Cұрақтар:
1.Әңгіме айтуға келген адамға Сократ не айтты?
2.Сократ айтқан үш елек қандай?
3.Сократтың бойындағы қандай жақсы қасиеттерді өз бойларыңа алар едіңдер?
4. Әділдікке, шындыққа көз жеткізбей тұрып біреудің әңгімесін айтуға болады ма?
5. Осы айтылған әңгіме тыңдаушы адамға қажет пе жоқ па?
6.Әңгімеден ақиқатты қалай байқауға болады?
|
|
5.Шығармашылық жұмыс.
«Парасатты болу-парызым!» тақырыбын «көзқарас-себеп-мысал-қорытындылау» әдісімен талқылау.
|
|
6.Топпен ән айту. БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ
Сөзі Ж.Тұрбековтікі
Әні Ә.Еспаевтікі
|
|
7.Үй тапсырмасы.
№3 сабақ «Ұждан» мәтінін оқу, 16 бет
|
|
8.Сабақтың қорытынды сәтi.
Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |