Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1-сабақ



жүктеу 2,61 Mb.
бет2/18
Дата17.01.2020
өлшемі2,61 Mb.
#26998
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Сөздік

жұрт - народ жарамау - не пойдет

қайтып келу - вернуться айрыла жаздау - чуть не разрывается

майдан - фронт ақымақ - глупый

1-тапсырма. Б. Соқпақбаевтың шығармасынан алынған үзіндіні түсініп оқып, шығарманың атын еске түсіру. Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау. Тапсырманы төмендегі ойын түрінде де өткізуге болады.

Жұмыстың бұл түрі жеке де орындалуы мүмкін. Жазба жұмысын орындағанда әрбір оқушы үш деңгейдің тапсырмалары жазылған парақ алады. Солардың біреуін таңдағаннан соң, оқушылар бірінші тапсырманы орындауға кіріседі. Оны орындаған оқушы қолын көтереді. Өз жұмысын мұғалімнен алған дұрыс үлгісімен салыстырып, оқушы бағалау парағына баға қояды да, екінші тапсырманы орындауға кіріседі. Аяқталған соң тағы да өзін-өзі солай қайтадан тексереді. Одан кейін үшінші тапсырмасын орындап, соны бағалауға кіріседі. Оқушы кез келген деңгей тапсырмаларын орындауға құқылы.

2-тапсырма. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті етіс жұрнақтарын қойып көшіру.

Жауап үлгісі:

1. Біреуі оқуда, біреуі демалыста, анам да көрінбейді.

2. Барлығы алма-кезек құшақтап, көрісіп жатыр.

3. Өзі ата-ана бауырынан тыс, таршылықта өскен жан жақсы атаққа ілінді.

4. Сөйтіп жүргенде, сабақ та басталды.

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, өзара пікірлесу. Негізгі ойын айту. «Тіршілік тірегі - еңбек» дегенді түсіндіру. «Асыранды қаздар» мәтінінің мазмұнын жазбаша беру. Бұл тапсырманы «Бір-біріне диктант жүргізу» ойыны арқылы өткізуге болады.

Ойын барысы:

Оқушылар екі-екіден отырады. (1) (2), (3) (4) т.с.с. Әр жұпта мәтінді бір-біріне жаздырып, оқулық бойынша тексереді.

Асыранды қаздар

Көңілді көктем болатын. Атам екеуміз көл жағалап келе жатыр едік, бір топ қаз қаңқылдай көтеріліп, төбемізден аса ұшты.

- Ата, біздің үйдегі қаздар неге мыналар секілді самғап ұша алмайды? – деп сұрадым.

Атам аспай-саспай бетіме бір қарап алды да, ұшып бара жатқан қаздарға көз тікті.

- Балам, бір кездері біздің үйдегі қаздар да аспандап ұшқан. Олар өз бетімен тіршілік еткен. Бертін келе адам қолға үйретіп, қорадан шығармай ұстады. Қабырғасы қалыңдап, жүрегін май басты... Егер өз бетіңмен еңбек етпей, үнемі біреуге иек арта берсең, сен де асыранды қаздар секілді бойыңдағы қабілетіңнен айырыласың. Самғап, биікке ұша алмайсың.

- Шынында да солай-ау, осы!

(К.Ахметова).

V. Сабақты қорытындылау.

Венн диаграммасы:

Үй қаздары Дала қаздары




VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
7-7-сабақ Әдептілік Күні: 11.09.15ж.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген сөйлемдердің мағынасын түсіндіру. Қарамен жазылған етістердің жұрнақтарын белгілеп, етістің түрін анықтау.

Жауап үлгісі:

сөйлескенде - ортақ етіс

сөйлескен - ортақ етіс

тесіле - ырықсыз етіс

аударыстырып - өзгелік етіс

тарсылдатып - ырықсыз етіс

түйіле - ырықсыз етіс

2-тапсырма. Мәтінді түсініп, рөлге бөліп оқу. Төменде берілген тапсырмаларды орындау. Бұл тапсырманы «Қазымыр оқушы» оқыта үйрету ойыны арқылы да өткізуге болады.

Бірінші кезең: Топта оқушылар мәтінге өз сұрақтарын дайындайды. Қай топ көп сұрақ құраса, сол жеңіске жетеді (10 минут).

Екінші кезең: Топтар кезегімен басқаларына сұрақ қойып, қысқаша жауап алады.

Жүргізуші кім бірінші орын алғанын анықтайды.

Сөздік:

Қызығына берілу – увлечься тебу – пнуть

Қора – сарай есік – дверь

Қақпа – ворота шошала – чулан

Тостаған – посуда қаймақ – сметана

Жайылды – разлилась қорықпа – не бойся

өтірік – ложь айтпау – не говорить

байқаусызда – нечаянно

Тапсырмалар:

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Мереке мен Дүйсен не істеп жүр еді?

2) Нені қақпа қылып ойнады?

3) Шошалаға нені іздеп кірді?

4) Қараңғы жерде нені ақтарып алды?

5) Дүйсен Мерекенің анасына қалай айтамыз деп ұйғарды?

6) Мереке оған қалай жауап қайырды?

7) Дүйсен мен Мерекенің қылығын қалай бағалайсыңдар? Өз ойларыңды айтып беріңдер.

2. Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, етіске қатысты жұрнақтарын белгілеңдер.

3. Екі сөйлемді біріктіріп, бір құрмалас сөйлем құраңдар.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әдептіліктің белгісін жазып алу.
8-8-сабақ Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар

Күні: 12.09.15ж.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген суретке қарап, мәтін құрастыру. Мәтін бойынша сұрақтар дайындау. Бұл тапсырма бойынша сыныпты төрт адамнан топтарға бөліп, жұмыс жүргізуге болады. Жұмысты мына жоспар бойынша жүргізе алады.

1. Суретте бейнеленген зат есімдерді, етістіктерді, сын есімдерді теріп жазып, сөз тіркестерін құрау. Сын есім+зат есім; зат есім+етістік; сан есім+зат есім.

2. Құрастырылған сөз тіркестерінен жай сөйлем құрау.

3. Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құрау.

4. Сурет бойынша жоспар құру.

5. Мәтін құрау. Мәтінге ат қою.

2-тапсырма. Өздерінің отбасыларындағы немесе достарының ағалары, інілері арасындағы қарым-қатынастары туралы өзара сұхбаттасу.

3-тапсырма. «Көке» мәтінін түсініп, «көке» деген сөздің қандай мағына беретінін анықтау. Құрмалас сөйлемді тауып, тұрлаулы мүшелерін белгілеу. Бұл тапсырманы «Даналық ағашы» оқыта үйрету ойыны арқылы да өткізуге де болады.

Ойынның шарты:

Оқушылардың әрқайсысы мәтін бойынша сұрақ құрап қағазға жазады. Жүргізушінің қолындағы сандықшаға ез сұрақтарын салады. Содан соң әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды. Жүргізуші жеңімпазды анықтайды.

Көке

«Көке» - ежелгі түркі сөзі, баланың ағасы деген мағынаны білдіреді. Бұл атау кейін келе мағыналық өзгеріске ұшырады. Оңтүстік қазақтары «көке» деп әкесін айтады. Сәбиін айналып – толғанып ананың «көкешім» деп отыратыны, не болмаса жалынышты адамның «әкетай, көкетай, ағатай» деп өтінуі, аталмыш сөздің әр түрлі мазмұндық сипатын көрсетеді.

(Ш.Ерназаровадан).

V. Сабақты қорытындылау.

Синквейн: Бес жолды өлең құрастыру.

Аға. Іні

Қорғайды, аялайды. Көмектеседі, оқиды.

Ақылды, үлкен, мықты. Сыпайы, кішіпейіл, инабатты.

Менің ағам ақылды. Менің інім жақсы оқиды.

Көке. Бауыр.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.


9-9-сабақ Сезімталдық Күні: 16.09.15ж.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, берілген үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Сөздік жұмысы. Сөздік

сезімталдық - чувствительный

ғажайып - удивительный

сыр - секрет, тайна

жетілдіру - совершенствовать

дамыту - развивать

бейне - образ

бауырмалдық - отзывчивость, доброта

жанашырлық - заботливость

ізгілік - благодеяние
ІІІ деңгей

  1. Мәтіннің мазмұнын сақтап, қысқаша жазыңдар.

  2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрып, өзара сөйлесіңдер.

ІІ деңгей

  1. «Сезімталдық» ұғымына сипаттама беріңдер.

  2. Мәтіннің мазмұны бойынша бір сабақтас, бір салалас құрмалас сөйлем құрап, бастауыш, баяндауышын табыңдар.

І деңгей

«Сезімталдық» ұғымының мағынасын түсіндірме сөздікті пайдалана отырып, айтып беріңдер. Сендердің отбасыларыңда ата – аналарың осы қасиетті қалай дамытады?

IV. Бекіту.

2-тапсырма. А.П. Чеховтың сөзін түсіндіру.

«Адам бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Мен көркі мен киіміне қарасам көз сүйсіндіріп, бас айналдыратын адамдарды жиі көремін. Әп-әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап-қара болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре алмайсың».

V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма.Сөйлемдерді түсініп оқып, ішінен қарамен жазылған зат есімдерді теріп жазу. Сол зат есімдердің мағынасын түсіндірмелі сөздік арқылы анықтау.

Жақсылық – Әділетсіздік -

Жамандық – Борыш -

Зұлымдық – Намыс -

Махаббат – Ар -

Әділеттік – Ождан -

Іс-әркті - Мінез – құлық ережесі -
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.


9-9-сабақ Нәтиже сабақ Күні: 16.09.15ж.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Берілген сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңдар. «Аналарды ардақтау, жан-жақты қамқорлық жасау -... ».

A) тілегіміз B) көмекшіміз C) парызымыз D) қамқорлығымыз

2. Жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болатын құрмалас сөйлем қалай аталады?

А)салалас B) сабақтас C) аралас D) құрмалас

3. Сөз басы неден басталады?

A) сәлемдесуден B) көңілден C) бір қарағаннан D) халықтан

4. Сөйлемдегі етістің түрін табыңдар. Отбасы мүшелері ақылдасты.

A) өздік етіс B) өзгелік етіс C) ырықсыз етіс D) ортақ етіс

5. Тай өссе, ат тынығады, Ұл өссе, (кім?) тынығады.

A) ана B) әке C) ата D) іні

6. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар: «...тұрып ұл сөйлегеннен без,... тұрып қыз сөйлегеннен безі».

A) бауыры B) әке, шеше C) үлкен, кіші D) аға, іні

7. Берілген мысалдардағы етіс түрін табыңдар: айтылды, салынды, отырғызылды.

A) өздік етіс B) өзгелік етіс C) ырықсыз етіс D) ортақ етіс

8. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Берілген сөйлем сабақтас құрмаластың қай түріне жатады?

A) мезгіл бағыныңқылы B) шартты бағыныңқылы

C) себеп бағыныңқылы D) қимыл-сын бағыныңқылы

9. Қайсысы сәлемдесудің түріне жатпайды?

A) Қайырлы таң! B) Кеш жарық! C) Сәлеметсіз бе! D) Кездескенше.

10. -ыл, -іл, -л жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрін табыңдар.

A) өздік етіс B) өзгелік етіс C) ырықсыз етіс D) ортақ етіс

ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.

1. Құрмалас сөйлемнің әр түріне мысалдар келтіріңдер.

2. Ана туралы білетін өлеңдеріңді жатқа айтып беріңдер.

3. Қазақ халқында ер адаммен, әйел адаммен амандасу реті қалай жүзеге асатындығын түсіндіріңдер.

4. Ырықсыз және ортақ етістерді қатыстырып, бірнеше сөйлемдер құраңдар. Етістердің айырмашылығын атаңдар.

5. «Отбасы сыйластығы» деген тақырыпқа шағын әңгіме құраңдар.

6. Әдеби шығармалардан отбасы сыйластығы, сәлемдесу туралы сөйлемдерді теріп жазып, құрмалас сөйлем түрлерін анықтаңдар.

7. «Тәрбие отбасынан басталады» деген тақырыпқа пікірталас, сұхбат ұйымдастырыңдар.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

II МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Отбасы сыйластығы


Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Лексикалық тақырып Бекіту. Отбасы - Отанымыздың ошағы. Жаттығуларды орындау

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

Жаттығуларды орындау

Деңгейлік тапсырмалар

45 минут

3-сабақ

Жаттығуларды орындау

Деңгейлік тапсырмалар

45 минут

4-сабақ

Жаттығулармен жұмыс

Мәтінді мазмұндау

45 минут

5-сабақ

Жаттығуларды орындау

Мәтін бойынша сұрақтармен жұмыс

45 минут

6-сабақ

Мақал-мәтелдермен жұмыс Жаттығулармен жұмыс

45 минут

Қорытынды

7-сабақ

1. Диктант

2. Бақылау сұрақтары

45 минут



Кіріспе бөлімі 10-10-сабақ Күні: 17.09.15ж.

Отбасы - Отанымыздың ошағы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту. Сөздік жұмысы.

Сөздік

қалыптасу - формироваться өзгерту - изменить

тәрбиелі - воспитанный ержету - взрослеть

көкірек - душа міндет - задача

сақталу - сохраниться бірлік - единство

керемет - прелесть

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, құрмалас сөйлемдерді теріп жазу. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің астын сызу.

2-тапсырма.Төмендегі сұрақтарға жауап беру

1. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы қайдан басталады?

2. Адамның алғашқы адамгершілік белгілері неден басталады?

3. Жеке адамның бойындағы қасиеттері немен байланысты?

4. Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасының өсері қандай?

5. Отбасы қандай орта?

6. «Отбасы - тіршілік тірегі» дегенді қалай түсінесіңдер?


Сын есім

Қандай? Қай?
Заттың түрі, түсі, сипаты,

сапасы, көлемі, аумағы

Тұлғасына қарай Құрамына қарай Мағынасына қарай


Негізгі туынды дара күрделі сапалық қатыстық
Түбірдің өзінен ғана болатын сын есімдер негізгі сын есімдер деп аталады. Мысалы: жеңіл, қызыл, биік, т.б.

Белгілі бір жұрнақ арқылы жасалатын сын есімдер туынды сын есім деп аталады. Мысалы: аспалы, білгіш, ұялшақ, т.б.

Бір ғана сын есімнің сындық белгісі дара сын есім деп аталады. Мсыалы: қызылдау, тарихи, т.б.

Күрделі сын есімдер тіркесіп не қосарланып жасалады. Мысалы: көп балалы, жеп-жеңіл, т.б.

Сындық белгіні анықтайтын сын есім сапалық сын есім деп аталады. Мсыалы: үлкен, жеңіл, сарғыш, т.б.

Басқа сөз таптарынан жасалған сын есім қатыстық сын есім деп аталады. Мысалы: жазғы, сәнқой, орманды, т.б.

3-тапсырма. Абай Құнанбаевтың сөзін түсініп, есте сақтау. Мағынасын түсіндіру. Өз пікірлерін ортаға салу. 4-тапсырма. Сөйлемдердің екінші жартысын табу.

Жауап үлгісі:

1) Адамның алғашқы

қалыптасуы ...

2) Адам бойындағы

алғашқы адамгершілік белгілер ...

3) Отбасы - ...

4) Баланың тәрбиелі болып өсуіне ...

1) отбасынан басталады.

2) отбасында қалыптасады.

3) сыйластық, жарастық орнаған орта.

4) берекелі отбасының

өсері мол.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

11-11-сабақ Отан отбасынан басталады Күні: 18.09.15ж.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Н. Ә. Назарбаевтың сөзін түсініп оқып, есте сақтау.

2-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау. Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды жеке-топтық оқыта үйрету ойыны арқылы да жүргізуге де болады.

Жеке-топтық жұмыс формасы

Құрал-жабдығы:

1. Бағалау парағы.

2. Оқулықтағы үш деңгейлік тапсырмалар.

3. Жауап үлгілерін мұғалімнің өзі дайындайды.

Жетондар.

Ойынның жүру барысы

Бұл сабақта оқушылар өз даярлық деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. Әр оқушының алдында үстелде барлық, үш деңгейлік сұрақтар бар парақтар жатады (әр парақта 2-3 тапсырмадан).

Оқушылар деңгейді таңдайды:

III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.

II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.

I деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.



Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.

Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді таңдап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). I деңгейді тандап алған балалар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден отырады. II және III деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.

Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I деңгей тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.

Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.

I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.

V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

12-12 –сабақ Күні: 19.09.15ж.

Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

1-тапсырма. Төменде берілген халық мақалын түсіндіру. Мақалды есте сақтау.

Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ

Бала – жағасындағы құрақ.

IV. Бекіту.

2-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау. Тапсырманы төмендегі ойын түрінде де өткізуге болады.

Жұмыстың бұл түрі жеке де орындалуы мүмкін. Жазба жұмысын орындағанда әрбір оқушы үш деңгейдің тапсырмалары жазылған парақ алады. Солардың біреуін таңдағаннан соң, оқушылар бірінші тапсырманы орындауға кіріседі. Оны орындаған оқушы қолын көтереді. Өз жұмысын мұғалімнен алған дұрыс үлгісімен салыстырып, оқушы бағалау парағына баға қояды да, екінші тапсырманы орындауға кіріседі. Аяқталған соң да өзін-өзі тағы солай тексереді. Одан кейін үшінші тапсырмасын орындап, соны бағалауға кіріседі. Оқушы кез келген деңгей тапсырмаларын орындауға құқылы.

ІІІ деңгей

1. Мәтінді оқып, мақал – мәтелдерді табыңдар. Мағынасын түсіндіріңдер.

2. Мәтіндегі бірінші сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

3. Үлгі бойынша мәтіннен сапалық және қатыстық сын есімдерді тауып жазыңдар.

Үлгі: сапалық қатыстық

Рухани өнегелі

ІІ деңгей

1. Мәтіннің мазмұны бойынша диалогті толықтырып, өзара әңгімелесіңдер.

- Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдеріне қарағанда қазақ әйелдерінің қоғамдағы орны қандай?

- ... .

- Қазақ әйелдері жүздерін жамылғылармен бүркеген бе?

- ... .

- Қазақ әйелдері үшін басты міндет қандай?

- ... .

- Қыз бен ер баланың тәрбиесіне байланысты қазақтың қандай мақал – мәтелдерін білесіңдер?

- ... .

2. Үлгі бойынша мәтіннен етістерді теріп жазып, жұрнақтарын ажыратыңдар. Етіс түрін анықтаңдар.

Үлгі: бөлісіп – ортақ етіс.

Табылады – ырықсыз етіс.

І деңгей

1. Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерге сипаттама беріңдр.

2. Мәтін бойынша монолог дайындаңдар.
V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

13-13-сабақ Күні: 23.09.15ж.

Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келер

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын жазбаша жазу.

IV. Бекіту.

2-тапсырма. Төменде берілген ақыл-кеңестерді түсініп оқып, есте сақтау.

1. Жұрттың бәрімен, әсіресе қатаң адамдармен қай жерде, қай уақытта болсын амандасып жүр. Денсаулығым жақсы болсын десең өзгелердің денсаулығын сұрап амандас.

2. Өзіңді айнала қоршаған табиғатты сүй.

3. Өз бойындағы сараңдықты, жалқаулықты, екіжүзділікті, менмендікті, пайдакүнм мен есепшілікті қорқынышты жең. Адамға сен, адамды сүй.

4. Ой мен істі бір – бірінен бөліп қарама. Оқығаның жақсы-ақ, бірақ ең бастысы – істеу керек.

5. Қарапайым бол!

6. Арақ ішпе, темекі тартпа!

7. Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланба.

8. Егер сен дұрыс жасамасаң, кемшілігіңді тез түзетуге тырыс. Жақсылыққа апарар жолға баста.

9. Сәтсіздіктеріңді емес, қуанышты күндеріңді жиі еске түсір.

10. Өзге адамдардың ой-пікірі мен талап-тілегіне түсіністікпен қара.
Сөздік

Сараңдық – жадность қарапайым – простой

Екіжүзділік – двуличие ашуланба – не злись

Менмендік – гордость кемшілік – недостатки

Пайдакүнем, есепшілдік – расчетливость

Қорқыныш – трусость түзету – исправить

Сәтсіздік – неудача түсіністік – понимание
V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. Сөйлемдерді түсініп оқып, әрқайсысына сұрақ құрастыру. Керекті жалғауларын қойып жазу.

Жауап үлгісі:

1) Қазақ отбасында өз баласын мейірімділік (пен) баулып өсірген.

2) Отбасы(нда) осындай тәрбие көрген бала ақырында өздігі(нен) тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болады.

3) Қазақ отбасы(нда) ар-намысы(н) сақтауға, отбасы мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

5-сабақ

Әдептілік — әр адамның бет-бейнесі

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар:

1. Әдеп сақтау қандай дәстүр?

2. Әдепті адам қандай болады?

3. Үлкендердің алдында сендер қандай әдеп сақтайсыңдар?

4. Әдептілік деген не?
Топтастыру:


Әдептілік




IV. Бекіту.

2-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, тұрлаулы мүшелерді табу.

1. Қазақ халқында қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата-ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. (Н.Мыңжани).

2. Қазақ баласын үлкенді сыйлауға кішкентайынан үйретеді.

3. Қарттардың үлкен құрметке ие болатыны сонша – үй ішінде бір мәселе төңірегінде кеңес етсе, бәрі де қарттың сөзіне тоқтауға мәжбүр.

(Э.Вульфсон).
Кластер жасау:

Әдептілік туралы бар ойларын қағаз бетіне түсіріп, оқушылар ортаға шығып қорғайды. Өз ойларын ортаға салады.
V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. 1-тапсырмадағы мәтіннен сын есімдерді теріп жазу.

Әдепті, әдемі, үлкен, кіші, халықтық, үлгілі, ерекше, қасиетті, тәлімдік, тамаша.
VI. Үй тапсырмасы.

Әдеп туралы мақал – мәтелдер жазып келу.


14-14-сабақ Күні: 25.09.15ж.

Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
Сөздік:

Адал – честный тыныштық – спокойствие

Еңбексүйгіштік – трудолюбие ғұмыр бойы – всю жизнь

Табыс – успех шыншыл – правдивый

Сезе біл – умей чувствовать ырзалық – благословение

Көңіл хошы – настроение тілалғыш – послушный
1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді түсініп оқып, есте сақтау. Орыс тіліндегі баламасын табу.

1. Арыңды жасыңнан сақта. Береги честь смолоду.

2. Жылтырағанның бәрі алтын емес. Все блестящее не золото.

3. Бетің қисық болса, айнаға өкпелме. Не вини зеркало,если ты не красив.
2-тапсырма. Берілген мәселелер бойынша пікірталас өткізу.

1. Адамды іс-әрекетіне қарап бағалау керек.

2. Әдептілік - әр адамның бет – бейнесі.

3. Баланы жастан.
IV. Бекіту.

3-тапсырма. Мәтін бойынша мазмұндама жазу.

Сенің адал өмір сүруің, еңбексүйгіштігің, оқу мен еңбектегі табыстарың – ата-анаң үшін айтып жеткізгісіз зор бақыт. Өз үйіңнің бағын жандыра біл.

Анаңның жүрегін сезе біл, анаңның көз жанарынан көңіл хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш нұрын көре біл. Жастайыңнан анаңның көзінен жан дүниесін көре білуге үйренбесең, сен ғұмыр бойы адамгершілік тұрғысынан ақ көз боп өтесің.

Ана мен әке алдында шыншыл бол. Ата – анаңның құптауынсыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың рұқсатын, ырзалығын ал.

(В.А.Сухомлинский, аударған М.Әлімбаев).
V. Сабақты қорытындылау. Венн диаграммасы.
Жағымды қасиеттер Жағымсыз қасиеттер



VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

15-15-сабақ Нәтиже сабақ Күні: 26.09.15ж.


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Берілген сөйлемдегі сұраққа жауап беріңдер. «Адамның жеке басының қалыптасуы (неден?) басталады».

A) қоғамнан B) мектептен C) достардан D) отбасынан

2. Отбасы... негізгі туыстық қатынас ер... жағымен есептелген. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды жалғаңдар.

А)-нан, -тар В) -нде, -лер С) -нда,-лер D) -ды, -дар

3. Көп нүктенің орнына керекті тұйық етістікті қойыңдар. Отбасы беріктігін ... .

A) құру B) сақтау C) бақылау D) көру

4. Бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымын атаңдар.

A) балабақша B) мектеп С) отбасы D) жұмыс

5. Қыздан туған баланы кім деп атаймыз?

A) бөле B) немере C) жиен D) іні

6. Көргенді отбасылары қыз баланы кім деп мәпелеген?

А) бауыр Б) қызым С) еркем D) қонақ

7. Адамды несіне қарап бағалау керек?

A) түріне B) киіміне C) отбасына D) іс-әрекетіне

8. Қазақ отбасы негізінен қанша ұрпақтан тұрады?

А) екі Б) үш C) бес D) жеті

9. Баланың тәрбиелі болып өсуіне ... отбасының эсері мол. Көп нүктенің орнына керекті сын есімді қойыңдар.

A) қасиетті B) кең C) берекелі D) жұмсақ

10. «... отбасынан басталады». Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.

А) шындық В) тәрбие C) туыстық D) бақыт
Ү. Бекіту.

II. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.

  1. Отбасы сыйластығы үшін сенің ойыңша не қажет? Өз отбасыларың туралы әңгіме құраңдар.

  2. «Отбасы» тақырыбына байланысты бірнеше мақал – мәтел жаттаңдар.

  3. Қазақ халқында отбасындағы қыз бен ұлдың орны қандай? Осы төңірегінде өзара диалог құраңдар.

  4. Отбасындағы туыстық атауларға сипаттама беріңдер.

  5. «Отбасы сыйластығы» деген тақырыпқа реферат жазыңдар.


ҮІ. Қорытындылау. Топтастыру.


ОТБАСЫ


ҮІІ. Үй тапсырмасы. Қайталау.


16-16-сабақ

8-сынып Қазақ тілі Күні: 29.09.15ж.

Сабақ тақырыбы

Диктант «Қарлығаш би»

Жалпы мақсаттар

Сөйлем мүшелері , сөйлемдегі орны, тыныс белгілері бойынша диктант жүргізу. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау.

Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.

Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.


Оқыту нәтижелері

Топта белсенділік көрсетуге тырысады;

Теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады;

пысықтауыштың күнделікті әрекетте кездесіп жүргенін біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.


Негізгі идеялар

Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі.

Төле би – қалың ел сыйлаған, аруақты би. «Қарлығаш би» атымен де танымал.

Түркі тектес халықтарға ортақ би.


Дереккөздер,сілтемелер

«Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы» 5-9 сыныптар С.С.Бралина

2011ж .



Ынтымақтастық атмосфера тудыру

Мұғалім жазбалары

Еркін әңгімелесу.

Мектепке келе жатып нені байқадыңыздар?

Ауа- райы қалай?

Сен сыныпқа келгенде кімдер болды?



Тұсаукесер

  • Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау.

  • Мәтінге кіріспе сұрақтар беру.

  • Қазақ би- шешендері

Мағынаны тану

Ескіден жаңаға көшу, меңгеру қадамдары.

Қарлығаш би

Алдынан Шайхан Тәуір көрінді.Шайхан Тәуір тасас ынан күмбезі істіктеу, биіктігі он бес-он алты метрдей мазар асқақтайды. Ол әйгілі Төле бидің күмбезі екенін Рысқұлов біледі. Баяғы Тәуеке ханның тұсында қазақтың үш Жүзінің басын қосып, берекелі, бәтуалы ел болуына аянбай қызмет еткен аса ірі қайраткер екенін де біледі. Жоңғар сияқты жауға қарсы тұрарға қазақ, қырғыз, өзбек,қарақалпақтарды біріктіруді, бір ел етуді Төле би Рысқұловтан екі жүз жыл бұрын армандаған, әрекет қылған...Ташкентте он екі жыл билікқұрып, ақырғы талқаны тоқсан үш жасында таусылып, осы Шайхан Тәуірге қойылып еді ғой.

Рысқұлов Төле бидің күмбезін сонау он бесінші жылы Ташкентке оқу іздеп әдейі барып көріп еді.Күмбездің маңдайшасындағы арабша «Қарлығаш би» дегенді оқып, таңғалған.С өйтсе, Төле биді мұндағы ел «Қарлығаш би» деп атайды екен.Демек, онда қарлығаш құстың қасиеті болғаны да. Өрт шалған халқына қарлығаш құстың қанатымен су себелеп, шырылдап өткен бір сабаз.

(146 сөз)

(Ш.Мұртаза)






Жазу кезеңі

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне бір мысалдан келтіру.



Қосымша тапсырмалар

Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.

Ой толғаныс

Не себепті қарлығаштың ұясын бұзуға болмайды?




Қайталау ережелері

Шешендік сөздерден 6 сөйлем жазып,сөйлем мүшесіне талдау



Бағалау

Тексеріп, емле қателері мен пунктуациялық қателерін шартты белгімен көрсету

жүктеу 2,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау