FineReader программасының негізгі мүмкіндіктерін қарастырайық:
Сканерленген кескінді сэйкестендіру кезіндегі жоғары дэлдік пен программанын жұмыс кезіндегі жылдамдығы;
Қолданушы үшін программа терезесі интерфейсінің қарапайымдылығы жэне түсініктілігі: Программа функциясының тізбектеле орындапуы: сканерлеу, сэйкестендіру, конверттеу.
Microsoft Office пакетімен жұмыс істегенде құжаттарды сэйкестендіріп тану мүмкіндігі;
Мэтінді сэйкестендіріп тану кезінде кұжаттағы гиперсілтемелерді, электронды жэшіктердің адресін программа автоматты түрде танып, оқи алады.
Программа FineReader бойынша кез келген мәліметті бере алатын анықтамалықпен жабдықталған.
Программанын терезе құрылымы:
1.
|
Бет терезесі;
|
2.
|
Сурет терезесі;
|
3.
|
Мэтін терезесі;
|
4.
|
Жылдам қол жеткізу панелі;
|
5.
|
Басты кұралдар панелі;
|
6.
|
Бет, сурет, мэтін кұралдары панелі;
|
7.
|
Мэтін терезесіндегі мэтін қасиеті панелі;
|
8.
|
Үлкейтіп корсету.
|
Басты құралдар панелінде негізгі іс-эрекеттерді орындау батырмалары орналасқан. ABBYY FineReader-де кұжат енгізу 4 кезеңнен тұрады: кескінді алу, сэйкестендіріп тану, құжатты тексеру, сақтау.
Бірінші құжатты мәтіналғыға саламыз;
Құралдар тақтасынан сканерлеу бұйрығын таңдаймыз;
Сканерленген кұжат кескіндеме терезесіне келіп түседі;
Сэйкестендіріп тану үшін Құралдар тактасынан танып алу бұйрығын басамыз.
Оны тексереміз;
Құжатты Microsoft Office Word мәтіндік процессорына экспорттаймыз.
FineReader программасында қазақша мэтінді де сканерлеп, сэйкестендіріп тануға, экспорттауға болады. Ол үшін компьютерлеріңе KazKey v8.1 (New) қазақ тілі драйверін орнатып алсаңдар болғаны.
Бекіту кезеңі
№1 тапсырма: «Мэтінді сэйкестендіріп тану»
Компьютерлеріңе сканерленген құжатты (Fine_uprl) сақтаңдар.
FineReader программасын іске қосыңдар.
FineReader арқылы сақталған (Fine uprl) құжатты ашыңдар.
Сэйкестендіріп таныңдар.
Word форматында сақтаңдар.
Word құжатында түрлендіріңдер.
№2 тапсырма
Дербес компьютерлеріңе сканерленген құжатты (Fine_upr2) сақтаймыз.
FineReader программасын іске қосыңдар.
FineReader арқылы сақталған (Fine_upr2) құжатты ашыңдар.
Мэтіннен кестені ерекшелеп, сэйкестендіріп таныңдар.
Танылған кестені Ехсеі-ге экспорттап, түрлендіріңдер.
Қорытынды кезең
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
ABBYY FineReader программасының қызметі қандай?
ABBYY FineReader программа терезесінің құрылымын атаңдар.
ABBYY FineReader программасында құжат енгізу қанша кезеңнен тұрады? Мысал келтіріңдер.
FineReader программасында қазақша мэтінді қалай сэйкестендіріп тануға, экспорттауға болады?
Сэйкестендіріп тану үшін қандай программа керек?
Бағалау кезеңі
Сабақта тапсырманы орындағанына, меңгерген деңгейіне байланысты бағалаймыз.
Үйге тапсырма Тақырыпты оқу.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Класы: 10 «Б»
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Сабақтын тақырыбы: Мәтіндік процессор туралы түсінік. Құжат құру.
Сабақтың мақсаты:
Мәтіндік редактор мен мәтіндік процессордың айырмашылығымен таныстыру.
Мәтін түрлерімен таныстыру.
Мәтіндік процессордың мүмкіндігі туралы мағлүмат беру.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, экран, проектор, слайдтар, тапсырма карточкалары. Сабақтың әдістері: түсіндіру, көрсету, сүрақ-жауап, көрнекілік, тәжірибелік әдіс. Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа такырыпты түсіндіру сабағы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Оқушылар білуі тиіс: Microsoft Office Word программасымен жүмыс істеуді. Оқушылар меңгеруі тиіс: мәтіндерді енгізуді, сақтауды, түзетуді, пішімдеуді және қағазға басып шығаруды.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау
Білімді өзектендіру
Сабақты бастамас бүрын мына сүрақтармен жүмыс істейміз.
Осыған дейін Microsoft Office Word программасымен жүмыс істедіңдер ме? Қай сыныпта?
Мәтін дегеніміз не?
Мәтін түрлерін атаңдар.
Microsoft Office Word программасымен қандай қүжаттар жасауға болады?
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Теория
MS Word ең қуатты мәтіндік редакторлардың бірі. Мәтіндік процессор - мәтіндерді енгізу, сақтау, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық қүрал түрі. Мәтінді компьютерде өңдеудің артықшылығы - ақпаратты өзгерту, көшіру, көбейту әлдеқайда жеңіл.
Мәтін - компьютерлік алфавиттік символдардың тізбегі. Алфавитте 256 символ бар. Мәтін тек символдардан ғана емес, математикалық, химиялық формулалардан, сандар- дан, графиктік нысандардан және т.б түрады.
Мәтіндік редактор да жасалған ақпараты бар файлды мәтіндік қүжат деп атайды. Мәтін түрлері: кәдімгі, кестелік, программалық, гипермәтін.
Кәдімгі мәтін ең көп тараған түрі. Оған: символ (әріп, сан, тыныс белгілері, арнайы белгілер) сөз, жол, абзац, бет жатады.
Кестелік мәтін нысандары: символ, жол, баған, ұяшық. Кестеде сандық және мәтіндік ақпарат болуы мүмкін.
Программалық нысандар: жолдар мен символдар.
Гипермәтінді интернеттен, электрондық оқулықтардан кездестіруге болады. Ол - графикалық, дыбыстық, бейнелік ақпаратты қамтиды.
Құжат құру
Word программасын ашу кезінде бос құжат автоматты түрде қүрылады, егер қүжатты озіміз қүратын болсақ мына әрекеттерді орындаймыз:
7-сурет. Құжат құру диалогтік терезесі
Ctrl+N батырмалар үйлесімін басу;
Файл мэзірінде => Құру (Создать) бұйрығын таңдау => Жаңа құжат белгісіне шертеміз (7-сурет).
Жұмысты аяқтау мынандай тэсілдермен жүргізіледі:
Файл => Шығу (Выход) мэзірі бұйрығын орындау арқылы;
Word негізгі терезесінің жүйелік мэзіріндегі Жабу (Закрыть) бұйрығын таңдау;
Тінтуір меңзері терезе такырыбы аумағында тұрғанда меңзерді сол жақ шеттегі жүйелік мэзір белгісіне апарып, тінтуірдің оң жагын шертіп, Жабу (Закрыть) бұйрығын таңдау;
Редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батыр- масын (X) басу;
Тікелей Alt+F4 батырмаларын басу.
Құжатты сақтау
Жұмыс істеп отырған құжатты жиі-жиі дискіге жазып, сақтап отыру керек. Мэтін теріліп жатқан кезде компьютердің жедел жадында болады да, ток немесе компьютер өшіп қалса, бірден жойылып кетеді. Сондықтан дискіге жазып сақтап отырған абзал. Ол коп уақыт алмайды. Егер алғаш рет құжатты немесе файлды сақтау керек болса, мына эрекеттерді орындау керек:
Файл => Қалай сақтау (Сохранить как) батырмасына шертеміз => Файлды сақтау терезесі ашылады => терезеден Файл атауы өрісінде құжатқа атау береміз => кұжаттың қай жерге орналасу адресін корсетіп (қай дискінің қандай бумасына орналастыратындарыңды корсету керек) => Сақтау (Сохранить) батырмасын шертеміз (8-сурет).
Сақталған құжатқа жаңа өзгерістер енгізіліп отырса, оны сақтап отыру қажет. Ол үшін меңзерді дискеттің суреті салынған батырмаға апарып, оны бір рет шертсе болтаны. Осылай сақталған мәтін ғана қатты дискіге жазылып, қауіпсіз күйде ұзак уақыт сақталады. Егер жұмыс нэтижесін бірнеше түрде сақтау керек болса, олардың
әрқайсысына бөлек-бөлек ат қойып, сақтау қажет. Құжатпен жұмысты аяқтау барысык. мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу «Иә (Да) деп, ал жазбасаңдар «Жоқ» (Нет) деп, оны да растап берулеріңді өтінеді. Қалаулар бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруге де, Болдырмау (Отмена) жасауға болад ы.
Сақталған құжатты ашу:
Құжаттың сақталған адресі бойынша іздеу.
Ctrl+O батырмалар үйлесімін басамыз.
Word программасын ашып Файл => Ашу (Открыть) батырмасын басамыз, Құжа ашу терезесі шығады.
Файлдың аты (Имя файла) өрісіне => құжаттың атын жазамыз да, Ашу (Открыть) батырмасын басамыз .
(Оқулықпен жұмыс)
Оқушылар негізгі анықтамаларды дэптерлеріне жазып отырады.
Компьютерден Microsoft Office Word программасын ашып, оқулықтағы тәжірибелік тапсырмаларды орындайды.
Өткен тақырып бойынша сұрактарға жауап беру арқылы білімдерін бекітеді.
Қорытынды кезең
Сабақта үйренгеніміз:
Мәтіндік процессорды;
Мәтін түрлерін;
Мәтін түрлерінің нысандарын;
Word программасы терезесінің құрылысын.
Үй тапсырмасы
Анықтамаларды жаттау;
Word программасы туралы қосымша мағлұмат алу (кітапханалардан, ғаламтордан)
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Класы: 10 «Б»
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Сабақтың тақырыбы: Құжаттың терезе түрін баптау. Құжатты қарау тәртіптері. Терезелерді бөлу, ретке келтіру.
Сабақтың мақсаты:
Құжат терезесін баптау, құжатты көру режімдерін, терезенің бөлінуі және реттілігі туралы түсіндіру.
Тапсырманы өздері істеп көруге және құжат құрылымын ажырата білуге үйрету.
Оқушыларға бір-біріне көмек беруге, уақытты үнемдеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: экран, проектор, слайдтар, тапсырма карточкалары.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тэжірибелік эдіс. Сабақтың типі: тэжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Оқушылар білуі тиіс: құжат режімінің түрлерін жэне құжат терезесін баптауды. Оқушылар меңгеруі тиіс: қажетті батырмаларды орнатуды жэне қолдануды.
Сабақтың барысы
¥йымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау
Үй тапсырмасын тексеру
Әр балаға жеке-жеке карточка беру арқылы сүрақтар дайындау жэне жауабын барлық бала тыңдап, жауаптың дұрыс жэне дұрыс еместігіне коз жеткізе отырып үй тапсырмасын тексереміз.
Білімді өзектендіру
Құжат терезесін қалай баптаймыз? Мысал келтіріңдер.
Терезелерді реттеудің және бөлудің маңызы неде?
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Теория
Терезені мына параметрлер бойынша баптауға болады: Сызғыш, керекті тақталардь орналастыру, айналдыру жолақтарын орнату немесе алып тастау, Құжаттарды көру режімін орнату. Сонымен қатар құжат беттерінің орналасуын және масштабын өзгертуге болады
Масштабты өзгерту: Тур (Вид) мэзірінен масштаб бұйрығын таңдаймыз. Масштаб диалогтік терезесі пайда болады.
Масштаб тобының келесі ауыстырып-қосқыштарының бірін шертіңдер:
200% - мэтіннің бейнеленуін мөлшерден екі есе ұлғайтады.
100% - масштабты Үнсіз келісім бойынша күнделікті режімге келтіреді.
75% - мэтін көлемін кішірейтеді.
Беттің ені бойынша (По ширине страницы) - мэтін жолының мөлшері терезе өлшемімен сэйкес келеді.
Мэтіннің ені бойынша (По ширине текста) - беттің мөлшерін барлык мэтін экранға сиятындай етіп өзгертеді (осы нүсқа Бетті белгілеу режімінде ғана мүмкін).
Жалпы бет (Целая страница) - экранға бетті түтастай орналастырады.
Бірнеше бет (Несколько страниц) - құжаттың барлық беттерінің кішкене нүсқасын бейнелейді;
Еркін (Произвольный) тізімін пайдалана отырып, кұжатты бейнелеудің кез келген масштабын орнатуға болады. Бұл параметрдің көмегімен 57%, 93%, 138% сияқты масштабтарды алуға болады.
ОК батырмасын шертеміз.
Жаңа білімді бекіту
Тәжірибелік жұмысты орындау арқылы, білімдерін бекітеміз,
Қорытынды кезең
Жаңа тақырыпқа сұрақтар қою арқылы білімдерін қорытындылаймыз.
Үйге тапсырма
Бақылау сұрақтарына жауап беру.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Класы: 10 «Б»
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Тақырыбы: Стильдер. Стильдерді өзгерту. Жаңа стиль құру.
Сабақтың мақсаты:
Стиль түрлерін таныстыру.
Жаңа стиль қүруды түсіндіру.
Алған білімдерін басқа пэндерде қолдана білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, экран, проектор, слайдтар, тапсырма карточка- лары.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрак-жауап, көрнекілік қолдану, тэжірибелік эдіс. Сабақтың типі: тэжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабагы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Оқушылар білуі тиіс: стильді таңдай білу керектігін.
Оқушылар меңгеруі тиіс: кұжатқа стиль құруды және стильді қалауынша өзгертуді.
Сабақтың барысы
¥йымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша бақылау сұрақтарын сұрап, дәптерлерін тексеру.
Білімді өзектендіру.
Стиль дегеніміз не? Стильдің қандай түрлері бар?
Жаңа стиль құру үшін қандай батырмаларды қолданамыз, оқулықта енгізілген мәтін қандай стиль түріне жатады?
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Теория
Стиль пішімдеу атрибуттарының жиынын үсынады, яғни, қаріптің өлшемін жәш жазылуын, гарнитурасын, орналасуын, абзацтар арасындағы арақашықтық аладь: Стильдерді пішімдеудің барлық атрибуттары мэтіннің ерекшеленген үзіндісіне біг уақытта қолданылады. Стильдерді пайдаланудың бірінші ерекшелігі осында. Екініі: ерекшелігі - қажетті параметрлердің бүйрығын бір рет бергеннен кейін, оны барлық уақытта тіпті әртүрлі құжаттарда пайдалануға болады.
Құжатта қолданған стильді өзгерту үшін Стильдерді өзгерту батырмасын басамьі Стильді өзгерту диалогтік терезесі пайда болады. Мүнда:
Стильдер топтамасы,
Түстер топтамасы,
Қаріпті пішімдеу топтамасы,
Абзацаралық интервал,
Үнсіздік бойынша батырмалар; орналасқан.
Осының ішінен керектіні таңдап алу арқылы стильді өзгертуге болады.
Жаңа білімді бекіту
Стиль терминіне тоқталып, қосымша «Қазақ эдебиеті» оқулығын алып, кез ке. ген тақырыптағы стиль түрлерін талқылап, жаңа тақырыпқа сүрақтар қою арқыль оқулықтағы тэжірибелік тапсырманы орындап, білімдерін бекітеміз.
Қорытынды кезең
Сабақта білгеніміз: Стиль жэне стильді өзгерту түрлерін.
Үйге тапсырма
Кез келген 5 жолдан тұратын мәтінге, өз қалауларыңша стиль құру жэне тапсырманы қағазға шығарып, қорғау керек.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2016 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Сынып 10 «А»
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Тақырыбы: Кеңейтілген алмастыру буфері. Беттің белгіленуі. Бет түсі.
Сабақтың мақсаты:
Алмастыру буферімен жұмыс істеуді үйрету.
Беттің орналасуы мен фонын өзгертіп, тэжірибеде қолдануды үйрету.
Оқушыларды тиянақтылыққа, уақытты тиімді пайдалануға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: экран, проектор, слайдтар, плакаттар, мэтін енгізілген жэне таг сырмасы бар карточкалар.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сүрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тэжірибелік эдіс.
Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Оқушылар білуі тиіс: алмастыру буферінің не екенін, беттің фонын өзгертуді. Оқушылар меңгеруі тиіс: алған білімдерін тәжірибеде қолдануды.
Сабақтың барысы
¥йымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен маңызын айқындау
Үй тапсырмасын тексеру
Тәжірибелік жұмыстарын тексеріп, орындаған тапсырмаларын қорғауды эр оқушыдан сұрау.
Білімді өзектендіру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Мәтінді қию немесе көшіру кезінде ерекшеленген үзінді (немесе нысан) Алмастыру буферіне орналасады. Тек мэтін ішінде ғана Алмастыру буферін қолдана алмайсыңдар, сонымен қатар басқа мэтіннен керек жерлерін көшіріп немесе қиып алуға, ғаламтордан керекті мәліметтерді көшіріп алуға болады. Алмастыру буферіне байланысты операциялар тек мәтіндік деректерге ғана қатысты емес, графикалық нысандарға да гиперсілтемелерге де қатысты.Алмасу буфері (Буфер обмена) дегеніміз - құжаттар мен қолданбалы программалар арасында мәтіндік немесе графикалық ақпарат алмасуға арналған компьютер жадының арнаулы болігі.
Мәтіндік процессор Кірістіру (Вставка) және Ауыстыру (Замена) режімдерінің бірінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кірістіру режімінде енгізілген мэтін бұрынғы түрған мәтінді жылжыта орналасады. Мәтіндік құжаттарды енгізу Кірістіру режімінде орындалады, ал қызметтік құжаттарды, колонтитулдарды, толтыруды Ауыстыру режімінде орындаған ыңғайлы.
Жаңа білімді бекіту
Тәжірибелік тапсырманы компьютерде орындау арқылы білімдерін бекітеміз.
Қорытынды кезең
Сұраққа жауап алу арқылы, қорытындылаймыз:
Алмастыру буфері не үшін қолданылады?
Кірістіру жэне ауыстыру режімдерінің айырмашылығы неде?
Құжат бетінің орналасуын іске асыру жолы калай?
Арнайы символдарды енгізу жолы қандай?
Үйге тапсырма
Өз қалауларыңмен 3 абзацтан түратын мэтін теріңдер, сақтау арқылы құжатқа атау беріңдер. Қүжатта беттің түсі: сары, беттің оң жэне сол жақ ендіктері 2 см, жоғарғы жэне төменгі ендіктері 1,5 см болсын. Алмастыру буферін пайдаланып, 1-ші абзаңты мәтін соңына, 2 абзаңты 1-ші абзаңтың алдыңғы жағына орналастырыңдар. Тәжірибелік жұмысты қағазға шығарып келіңдер.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Класы: 10 «Б»
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Тақырыбы: Беттердің бір-бірінен бөлу. Бөлу арқылы мәтіндерді бірнеше бағанда орналастыру.
Сабақтың мақсаты:
Бетке, бағанға бөлуді орнатудың не үшін керектігін түсіндіру.
Бетті, бағанды бөлуді тэжірибе жүзінде оқушылар орындай білуі керек.
Оқушыларды жинақылыққа, уақытты тиімді пайдалануға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: экран, проектор, слайдтар, түсіндірмелі плакаттар.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сүрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тэжірибелік эдіс. Сабақтың типі: тэжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Оқушылар білуі тиіс: бетті, бағанды бөлуді.
Оқушылар меңгеруі тиіс: мэтінге бағандарды орнатуды жэне бағандағы мэтінді бөлуді
Сабақтың барысы
¥йымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен маңызын айқындау.
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тэжірибелік жүмысқа тоқталыи, қосымша ауызша сүрақтар қою.
Білімді өзектендіру
Көшіру жэне орын ауыстыру операцияларының арасындағы айырмашылықть: атаңдар.
Көшіру жэне орын ауыстыру операцияларында колданылатын эдістер қандай?
Алмасу буфері дегеніміз не?
Беттің түсін қалай өзгертуге болады?
Беттің орналасуы дегеніміз не?
Стандартты орналасу өлшемін атаңдар.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Теория
Егер құжатта мәтінмен жүмыс жасап отырып, мэтінді керекті жерінен бөлгіміз келсе. мысалы: бірінші және екінші абзацты бөлу керек болса, меңзерді бірінші абзац соңына орналастырып: Кірістіру мәзіріне кіріп, Бетті бөлу батырмасына шертеміз, екінші абзац келесі бетке ауысады.
Мәтінге бағандар орнату жэне бағандағы мэтінді бөлу.
Microsoft Word 2010 программасы мәтінді баған түрінде безендіруге мүмкіндік береді.
Егер мэтінді кітапша немесе хабарландыру сияқты безендіру керек болса, мэтінді екі немесе бірнеше бағанға бөлу керек болады. Word 2010 кұжатта үш бағанға дейін орналастыруға мүмкіндік береді. Егер бір бетте үш баганнан артық болса, онда мэтінді қалыпты орналастыру үшін тар болады.
Бағанды Беттерді белгілеу мәзірінен Беттер параметрлері тобындағы Бағандар батырмаларының көмегімен қүруға болады.
Бағандағы мәтінді бөлу
Мэтіні бар бағанмен жұмыс істеу кезінде бағандағы мәтінді бөлгіміз келсе, мына бұйрықтарды орындаймыз: Бетті бөлу=>Баған, баған ортасынан мәтін үзіліп, келесі бағанға көшеді. Егер ешқандай мәтін енгізбей бағандарды орнатып алып
Бетті бөлу => Баған батырмасына шертсек, меңзер бірінші бағаннан екінші бағанға көшеді.
Жаңа білімді бекіту
Тәжірибелік жұмысты компьютерде орындау арқылы білімдерін бекітеміз.
Қорытынды кезең
Сұраққа жауап алу арқылы, қорытындылаймыз.
VIIIҮйге тапсырма
Бақылау сұрақтарына жауап жазып келу.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Класы: 10 «Б»
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Тақырыбы: Құжаттың құрылымы. Беттердің нөмерленуі. Колонтитулдар.
Сабақтың мақсаты:
Құжат құрылымының, бетті нөмірлеудің, колонтитулды пайдаланудың маңыздылығын және қай жерлерде қолдану керектігін үйрету.
Құжаттың бетін нөмірлеуді және колонтитулдарды қолдануды тәжірибеде үйрету.
Оқушыларды тиянақтылыққа, уақытты тиімді пайдалануға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: экран, проектор, слайдтар, түсіндірмелі плакаттар.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрак-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс.
Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Оқушылар білуі тиіс: колонтитулдардың қажеттілігін.
Оқушылар меңгеруі тиіс: алған білімдерін тәжірибеде қолдануды.
Сабақтың барысы
¥йымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен маңызын айқындау.
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тэжірибелік жұмысты тексереміз және ауызша сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын қайталаймыз.
Білімді өзектендіру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Теория
Жаңа білімді бекіту
Құжат сызбасы режіміне өту үшін Түр мэзіріндегі Көрсету немесе Жасыру тобында Құжат сызбасы қанатшасын шерту кажет. Қүжат сызбасы режімі тақырыптардың қүжатта орналасуын көруге мүмкіндік береді.
Құрылым режімі Қүжат сызбасы режіміне ұқсас. Бүл режімде тақырыптарды негізгі мәтінмен жэне тақырыпшалармен бірге араластыруға болады.
Құрылым режіміне өту үшін жолақта Түр мэзірінен Құжатты көру режімдері тобынан Құрылым батырмасын басу кажет.
Жаңа білімді бекіту
Тәжірибелік тапсырманы компьютерде орындау арқылы білімдерін бекітеміз.
Қорытынды кезең
Тәжірибелік жүмыс бойынша сүраққа жауап алу арқылы қорытындылаймыз.
ҮШҮйге тапсырма
Бақылау сұрактарына жауап жазу. Өз беттерінше 5-беттен тұратын еркін тақырыпта қүжат кұрады жэне сол тақырып бойынша колонтитулдарды қолданады. Тапсырманы сабақта қорғау керек.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Класы: 10 «Б»
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Тақырыбы: Құжатта сілтемелерді ұйымдастыру. Атау. Иллюстрация тізімі. Қиылыс сілтемелер. Мазмұнды баптау.
Сабақтың мақсаты:
Сілтеменің қайда қолданылатынын түсіндіру.
Оқушыларға сілтеме кұрып, мазмүндарды баптап үйрету.
Оқушыларды бір-бірлеріне көмектесуге баулу
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, экран, проектор, слайдтар, түсіндірмелі пла- каттар.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс.
Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Оқушылар білуі тиіс: сілтеменің қай жерде керек екенін.
Оқушылар меңгеруі тиіс: құжатқа мазмұндарды орнатуды және баптауды.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен маңызын айқындау
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген бақылау сұрақтарын тексеру. Оқушылар бір-бірлеріне сүрақ қояды. оқушы жауап бере алмаса, сүрақ қойған оқушы өзі жауап береді. Құжатты құрды ма? Әлде жоқ па, тексеру
Білімді өзектендіру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Теория
Біз эртүрлі үлкен құжаттармен жұмыс жасағанда, мысалы, кітап журналдарға мақала жазғанда, есеп беру кезінде, кезекті конференңияларға қатысқанда эдебиеттер тізімін енгізу міндетті түрде қажет болады.
Ол үшін: Сілтемелер мэзіріне өтіп, Сілтемелер жэне эдебиеттер тізімі батырмала- рын пайдалануға болады.
Жаңа сілтеме құру үшін мына эрекеттерді орындаймыз:
Сілтеме қүру батырмасын басыңдар => Жаңа сілтеме құру бұйрығын таңдаймыз;
Сілтеме құру диалогтік терезесі пайда болады:
Деректеме құру терезесінде деректеме түрі өрісін таңдаймыз. Ол: кітап, кітаптың бөлімі, журнал мақаласы, есеп берулер, конференция мақаласы болуы мүмкін.
Әдебиеттер тізімі өрісін толтырыңдар: атауы, авторы, жылы жэне шығарылған қаласы, баспасын көрсетеміз. Сілтеменің түрін таңдауға байланысты бұл өрістер өзгеріп кетуі мүмкін екеніне назар аударыңдар. Сонымен қатар әдебиеттер тізімінің қандай стилі таңдалғанына да мэн беру керек. Үнсіз келісім бойынша АРА FIFTH EDITION таңдалады, бірақ сендер басқаларын таңдай аласыңдар (ISO 690, Turabian, MLA, АРА, Chicago, GB7714, SIST02 жэне басқалар. Егер бүл стиль үнамаса, Стиль батырмасын шерту арқылы керекті стильді таңдап алуымызға болады. Егер керек өрістер жетіспесе, онда Әдебиеттер тізімінің барлық өрісін көрсету қанатшасын шертеміз (10-сурет).
Құжатқа әдебиеттер тізімін автоматты түрде қосу үшін Әдебиеттер тізімі батырмасын басыңдар жэне сілтемелерді безендіру нұсқаларының бірін таңдаңдар.
Жаңа білімді бекіту
Тәжірибелік тапсырманы орындау арқылы жэне сұрақтар қою арқылы білімдерін бекітеміз.
Үйге тапсырма
Бақылау сұрақтарына ауызша дайындалып келу.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Класы: 10 «Б»
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Тақырыбы: Тест жұмысы
Сабақ мақсаты:
А) Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру.
Б) Қайталуа арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру, білімдерін жаңарту.
В) Жеке жұмыстануға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Тест програмасы
Сабақ түрі: Тест сабағы
Сабақ әдісі: Компьютер көмегімен оқушылардан тест алу
Сабақ типі: Білімді сынау, бақылау сабағы
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Тест жұмысын жүргізу
Оқушылардың жұмысын бағалу, бағаларын журналға түсіру
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Програманы қалай іске қосуға болады.
Құжатты қалай ашады?
Файлдарды іздеу кезінде қандай параметрлерді көрсетуге болады?
Файлдарды іздеу кезінде «*» символы қандай қызмет атқарады?
Файлдарды іздеу кезінде «?»символы қандай қызмет атқарады?
Барлық Word документтерін табу үшін файл атын қалай жазу керек? (*.doc)
К-ға аяқталатын аты екі символдан тұратын блокноттық файлдарды табу үшін атын қалай жазу керек? (?к.тхт)
Тест сұрақтары.
1.WINDOWS операциялық жүйесінің алғашқы версиясы қашан пайда болды ?
А) 1984 ж.
В) 1985 ж.
С) 1986 ж.
D) 1987 ж.
2. WINDOWS NT операциялық жүйесі қай жылы шықты?
А) 1986 ж.
В) 1987 ж.
С) 1988 ж.
D) 1989 ж.
3. WINDOWS 4.0 операциялық жүйесінің соңғы атауы қалай?
А) Windows Chicago
В) Windows 98
С) Windows Me
D) Windows 95
4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас қалай аталады?
А) Операциялық жүйе
В) Командалық
С) Терезелік
D) Интерфейс
5. Операциялық жүйенің негізгі міндеттері қандай?
А) Компьютердің құрылғыларын басқару
В) Барлық программаларды іске қосу
С) Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас ұйымдастыру
D) Аталғандардың бәрі
6.WINDOWS ХР операциялық жүйесі қай жылы шықты?
А) 2000 ж.
В) 2001 ж.
С) 2002 ж.
D) 2003 ж.
7. Белгілі бір белгілері бойынша біріктерілген аты бар байттар тізбегі қалай аталады?
А) Информация
В) Папка
С) Файл
D) Дұрыс жауап жоқ
8. Процессор қандай құрылғымен тікелей жұмыс жасайды?
А) Жедел жады
В) Тұрақты жады
С) Қатқыл диск
D) BIОS
9. Компьютердің файлдармен жұмыс жасау және сақтау жүйесі қалай аталады?
А) Сақтау жүйесі
В) Файлдық жүйе
С) Операциялық жүйе
D) Барлық жауап дұрыс
10. Иілгіш дискті белгілеуге қолданылатын әріпті тап?
А) В
В) С
С) D
D) F
11. Файлдармен орындалатын операцияны көрсет.
А) Атын өзгерту
В) Жою
С) Көшіру, жылжыту
D) Дұрыс жауап жоқ
12. Файл аты мен кеңейтілуі қандай символмен ажыратылады?
А) ;
В) :
С) .
D) ,
13. Файл кеңейтілуі нені білдіреді?
А) Бір атаумен сақталған бірнеше файл бар екенін
В) Файлдардың орналасау ретін
С) Файлдағы ақпарат типін
D) Файлдың орналасқан орнын
14. Файлдың толық таны тап?
А) Suret.jpg
В) Suret суреті файлы
С) jpg типті Suret файлы
D) C:\Мои рисунки\Suret.jpg
15. Компьютермен жұмыс жасау - ...
А) Операциялық жүйемен ұмыс
В) Мауспен жұмыс
С) Пернетақтамен жұмыс
D) Файлдық жүйемен жұмыс
16. WINDOWS папкасы қай дискіде орналасады?
А) А
В) В
С) С
D) D
17. WINDOWS обьектілері орналасқан экран қалай аталады?
А) Экран
В) Жұмыс аймағы
С) Жұмыс столы
D) Дисплей
18. Экранның Пуск батырмасы орналасқан жолағы қалай аталады?
А) Сұр жолақ
В) Программа тақтасы
С) Быстрый запуск тақтасы
D) Есептер тақтасы
19. Қандай мауста кілемше міндетті түрде қолданылады?
А) Екі батырмалы
В) Механикалық
С) Оптикалық
D) Инфрақызыл
20.Терезені қандай пернелер комбинациясы арқылы жабуға болады?
А) Ctrl+Alt
В) Shift+F4
С) Alt+F4
D) Ctrl++F4
21. Жақтаулармен қоршалған экранның жұмыс аумағы қалай аталады?
А) Жұмыс столы
В) Терезе
С) Жұмыс беті
D) Бәрі дұрыс
22. Қарапайым текстік редактор.
А) WordPad
В) Блокнот
С) Microsoft Word
D) Бәрі
23. Қай программа текстік процессор?
А) WordPad
В) Блокнот
С) Microsoft Word
D) Бәрі
24. Экранның көшірмесін қалай алады?
А) Маустың оң жағын басып, Копировать командасын орындау арқылы
В) Alt+PrintScreen пернелерін басу арқылы
С) PrintScreen пернесін басу арқылы
D) Экран көшірмесі алынбайды
25. Папка мен файлды қарап шығуда қолданылатын программа.
А) Поиск
В) Проводник
С) Справка и поддержка
D) Windows
26. Обьектілердің көшірмесін алу үшін тасымалдау кезінде қай перне басулы тұруы керек?
А) Alt
В) Shift
С) Ctrl
D) Shift+Alt
27. Обьектілерді жылжыту үшін тасымалдау кезінде қай перне басулы тұруы керек?
А) Alt
В) Shift
С) Ctrl
D) Shift+Alt
28. Файлды тасымалдау кезінде пернесі басулы тұрса не болады?
А) Ярлык құрылады
В) Көшірмесі алынады
С) Жылжытылады
D) Еш нәрсе болмайды
29. Ешқандай қосымша программасыз Windows XP қандай типті архивтерман жұмыс жасай алады?
А) RAR
В) ARJ
С) ZIP
D) Кез келген
30. Файлды аты бойынша іздеген кезде «*» символы нені білдіреді?
А) Кез келген символды
В) Кез келген символдың кез келген санын
С) Кез келген бір символды
D) Дұрыс жауап жоқ
Оқушылардың жұмысы бағаланады.
Үйге тапсырма өткен тақырыптарды қайталау
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Класы: 10 «Б»
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Тақырыбы: Рецензиялау. Емле ережесі. Ескерту.Құжатты қорғау.
Сабақтың мақсаты:
Рецензия деген сөзді түсіндіру, құжатты тексеру түрлерімен таныстыру.
Құжатты қорғау мен ескерту жазу не үшін керектігін қарастыру.
Оқушылардың жан-жақты ойлау өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: экран, проектор, слайдтар, түсіндірмелі плакаттар.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тэжірибелік эдіс. Сабақтың типі: тэжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Оқушылар білуі тиіс: сөздермен әрекет жасау операцияларына не жататындығын. Оқушылар меңгеруі тиіс: алған білімдерін тэжірибеде қолдана білуді.
Сабақтың барысы
¥йымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен маңызын айқындау
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген бақылау сұрақтарын ауызша қайталау, қосымша сұрақтар қою.
Білімді өзектендіру
Сөздерді автоматты жэне колмен тексеруге бола ма? Автоауыстыру деген не? Құжатқа ескерту қоюға бола ма? Неге? деген сұрақтар қою арқылы білімді өзектендіру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Теория
Word программасы қатені тексерудің жэне түзетудің 3 нұсқасын ұсынады:
Автоматты түрде тексеру
Қолмен тексеру
Автоауыстыру.
Программада орфографияны жэне грамматиканы автоматты түрде тексеру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар:
Файл => Анықтама => Параметрлер => Дұрыс жазу батырмасын шертеміз.
Word программасында Дұрыс жазуды түзету мэзіріне кіріп, орфографияны автоматты түрде тексеру жэне Грамматиканы автоматты түрде тексеру қанатшаларын шерту керек.
3. OK батырмасын шертіңдер.
Дұрыс жазуды қолмен тексеру
Дұрыс жазылуды қолмен тексеру үшін Дұрыс жазу диалогтік терезесі пайдаланыла- ды. Ол үшін Рецензиялау мэзірінен => Дұрыс жазу тобының => Дұрыс жазу батырмасын шертеміз немесе Ғ7 батырмасын шертеміз.
Автоауыстыруды қосу үшін келесі эрекеттерді орындаймыз:
Файл => Анықтама => Параметрлер => Дұрыс жазу батырмасын шертеміз;
Автоауыстырудың параметрлері өрісіне өтеміз, сол жердегі Автоауыстырудың параметрлері батырмасын шертеміз.
Енгізу кезінде ауыстыру аймағының Ауыстыру өрісіне мәтінде жиі кездесетін қате сөзді жазу керек.
Оң жағындағы өріске осы сөздің дұрыс жазылу нұсқасын жазамыз.
ОК батырмасын шертеміз.
Жаңа білімді бекіту
Құжатқа ескерту жэне құжатты қорғау операцияларын тәжірибеде орындау арқылы білімдерін бекітеміз.
Қорытынды кезең
Тәжірибелік жұмыс бойынша сұрақ-жауап алу арқылы қорытындылаймыз
VIIIҮйге тапсырма
Бақылау сұрақтарына жауап жазу, мысал ретінде оқулықтарынан ескерту жазылған тақырыпты талдап келу.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Класы: 10 «Б»
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Тақырыбы: Құжатқа диаграммаларды және математикалық формулаларды кірістіру.
Сабақтың мақсаты:
Диаграмма құру үшін ең алдымен мэлімет керек екенін түсіндіру қажет.
Кесте туралы мэлімет беру, диаграмма құру үшін мәліметті кестеге енгізу керектігін түсіндіру жэне диаграмманың түрлерін қарастыру.
Оқушылардың жан-жақты ойлау өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, экран, проектор, слайдтар, түсіндірмелі плакаттар.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс.
Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Оқушылар білуі тиіс: кестеге мәліметті енгізуді және содан кейін орындалатын операцияларды.
Оқушылар меңгеруі тиіс: алған білімдерін өз өмірлерінде қолдана білуді.
Сабақтың барысы
¥йымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау
Үй тапсырмасын тексеру
Бақылау сұрақтарымен қосымша сүрақтар қою арқылы үй тапсырмасын әрбір оқушыдан сұрау жэне қосымша оқулықтан берілген, ескерту жазылған мысалдарды талдаймыз, арасында 3-4 балаға тәжірибелік тапсырмалар беруге болады.
Білімді өзектендіру
Диаграмманы қалай түсінесіңдер? Диаграмманың қандай түрлері бар? Диаграмма құру үшін ең алдымен не керек? Мысал келтіріңдер.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Теория
Диаграмма қүру үшін бізге ең алдымен сандық жэне мэтіндік ақпарат керек (осы ақпаратты кестеге енгізу арқылы диаграмма қүра аламыз).
Кесте - жолдар мен бағандардың кез келген санынан қүрылады, мысалы: 5 баған, 5 жол болуы мүмкін.
Жол - қатар орналасқан ұяшықтардың көлденең бірлестігі.
Баған - қатар орналасқан үяшықтардың тік бірлестігі.
Баған мен жол қиылысып, ұяшық түзеді.
¥яшық - дерек сақталатын орын.
Қүжатта диаграмма құру үшін біз кестемен жүмыс жасаймыз. Диаграмма - Microsoft Excel жэне Microsoft Word программаларының графикалық мүмкіндігі. Мэліметтерді кестеге енгізіп, диаграмма қүрамыз, ягни, диаграмма - деректерді графикалық түрде көрсетуге арналган. Диграммалардың түрлері:
багандық (гистограмма)
сызықтык;
дөңгелек;
нүктелік;
сақиналық;
көпіршіген;
жапырақшалық;
цилиндрлік;
конустық;
пирамидалық;
биржалық.
Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың екі осі болады: горизонталь (категориялар осі) жэне вертикаль осі (мэндер осі). Көлемді диаграммалар құрғанда үшінші ось-қатарлар қосылады.
Жаңа білімді бекіту
Диграмманы тэжірибе түрінде орындау арқылы білімдерін бекітеміз
Қорытынды кезең
Тәжірибелік жұмыс бойынша сүрақ-жауап алу арқылы қорытындылаймыз.
ҮіПҮйге тапсырма
Бақылау сұрақтарына жауап жазу, мысал ретінде 5 пэн бойынша 10 сабақтан алған бағаларына диаграмма құрып жэне флешкамен әкеліп тексерту керек немесе қағазға шығарып әкелу керек.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Класы: 10 «Б»
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Сабақтың тақырыбы: Макростар
Сабақтың мақсаты:
Макростың анықтамасымен таныстыру.
Макростарды Backstage көрінісінде қосу, қауіпсіздік жүйесінің ескертуі пайда болған кезде макростарды косу, макростарды Түр мэзірі арқылы құру жолдарымен таныстыру.
Оқушылардың жан-жақты ойлау өрісін дамыту, тиянақтылыққа тэрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: экран, проектор, слайдтар, түсіндірмелі плакаттар.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тэжірибелік эдіс. Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Оқушылар білуі тиіс: макростар қай кезде қауіпті екендігін түсіндіру.
Оқушылар меңгеруі тиіс: макросты құжатпен жұмыс жасағанда қолдана білуді.
Сабақтың барысы
¥йымдастыру кезеңі
Сабактың мақсаты мен міндеттерін айқындау
Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын әрбір оқушыдан сұрау жэне үйде диаграмманы қүрғандығын сүрап, орындаған оқушылардың жүмыстарын тексеру.
Білімді өзектендіру
- Макрос дегенді бұрын-соңды естіп кордіңдер ме? Не үшін қолданады? Мысалдар келтіріңдер.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Теория
Макрос дегеніміз не, оларды кім жасайды жэне қауіп төндіру дегеніміз не?
Макрос құжаттағы қайталанып орындалатын бүйрықтарды автоматтандыру үшін қолданылады жэне оны тапсырманы орындау керек болғанда іске асыруға болады. Макрос - Visual Basic for Applications (VBA) программасы арқылы жазылған. Кейбір макростар қүжатқа біршама қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан макросты дүрыс пайдалана алмасаңдар, оны қолданудың мүлде қажеті жоқ. Макросты файлга енгізу арқылы ком- пьютерге жэне желілерге вирустарды таратуға болады.
Қауіпсіздік жүйесінің ескертуі пайда болган кезде макростарды қосу Файл мэзірінен => Қауіпсіздік жүйесінің ескертуі терезесінен Мазмұнды қосу батырмасын шертеміз => Қосымша параметрлер батырмасын белгілейміз => Microsoft Office қауіпсіздік параметрлері диалогтік терезесінде эр макрос үшін Осы сеанс мазмұнын қосу параметрі белгісін белгілеп, ОК батырмасын шертеміз.
Макростарды Түр мәзірі арқылы құру.
Макросты құрудың қарапайым әдісі - құжатқа керекті әрекетті енгізу. Ол үшін бұйрықтардың жүйелілігін бір рет жазып қойып, осындай эрекеттерді орындау керек болғанда макросты тінтуірмен шерту арқылы шақыруға болады.
Макростарды жазу үшін келесі эрекеттерді орындаңдар:
Түр мәзірінен Макростар батырмасына шертеміз => Макрос батырмасынан Макросты жазу бұйрығын белгілейміз.
Макростарды жазу диалогтік терезесінде макросқа атау береміз, макроспен ары қарай жұмыс жасау керек болса макростарға сипаттама (описание) беру керек.
Жаңа білімді бекіту
Макросты әртүрлі тәсілдер арқылы құрып, көру арқылы білімдерін бекітеді.
Қорытынды кезең
Сұрақ-жауап алу арқылы қорытындылаймыз.
Үйге тапсырма
Жалпы тарау бойынша тестке дайындалып келу.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Класы: 10 «Б»
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
Достарыңызбен бөлісу: |