Тақырыпты бекіту:
Деңгейлік тапсырмалар: Төмендегі есептердің алгоритмін блок-схема түрінде құрындар:
x=a+b+c
y=a*b+10
c=y+4a
Пернетақтаның бағасы 700 теңге, монитордың бағасы 15000 теңге, жүйеліктін бағасы блок 75000 теңге. Осындай бағадағы құрылғылардан тұратын төрт компьютердің бағасын қанша болады?
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау:
Сонымен, балдар:
Алгоритмді өрнектеудің, жазудың қандай тәсілдері бар?
Алгоритмді график арқылы бейнелеу ерекшеліктері қандай?
Блоктар қандай топтарға бөлінеді, қызметтері қандай?
Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі
-
Р/с
|
Аты-жөні
|
Балдық баға
|
Дәстүрлі баға
|
1
|
Алмаханов Нұрман
|
|
|
2
|
Зәуірбек Мағжан
|
|
|
3
|
Исмагулов Даурен
|
|
|
4
|
Қалдан Дархан
|
|
|
5
|
Кеңесбек Тұрғанбай
|
|
|
6
|
Көнебаев Бекжан
|
|
|
7
|
Мұңайтпас Гүлжан
|
|
|
8
|
Нұрхат Ерқанат
|
|
|
9
|
Орынбаева Анар
|
|
|
10
|
Өсербай Ардақ
|
|
|
11
|
Өсімжанұлы Ермек
|
|
|
12
|
Темірбектегі Нұржан
|
|
|
13
|
Төлеген Абілхайыр
|
|
|
Үй тапсырмасы:
Асанның жасы x, Үсеннің жасы y . Табу керек, екеуінің жасының орта шамасын және екеуінің жасы сол шамадан қанша есе көп екенің.
Еркін тақырып.
№4 Сабақ
Мерзімі:
Сабақ тақырыбы: Есептің ЭЕМ-де шешу басқыштары.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдерімен таныстырып, оларды практика жүзінде қолдануға үйрету. Бағдарлама құру кезеңдерін тереңірек түсіндіру.
Үй тапсырмасын талқылау:
Үйге берілген есептін шешуде қандай жолдарын қарастырғаның көріп шығам, талдауды өздеріне беремін. Оқушы өзінің нәтижеге жеткен жолын талқылап түсіндіреді. ІІІ деңгейдің оқушыларына алгоритм құрылу барысында қасиеттері сақталды ма жоқ па соны тексереді.
Өтілген материалдар бойынша тапсырма:
Төмендегі есептердің алгоритмін блок-схема түрінде құрындар:
«Дұрыс сөзін» баспаға шығар.
Берілген 30 сұрақтың 26 дұрыс болған жағдайда, оқушы қанша ұпай жинайды?
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Кез-келген бағдарламаны бағдарламалау тілінде құру бір мезеттік кезеңнен тұрмайтыны алдынғы тарауларда айтып өткендерден белгілі. Төменде біз бағдарлама құрудың негізгі кезеңдерін қарастырып өтеміз.
Есептің құрылымы
Бағдарламаны дұрыс құру үшін, бағдарламашы бағдарлама құру барысында алдымен есепті тура және айқын тұжырымдап, өзі қандай мақсатқа жету керектігін жоспарлап, оның шешімі үшін қандай бастапқы мәлімет қажеттігін және қорытындысы қандай болу керектігін айқындап алуы керек.
Есепті шешудің үйлесімді әдісін табу және
сәйкес алгоритм құру.
Қойылған есепті табысты шешу үшін, бағдарламашы тым болмағанда сол есепті шешу жолының жалпы жоспарын құрып, шешімінің ең нәтижелі және сенімді жолын белгілеу керек. Көбіне бағдарламаны компьютерде құрмас бұрын алдымен оның негізгі кезеңдерінің блок схемасын сызып алғанның көмегі көбірек болады.
Бағдарламалау тілінде бағдарлама мәтінің жазу.
Бұл кезеңді көбінесе бағдарламаны аударғыш кезеңі деп атайды. Яғни, алгоритмді машиналық код тіліне аударады. Бағдарлама мәтінің теру үшін компьютерде мәтіндік редактордың қажетті бағдарламалары орнатылуы керек.
Мәтінді редакциялау мағынасы мәтінің түзетілуі, яғни, мәтінде табылған қателерді дұрыстауды түсіндіреді. Түзету мүмкіншіліктерінің барысы мәтіндік редактордың міндеттерімен келеді, себебі кез – келген бағдарламада мәтін теру барысында қате кетуі мүмкін.
Бағдарламаның терілген және редакцияланған мәтіні белгілі бір уақытқа дейін компьютердің оперативті жадысында сақталады. Бағдарламаның кейінірек қолданысқа қажеттілігі болса оны компьютердің қатқыл дискісіне жеке бір файл түрінде сақтап қойған дұрыс. Кері жағдайда компьютер өшкен мезетте оның оперативті жадысындағы мәліметтер толығымен жойылады.
Бағдарламаны тексеру
Бұл кезең бағдарламаның трансляцияға (аударғыш) жүктелуінен басталады. Яғни, бағдарлама – транслятор бағдарлама мәтінің толығымен сол бағдарламалау тілінің орфографиясы мен синтаксисіне сәйкес қателерін тексереді. Қате табылған жағдайда транслятор сол қате туралы мәлімет береді. Бұл кезде бағдарлама жұмыс істеуін уақытша тоқтатады. Сондықтан бағдарламашы қатені түзетіп бағдарламаны қайтадан трансляцияға жүктеуі керек. Транслятор бағдарламадан қате таппаған жағдайда, ол бағдарлама мәтінің объектілі модуль деп аталатын машиналық код тіліне аударады. Бірақ, объектілі модуль компьютердің бағдарламаны толық орындауына дайын түрі емес. Себебі, бір де бір компьютерлік бағдарламалар қосалқы бағдарламаларсыз жұмыс істемейді. Мұндай қосалқы бағдарламалар стандартты ішкі бағдарламалар (подпрограммалар) деп аталады және арнайы кітапханалармен бірігеді. Бұл кітапханалар бағдарламаға байланыстардың редакторы деп аталатын арнайы бағдарламаның көмегімен қосылады.
Бағдарламаларды жөндеу, нәтижелерді талқылау.
Бағдарламашы бағдарламаны граматикалық қатесіз дұрыс құрып бірақ нәтижесі дұрыс шықпайтын кездер жиі кездесіп тұрады. Бұл, бағдарламада семантикалық (мағыналық) қате бар дегенді білдіреді. Мұндай жағдайларда бағдарламашының бағдарламалау тілінің тек формальды түрде білгені жеткіліксіз. Ол логикасы, ойлау қабілеті жоғары дәрежелі, бағдарламаның негізгі принциптерімен қателерді табудың ең нәтижелі әдістерін білетін және компьютерлік бағдарламаларды құрастыруда айқын тәжірибелі бағдарламашы болуы керек.
Өңдеушінің интеграцияланған ортасы және оның компоненттері.
Бастапқы бірінші, екінші кезеңдерде есепті тиісті жолмен шешіп және оның нәтижесін алу тәсілін құрастыруда басты құрал бағдарламашының миы болып есептелсе, келесі кезеңдерде көбіне бөлімнің маңыздылығына байланысты адам емес компьютер орындауға қабілетті жұмыстар кездеседі.
Бағдарламалау тәжірибесінің негізінде жоғарғы дәрежелі тілде қосалқы бағдарламалардың қасына транслятор қосу, бағдарламаны құру және тоқтатуды маңызды дәрежеде жеңілдететін процесстерін бірінғай бағдарламалау комплексіне интегралдау ойы пайда болды. Мұндай комплекс интегралданған жүйе немесе бағдарламалау ортасы деп аталады. Берілген комплекс келесі негізгі элементтерден тұрады.
Қосалқы (қоса салынған) мәтіндік редактор.
Компилятор. Бұл бағдарламалау жүйесінің негізгі ядросы.
Байланыс редакторы. Қажетті стандартты кітапханалармен байланысытырады.
Бағдарлама-тоқтату. Қате табылған жағдайда мәлімет береді, сонымен қатар қатені сипаттап, көбіне қате табылған қатарды көрсетіп, бағыттауышты (курсор) қатенің үстіне апарады.
Анықтама жүйесі.
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау:
Сонымен, балдар:
Есепті ЭЕМ-де шешу кезінде Есептің құрылымы кезеңінде не істейміз?
Есепті шешудің үйлесімді әдісін табу дегін нені білдіреді?
Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі
-
Р/с
|
Аты-жөні
|
Балдық баға
|
Дәстүрлі баға
|
1
|
Алмаханов Нұрман
|
|
|
2
|
Зәуірбек Мағжан
|
|
|
3
|
Исмагулов Даурен
|
|
|
4
|
Қалдан Дархан
|
|
|
5
|
Кеңесбек Тұрғанбай
|
|
|
6
|
Көнебаев Бекжан
|
|
|
7
|
Мұңайтпас Гүлжан
|
|
|
8
|
Нұрхат Ерқанат
|
|
|
9
|
Орынбаева Анар
|
|
|
10
|
Өсербай Ардақ
|
|
|
11
|
Өсімжанұлы Ермек
|
|
|
12
|
Темірбектегі Нұржан
|
|
|
13
|
Төлеген Абілхайыр
|
|
|
Үй тапсырмасы:
Есептің ЭЕМ-де шешу басқыштарын (кезеңдерін) жаттау.
№5 Сабақ
Мерзімі:
Сабақ тақырыбы: №1 Бақылау жұмысы.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімін жинақтау.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
№1 Бақылау жұмысы
І нұсқа
1. Алгоритм дегеніміз не? Алгоритмнің өрнектелу жолдары. Блок-схеманың басқа өрнектелу жолдарынан ерекшелігі неде?
2. Есепті ЭЕМ-де шешудің 1-ші, 3-ші және 6-шы кезеңдерін түсіндір.
3. y=x+10a формуласы бойынша есептеу алгоритмін блок-схема түрінде құрыңыз.
4. Үш бұрышты a,b,c үш қабырғасы белгілі, осы үшбұрыштың периметрін есептеу алгоритмін табиғи тілде құрыңыз.
ІІ нұсқа
1. Алгоритмнің түрлері және қасиеті.
2. Есепті ЭЕМ-де шешудің 2-ші, 4-ші және 5-ші кезеңдерін түсіндір.
3. Қабырғасы а-ға тең кубтың V көлемін есептеу алгоритмін блок-схема түрінде құрыңыз.
4. X=15b-10 формуласы бойынша есептеу алгоритмін табиғи тілде құрыңыз.
Жауабы:
І нұсқа
1. Алгоритм - алға қойылған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында арнайы ережелер бойынша орындаушыға (адам немесе компьютерге) жинақы түрде берілген нұсқаулар тізбегі.
дегеніміз не?
Алгоритмнің өрнектелу жолдары:
табиғи (күнделікті) тілде; блок – схема түрінде; алгоритмдік тілде.
Блок-схеманың басқа өрнектелу жолдарынан ерекшелігі: белгілі бір мағына білдіретін геометриялық фигуралар қолданылады, уақытты үнемдейміз
2. Есепті ЭЕМ-де шешудің 1-ші кезеңі: Есептің құрылымы
Бағдарламаны дұрыс құру үшін, бағдарламашы бағдарлама құру барысында алдымен есепті тура және айқын тұжырымдап, өзі қандай мақсатқа жету керектігін жоспарлап, оның шешімі үшін қандай бастапқы мәлімет қажеттігін және қорытындысы қандай болу керектігін айқындап алуы керек.
3-ші кезеңі: Бағдарламалау тілінде бағдарлама мәтінің жазу (кодтау).
6-шы кезеңі: Есепті шығару, нәтижесін іс жүзінде қолдану.
3. y=x+10a формуласы бойынша есептеу алгоритмін блок-схема түрінде құрыңыз.
4. Үш бұрышты a,b,c үш қабырғасы белгілі, осы үшбұрыштың периметрін есептеу алгоритмін табиғи тілде құрыңыз. P=a+b+c
ІІ нұсқа
1. Алгоритмнің түрлері.
1.Сызықтық 2.Тармақталған 3.Қайталану
Алгоритм қасиеттері.
Алгоритмнің үздіктілігі – информацияны өңдеу процесі ретімен жазылған жеке-жеке нұсқаулардан тұратын тізбектен тұруы тиіс.
Дискреттік – бұл қасиет есепті шешу кезінде оны өз алдына бірнеше кезеңдерге бөлуге болатының түсіндіреді.
Алгоритмнің түсініктілігі мен анықтылығы – орындаушы (адам немесе компьютер) алгоритмді түсініп орындай алатын болу керек. Оның үстіне түрлі түрде түсіндірілетін нұсқаулар енгізілмеуі тиіс. Ол орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуге жол қалдырмайтындай етіп және орындалу реттері дәл көрсетіліп жазылуы тиіс.
Көпшілікке бірдейлік – яғни, алгоритмнің қарастырылып отырған информацияның кез-келген берілгендеріне бірдейлігі.
Дұрыстық – алгоритмді қолданып шешілген есептің шешімі шындыққа сәйкес болу керек.
Алгоритмнің нәтижелігі
2. Есепті ЭЕМ-де шешудің 2-ші кезеңі: Есепті шешудің үйлесімді әдісін табу және сәйкес алгоритм құру.
4-ші кезеңі: Бағдарламаны тексеру.
5-ші кезеңі:Есепті шығаруға керекті мәлімет дайындау.
3. Қабырғасы а-ға тең кубтың V көлемін есептеу алгоритмін блок-схема түрінде құрыңыз. V=a3
4. X=15b-10 формуласы бойынша есептеу алгоритмін табиғи тілде құрыңыз.
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау:
Оқушылардан бақылау жүмыстарын сабақ аяқталуға 5 минут қалғанда жинап аламын.
Үй тапсырмасы:
Келесі сабақта Есепті ЭЕМ-де шешудің басқыштарын толық жатқа сұраймын, талдау жұмыстарын өздерін орындайсындар.
№6 Сабақ
Мерзімі:
Сабақ тақырыбы: Бағдарламалау тілдері. Паскаль тілінің тарихы. Тілдің алфавиті және құрылымы.
Сабақтың мақсаты: Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері, олардың өзіндік ерекшеліктері туралы баяндау. Паскаль тілінің тарихын, бағдарламаның ерекшелігін, тілдің алфавитін және құрылымын түсіндіру.
Үй тапсырмасын талқылау:
ІІІ топ оқушы/нан Есептің ЭЕМ-де шешу басқыштарын ретімен жатқа сұраймын. ІІ топ оқуш/нан әр қайсысынан ір басқышты талдап беруді талап етемін. І топ оқуш/на басқыштарды келесі сабақта толық талдатамын.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Программалау жұйесі – программаны құрудың және жөндеудің автоматтануын қамтамасыз ететін программалық құралдардың жиынтығы. Оның ішіне программалау тілдері, осы тілдерден аударғыштар, бағынынқы программалардың кітапханалары, программалардың құрастырушысы және жөндеуіші кіреді.
Әр ЭЕМ-нің өз программалау тілдері болады – машиналық командалар тілі немесе машиналық тілі және осы тілде жазылған программалаларды ғана орындай алады. Сандар тілі бола тұра, машиналық тіл программалау үшін жарамсыздау, өйткені программаларды жазу және жөндеу үшін көп уақыт жұмсауды талап етеді. Осы себептен машиналық тілмен сай келмейтін программалау тілдері кеңінен тарады. Машиналық тілге жақындығы дәрежесі бойынша – программалау тілдері төмен және жоғары дәрежеліге бөлінеді. Осы тілдердің бірінде жазылған программа сөйлемдердің немесе операторлардың бірізділігінен тұрады және бастапқы программа немесе бастапқы модуль деп аталады. Программалау тілдері машиналық кодқа қаншалықты жақын болса, программа процессор үшін соншалықты ыңғайлы оның орындалуы да жылдамданады, жадта да аз орын алады. Адам тіліне жақын болған сайын, адамдарға ыңғайлығы артады, бірақ процессор регисторларын меңгеруге арналған командалары азаяды. Процессорға жақын тілдер – төмен дәрежелі программалар деп аталады, ал адамдарға ыңғайлы тілдер – жоғары жәрежелі тілдер.
Программалаудың жоғары дәрежелі тілдері адамға үйреншікті терминдердің көмегімен программалар жазуға арналған. Олар жадтың нақты ұяшықтарымен және элементар нұсқаулармен емес, табиғи тіл командаларымен монипуляция жасайды. Келешекте бұл командалар арнайы программалар көмегімен автоматты түрде машиналық кодқа өтеді.
Паскаль тілінің әліппесі.
Бағдарламалау тіліндегі кез келген бағдарлама символдар түрінде жазылады. Адамдар бір – бірін түсінісу мақсатында қолданылатын орыс, қазақ, ағылшын т.б. тілдері секілді бағдарламашы компьютермен байланысу кезінде қолданатын бағдарламалау тілінің де өзіндік әліппесі бар. Бұл әліппе бағдарлама құру кезінде қолданылатын бас және кіші әріптер топтамасы, сандар және символдардан құралады.
Паскаль тілінің әліппесінің құрамында:
1. A мен Z- ке дейінгі латын әріптері.
2. 0 ден 9-ға дейінгі арап сандар.
3. Арнайы символдар: + - * = {} [] <> . ; : ' # ^ @.
Құрамды символар: = <> <= > =. (**) (..) {}.
Арнайы символдар, сандар және әріптермен қатар Паскаль тілінің әліппесі өзіндік атқаратын міндеттері белгіленген қызметші сөздерден тұрады. Мұндай тұрақты сөздерге келесілер кіреді:
and else inline Procedure unit
asm end interface Program until
array exports label record uses
begin file library Repeat var
Case For mod set While
const Function nil shl with
constructor goto not shr xor
destructor if object string
div implementation of then
do in or to
down inherited packed type
Паскаль тілінде жеке символдармен қызметші сөздер операторлар құрайды. Оператор – деп программадағы нұсқаулардың (бұйрықтар, алгоритмдер) машиналық тілде жазылуы. Яғни, берілген есепті шешу мақсатында орындалатын іс-әрекеттердің машинаға түсінікті тілде жазылуы.
Бағдарламаның құрылымы.
Берілген есепті шешу барысында бағдарлама жүйелі әрекеттер ұсынатыны белгілі. Бұлар Паскаль тілінде бағдарлама құратын негізгі элементтер болып есептелетін операторлар түрінде беріледі. Операторлар әртүрлі көлемде жұмыс істейді: тұрақтылар (константа) және айнымалылар.
Константа деп бағдарлама орындалу барысында өзгермейтін көлемді айтамыз. Константа сан түрінде (тұрақты сандар) немесе кейбір ерікті символдар топтамасы түрінде (мәтіндік константа) кездеседі. Жұмысты ыңғайлы түрге келтіру мақсатта кейде константаларға латын әріптерімен сандардан тұратын атаулар беріледі.
Бағдарлама орындалу барысында өзгере алатын көлем айнымалы деп аталады. Әр айнымалының жеке аты , мағынасы мен түрі сипатталуы тиіс. Айнымалы атауы константа атауы секілді латын әріптері мен сандардан құралады және міндетті түрде латын әріптерінен басталуы керек.
Кез – келген жеке айнымалы белгілі бір типке сәйкес мән қабылдай алады. Мысалы, бүтін және бөлшек сандар. Сонымен қатар айнымалылар мәні тек сандар ғана емес жеке символдар да бола алады, бұл жағдайда айнымалылар символдық деп аталады. Егер айнымалылар мәні жеке символдардан емес символдар топтамасынан құралса мұндай топтама қатар деп аталады. Кейінірек айнымалылардың басқа түрлерімен танысамыз.
Паскальдың әрбір бағдарламасында қолданылатын айнымалылардың типтері міндетті түрде белгілі бөлімдерде жазылуы тиіс.
Айнымалылар типі берілгендер аумағын ғана құрмай, сонымен қатар айнымалыға қолданылатын операциялардың топтамасы болып есептелінеді. Мысалы, сандық айнымалыларға көбейту, бөлу операторларын қолдану және қатарлардың ұзындығын есептеу мүмкіндігі.
Бағдарламада операторларды, сондай-ақ өңделетін аудандарды ерікті түрде орналастыруға болмайды. Бағдарлама элементтері бағдарламаның бөлімдерінде, белгіленген тәртіп бойынша орналасуы тиіс. Турбо Паскаль тіліндегі бағдарлама арнайы кілттік сөздерден басталатын жеке бөлімдерден құралады, олар:
Program Бағдарлама тақырыбы
………………….
Uses Қосымша процедуралар мен функциялар кітапхана – модулімен байланыстыратын бөлім
.............................
Label Шартсыз өту таңбасын сипаттау бөлімі (нысаналар)
.............................
Const Тұрақтыларды сипаттау бөлімі
.............................
Type Мәліметтер типін сипаттау бөлімі
.............................
Var Айнымалыларды сипаттау бөлімі
.............................
Procedure
............................. Процедуралармен функцияның ішкі
бағдарламаларын сипаттау бөлімі
Function
.............................
Begin бағдарлама денесінің басы
.............................
бағдарлама денесі
.............................
End. бағдарлама соңы
Бағдарлама құру барысында жоғарыда келтірілген бөлімнің көпшілігі қажетті емес. Тек Begin қызметші сөзінен басталатын бағдарлама денесі ғана қажетті болып есептелінеді. Бағдарламаның жалпы бөлімдері төменде қарастырылып өтілген:
Бағдарлама тақырыбы Program <бағдарлама_аты> түрінде жазылады. Бағдарламаға кез – келген атау беруге болады, бірақ, шатаспау үшін бағдарламаға сәйкес атпен атаған дұрыс. Бағдарлама атауын жазғанда бос орын қолдануға болмайды оның орнына астынғы сызықша немесе нүкте қолданады, үтір, нүктелі үтір таңбалары қолданылмайды, кері жағдайда бағдарлама жүйесі оны қате деп табады. Сонымен қатар бағдарлама атауы сол бағдарлама сақталған файылдың атымен сәйкес келмеуі тиіс. Бағдарлама атынан кейін нүктелі үтір таңбасы қойылады.
Uses қызметші сөзінен бастап қосымша модульдерді қосу бөлімі басталады. Турбо Паскальдың стандартты орнатушысына бірнеше стандартты модульдер кіреді: Crt – мәтіндік режимде жұмыс істеу модулі, Graph графикалық модуль т.б. Бұлар бағдарламада қосымша командалар мен операторлардың орындалуларын жүзеге асырады.
Тұрақтылар мен айнымалылар жазылатын хабарландыру бөлімі. Тұрақтылар const қызметші сөзінен, айнымалылар var қызметші сөзінен кейін беріледі. Соңынан нүктелі үтір таңбасы қойылады.
Бұл бөлімде сондай – ақ бағдарламаның басқа элементтері де жазылуы мүмкін:
функциялардан – бұл бөлім Function сөзінен басталады,
процедуралардан – бөлім Procedure сөзінен басталады,
таңбалардан (меток) – бөлім label сөзінен басталады,
берілгендер типінен – бөлім type сөзінен басталады.
Бұл элементтер қай жерде, қалай қолданылатының кейінгі тарауларда түсіндіріледі.
Бағдарламаның маңызды бөлімінің бастамасы (бағдарлама денесі) – begin қызметші сөзі. Begin қызметші сөзінен кейін таңба қойылмайды.
Бағдарламаның негізгі бөлімінде – бағдарлама денесінде функцияның орындалуын қадағалайтын операторлар орналасады. Операторлар бір – бірінен нүктелі үтір арқылы ажыратылады. Бірнеше операторларды бір қатарға жазуға болады, бір қатарға сыймаған жағдайда келесі қатарға түсіреді. Соңғы оператордан кейін таңба қою міндетті емес.
end – қызметші сөзі бағдарламаның соңын білдіреді. Соңғы end-тен кейін міндетті түрде нүкте қойылады.
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау:
Сонымен, балдар:
1.Тіл алфавиті не үшін қажет екен?
2. Паскаль тілінің алфавитіне қандай символдар кіреді?
3. Паскаль тілінде қандай символдар қолданылмайды?
4. Бағдарламаның сипаттамасы дегеніміз не?
5. Паскаль бағдарламасының негізгі құрылымы қандай?
Зейінділікті анықтаудың балдық жүйесі
-
Р/с
|
Аты-жөні
|
Балдық баға
|
Дәстүрлі баға
|
1
|
Алмаханов Нұрман
|
|
|
2
|
Зәуірбек Мағжан
|
|
|
3
|
Исмагулов Даурен
|
|
|
4
|
Қалдан Дархан
|
|
|
5
|
Кеңесбек Тұрғанбай
|
|
|
6
|
Көнебаев Бекжан
|
|
|
7
|
Мұңайтпас Гүлжан
|
|
|
8
|
Нұрхат Ерқанат
|
|
|
9
|
Орынбаева Анар
|
|
|
10
|
Өсербай Ардақ
|
|
|
11
|
Өсімжанұлы Ермек
|
|
|
12
|
Темірбектегі Нұржан
|
|
|
13
|
Төлеген Абілхайыр
|
|
|
Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу.
№7 Сабақ
Мерзімі:
Сабақ тақырыбы: Паскаль бағдарламасының ортасымен танысу. Мәліметтер типі. Шамаларды сипаттау.
Сабақтың мақсаты: Паскаль бағдарламасының ортасымен танысу, мәзір жолы. Паскаль тілінде айнымалыларды сипаттау жолдарымен таныстыру, өрнектердің математикалық жазылуы мен бағдарламалау тілінде жазылу ерекшеліктерін терең ұғындырып, берілген өрнекті бағдарламалау тілінде жазуды меңгерту.
Үй тапсырмасын талқылау:
1.Тіл алфавиті не үшін қажет екен?
2. Паскаль тілінің алфавитіне қандай символдар кіреді?
3. Паскаль тілінде қандай символдар қолданылмайды?
4. Бағдарламаның сипаттамасы дегеніміз не?
5. Паскаль бағдарламасының негізгі құрылымы қандай?
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Турбо Паскаль жүйесіне алғашқы қадам.
Турбо Паскаль бағдарламалау жүйесі файлдардан тұратын комплексті құрайды. Кез – келген бағдарламалау комплексінде бағдарламаны орындауға жіберетін бас файл болады. Паскаль жүйесінде бас файл tubo.exe немесе bp.exe деп аталады. Шарт бойынша бұл файлдар компьютердің қатты дискісінде bin ішкі каталогы орналасқан tp каталогында сақталады. tubo.exe файлы bin ішкі каталогында орналасады.
Жүйеге ену тәртібі (процедурасы) қолданушының қандай операциялық жүйеде немесе программалау қабатта жұмыс істегеніне байланысты, соған орай келесі үш жолды қарастырамыз:
1. Турбо Паскальға MSDOS операциялық жүйесі арқылы ену.
Ол үшін tubo.exe файлы орналасқан ішкі каталогқа өтіп tubo.exe сөзін теріп «Enter» пернесін басыңыз.
2. Турбо Паскальға Norton Commander бағдарламалау қабатынан ену. tubo.exe файлы орналасқан Norton Commander каталогына өтіп, файылды тандап «Enter» пернесін басыңыз немесе сол файлдың үстіне тышқанмен екі рет шертіңіз.
3. Турбо Паскальға Windows операциялық жүйесі арқылы ену.
Windows операциялық жүйесінде бұл файылға өтудің түрлі жолдарын ұйымдастыруға болады.
а) tubo.exe файлы орналасқан буманы ашып, жүйеге tubo.exe файлын тышқанмен екі рет шерту арқылы ену.
б) Егер Турбо Паскаль бағдарламалау жүйесі бас мәзірде «тіркелген» болса, онда бас мәзірді ашып сәйкес бөлімді тауып тышқанмен шертсеңіз жеткілікті.
в) Windows жұмыс алаңында tubo.exe файлының жарлығы (ярлык) құрылған болса, жүйеге ену үшін сол жарлықты тышқанмен екі рет шертіңіз.
Паскаль бағдарламалау жүйесіне енген кезде компьютер экранында жүйенің бастапқы (негізгі) көрінісі ашылады (2.1- сурет). Windows ОЖ басқаруындығы бағдарламалау жүйесінің жұмыс алаңы компьютердің толық немесе төрттен бір бөлігін алып тұрады.
Бағдарламалау жүйесінің жұмыс бетін негізгі үш бөлімге бөлеміз: жоғарғы қатар, экранның негізгі бөлігі және төменгі қатар. Бағдарламалау жүйесі жұмыс бетінің жоғарғы қатары мәзір қатары деп аталады. Ол 10 бөлімнен құралады.
2.1 - сурет
Төменде бөлімдер орналасу ретімен атап өтілген:
File ............................ файлдармен жұмыс.
Edit ........................... бағдарламаның бастапқы мәтінің редакциялау.
Search ...................... бағдарлама мәтініндегі символдар тобын табу
және ауыстыру.
Run ........................... орындауға жіберілген бағдарлама
компиляциясы.
Compile..................... орындауға жіберілмеген бағдарлама
компиляциясы.
Debug ....................... бағдарламаны дұрыстау (бағдарламадағы қатені
іздеу және орындалғаннан кейін нәтижені көру).
Tools ......................... бағдарламалау жүйесіне қатысы жоқ
бағдарламалармен жұмыс (мысалы, ассемблер).
Options .................... бағдарламалау жүйесінің параметрлерін туралау.
Window ................... ағымдағы ашық терезелермен жұмыс.
Help ......................... бағдарламалау жүйесі туралы мәліметтер алу.
Жаңа файл құру
Бағдарламамен жұмыс істемек бұрын бағдарлама мәтіні терілетін жаңа файл құруымыз қажет. Файл құру File New командасы арқылы жүзеге асырылады (2.2 - сурет).
2.2 - сурет
Ашылған жаңа файылға Noname00.pas атауы беріледі, сәйкесінше келесі ашылған жаңа файлға Noname01.pas, Noname02pas т.с.с. атаулар беріледі (2.3- сурет).
2.3- сурет
Файл атауы латынның бас және жай әріптерінен тұрады. Файл атауы жазғанда кирилица әріптері (орыс әріптерін) қолданылмайды. Сонымен қатар файл атауында бос орын және төмендегі символдар кездеспеуі тиіс :
* = + [ ] ; : , . < > / ?
Мәліметтер типі
Санның тұтастай және заттай екі типі болуы мүмкін. Тұтастай сандар +, - белгісімен немесе белгісіз ондық сандардың ретімен түсіндіріледі. Мысалы, 1; 8; -67; +100. Тұтастай сандардың барынша мүмкін белгісізі төмендегі кестеде келтіріледі:
Достарыңызбен бөлісу: |