Сабақ мақсаты: Білімділік


Науқасты бөлімшеде,науқастарды бөлімшеге тасымалдау



жүктеу 71,64 Kb.
бет9/16
Дата23.04.2022
өлшемі71,64 Kb.
#38309
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
4-Симмуляция

Науқасты бөлімшеде,науқастарды бөлімшеге тасымалдау.

Науқасты қараған дәрігердің ұйғарымы бойынша науқас бөлімшеге бақылаушы мейірбике күтіп алады, онымен және оның сырқатнамасымен танысады, оған палатаны, санитарлық және басқа бөлмелерді көрсетеді, бөлімше тәртібі туралы айтады. Содан кейін мейірбике түскен науқас туралы дәрігерге баяндайды және сырқатнаманы береді. Науқастың жағдайына байланысты дәрігер оны бірден немесе аралау кезінде қарайды, қосымша тағайындаулар жасайды.


Өздігінен жүре алмайтын науқастарды бөлімшеге зембілмен тасымалдайды. Әлсіреген науқастарды, мүгедектерді, кейбір егде және кәрі адамдарды кебінесе арнайы кресло-каталкамен (абайлап, қатты селкілдетпей); ауыр науқастарды каталкамен немесе зембілмен тасымалдайды. Науқас жатқызылған зембілді екі немесе төрт адам көтеруге болады, олар қысқа адыммен қатарласпай жүрулері қажет. Сатымен көтерілгенде науқасты басын алдыға, төмен түскенде аяқтарын алдыға қаратып көтереді, екі жағдайда да зембілдің аяқ жағы сәл жоғары ұсталынады. Зембілді көтеруді жеңілдету үшін кейде арнайы санитарлық лямкалар қолданылады. Науқасты қолмен тасымалдауды және оны ауыстырып жатқызуды бір, екі немесе төрт адам жүргізуі мүмкін. Егер науқасты бір адам тасымалдаса, онда ол бір қолымен науқастың кеудесін жауырын деңгейінде ұстайды, ал екінші қолын сандарының астына жібереді, бұл кезде науқас көтерушінің мойнынан құшақтайды.
Науқасты зембілмен төсекке ауыстырып жатқызу ептілікті және байыптылықты қажет етеді. Бұны 2-3 медицина қызметкері жүргізеді. Ауыстыру ыңғайлы болу үшін зембілді төсекке тура бұрыштап, қарама-қарсы, жалғастырып, тигізе кояды. Зембілді төсекке тигізіп қойып ауыстыру науқастан белгілі бір күш түсіруді қажет етеді, сондықтан бұл әдіс көбінесе қолданылмайды. Егер де техникалық себептермен зембілдің мұндай орналасуы мүмкін болмаса, онда зембілді төсекке қарама-карсы қояды, қызметкерлер бұл кезде зембіл мен төсектің арасында бірінен сон бірі немесе тіпті болмаған жағдайда оған жанаса тұрады. Науқасты төсекке жатқызар алдында төсектің дайындығын, барлық күтімге қажетті заттардың бар екендігін тексереді. Науқасқа қосымша ауырсыну сезімін тудырмай тасымалдау және ауыстырып жатқызу белгілі бір ептілікті және тәжірибелікті талап етеді
Сырқатты бөлімшеге бірнеше жолдармен тасымалдауға болады. Тасымалдау түрін дәрігер шешеді. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық сырқатты палатаға медициналық қызметкерлер шығарып салады. Кейбір жағдайларда сырқатты бөлімшеге дейін кресло – каталкада сырғытып апарған жөн. Ауыр науқастарды бөлімшеге арнайы қаталкалар мен зембілдермен тасымалдайды. Әрбір каталка таза жаймамен жабылып, көрпемен төселуі тиіс. Жайманы әрбір сырқаттан кейін ауыстыру керек. Көрпені желдетіп алады, ал жұқпалы аурулардан кейін зарарсыздайды. Лифті жоқ жерде ауыр науқасты 2 немесе 4 адам зембілмен көтеріп шығарады. Зембілдің артқы жағын сәл көтеріп, сырқаттың басын алдына қаратып алып жүреді. Түсерде сырқат жатқан зембілдің аяқ жағын көтеріп алдымен шығарады. Көптеген ауруханалар арнайы тасымалдау құралымен қамтамасыз етілген, сырқатты қабылдау бөлімшесінен қашық тұрған корпусқа арнайы құралдармен жеткізеді. Қазіргі кезде тежеуіші бар кресло – каталкалар қолданылып жүр.
Қозғалуға болмайтын ауыр науқастарды, зембілден төсекке абайлап, ережелерді сақтай отырып, жылжытып жатқызады: зембілдің аяқ жақ шетін кереуеттің бас жағына қою қажет. Егер палата тар болса, зембілді кереуетке паралель етіп қояды да, медициналық қызметкерлер зембілмен кереует арасында ауруға бетін беріп тұрады. Ыңғайсыз артық қимылдар жасамау үшін зембілді кереуетке қалай дұрыс келтіру керегін алдын ала ойластырған жөн.


жүктеу 71,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау