Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.1А Қатынастар және пропорциялар
|
Мектеп: №8
|
Күні: 11.09.2023ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Математика информатика студенттері
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
|
6.1.2.3 пропорция анықтамасын білу;
6.1.2.4 пропорцияларды ажырату және құрастыру;
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар:
- пропорция анықтамасын біледі;
- пропорцияларды ажыратады және құрастырады;
-пропорцияны ажыратып және құрастырып есептер шығарады.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Оқушылардың өмірге деген құлшыныстарын видеоролик арқылы оятып, сабаққа ынталандыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
|
• Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.
|
|
Амандасу. Жинақталу. Оқулықтарын дайындау. Күтілетін нәтижеге(мақсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материалын А блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру;
АБ блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып теориялық білімін бекіту; ҚӘ блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау; ШӘ блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға атсалысу.
|
Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»
|
6 сынып оқулығы. 1-бөлім.
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақ. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу,
Пропорция дегеніміз екі қатынастың теңдігі:
Осы қатынас мына екі қатынастраға эквивалентті:
a*d = b*c, a = b*c/d
Мысалы:
a/4 = 9/2
Бұдан:
a = 9*4/2
a = 9*2 = 18
Жаттығулар:
a/3 = 17/3 қатынастан пропорцияның көмегімен a-ні табыныз. e/15 = 5/3 қатынасынан e-ні аңықтаныз.
Пропорция математикада және күнделікті өмірде көп қолданылатын ұғым. Мысалы тауар өлшеніп сатылса осы пропорция қолданылады. Күріштің 1 кг 250 тенге болса 0,5 кг қанша болады?
Тапсырмалар
Оқулықпен жұмыс. №111/113 бет-27
|
Бүгінгі сабақты мұқият тыңдап және түсініп, тапсырмалар орындайды.
|
1-10 баллдық жүйеде бағаланады.
|
6 сынып оқулығы. 1-бөлім.
Әбілқасымов А.Е., Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә., 2018ж «Мектеп» баспасы
|
|