Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 5 оқу аптасынан және сынақ аптасынан тұрады


ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ



жүктеу 0,6 Mb.
бет3/6
Дата10.11.2018
өлшемі0,6 Mb.
#18920
1   2   3   4   5   6

3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




Жұмыс

түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырыптың мәнін айқындау

Семинар тақырыбына байланысты

12-ші апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама

2

Өткен тақырыптар бойынша кестелер, схемалар құру

Тақырыпты графикалық түрде сипаттау

Семинар тақырыбына байланысты

Апта сайын

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Семинарда жауап беруі

3

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

(барлығы 15 тапсырма)



Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде


Тақырып бойынша

1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)



Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

4

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабілетін тексеру

Бірінші жұмыс 1-15 тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 15 – 30 тақырыптарға байланысты



№ 7 семинар

№15 семинар



Тапсырма-

лар саны бойынша әрбір жұмыс 8% бағаланады



Жазба жұмысын тексеру

5

Емтихан

Білімді кешенді тексер

Пән бойынша

Қысқы сессия

Тест

Студенттің білімін бағалау


4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ





Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7



Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі. 2007ж.15 мамыр

20

-

80%

-

-



Айымханова Н. Еңбек құқығы-А., 2002

5

-

20%

-

-



Абузьярова Н.А. Трудовое право-А.,2002

5

-

20%

-

-



Акопова Е.М. Современный трудовой договор (контракт)-Рлстов-на-Дону,1998

2

-

13%

-

-



Богуславский М.М.

Международное частное право-М.,2000



6

-

22%

-

-



Гусов К.Н., Толкунова В.Н.

Трудовое право-М,2001



7

-

30%

-

-



Комментарий к трудовому кодексу РК//


2

-

7%

-

-



Скала В.И. Трудовые отношения в РК-А,2001

1

-

4%

-

-



Стремоухов А.В., Никонов Д.А.

Практикум по трудовому праву(2-изд.)М.2005



3

-

12%

-

-



Скала В.И., Скала Н.В. Основы организаций охраны и безопасности труда в РК-А,2005

1

-

4%

-

-



Скрипка В.И. Трудовое право в схемах-М.,1997

1

-

4%

-

-



Тимошенко Л.С. Трудовые отношения(учебное пособие)-А.,1998

3

-

12%

-

-



Толкунова В.Н.

Трудовое право(конспект лекций)-М,1997



1

-

4%

1

-



Трудовое право зарубежных стран-А., «Данекер» 2001

3

-

12%

1

-



http.//www.iuristlib.ru/

-

-

-

1

-



uchebnik.kz/trudovoe-pravo-rk

-

-

-

1

-



www.izdatel.kz

-

-

-

1

-



http.//www.gumer.infor/

-

-

-

1

-



zakon.kz., online.prg.kz/search.asp/ - ҚР заңдар базасы

-

-

-

1

-



www.resurs.kz/catalog/zakon Законодательство РК

-

-

-

1

-



www.pavlodar.com.- Законодательство РК

-

-

-

1

-

5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Лекция №1

Тақырыбы: Еңбек құқығының жалпы ережелері.

Дәрістің мазмұны:

Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі.

Еңбек құқығының қағидалары. Еңбек құқығының басқа құқық салаларымен байланысы. Еңбек құқығының құқық жүйесіндегі алатын орны.

Мақсаты: Студенттерге қазіргі таңдағы ҚР еңбек құқығының маңызын түсіндіріп, курс бойынша маңызыды ұғымдармен таныстыру.

Қазіргі қазақстандық құқық салдарының ішіндегі еңбек құқығы басты орын алады, өйткені ол қоғамдық еңбек қатынастарын реттейді.

Еңбек құқығының пәні деп ұжымдық еңбекті ұйымдастырудағы өндірістік қатынастарды және оған тығыз байланысты қарым- қатынастарды айтады.

Еңбек құқығының қағидаттары еңбек қатынстарын және олармен тығыз байланысты басқа да қоғамдық қатынастарды реттеу үшін негізге алынатын бастапқы идеялар, постулаттар.



Әдебиеттер:

1.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

2.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

3.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

4.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

5.Скала Н.В., Скала В.И. «Основы организации охраны и безопасности труда в РК» А.,2005

6.«Трудовое право зарубежных стран» А., Данекер,2001


Лекция №2

Тақырыбы: Еңбек құқығының дерек көздері.

Дәрістің мазмұны:

Еңбек құқығының дерек көздерінің түсінігі, түрлері.

ҚР Еңбек кодексі - еңбек құқығының негізгі дерек көзі.

Мақсаты: Еңбек құқығының қайнар көздерінінің мәнін ашу, ҚР еңбек кодексінің құрылымымен таныстыру.

Еңбек құқығының қайнар көздері деп еңбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады.

Кең мағынада нормативтік құқықтық акт дегеніміз - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттік лауазымды адам қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

4.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

5.«Трудовое право зарубежных стран» А., Данекер,2001


Лекция №3

Тақырыбы: Еңбек қатынастары

Дәрістің мазмұны:

Еңбек заңдарымен реттелетін қатынастар, олардың түрлері.

Еңбек қатынастарының субъектілері.
Тараптардың жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар еңбек қатынастары деп танылады. Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға қызметкер ретінде еңбек шарты бойынша жұмысқа алынған өзге де жұмыс берушілерде (кооперативте, жеке тұлғаларда) жалдану бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегін қолдануға байланысты қатынастар ғана еңбек заңдарымен реттеледі.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамырЗаңы

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

4.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

Лекция №4

Тақырыбы: «ҚР Еңбек кодексі»

Дәрістің мазмұны: Еңбек кодексінің жүйесі, құрылымы, онда пайдаланылатын негізгі ұғымдар.

Заңда басшылыққа алынатын негізгі қағидалар.



Мақсаты: Студентерге еңбек заңнамасы бойынша теориялық білімді жетілдіру.

«ҚР Еңбек кодексі» 2007 жылы 15 мамырда қабылданды. Бұл заңнама азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатынастарын реттейді. Заңнаманың жүйесі 2 бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше бөлімдер. Жалпы бөлімде еңбек заңында пайдаланылатын негізгі ұғымдар, еңбек құқығының дерек көздері, қағидалары, қызметкер мен жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері мәселелері қарастырылған.

Ерекше бөлім еңбек шарты, ұжымдық шарт, жұмыс және тынығу уақыттары, жалақы тараптардың материалдық жауапкершілігі, кепілдіктер мен өтемақылар төлеу т.б. мәселелер қарастырылған.

Әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002



Лекция №5

Тақырыбы: Қызметкерлердің құқықтық мәртебесі.

Дәрістің мазмұны:

Қызметкерлердің еңбек заңнамасында көзделген негізгі құқықтары.

Қызметкерлердің негізгі міндеттері.

Мақсаты: Студенттерге еңбек қатынасы тараптарының бірі – қызметкердің құқықтық жағдайымен теориялық тұрғыдан түсінік беру.

Қазақстан Республиксы еңбек құқығының маңызыды субъектілерінің бірі – қызметкер. Қызметкер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша тікелей жұмыс атқаратын тұлға. Соған байланысты еңбек қатынастарына түскен кезде қызметкер белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болады. Оның құқықтық мәртебесі «ҚР Еңбек кодексінің 22-бабында айқындалған.



Әдебиеттер:

1.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

2.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

3.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

4.Скала В.И., «Трудовые отношения в РК» А.,2001

Лекция №6

Тақырыбы: Жұмыс берушінің құқықтық мәртебесі.

Дәрістің мазмұны:

Жұмыс берушінің еңбек заңында көзделген негізгі құқықтары.

Жұмысберушінің негізгі міндеттері.

Қазіргі таңда әрбір адам баласы өзінің материалдық және әлеуметтік қажеттілігін қанағатандыру жолында еңбек қатынастарына түседі. Сол еңбек қатынастарына қатысушы тараптардың бірі болып жұмыс беруші табылады.

Еңбек қатынастарына түскен кезде жұмыс беруші белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болады. Оның құқықтық мәртебесі «ҚР Еңбек кодексінің 23-бабында айқындалған.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

4.«Трудовое право зарубежных стран» А., Данекер,2001

Лекция №7

Тақырыбы: Жұмыспен қамтудың негізгі бағыттары.

Дәрістің мазмұны:

Жұмыспен қамту ұғымы. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат. Жұмыспен қамту саясатын іске асыру.



Мақсаты: Қазіргі таңдағы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың бағыфттарын сипаттау.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономиклық және ұйымдық қатынастарды Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарда қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы реттейді.

Жұмыспен қамтылу дегеніміз - азаматтардың жеке қажеттерін қанағаттандыруға байланыста және оларға табыс немесе кіріс әкелетін Конституцияға, заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін қызметі.

Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыру мақсатында орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын әзірлеуге, еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға міндетті.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 23 қаңтар

3.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

4.Гусов К.Н., Толкунова В.Н. «Трудовое право» М.,2001

5.«Трудовое право зарубежных стран» А., Данекер,2001



Лекция №8

Тақырыбы: Жұмысқа орналастыру.

Дәрістің мазмұны:

Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау. Жұмыссыздықты тіркеу мен есепке алу тәртібі. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау.



Мақсаты: Жұмыссыздық саласындағы өзекті мәселелермен танысу.

Халықты жұмыспен қамту туралы Заңның 13-бабы азаматтардың жұмыспен қамту саласындағы құқықтарын белгілейді.

Жұмыс тапқысы келетін жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналасуына жәрдемдесу туралы уәкілетті органға және жеке жұмыспен қамту агенттігіне өтініш жасай алады.

Жұмыс іздестіруге өтініш жасаған жұмыссыз азаматтардан оларды тіркеу үшін мынадай құжаттар талап етіледі: жеке бас куәлігі (паспорты), әлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куәлік (ӘЖК), еңбек қызметін куәландыратын кұжаттар, салық төлеуші тіркеу нөмері (СТТН).

Жұмыссыздардарда қажетті кәсіби біліктіліктің болмауынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмаған жағдайда,уәкілетті оргакн оларды кәсіби даярлықтан өтуге, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жібереді.

Қоғамдық жұмыстар деп орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері түсініледі.



Әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Стремоухов А.В., Никонов Д.А. «Практикум по трудовому праву» 2-е издание. М.,2005

Лекция№9

Тақырыбы: Еңбек шарты.

Дәрістің мазмұны: Еңбек шартына түсінік, оның мазмұны.

Е4бек шартының ның тараптары,мерзімі.


Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім.

Еңбек шартының бір жағы, белгілі бір жасқа толған және еңбек шартын жасауға талап қылған азамат та,екінші жағы жұмыс беруші немесе кәсіпорын әкімшілігі.

Еңбек шарты қолданылу мерзіміне қарай:

-белгісіз мерзімге;

-белгілі бір мерзімге;

-белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін.

Заңда көрсетілген сынаққа сәйкес еңбек шартын жасау кезінде тараптардың келісімімен сынақ өткізілуі мүмкін. Жұмысқа қабылдау кезінде сынақ деп, қызметкердің өзіне тапсырылған жұмысқа сай келетін келмейтінін тексеру мақсатында белгіленген мерзімді айтады.

Еңбек шарты тараптардың өзара құқықтары мен міндеттерін анықтайтын жағдайларды еңбек шартының мазмұны дейді.Еңбек заңы шартты жазбаша жасау міндетті болып табылатынын белгілейді.

Еңбек шартты жазбаша нысанда кемінде екі дана етіліп жасалады. Тараптар қол қойғаннан кейін оның бір данасы қызметкерге беріледі.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007ж. 15 мамыр

2.Айымханова Н. «ҚР Еңбек құқығы» А.,2002

3.Абузярова Н.А. «Трудовое право» А., 2002

4.Акопова Е.М. «Современный трудовой договор(контракт)» Ростов-на Дону, 1998

Лекция№10

Тақырыбы: Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу.

Дәрістің мазмұны: 18 жасқа толмаған қызметкерлер, әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар,қоса атқаратын жұмыс істейтін қызметкерлер, маусымдық қызметкерлердің, үй қызметшілерінің, үйінде жұмыс істейтін қызметкерлердің вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдардың еңбегі.
Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастары «ҚР Еңбек кодексінің 3-бөлімінде сипатталған. Қызметкерлердің жекелеген санаттарына 18 жасқа толмаған қызметкерлер, әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар,қоса атқаратын жұмыс істейтін қызметкерлер, маусымдық қызметкерлер, үй қызметкерлері, үйде жұмыс істейтін қызметкерлер, вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар, қызметкерлердің өзге де санаттары жатқызылған.

Табиғи және климат жағдайларына байланысты бүкіл күнтізбелік жылда емес, алты айдан аспайтын белгілі бір кезең (маусым) ішінде жұмыс атқаратын қызметкерлер маусымдық қызметкерлер болып танылады.

Жұмыс беруші – жеке тұлғаларда үй шаруашылығында қызмет көрсетуге жеке еңбек шартын жасасқан қызметкерлер үй қызметкерлері деп танылады.

Вахталық әдіс қызметкерлердің тұрақты тұрғылықты жеріне күн сайын оралуын қамтамасыз ету мүмкін болмайтын, олардың тұрақты тұратын жерінен тыс жерде еңбек прлоцесін жүзеге асыруының айрықша нысаны болып табылады.



жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау