|
Сабақ сағат 9: 00-ден 15: 00 ге дейін өтеді. Қазақ тілінде оқытылатын мектептер үшін «Балапан» телеарнасы
|
бет | 1/5 | Дата | 16.01.2022 | өлшемі | 35,49 Kb. | | #32611 | түрі | Сабақ |
| Қашықтан оқыту нұсқаулық. Мұғалімдер үшін.docx
ЖОБА
Құрметті ұстаздар! 6 сәуір мен 22 мамыр аралығында телеарналарда 1-11 сыныптар үшін 2042 қашықтық сабақтар ұйымдастырғалы отыр. Сабақ сағат 9:00-ден 15:00 ге дейін өтеді. Қазақ тілінде оқытылатын мектептер үшін «Балапан» телеарнасы.
Пән мұғалімдері 3 категорияға бөлінген
Интернетке қол жеткізе алатын және қашықтан оқыту технологияларын қолдана алатын пән мұғалімдері мен білім алушылар;
Интернетке қол жеткізе алатын пән мұғалімі және интернетке қол жеткізе алмайтын, теле сабақтарды қолданатын білім алушылар;
Қашықтан оқыту процесіне қатыса алмайтын педагогтар, яғни телесабақтарды қолданатын мұғалімдер мен білім алушылар;
Біздің мектеп 2-ші категорияны таңдаймыз:
Осыған сәйкес Пән мұғалімінің іс-әрекеті:
Күнтізбелік жоспарына телесабақтардың негізінде түзету енгізеді.
Электронды журналдағы күнтізбелік-тақырыптық жоспарларына түзету енгізеді
Оқу ісі орынбасарымен атқарылатын жұмыстың түрін келіседі.
Атқарылатын жұмыстың тиімді және әртүрлі тәсілдерін қолданады /телесабақтар, ватсап чаты, мобильді байланыс/
Атқарылатын жұмыс түрілері туралы ақпаратты білім алушылар мен олардың ата-аналарына уақытылы жеткізіп отырады.
Бекітілген график бойынша сабақтар жүргізеді
Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына бақылау жүргізеді және кері байланыс береді.
Үй жұмысының нормаларына сәйкес білім алушыларға үй тапсырмасын береді.
Кез-келген қолжетімді тәсіл арқылы білім алушылардың тақырыпқа байланысты орындаған тапсырмаларын жинақтайды.
Электронды журналда және күнделікте мына бөлімдерді уақытында толтырып отырады:
Әрбір телесабақтан соң үй тапсырмасын береді және толтырады.
Әрбір тапсырманы орындауға байланысты нұсқаулықтарды білім алушыларға салып отырады /ватсап арқылы/
Тапсырманы орындауға кері байланыс және комментарий беріп отырады
Жиынтық бағалау нәтижелерін береді
Егер белгіленген мерзімде тапсырма орындалмаса тиісті комментарий жазып отырады.
Білім алушыларға жеке консультация береді, сонымен бірге жеке қажеттілігі бар білім алушыларға жеке консультация ұйымдастырады.
Мектеп әкімшілігіне атқарылған жұмыстар және оның нәтижелері туралы міндетті түрде хабарлап отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|