Сабақ мақсаты: Білімділік


Лекцияның қысқаша мазмұны



жүктеу 71,64 Kb.
бет3/16
Дата23.04.2022
өлшемі71,64 Kb.
#38309
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
4-Симмуляция

Лекцияның қысқаша мазмұны.

Ауруханадағы қауіпсіз орта

Эргономика – жұмыста қызметкерлерге қауіпсіздігін сақтауға, кәсіби жарақаттардың алдын алуға бағытталған ғылым саласы.

Емдеу мекемесінде қатты ауырып жатқан жандарға, қызмет көрсету процесіне қатысқан мейірбикелер мен басқа қызметкерлердің барлығы да, адам ағзасына қарсы әсер ететін факторларға ұшырайды. Оған: науқасты басқа жақтарға ауыстыруға байланысты шектен тыс физикалық ауырлықтың түсуі, адам ағзасына улы заттардың және әртүрлі дәрмектердің, құралдардың, инфекция, радиация әсер етуі және жүйке жүйелерінің жұқаруы жатады.

Науқастарға күтім жасау кезінде мейірбикелер мен жалпы медицина қызметкерлерінің сақтану керектігі жөніндегі бірқатар сақтану әдістерін қарастырайық.

Науқастармен дұрыс жұмыс істемеу салдарынан мейірбикелердің жоталары (арқасы) жарақат алып, күтім көрсету процесі кезінде ол аурудың сезілуі мүмкін. Сондықтан да, науқастарды әр жерге тасымалдау (транспартировка), жатқан жерінде аудару, басқа орынға ауыстыру кезінде мейірбике өзінің денесіне, беліне ауырлық түсірмеудің жағын ойлап, олармен жұмыс істеудің дұрыс әдістерін пайдаланғаны жөн.

Науқасты басқа жерге ауыстыру үшін алдымен анықтайтын қажетті жағдай:

Ауыстырудың мақсаты;

Науқас денсаулығының жағдайы, көмек көрсетуге мүмкіндігі;

Ауыстыру үшін қолдағы бар қосымша механикалық құралдарды анықтау (төсегінен көтерілуге арналған арқан-жіп (трость), жылжуға арналған арба (ходунки) және балдақ);

Нық бұйрық беретін және науқасқа түсіндіретін басшының рөлін анықтау.

Әртүрлі қозғалыс, орын ауыстыру сияқты әртүрлі қызмет көрсету барысында мыналарды есте ұстаған абзал:

Науқасты көтеру алдында оны қауіпсіз әрі ыңғайлы жағдайға келтіру;

Қызмет көрсетушілер науқасты ыңғайлы жағдайға келтіріп жатқызу үшін және қауіпсіздікті сақтау мақсатында науқастың салмағына және қимылдату бағытына қарай ыңғайлау;

Өзіне ауыртпалық түсірмеу үшін мейірбике және басқа да қосымша қызмет көрсетушілер денелерінің салмағына қарай қолдарымен ептеп әрекет жасағаны жөн. Әсіресе, тербету арқылы науқасқа қозғалыс жасай отырып, оны жеңіл көтеріп алу әрекетіне (өте абай болу керек) мән беру;

Науқасты көтере бастағанда сіздің аяғыңыз жерді толық басып, нық және сенімді тіреп тұруыңыз қажет;

Науқасты көтерген кезде өзіңіздің өте дұрыс жағдайда тұрғандығыңызға сенімді болғаныңыз жөн. Арқаңызды (жотаңызды) тік ұстап, науқасқа өте жақын тұрыңыз. Мүмкіндігінше бұл қимылдарды жасаған кезіңізде сенімді болыңыз. Басқа да көмекшілеріңіз сондай сенімді жағдайда болуы тиіс. Науқасты басқа жерге ауыстыру барысындағы қозғалыс (жылжу) дұрыс болуын барлық қызмет көрсету тобының (бригада) келісе отырып атқаруы, табысты болатындығын естен шығармаңыз. Ол үшін:

Басшылықты дұрыс жүргізетін адамды таңдап алыңыздар;

Науқасқа ыңғайлы, ең жақсы әдісті таңдап алыңыздар;

Ауыр жұмысты кім өзіне алатын адамды нақтылап, белгілеп алыңыздар. Өйткені, науқасты жерге құлатып алмау үшін, оның белі мен мықын жағын, жалпы денесін ұстап тұруға күшті әрі денсаулығы жақсы (қызметіне байланысты емес) мейірбике болуы тиіс.




жүктеу 71,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау