Сабақ кезінде әрқайсысын



жүктеу 1,36 Mb.
бет4/5
Дата19.02.2018
өлшемі1,36 Mb.
#10123
1   2   3   4   5

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шығарманың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын

жүргізу, мазмұнын меңгерту.

Дамьпушылық: Оқушылардың көркем сөзді, көркем ойды өз сөздік қорларына қолдана алу, соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдыларын, тілдерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Бала бойына ананы сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру.

Сабақтың көрнекілігі: Б. Бұлқышев портреті, "Ана" кім тізбегін құру бойынша жасалған сызба

Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс сабағы

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Өткен материалдармен жұмыс. Ө. Бөкей "Апамның астауы"

  3. Жаңа материал

1. Кіріспе әңгіме

Үйге берілген тапсырмалар бойынша әрбірінің өз аналарың жайлы жылы лебіз, жақсы-жақсы ой толғап келіпсіңдер. Бүгінгі сабағымызда ана тақырыбын ары қарай жалғастырамыз. Ол - Баубек Бұлқышевтың "Ана" деп аталатын шығармасы.

2. Автордың қысқаша өмірі

3. Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

- Ал, қазір "Ана" шығармасының мазмұнымен танысайық

4. Мәтінге сұрақтар қою

  • Мәтіннің негізгі идеясы не?

  • Теңізге нені теңейді?



1916 жылы Қарағанды Жезді

"Есімізде

қанды


жорыұқтар"

"Заман бізідікі



Автор портреті

Өте білімді, сауатты "Балалық шақ"

Шығармалары орыс, қызық тілдерінде

Ұлы Отан

соғысына


қатысқан Аға

леитенант






1944

жыл Украина



  • Адамның есінен не нәрсе ешқашан кетпейді? -

  • Ананы қай кезден бастап іздейсін?

  1. Мәтінді тізбектей оқыту

  2. Мәтінге таңдау жұмыстарын жүргізу:

  • Мәтінде қандай теңеу бар?

  • Неге теңізге теңейді?

- Осы жолдағы ананың тілі, ананың махаббаты деген тіркестерге қалай
түсінесің? /Сызбасы құрылады/


Ананың тілі




Жылы сөз


Мейірге толы сөзі

[ : ;




Еркелете сөйлеуі



Ананың махаббаты




Баласын жақсы көру

Балаға жүрек жылуы

Ерекше махаббаты

Бұл жауаптарға төмендегідей кесте құру

Қамқоршы




Ақылшы


¥стаз
Ақылшы


Пос




Мейірімді жан

Пана
Мейіоімді жан

Жарық өмір сыйлаушы


Аяулы жан


ІІІ. Сөздікпен жұмыс:

Уанбай - жұбанбай, жылай беру, еш нәрсеге көнбеу

Құндақта - жөргек, нәрестелік шақ

  1. Дәптермен жұмыс:

А/ сызбаларды жазу

Ә/ "Ана кім?" тізбегін тагы қалай толықтыруға болады? /Өзіндік жұмыс/



V. Үнтаспадан ән тыңдау: "Ару ана" әні

VI. Қорытынды : М. Сөзі

- Қазір орындарыңнан тұру сұралады. Ана - ұлы, ана- қымбат, ана-құдіретті жан. Олай болса, ананың құдіретіне бас иейік!

  1. Үйге тапсырма: Осы мәтінді оқып кел. "Ана" жайлы материалдар
    жинақтап келу.

  2. Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысына қарай бағалау.

3-әдістеме

Сабақтың тақырыбы: Қарабатыр /Ы.Алтынсарин/ .

Сабақтың мақсаты: Ертегіні оқыту, ертегі мазмұнын түсіндіру

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға ертегідегі негізгі ойды, идеяны ұғыңдыру.

Ертегі мазмұнын өз сезімен баяндай білуге төселдіру. Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін дамыту. Есте сақтауың, қабылдауын қайта жаңғырту қабілетін жамыту.

Тәрбиелік: Елін сүюге, қоршаған ортаға, құстарға қамқорлық сезімін ояту, өз оқу әрекетін саналы ұйымдастыра білуге үйрету.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: мұғалім сөз әдісі, сұрақ-жауап әдісі, ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсарин суреті, шығармалар жинағы, оқулық

Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру.

  1. М.Әуезов. Бүлдірген тере барғанда

  2. Мәтінді бөлім бойынша әңгімелеу

Сұрақ- жауап әдісі арқылы үй тапсырмасын бекіту.

Жаңа сабақ.

І Ой қозғау стратегиясы

1. Ертегі дегеніміз не?

2. Ертегі түрлерін ата?

II. Жаңа сабақты хабарлау.

1. Ы. Алтынсарин өмірі. /қысқаша мәлімет/

2. Мәтінмен жұмыс.

а/ Мұғалімнің мәтінді оқуы.

ә/ Сұрақтар қою

3. Сөздік жұмыс

4. Ертегіні мазмұндау

5. Ертегідегі құстарды атау:қарға сауысқан тырна қаз ақку қарлығаш

6. Тауып оқу.
а/ Баласын сағынған анасының әкесінің қарындасының зарын тауып оқу

  1. Тізбектей оқу.

а/ Ертегіні дүрыс әрі мәнерлеп тізбектеп оқу.

8. Сурет дәптермен жүмыс.

А/ Осы ертегінің мазмунына сурет салу.



ә/ Осы суреттерді пайдаланып «диафильм» жасау.

9. Толғаныс стратегиясы.

А/ Ертегінің мазмұны арқылы не сезіндің?

  1. «Бетпе-бет» хабары арқылы ертегі көрсету.

Қорытынды.

Сөзжұмбақ шешу.



  1. Ы. Алтынсарин ертегісінің кейіпкері

  2. «Абай жолы» авторы.

  3. «Ормандағы оқиға» әңгімесінің авторы

  4. Абайдың ағасы.

  5. М.Мағауин әңгімесі

  6. М.Д. Зверев әңгімесі.

Үйге тапсырма

Ертегіні оқу мазмұндау



Бағалау.

Анатілі


Сабақтың тақырыбы: Киіктің айласы

Сабақтың мақсаты: Әңгіме мазмұнын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:



  1. Жабайы аңдар, олардың өмірімен таныстыру, пайдасы, зияны туралы айту.

  2. Ойлау қабілеттерін жетілдіру, шығармашылыққа баулу.

  3. Оқушыларды табиғатты қорғауға үйрету.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: ой қозғау, негізгі ойды еуреттеу, салыстыру.

Сабақтың барысы: Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



Негізгі бөлім.

Ой қозғау Киік туралы не білеміз?


Мүйізінен дәрі Мейірімді Әдемі

Киік



Сүйкімді Жүйрік Еті пайдалы
Киіктің суретін көрсетіп, барлық дене мүшесіне зейін қоя суреттеп шығамын.

  • Әңгімені түсініп оқу. Сұрақ қою арқылы әңгіменің мазмұнын ашу

  • Әңгімеде киіктің айласын қай жерден көруге болады?

  • Мәтінде берілген қиын сөздердің мағынасын аш?

Сәске кезінде түс мезгілі

Шоқақтай-ақсаңдап

Таяқ сілтем-жақын жер

Орғып-секіріп

Діңкесі құрыған-шаршаған

Осы сөздерді пайдаланып сөйлем құрату

Мәтін бойьшша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар:

- Тірең сөздер арқылы киік туралы әңгіме құрау. (Қызыл кітап, қой мен ешкі малына ұқсас, көзі мөлдіреп тұрады, қорегі шөп, еті дәмді)

5 жолды өлең



1.Не? Киік

2. Қандай? Әдемі, сұлу.



