Сабақ жоспары «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі 20



жүктеу 1,11 Mb.
бет2/8
Дата21.12.2019
өлшемі1,11 Mb.
#24750
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

кенселік;

  • АЖЖ (Автоматтандырылған жоспарлау жүйесі);

  • Баспа үстелдік жүйелер;

  • Жасанды интеллект жүйесі.

    Операциялык жүйелер; Желілік программалық жабдықтар;

    Операциялык қабықшалар; Қызмет көрсету программасы.




    1. Мұрағаттарды қамтамасыз ететін программалар.

    2. Желілердің қызметіне арналған программалар.

    3. Қолданбалы программалар.

    Программалық жүйелер

    Программалық жүйелер дегеніміз - программалық өнімдерді дайындау жэне енгізу технологиясын қамтамасыз ететін программалар жиынтыгы. Программалық жүйелерге трансляторлар, программа дайындайтын орта, анықтамалық программалар кітапханасы, байланыс редакторлары жэне т.б. жатады. Дербес компьютерлердің қазіргі өмірдің барлық саласында қолданылатындыгы сонша, біз олардың бар екенін дербес компьютердің ақпараттық жэне программалық қамтамасыз етілуінің арқасында сезе бермейміз.

    Қазіргі замандағы электронды есептеуіш машина (ЭЕМ) жэне олардың жүйелерінің жүмысыиа икемді компонент программалық жасақтама болып табылады.

    Программалық жасақтама дегеніміз - белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған, оның аппараттық құралдарының жан-жақты қызметін, сонымен қатар қолданушының есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын программалар жиынтыгы.

    ЭЕМ-де программалық жасақтама қүрамын программалық конфигурация деп атайды. Программалар арасында физикалық буындар мен блоктар арасындагы сияқты байланыс бар - көптеген программалар өзінен томен деңгейдегі баска программаларга сүйеніп жүмыс істейді, ягни, біз аралық программалық интерфейс туралы айта аламыз. Мун пай интерфейстің болу мүмкіндігі де техникалық шарттар жэне өзара әрекеттесудің хаттамаларының болуына негізделген, ал ол іс жүзінде программалық жасақтаманың өзара әрекеттесетін бірнеше деңгейге бөлінуімен қамтамасыз етіледі.

    Программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың эртүрлі режімдердегі қызметін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар есептерді дайындап, жөндеуден өткізу, шыгару үдерістеріне ыңгайлы, жетілдірілген пайдаланушы интерфейсін береді.

    Программалық жасақтама келесі деңгейлерден тұрады: базалық немесе негізгі, жүйелік, қызметтік жэне қолданбалы.

    Программалық жасақтаманың деңгейлері өз кезегінде пирамидалық жүйе болып та- былады. Әрбір келесі деңгей программалық жасақтаманың өзінен бұрынғы деңгейлеріне сүйеніп жұмыс істейді.



    Базалық деңгей. Программалық жасақтаманың ең төменгі деңгейі - базалық. Базалық деңгей базалық ақпараттық құрылғылармен байланысуга жауап береді. Ереже бойынша, базалық программатор базалық саймандар құрамына кіреді жэне тұрақты жа- дыда сақталады. Программалар жэне мэліметтер жасау кезеңінде жедел жадыга жазыла- ды жэне пайдалану үдерісінде озгертіле алмайды. Базалық программалық құралдарды пайдалану барысында программаланатын тұрақты есте сақтайтын құрылғылары пай- даланылады. Бұл жағдайда жедел жадының мазмұнын озгерту есептеу жүйесінің құрамында тікелей орындауга да болады, одан тыс та программалаушы деп аталатын ар- найы қүрылымдарда да болуы.

    Енгізу-шығарудың базалық жүйесі (BIOS) ЭЕМ-нің тұрақты жадында орналасқан, бүл негізі MS DOS-тың болігі емес, бірақ бұнымен тор байланысты. Bios құрамына дер- бес компьютердің құрылгыларын тексеруге, операңиялық жүйені иниңиализаңиялауға арналган жэне монитор, пернетақта, дискілер, принтермен енгізу шыгару амалдарын орындауга арналган программалар кіреді.

    Жүйелік деңгей (ЖД) - өтпелі. Бұл деңгейде жұмыс істейтін программалар базалык деңгейдің программалары мен дербес компьютерлік жүйенің өзге де программато­ры жэне тікелей аппараттық жасақтамамен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді, ягни «делдалдық» функцияны атқарады. Программалық жасақтаманың бұл деңгейіне кобінде барлық есептеу жүйесінің пайдалану көрсеткіштері тэуелді. Мысалы, жүйелік деңгейде есептеу жүйесіне жаңа жабдық қосқанда басқа программалар үшін осы жабдықпен бай­ланысты қамтамасыз ететін программа орнатылуы тиіс. Накты кұрылгылармен өзара эрекеттесуді қамтамасыз ететін нақты программаны драйвер кұрылғысы дейміз. Ол программалық жасақтаманың жүйелік деңгейінің кұрамына кіреді.

    Жүйелік деңгей программаларынын баскасы колданушымен өзара әрекеттесуге жауап береді. Солардың аркасында ол есептеу жүйесіне мәліметтерді енгізуге, онын жұмысын басқаруға жэне нәтнжесін өзіне ынғайлы формада алуға мүмкіндік апды. Бұл программалық кұралдар интерфейстін пайдаланушылық қамтамасыз ету құралдары деп аталады. Дербес компьютермен жұмыстың ыңгайлылыгы мен жұмыс орнындагы еңбек өнімділігі оларга тікелей тэуелді.

    Жүйелік деңгейдің программалық қамсыздануының жиынтыгы дербес компьютердің амалдық жүйе ядросын құрастырады. Амалдық жүйе ядросының бар болуы - адамның есептеу жүйесі мен тэжірибелік жұмысының мүмкіндігі үшін міндетті шарт.

    Қызметтік деңгей. Программалық жасақтаманың бұл деңгейі базалық деңгейдегі программалармен де, жүйелік деңгейдегі программалармен де тыгыз байланыста бола­ды. Қызметтік программалар дербес компьютерлік жүйені тексеру, баптау жэне жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қыз- метін жақсарту жэне кеңейту үшін қолданылады.

    Өндеуде жэне қызметтік программаларды пайдалануда екі талгаулы багыт бар: амалдық жүйемен біріктіру жэне автономды жұмыс жасау. Бірінші жағдайда қызметтік программалар жүйелік программаның тұтынушылық құрамын тэжірибелік жұмысқа өте ыңгайлы етіп өзгерте алады. Екінші жағдайда олар жүйелік программалық қамсыздануымен элсіз байланыскан, бірақ қолданушыға аппараттық жэне программалық қамсыздануы мен олардың өзара әрекеттесуін дербес күйге келтіру үшін көп мүмкіндік береді.



    Қолданбалы деңгей. Қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығар- машылық, оқыту жэне т.б. мақсатта нақты жүмыстар атқарылады. Қолданбалы програм- малық қүралдарға мэтіндік редакторлар, мэтіндік процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мэліметтер базасын басқару жүйелері, автоматтандырылған жо- балау жүйелері, баспахана жүйелері, web-редакторлар, браузерлер жэне т.б. жатады.

    Дербес компьютерге арналған программалық жасақтамаларды функционалдык қызметтеріне байланысты төмендегідей түрлерге бөледі:



    • жүйелік программалық жасақтама;

    • аспаптық программалық жасақтама;

    • қолданбалы программалық жасақтама;

    Жүйелік программалық жасақтама - дербес компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жүмыстарын үйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама. Амалдық жүйе жэне программалау жүйесі жүйелік программалық жасақтаманың негізгі бөліктері болып табылады. Аймақтық, мемлекеттік жэне ғарыштық жүйелердің алуан түрлерімен бірге олардың сэулеттік формасын, жүмыс істеу тэсілдерін, қоршаған ортаға эсерін жэне адам- дық фактордың қатысуын қамтиды.

    Амалдық жүйе (АЖ) - құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды жэне программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтыгы. АЖ программалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді оңдеу жөніндегі бүкіл жүмысын, пайдаланушымен сүхбатты ұйымдастырады, компьютердің қүрылғыларын жэне қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен программалар сүратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады жэне т.б.

    Амалдық жүйе болмаса, қазіргі заманғы компьютердің жабдықтары мен программа- ларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық, сонымен қатар программалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы гана үсынылады. Дербес компьютерлерде тілдесудің екі түрін (эмірлік жэне терезелік) көруге болады. Әмірлік тілдесуі бар амалдық жүйелерге MS DOS жатады. Компьютермен дұрыс жүмыс істей алу үшін қолданушы MS DOS амалдық жүйесі бойынша том-том нүсқаулықтарды оқып шығуы қажет болатын.

    Терезелік тілдесу Windows сияқты, компьютермен тек бір қүрылгы (тінтуір) арқылы ғана қатынас жасауға болатын амалдық жүйеде жүзеге асырылган. Бүнда компьютер­мен қатынас жасау үшін тек бейне беттен сызбалық кескін түрінде үсынылған қажетті эрекеттерді таңдаған жон.

    Windows амалдық жүйесінің пайдаланушы тілдесуінің негізгі элементтеріне мына нысандар жатады: Жүмыс үстелі, терезелер, лақаптар, батырмалар, үстелдер, мэзірлер, қалталар, қосымшалар жэне қүжаттар.



    Терезелік тілдесуді меңзерді нысан үстіне апарған кезде қалқып шыгатын түсініктемелер, сондай-ақ тінтуірдің оң жақ пернесін Windows амалдық жүйесі нысанының үстінде шерткен кезде пайда болатын контекстік мэзірлер өте үғынықты етеді.

    Қызметші (сервистік) программалар - эрбір адамның амалдық жүйемен жүмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қолданбалы программалар арқылы біз өз есептерімізді шығарамыз. Мүндай программалар «қосымшалар» (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шыгара алатын қуатты мамандандырылған жүйелерді (мэтіндік процессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер, т.б.), ғылыми мәселелерге және жалпы көпшілікке арналған қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.

    Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді мұрағаттау (қысу) программаларын, компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін (диагностика) программаларды (тест программалары) айтуға болады.

    Аспаптық программалық жасақтама (АПЖ) — бұл дербес компьютерге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған программа пакеттері. Оларға мысалы, Турбо Паскаль программалау тілін алуға болады.

    Қазіргі заманның программалау жүйелері жаңа программаларды құруға программалаушыға мүмкіндігі жогары жэне ыңғайлы құралдарды ұсынады. Программа- ны түрлі тэсілдер бойынша құруға болады. Оған қойылатын негізгі талап - оның сапалы жэне қолданушыға түсінікті болуы.

    Қолданбалы программалық жасақтама (ҚПЖ) - эртүрлі мэселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама болігі. Оның құрамына томендегідей ҚПЖ кіреді:

    • жалпы мақсаттағы ҚПЖ;

    • мәселелік бағытталған ҚПЖ;

    • интегралданған ҚПЖ.

    Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалық жабдықтар қүрамына эртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық қүралдар енеді, олар: мәтіндік редакторлар мен процессорлар; графикалық редакторлар; электрондық кестелер (ЭК) процессорлары;

    • мәліметтер қорын басқару жүйелері;

    • электрондық түсаукесерлер жэне т.с.с.

    Мэселелік бағытталған қолданбалы программалық жабдықтар - белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мүндай программалық күралдарға:

    • жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);

    • таңбаларды айыру жүйелері;

    • статистикалық, қаржылық-аналитикалық жүйелер; гылыми-зерттеу жүйелері.

    Интегралданған ҚПЖ - қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды жэне қуатты да- мып жатқан бөлігі. Олар - көпфункционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап, нысандар деңгейінде эсерлесулерін жүзеге асыратын дестелер (Lotus Works, Microsoft Office жэне т.б.) тобы. Мыссиіы: Microsoft Office ортасын алатын болсац, онда Microsoft Office Word - мәтіндік процес­сор, Microsoft Office Excel - электрондъщ кесте процессоры, Microsoft Office PowerPoint - түсаукесер жасау редакторы, Microsoft Office Access - мәліметтер базасын цүру про­цессоры сияқты бірнеше қолданбалы программаларды цамтиды.

    Сонымен, қорыта келгенде программалық жасақтама аппараттық жасақтаманын мүмкіндіктерін жетілдіретін жэне онымен қолданушының белгілі бір программалық құралдардың негізінде тікелей жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін сыртқы қоршам болып табылады.

    Компьютер - ол күрделі құрылғылардың (микросызбалар) жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалык жабдықтама керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа - оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін опе- рациялық жүйе. Операциялық жүйенің бір мысалы ретінде Windows операциялык жүйесін атасақ болады.

    Компьютер кез келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видео жэне фотоматериалдарды өңдеу, мэтіндік ақпаратты құру жэне түзету т.б. болуы мүмкін. Эрине қойылган барлық есептер ар- найы жазылған қосымша программалардың комегімен шешіледі. Компьютер тек сол программалардың жұмысын, жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетін атқарады.

    Орындалған жұмыстың нэтижесі тұтынушыға эртүрлі, мониторлар, принтерлер, проекторлар сияқты жэне т.б. ақпаратты басып шығару, бейнелеу құрылғыларының комегімен ұсынылуы мүмкін.

    1. Бекіту кезеңі

    2. Қорытынды кезең

    1. Бүгін сабақта не білдік?

    2. Не үйрендік?

    1. Бағалау кезеңі

    Сабақта тапсырманы орындағанына, меңгерген деңгейіне байланысты бағалаймыз.

    1. Үйге тапсырма

    1. Тақырыпты оқу.

    2. Тақырып бойынша 4 сұрақ ойластырып келу.


    САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

    Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________

    Пән аты: Информатика

    Класы: 10 «Б»

    Қоғамдық - гуманитарлық бағыт
    I. Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату(веб-камера, сканер, принтер,желілік принтер).

    II. Сабақтың мақсаты:

    Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

    Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

    Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

    III. Сабақтың түрі: аралас сабақ

    IV. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

    V. Сабақтың көрнекілігі: копьютер, топтама, тест сұрақтары т.б.

    VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық

    VII. Пайдаланған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.

    VIII. Сабақтың барысы:

    А) ұйымдастыру кезеңі

    Б) сабақ сұрау

    В) Бағалау

    Г) Жаңа сабақ

    Д) Бекіту

    Е) Үйге тапсырма

    Ж) Қорытынды



    Жаңа сабақ

    «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда есептеуіш , емептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Компьютерлер есептеу операцияларының қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық – бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді. Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-1» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін – интегралды сызбалар пайдаланылатын электронды есептеуіш машиналар және ең ақырында, қазіргі таңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты.

    Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.

    Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.

    Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.

    Бірақ, компьютерлер кез-келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын.

    Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б.

    Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.



    Веб-камера – бейне кескіндерді электрондық пішімге айналдыратын құрылғы.

    Принтер- ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы.

    Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.



    Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.

    Жаңа сабақты бекіту

    IX .Үйге тапсырма.

    Желілік принтер



    X . Сабақты қорытындылау

    Жаңа материалды пысықтау,оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.



    XI . Бағалау.

    САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

    Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________

    Пән аты: Информатика

    Класы: 10 «Б»

    Қоғамдық - гуманитарлық бағыт

    жүктеу 1,11 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау