IV. Жаңа сабақ (10 мин). Оқушыларға Блокнот шағын мәтіндік редакторы, онымен жұмыс істеу жолдары, терезенің негізгі элементтері туралы түсінік беремін.
Блокнот - өте шағын мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін жадтың аз көлемі қажет. Блокнот жұмыс уақытында белгі құруға, кейін оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға болатын мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған бағдарлама.
V. Техникалық диктант (5 мин). Техникалық диктант жазғанда оқушыларға алдын-ала дайындалып қойылған карточкаларды таратып, диктантты оқимын. Сөз қалдырып орнына көп нүкте қойылған жерлерге оқушылар өздері диктант бойына қажетті сөздерді жазып, қажетті сөздерді жазады. Оқушылар бір-бірін бағалайды.
.................. – бұл өте шағын ..............
редактор, оның жұмысы үшін ............
аз көлемі қажет. ...................жұмыс
уақытында ........... құруға, кейін
оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға
болатын ............... ақпаратты сақтауға
арналған ..........................
Терезе элементтері: .................. жолы,
................ жолы, ............. алаңы
|
Блокнот, мәтіндік
жадтың
Блокнот
белгі
.
мәтіндік
бағдарлама
тақырып
меню, жұмыс
|
«Миға шабуыл»
Жаңа тақырыпты ашу үшін слайдтан жасырылған сурет көрсетіледі.
Оқушылар кәдімгі блокнот пен калькулятордың суреті екенін табады.
Оқушылар блокнот пен калькулятор туралы білетіндерін постер арқылы қорғайды (1-топ «Блокнот», 2-топ «Калькулятор» туралы).
Электронды оқулықтағы Блокнот және Калькулятор тақырыбына шолу.
Топтық жұмыс. 1-топ Киіз үй туралы мәтін құрастыру. 2-топ Компьютер туралы мәтін құрастыру.
Сергіту сәті. Бейнеролик көрсетіледі.
Қауіпсіздік ережелерін естеріне сала отырып тапсырма беріледі. Жазған мәтіндерді блокнот бағдарламасында теру. Оқулықтағы 186-беттегі «Өзің орында!» тапсырмасын калькулятор қолданбасында есептеп шығару
VI.
VII. Венн диаграммасы /5 мин/. Paint, WordPad және Блокнот редакторларының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін көрсету.
VIII. Ой қорыту. Сұрақ-жауап.
Блокнот программасының негізгі атқаратын қызметі қандай?
Блокнот пен WordPad редакторының қандай айырмашылықтары бар?
Блокнот программасының WordPad программасынан кемшілігі?
Калькулятор түрлері?
IX. Бағалау.
X. Үйге тапсырма. 6.1. Блокнот және калькулятор программасы.