3. Не істеді? Жайылып жүрді

  1. Сөйлем құрау. Киік әдемі аң.

  2. Мағыналас сөз. Ақбөкен.

Ойын. «Жануарлар баласын тап».

Аю күшік
Қасқыр шенжік
Түлкі қонжық

Киік құралай

Жолбарыс бөлтірік

Қорытынды бөлім



  • Мәтінде не туралы айтылған?

  • Киік балаларын қасқырдан құтқару үшін қандай айла жасады?

  • Киіктің бір текесі он шақты қасқырды қалайша алдап кетті?

  • Киіктің лағын қалай атайды?

Үйге тапсырма

I ТАРАУ БАЛАНЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ДЕП

АНАТІЛІНІҢ МАҢЫЗЫ

1.1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ ФАКТОРЛАР

Ұзақ жылдар бойы идеологиялық институтқа айналып кеткен мектеп қайтадан мәдениет ошағына айналып келеді. Қай халық үшін де ұлы мұрат - ана тілі мен төл мәдениетін сақтау және болашаққа аманаттау міндеті - ең алдымен білім беру саласымен байланысты.

Қазақстандағы эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуын халықтың сан ғасырлық тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен және мәдениетімен тығыз байланысты. Адамдардың сырт тұрпатында, қарым-қатынастарында, киім-кешегімен үй-жайларында, өндірілген заттарында, тілі мен өнер туындыларында - осының бәрі эстетикалық мәдениеттің, эстетикалық талғам мен ұғымдардың ерекшеліктері мен принциптері көрінетіні даусыз.

Педагогика ғылымымен халық мұрасы зөрттеуге, ұлттық өзіндік ерекшеліктерді сақтауға, ұмыт бола бастаған дәстүрлерді, тарихи әділдікті, мәдеииетін, тілі мен дінді қалпына келтіріп, олардағы педагогикалық жағынан барлық проглесшіл нәрсені анықтауға және осының негізінде ғылыми негізделген ұсыныстарды талдап, енгізуге тиіс.

Республиканың егемендігі, ұлттық сана - сезімнің өсуі, мәдени және рухани дәстүрлердің, тіл мен діннің қайта өркендеуі жағдайында эстетикалық тәрбиедегі ғылыми негізделген ұсыныстарды талдап жасауға қажеттілік қана өсіп қоймай сонымен бірге оларды іске асыру мүмкіндіктері де анағұрлым ұлғайды.



Тіл мәселесіне келгенде халқымыз ұзақ жылдар бойы тұншығып келгені аян: ұлттық ұятты тұсы елдіктің намысы екенін сезінсе де, қолдан келер қайраны жок, іште бұлқысып келеді. Сондықтан да тіл туралы заңды өлгені тіріліп, өшкені жанғандай айқайлап қуана қарсы алады. Көңілде көз, көкірегінде оты бар азаматтың бәрі де ана тілі теңдігі, ана тілдің мәртебесі үшін ат салысады.

Қасиетті ана тіліміздің маңдайын жарқыратып, бағын ашуға аттанған жолы алмағайып ауыр, жүгі алтыннан асыл ұлы кештің жанкешті сапарының басталғанына да біраз жылдан асты.

Осы уақыт ішінде бұл кептің еткен жолы, басқан белі, асқан асуы аз емес екен. Алдағы бір басты парыз ана тілінде ойлап, ойындағысын ана тілінде іске асыра алатын ұрпақ тәрбиелеу бізге парыз. Бұл жөнінде аз айтылып жүрген жоқ, бірақ нәтижесі көбінесе - көп белгілі нақыл сөзді еске түсіреді: диірменнің тас айналуында, ашуы да аз емес, бірақ тартылған бидай, алынған үн жоқтың қасы.

Тіл - дүниеде адамзатқа тән баға жетпес қасиет. Онсыз адам хайуанатпен тең. Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан-дүниесімен мәдениетінен, ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.

Ұлттың тілі - әр халықтың өзіндік ой - санасы мен парасын, бүкіл болмыс - тіршілігі мен сезім түйсігін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізетін күре тамыр. Онсыз халық - аты бар да заты жоқ тобыр.

Тіл - сөйлеу, ойлау қарым- қатынас құралы ғана емес, ол саясат пен идеология тетігі.

Көп елдің аңыз әпсанасы мен даму заңдылықтарын жан -жақты зерттеуге бағытталған мемлекеттік іс - шаралар кешені.

Балалардың білімге деген құштарлығын ояту мен оны нығайтып отыру үшін сабақтың қиындық дәрежесі мен оның жүргізілу қарқыны да өте маңызды. Сабақтағы барлық басқалай тәрбие жұмыстар оқу материалдарының мазмұнын, оқыту мен сабақты ұйымдастыру әдістеріне негізделеді. Мәселен, сабақты ұйымдастыру мәселелері, оқушыларды тәртіптілікке тәрбиелеу педагогтың алдында тұрған аса маңызды міндеті болып табылады. Бірақ оның өзі де басты міндетке оқушылардың оқуға деген ынтасын қалыптастыру міндетіне бағындырылған.

Мұғалім балалардың бойында оқу материалының мазмұнына деген ынта-ықыласты оята алса оларды жаңа білімдерді игеруге құлпындыра алса, сабақ үстіне тәртіп сақтаудың қосымша шараларын қолданудың қажеті болмай қалады.

Ана тілі сабағында балалардың адамгершілікке оқыту мен үйрету әр түрде болып келеді.


Әңгіме

Әңгіме

Әңгіме-лесу



Әңгіме-лесу

Дискус-сия



Дискус-сия

Ситуация-лық әдіс



Ситуация-лық әдіс

Үйрету- бақылау



Үйрету- бақылау

Таным-дық ойын



Практика-лық жұмыс

Ә д і с т е р д і ң қ ы з м е т і



Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік

Оятушылық

Бақылау-түзетушілік


Бұл кестеде көріп отырғанымыздай оқытудың әдіс-тәсілдері берілген. Әдістердің қызметі, олардық тарамдарға бөліну кезегі. Міне, осы тұрғыдан мұғалім кестедегі оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін таңдап алуына болады яғни білім көзін ашумен қатар тәрбие қырларын қатар жүргізуге мол мүмкіндік береді.

Мұғалім ана тілі сабағында бір жазушының шығармасын, әңгімесін өту барысында оқушыларға достық туралы айтатын болсақ, сол төңірегінде әңгіме өрбітеді. Балалар қалай дос болады, бір-біріне қалай көмектеседі, не үшін урысады, қалайша табысатынын мұқият жеткізуге тырысады.

Мұғалім ана тілі сабағы үстінде балалардың белгілі бір факторлар төңірегінде ой толғауға туындаған сұрақтарға өз беттерімен жауап іздеуге, жолдастарымен пікір таласы үстінде өз пікірін қорғауына мүмкіндік бергенде олардың ақындылық, сыншылдық сияқты жеке басының аса бағалы қасиеттерінің дамуына жол ашады. Балаларға оқуға қалай болса солай, енжар қарайтын сыныптар жайында жиі естуге болады. Ал бұл жөнінде төменгі сынып оқушылары табиғатынан білуге ынтызар келеді. Балалардың бойында оқуға деген ынта-ықыласын тәрбиелеу-олардың белсенділігіне жол ашумен, сөз етіп отырған жайға ынтықтырумен тығыз байланысты.

Мұғалім балалардың айтқандарына, қойған сұрақтарына шындап құлақ асады. Баларды сұрақты ойластыра қоя беруге баулуды және оқушылардың сұрақтарына жауапты асықпай береді. Қойылған сұраққа берілуге тиісті жауапты балалардың өздері іздестіреді, ал мұғалім оларды дұрыс жолға салып отырады.

Бастауыш сыныптарды балалар мен мораль туралы әңгімелерді жиелі түрде жүргізу өте маңызды. Бұл әңгімелерді оқушылар бойында адамгершілік мағлұматтарды орнықтыруға мүмкіндік беретін басты мәселелер қамтылуға тиіс. Балаларға адамгершілік тәрбие беру жұмысын жан-жақты қамтитын жоспар бойынша әңгімелер өткізіп отыру тәжірибесін зерттеу, мұғалімдердің бұл әңгімелерді әртүрлі тақырыптарда жүргізілітендігін көрсетеді.

Сабақ тақырыбы: Б.Бұлқышев, «Ана»

Сабақ мақсаты:



Білімділік: Шығарманың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу мазмұнын меңгертеді;

Дамытушылық: Оқушылардың ойын ұшқырлау.



Тәрбиелік: Бала бойына ананы силау, құрметтеу, енеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру.

Сабақтың көрнекілігі:



  1. Б.Бұлқышев портреті:

  2. Автордың «Заман біздікі» кітабы:

  1. «Ана тілі» тізбегін құру бойынша жасалған сызба:

  1. Бейне таспаға түсірілген мәтін мазмұнына сай сүреттер:

  2. Ұнтаспа:

  3. Дидактикалық материалдар;

Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс сабағы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Өткен материалдармен жұмыс Ө.Бөкей. «Анамның астауы»

- Үйге қандай тапсырма берілді?



1) Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу.

  • Әңгімі кімнің атынан баяндалған? Жазушының ілтипатпен,
    ыстық сезімнен есепке алып отырған кім?

  • Шығармада автордың ерекше көңіл күйін білдіріп тұрған
    қандай сөздер бар?

- Апасын аңсаған сезімі қалай берілген?

2) Шығармадан ұнатқан үзінділер жатқа сұралады.

3) Оқушылардың өз аналарына жазып әкелген портреттік
суреттемелер мен мінездік сипаттаулары оқылады.

4) «Анамның астауы» шығармасының жемісіндегідей өз
аналарының өмірі жайында жазып әкелген шығармалары болса
оқылады.

III Жаңа материал 1) Кіріспе әңгіме,

- Үйге берілген тапсырмалар бойынша әрбірің өз аналарың
жайлы жылы лебіз, жақсы-жақсы ой талдап келіпсіңдер. Бүгін
сабағымызды ана тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз, жалпы
ана тауға ортақ оның бойындағы ізгі қасиеттері мен ананың
құдіретін әсем де әсерлі жолдармен суреттеген оқулығымызда
тамаша бір шығарма беріліпті.

Ол Баубек Бұлқышевтың «Ана» деп аталатын шығармасы. Автор жайлы оның «Заман біздікі» кітабына ол туралы жазған естелікті оқып бердім. Ағыбаев Қанағат дейтін салдат маған Баубектің қаза тапқанын хабарлап жазған хатында. «Баубектің өзім қолымнан жерлеп, қабірінің басына аты жөнін толық жазып кеттім. Баубектің жазған - сызғандары менің қолымда қалды», - дейді.

Ал осымен аты аталған Ағыбаев Қанағат деген азамат, бүгінде ардагер, өзімізді гимназияда ұстаздық ететін Ағыбаева Гүлзейнет Қанағатқызының әкесі екендігі айтылып, ол кісінің фотосы көрсетілді.

1. Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп жатқа оқуы.

- Ал қазір «Ана» шығармасының мазмұны мен танысалық.



2. Мәтінге сұрақтар қою.

  • Мәтіннің негізгі идеясы не?

  • Теңізге нені теңейді?

  • Адамның есінен не нәрсе ешқашан кетпейді?

- Ананы қай кездөн бастап іздейсің?

3. Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту.

4. Мәтінге талдау жұмыстарын жүргізу. Мәтінде «Ананың жолы» басқа делінген. Басқаны қалай түсінеміз?

- Ана деген сөздің өзі ыстық дейді. Себебі ана деген сөз бойға


жылу тартады. Сондықтан ыстық.

Сол себептен де ана дегенде толдымай тың жүрек, тасымайтын қан сезбейтін сезім бопуға мүмкін емес дейді.

- Осы тіркестерді қалай түсінуге болады?



1) Толқымайтын жүректіркесіне келейік.

- Адам жүрегі кай кезде толқиды?



2) Тасымайтын қан тіркесі:

- Бұл тіркес тура мағынада алып қарауымыз керек, Себебі


шын мәнінде қан тасымайды ғой. Не тасиды? Су тасиды.

3) Сезбейтін сезім.

- Алдымен, сезім дегеніміз не? Ол сыртқы дүниенің


құбылысын, адамның ішкі жан дүниесінде әсер етеді.

  • Ендеше ана деген сөздің біздің жан дүниемізге әсер етуі
    мүмкін емес. Сонда жүрек толқығанда, қан тасығанда, адамның
    ішкі жан дүниесінде шаттық сезім пайда болады.

  • Жалпы осы үш тіркестің берер мағынасы біреу. Яғни
    баланың анаға деген шексіз махабаты.

5) Үй тапсырмасын беру.

Үйге осы мәтінді жаттап келу тапсырлады. Бұған қоса ана жайлы материалдарды жинақтау.

6) Дәптермен жұмыс. «Ана кім?» сұрағынан құралған жауаптар тізбегін жаздыру.

ІV. Дидактикалық материалдармен жұмыс.

Қазақ халқының ағартушысы, балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің «Ананың сүюі» өлеңіндегі әр шумақ жолдарын оқушы өз сөздерімен әңгімелеп жеткізеді.

V. Үнтаспадан «Ару ана» әні тыңдалады.

VІ Қорытынды. Мұғалім сөзі.

Сонымен қорыта келгенде Қазақстандағы білім беру жағдайының ерекшелігі - оның түрлі дағдарыстар кезеңінің қабат келуінде. Олар: әлемдегі білім беру дағдарысы және білім берудің өтпелі дәуірдегі дағдарысы. Өз кезегінде білім берудің дағдарысы қоғамдық өмірдің барлық саласына кесірін тигізеді, әрі бұған ерекше алаңдаушылық туғызады.

Дағдарыстан шығу қалыпты өркениеттік дамудың саласына оралу тек озық технологиямен жаңа техникалық, машықты мамандармен ғылыми жетістіктерді ғана емес, сонымен бірге ұлттың рухани мәйектердің, мінез-құлық және мәдени игіліктердің, әдеп-ғұрып пен салт-дәстүрдің, ой мен тілдің қайта түлеуін қажет етеді.

Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен тусініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуі белгілі әлеуметтік ортамен тәрбие әсер етеді.



Әлеуметтік орта мен тәрбие балаға әртүрлі дәрежеде әсер етеді. Өйткені баланың сырткы әсері қабылдауы, оның ішкі сезіміне, санасына байланысты.

Бүгінгі таңда адамның әқыл-ойы, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде орта мектептің бастауыш сатысының алатын орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қалатындығы баршамызға белгілі. Оқу-тәрбие үрдісінде шығармашылық тұлға қалыптастыру үшін әр оқушының бойында батылдық, еркіндік, үшқырлық, сезімталдық, талдай-жинақтай білу сияқты кешенді қасиеттермен қатар, ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, шығармашылыққа деген құштарлығы болуы керек. Бүгінде шығармашылық қабілеттерін дамыту басты назарда болып отыр. Ал оқушыда шығармашылық белгілерінің болмауы үлкен проблемаға айналып ойландыруы тиіс. Бір айта кететін мәселе шығармашылық тапсырмалар өз дәрежесінде орындалып, тиісті нәтиже беру үшін, оларды дұрыс ұйымдастырудың ролі зор. Оқушыларды қызықтыру, ойландыру, барлық жауаптарды тыңдау, оларды талдау, дұрыс шешімді дәлелдеу сияқты кезеңдер тәсілі сақталуы керек. Өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу, мемлекетімізді өркениетке жеткізу шығармашыл адамдардың қолынан келмек. Тек шығармашылық адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Жеке тұлғаның шығармашылығын дамыту бастауыш мектепте ерекше орын алады. Өйткені бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттерін дамытуға кеп мүмкіндіктер бар. Ол үшін:

бастауыш сынып оқушыларының интелектуалдық, рухани, табиғи нышандарын дамытуға өзінің қызығушылықтары мен бейімділіктерін іске қосуға мүмкіндік жасау:

  • жеке адамдық сенімдерін қалыптастыруға көп көңіл бөлу -
    ұжымдық және жеке іс - әрекеттер тәсілдерін үйрету

  • баланың еркін шығармашылықпен ойлауына оның барлық
    қабілеттерін дамытуға өз күшіне деген сенімінің болуына жағдай
    жасау.

Мұғалім айтады, түсіндіреді, оқушы тыңдайды, орындайды. Оқыту әрекеті оқушының өзі қоймаған сұрақтарына қайтарылған жауап түрінде құрылады. Мұғалім оқушы атқаруға тиісті іс-әрекеттің көп бөлігін өзі істейді. Осыдан барып, оқушының іздену, зерттеу, саралау, сараптауға деген қажеттіліктері жоғала бастайды. Қысқаша айтқанда интелектуалдық, нышандары дамымай жұтаңдыққа ұшырайды. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін әр сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы оқушыны ізденуге, зерттеуге, саралай, сараптай білуге үйрету қажет. Шығармашылық-жаңа нәрсе ойлап табуға бағьпталған қабілеттер деңгейі. Шығармашылық әрекет оқушының ақыл-ойын талантын, жалпы өзін дамытады. Шығармашылық әрекеттерді орындау арқылы баланың өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді, Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Шығармашылық іс-әрекетке оқушының іздену жұмысы басты нысанада болады. Білім, білік дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, проблеманы бұрынғы тәжірибеге сүйене отырып шешуді, обьектінің жаңа функциясын көре білу, проблеманы шешудің балама жолдарын таңдай білу, жаңа обьект, жаңа шешім табуды белгілейді. Өз тәжірибемізге сүйене отырып, шығармашылық іс-әрекет деп мәселені оқушының өз бетінше шешуі, бурынғы білімін пайдалана отырып, жаңа әдіс, мол шешім таба білуі, шешімінің тапқырлығы деп білеміз. Бүгінгі бастауыш сынып оқушылары кез келген шығармашылық тапсырмалар орындауды табысты меңгере алады. Біз бұған оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмаларды орындау барысындағы жүргізілген зерттеу жұмысы кезінде көзіміз жетті. Мысалы сурет бойынша шығарма жазу кезінде сыныптағы оқушылар барлығы дерлік өз ойларын дамыта отырып жазып шықты, Жыл мезгілдерін бақылай отырып "Қыс мезгілІ" тақырыбына жазылған шығармалары да жоғары денгейде жазылды. Жеке оқушыларға да сурет бойынша әңгіме құрастыру, өлең, мақал-мәтел таңдап жазу сияқты тапсырмалар бөрілді. Шығарма жазу кезінде ақпаратты мәліметтерді жүйелеп, саралап, салыстыра отырып өз беттерінше құрастыра алады. Оны оқушылар жазған шығармаларынан байқауға болады. Сыпыптағы барлық оқушыларды жақсы көрсеткішке жеткізу үшін әр оқушының қабілетіне сай деңгейлік тапсырмалар беру қажет. Өте қабілетті оқушыларға өз бетінше жұмыс орындатуға тапсырмалар беріледі. Қабілеті өте төмен оқушыға қосымша сабақ өткізіледі. Ол оқушы сабақ үстінде етілген жаңа материалды бірден меңгере алмауы мүмкін. Сондықтан сабақ соңында ол оқушымен жеке жұмыс жүргізіледі. Оқушылар қабілеті жететін деңгейде тапсырмалар беріледі. Оқушының оқу машығы, жазу сауаттылығы төмен болғанымен, математика пәніне деген қызығушылығы жақсы. Көбейту, қосу, азайту амалын біршама жақсы меңгерген. Ән айтып, би билеуді ұнатады. Қандай оқушы болмасын ән айтуды, ертегі құрастыруды, би билеуді, сурет салуды ұнатады. Бұл әр бала бойындағы табиғи нышандардың жоғары қабілеттер деңгейіне көтерілуіне баланың белсенділігін, қызығушылығын дұрыс ұйымдастырған оқу-тәрбие жұмысына байланысты. Балаларда кездесетін баяулық, сылбырлық, тұйықтық, бұйығылық оның табиғатының әсері емес кеп жағдайда оқыту мен тәрбиенің нәтижесі ондағы әміршілдіктің, әкімшілдіктің салдары. Әр баланың даму ерекшеліктерін ескермегендіктен сыныпта үлгермейтінін, тәртіпсіз оқушылар болуы мүмкін.

Жүргізген зерттеу жұмысымызда N50 А.Байтұрсынов атындағы 3"а" сыныбында 27 оқушы оқиды. Сыныптағы оқушыларды қабілеттеріне қарай 4 топқа бөлуге болады.

  1. Өте қабілетті оқушылар - 8

  2. Қабілетті оқушылар -10

  3. Қабілеті орта оқушылар - 8

  4. Қабілеті төмен оқушылар -1

Сынып оқушыларының қабілеттеріне қарай жеке тапсырмалар беріп олардың шығармашылық қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Сынып оқушыларының ата-аналарын да мына төмендегіше деңгейде топтастырып, баласының оқуына қаншалықты көмектесетінін анықтайды.

1. бағдарламаны біледі, түсінеді, баласына кемектесетін ата-
аналар

2. бағдарламаны біледі, түсінеді бірақ баласының сабақ оқуына көмектеспейді.- 7

3. көмектескісі келеді, бірақ бағдарламаны білмейді. -8

4. мүлде баласының сабақ оқуына көмектеспейді, тек қана
киіндіру, бағып-қағу деп түсінетін ата-аналар.

Отбасында үйде баланың сабақ оқуына көмектесіп, қадағалап отыратын ата-аналардың балалары жақсы оқиды. Сондықтан ата-ананың көмегі, қадағалауы қажет.



Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетін пәнаралық байланыстар негізінде қалыптастыру ісі нәтижелі болуы үшін оқытудың жаңа технологияларын дұрыс пайдаланудың мәні зор. Бүгінгі күні балама оқу жүйелері, әртүрлі әдістемелер көптеп саналады. Солардың ішінен әр ұстаз өз дайындық деңгейіне сынып ерекшелігіне сай келетінін таңдап, оны шығармашылықпен пайдалана білуі қажет. Білім алу, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру барысы және адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы - оқыту, Қазіргі ғылыми техникалық прогестің жағдайында жаңа әлеуметтік талаптарға, оқушылардың жеке басының даму мүмкіндіктеріне сай оқытудың мазмұны мен әдістері жетілдірілуде. Ол үшін мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қойылған оқу тапсырмалары мен бағдарламаларына сәйкес оқыту тәсілдерін, әдістерін пайдаланған жөн.

Бастауыш сыныптағы оқу процесі пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылып оқушылар жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер жағдайында болса, олардың шығармашылық іс-әрекетінің қалыптасуының нәтижелілігі арта түседі.

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау