Сабақ тақырыбы: «Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері
Пән атауы: Білім алушының таңдау практикасы
Сабақ типі: практикалық
Күні: 27.01. 2021
Тобы: Шт-215
Мақсаты: Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдемелерді таныту.
1-тапсырма
Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптар үшін «Қазақ тілі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасынан «Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістерін тауып жазып, танысыңы
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың міндеттері:
шығармашылықпен жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;
қазақша сөздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгерту;
қазақша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
сөз тіркестерін және жай сөйлемдер құру, сол сияқты айтылым дағдылары негізінде қазақша ойлау дағдыларын қалыптастыру;
тұрмыста, қоғамдық орындарда, мәдени орталарда қазақ тілінде қарым-қатынас жасау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
қазақ тілінде меңгерген білім, білік дағдыларына сүйене отырып, өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түсуге үйрету;
қазақ тілінің саяси-әлеуметтік әлеуетін ұғындыру;
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту.
Әдістер: жеке оқыту, проблемалық оқыту.
Басты назар білімге емес, сол білімді қолдану біліктілігіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен жетістіктер критерийлерін алдын ала белгілеу керек.
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – оқыту қазақ тілінде емес сыныптарда оқитын оқушылардың өзойын, сезімін қазақша білдіруге, танып-білген нәрселерін қазақша санасына түюге, пікір алысуға, оқыған, көрген не білген нәрселері туралы достарымен, үлкендермен өз ойымен бөлісуге, армандары мен мақсаттары туралы ойын еркін жеткізіп айта білуге, репродуктивтік, продуктивтік, проблемалық, шығармашылық жаттығуларды орындата отырып үйрету.
2-тапсырма
"Қазақ тілі" сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ) қолдану құзыреттілігі туралы жазыңыз.
Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (электронды оқулық) пайдаланудың тиімділігі:
оқушының өз бетімен жұмысы;
аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
шығармашылық есептер шығару;
қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
экономикалық тиімділігі;
іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Міндеттері:
жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу;
сол арқылы білім, білік, дағдының жоғары деңгейіне шығу;
оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру;
пәнге деген қызығушылығын арттыру;
пән бойынша білім сапасын арттыру.
3-тапсырма
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» арқылы қолдау жасау туралы ізденіп көріңіз.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.https//mhelp.kz электронды оқулықтар
2. https:www.opiq.kz
3. Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптар үшін «Қазақ тілі» пәні бойынша үлігілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
Достарыңызбен бөлісу: |