі бояуға болмайды.

  3. Тінтуір арқылы суреттің кез-келген бөліктерін ерекшелейміз.

  4. Бағдарламадағы алдын – ала қарау батырмасымен ғана тексеруге болады.

  5. Құлаққап –әуен тыңдау үшін арналған құрал.

  6. Жұмыстың нәтижесін принтер арқылы қағазға шығарылады.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,

Шапшандық бұл сайыста қажет екен, – деп IV бөлімді бастаймыз.



IV бөлім. «Кім епті, еркін ойлы?». Шарты: Берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру. Әр дұрыс табылған сөзге – 1 ұпайдан.

І топқа: модем, веб-камера, тышқан, процессор.

ІІ топқа: Enter, MS Word, колонка, Paint.

III топқа: кактус, сканер, диск, компьютер.

IV топқа: электрондық пошта, себет, пуск, компьютер.

Осымен IV бөлім аяқталды. Әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Айналайын алға ұмтылған Дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар!

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.-деп



V бөлімді бастайық «Полиглот» топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 3 ұпай, екі тілде 2 ұпай, бір тілде 1 ұпай беріледі.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

1.Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз?

/ ақпарат , информация, information/

2. Windows – дегеніміз не?

/ОЖ, операционная система, Operation system/

3. Қажет емес символды алып тастау пернесі -

(өшіру, удалить, delete)

4.Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған.

(себет,корзина , basket)

5.Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не?

(терезе,окно,window)

6.Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.

(кітапша,блокнот,notebook)

7.Бір байтта қанша бит бар?

(сегіз, восемь, eight)

8.ЭЕМ-нің дамуы неше буыннан тұрады?

(Бес, пять, five)

Осымен V бөлім аяқталды. Әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.



VI бөлімді бастайық «Логикалық тапсырмалар»

1.Үш страус ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып өлтірді.

Олардың қаншасы қалды? (страустар ұшпайды)

2.Астанадан Алматыға қарай бет алған ұшақ екі қаланың арасын 1,5 сағатта ұшып өтті. Ал дәл осы бағытта небары 90 минут қажет етті. Неге? (90мин=1,5сағат)

3.Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Марат 1 стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? (3 стакан)

4.Математик кішкентай қалашыққа тоқтады да, шашын қырықтырмақшы болды. Қалада тек екі шаштараз бар. Бірінші шаштараздағы шебердің шашы онша жақсы қырқылмаған. Математик қай шеберге барады?

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ! – деп әділқазылар алқасы ұпай сандарды есептеп қорытынды шығарғанша біз жанкүйерлермен(сайыскерлермен) ойын өткізейік.

Ойын:

С әрпінен келетін информатикалық сөздер айту



«Сөз тапқанға қолқа жоқ».

Шарты: Сұраққа тек қана берілген әріптермен басталатын сөздермен жауап беру.

Сенің атың кім?

Жасың нешеде?

Ең жақсы көретін тамағың?

Сенің мектебің қалай аталады?

Таңертең не жедің?

Сенің фамилияң қалай?

Нешінші сыныпта оқисың?

Мектепке немен келесің?

Түнде аспанда не болады?

Қандай пәнді ұнатасың?

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден.

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.

( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).



Бүгінгі сайысқа қатысқан барлық оқушыларымызға алдағы уақытта сәттілік, жеңіс тілейміз! Сонымен, бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті! Құрметті ұстаздар, уақыт бөліп келгендеріңіз үшін үлкен рахмет!
жүктеу 90,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау