Сабақ жоспары Пәннің аты: Қаржы есебі



жүктеу 20,38 Kb.
Дата22.01.2022
өлшемі20,38 Kb.
#34746
түріСабақ
1. Қаржы есебінің мақсаты және қағидалары


Сабақ жоспары

Пәннің аты: Қаржы есебі

Оқытушы: Арыстан А.Ш.

Сабақ өткізілетін күн: 01.02.2021

Сабақ өткізілетін топ: 232 тобы


  1. Сабақтың тақырыбы: Қаржылық есеп берудің мәні, мақсаты және қағидалары

  2. Сабақтың мақсаты:

  1. білімділік: оқушыларды қаржылық есеп беру ұғымымен және оның нысандары мен негізгі элементтерімен таныстыру.

  2. ой-өрісін дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Есте сақтау қабілетін, қабылдауын, зейінін тұрақтандыру.

  3. тәрбиелік: қарым–қатынас арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз ойын толық жеткізе алуға тәрбиелеу.

  1. Сабақтың типі: жаңа сабақ.

  2. Сабақтың түрі: аралас.

  3. Сабақтың өткізілу әдістері: ауызша және жазбаша.

  4. Сабақтың көрнекілігі: лекция

  5. Пән аралық және пән ішілік байланыс: қамтамасыз ететін пән «Бухгалтерлік есеп».

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Нурсеитов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях/ Учебное пособие.-Алматы, 2015.

стр.4-11
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық кеөрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру прцесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық ждағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды ьеру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар , т.б. кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қарадаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін  талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорнының шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел статистикалиқ есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері ҚР-ның әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижеміне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алған кезден бастап танылады.

Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуан да мақсат тұтпайды.

— Түсініктілік.

— Маңыздылық.

— Мәнділік.

— Дұрыстық.

— Шындық және алалықсыз ұсыну.

— Бейтараптылық.

— Сақтық.

— Аяқтау және салыстыру.

— Жүйелілік.

         Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік статистикалық және жедел болып бөлінеді. Жедел-статистиаклық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгелтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерде жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл және пошта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.

Балансты жәна басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептері толық көлемде берілун қамтамасыз етуі керек.

Қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлңк баланс, шаруашылық-қаржылық қызметтің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттамасы кіреді.

Қаржылық есеп берудің мақсаты – пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражаттарының ағынын бағалауға, кәсіпорын міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.

Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементі болып табылады.

Актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің  құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес иелігі.

Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Ол өткен мәміленің  немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді(жұмысты, қызметті) өндіру үшін,  сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста  сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемемсін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін.

Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындаған көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту,  ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің сол шақтағысы мен болашақтағысынаң жігін ашу қажет. Субъектінің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде  немесе субъект келісім-шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі.,  немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады(сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі өтіп кетсе).

Меншік капиталы – бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бәрнеше класқа бөлінеді: жарғалық капиталы, қосымша төленген капитьалы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Сонымен қатар қаржылық есеп берудің  элементтеріне қаржылық нәтижесі, табыстар, шығыстар жатады.

Есеп берудің негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс саналады. Оны жасауға бейін есеп регистріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы бекітілген баланс номенклатурасымен және бөлім топтамаларымен, әрбір баптарымен сәйкестендірілуге тиіс.

Бухгалтерлік баланс 2БЕС пен есеп беруді жасау бойынша әдістемелік ұсыныстарында анықтылған ақпараттардан тұруы тиіс.

Қаржылық-шаруашылық қызметті ұйымдастыру туралы есеп берунысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды. Қаржылық-шаруашылық қызметтің есеп беруі келесі көрсеткіштерден тұрады.

— өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер жәнее басқа міндетті төлемдер мен салықтар шегерілетін түрінде көрсетіледі, қайтарылған тауар құнын, бағадан және сатудан жасалған жеңілдіктерді қоспағанда;

— өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікелей шығындар кіреді;

— жалпы табыс — өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен табыстан өнімнің нақты өзіндік құнын алып тастағаннан соң шығатын қаржылық нәтижесі;

— кезең шығыстары — өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнына енбейтін шығыстар: жалпы және әкімшілік шығыс, сату бойынша шығысы, пайыздарды төлеу бойынша шығыстары;

— негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) – жалпы табыс пен кезең шығыстарының айырмасы;

— негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян) – кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты емес операциялардан алған табысы;

-салық салғанға дейінгі әтеттегі қызметінен алынған табысы – негізгі және негізгі емес қызметтерін біріктіргеннен алынған табыс;

-табыс салығы ьойынша шығыс – 11БЕС салынған, соның ережесіне сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша шығысы;

— салық салғаннан кейінгі әтеттегі қызметінен алынған табысы(зияны) — салық салғанға дейінгі табыстан табыс салығы бойынша шығысын шегергеннен соң алынғын табысы(зияны);

-төтенше жағдайдан алынған табыс(зиян) – есептік кезеңде орын алған төтенше жағдайдың сальдоланған нәтижесі;

-таза табыс(зиян) – есептік кезеңде кәсіпорынның алған қаржылық нәтижесі.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру. Есеп беру 4БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі, инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынғын ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай

ҚОРЫТЫНДЫ 

Қазақстан республикасы ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы мекемелерінмемлекеттік реттеу қадағалау жөніндегіАгенттігінің талаптарына сәйкес банк секторының жағдайы бірте-бірте жақсарып келеді. Дегемен банктердің санының санының жылдан-жылға біртіндеп болса да азаюыбанк жүйесінде әліде болса жекелеген проблемалардың орын алып отырғандығын көрсетеді. Жалпы еліміздің банк жүйесінде болып жатқан ьұндай өзгерістерді Үкімет не ұлттық банк тарапынан банктерге жасалып отырған қысым деп қабылдамайкерісінше сапалық талап ету деп түсінген жөн. Өйткені банктерде шоғырланған заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттары банктердің жеке проблемасын шешуге немесе ысырапсыз жұмсалмай,экономиканың өркендеуіне жұмсалуы қажет. Ол үшін банк жүйесінң қызметінң заңдарға сәйкес жүргізілуін және меншікті капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету қажет. Ол банкердің активтерін тиімді орналастыруымен байланысты.

Қазіргі кезде Қазақстандағы банкердің айналымдағы активтерінің басым бөлігін қысқа мерзімді ақшалар құрайтын болғандықтан, банктер ұзақ мерзімді инвестициялар жасай алмай отыр. Бұл несиелердің ұдайы қайтарылмау фактілерінің жиі орын алуы сондай-ақ бағалы қағаздардың өтімсіздігі және табыс деңгейінің төмендігі сияқты обьективті жағдайлармен байланысты болып тұр. Мұның өзі республикада қаржы құралдарының нашар дамып отырғанын көрсетеді. Соған сәйкес банктің қызметіне қатысты нормативтік заңдық базаны нығайту және Қазақстандағы қаржы құралдарын дамыту әрі күшейту арқылы ұзақ мерзімді салымдарды капиталандыру керек.
ТАПСЫРМА:


  1. Қаржылық есеп беру ұғымын зерттеу және талдау жүргізу.

Жоспар:

  1. Қаржылық есеп дегеніміз не?: мақсаты, міндеттері, қолдану аясы

  2. Қаржылық есебінің негізгі қағидалары

  3. Қаржылық есебінің элементтері

Өзіндік жұмысқа қойылатын талаптар және нәтижелерді ресімдеу: конспект

Бақылау түрі: конспект



  1. Қаржылық есеп және Бухгалтерлік есеп

Бақылау түрі: схема-кластер
жүктеу 20,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау