ІV. Пысықтау.
1. Дененің қозғалыс жылдамдығы оған тек басқа дене әрекет еткенде ғана өзгеретініне көрсететін мысалдар келтіріңдер.
2. Денеге еш нәрсе әрекет етпесе, ол қандай күйде болады?
3. Инерция дегеніміз не?
4. Кеңістіктің негізгі қасиеттері қандай?
5. Уақыттың негізгі қасиеттері қандай?
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: §§28.29. 11-тапсырма.
7-сынып.
Есептер шығару.
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.
Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: бекіту
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, А.Е.Марон, Е.А. Марон.
Физика. Дидактические материалы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.
ІІІ. Есептер шығару.
№1.
Дельфин жылдамдығын 15 м/с-қа дейін жеткізе алады. Осы жылдамдықты км/сағ-пен өрнектеңдер.
№2.
Автобус 2 сағат ішінде 120 км жол жүреді. Автобустың жылдамдығы қандай? Ол 3 сағатта бірқалыпты қозғала отырып, қандай ара қашықтықты жүріп өтеді?
№3.
Трактор 500 м жолды 4 минут ішінде жүріп өтті. Ал келесі 10 минут ішінде 2 км жол жүрді. Трактордың барлық жол бойындағы орташа жылдамдығын анықтаңдар.
№4.
Трамвай бірінші 50 м-ді 5 м/с жылдамдықпен жүріп өтті, ал келесі 500 м-ді 10 м/с жылдамдықпен жүрді. Трамвайдың барлық жолдағы орташа жылдамдығын табыңдар.
№5.
Трактор бірінші 10 минутта 1,2 км жол жүрді. Ол 0,5 сағат ішінде сондай жылдамдықпен қанша жол жүріп өтеді?
№6.
Екі дененің қозғалыс графиктерін зерттеп, мынадай сұрақтарға жауап беріңдер:
Осы қозғалыстардың түрі қандай?
Олар немен ерекшеленеді?
Осы денелердің қозғалыс жылдамдықтары қандай?
Әр дененің 10 секунд сайын жүрген жолдары қандай?
График бойынша екі дененің кездескен орнын анықтаңдар.
ІV. Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың есебін тексеру.
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:8-ж. №4. 9-ж. №2. №3.
7-сынып.
Сабақ тақырыбы: §§25,26. Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы.
Сабақ мақсаты:
1. Денелердің өзара әрекеттесуі, дене массасы және оның өлшем бірліктері, дененің массасын анықтау тәсілдері туралы түсінік беру.
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,
Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тарауды қорытындылау.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесуі болып табылады.
Мысалдар:
Денелердің өзара әрекеттесу кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шаманы масса деп атайды.
Тәжірибе:
Екі дененің массаларының қатынасы олардың өзара әрекеттесуі кезінде тыныштық күйінен шыққанда алатын жылдамдықтарының қатынасына кері пропорционал болады:
Массасының өлшем бірліктері: килограмм, грамм, миллиграмм т.б.
Өлшейтін құрал – таразылар.
Достарыңызбен бөлісу: |