ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
ТӨЛЕБИ АУДАНЫ
«МАЙБҰЛАҚ» ОРТА МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІ
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР
5-7– сыныптар арасында «Информатика» пәнінен
20.01.14 -16.03.14 аралығы
Майбұлақ 2014 жыл
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
________________
ДОІЖ меңгерушісі
«___________» ________2014 ж
Күні: 20.01.14 ж
Пән аты: Информатика
Сынып: 5
Сабақ №18
Сабақтың тақырыбы: Суретті қағазға басып шығару
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторына жұмыс істеуге үйрету. Білімділік: Суретті қағазға басып шығару тәсілдерін үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстрациясын дамыту,
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, электронды оқулық,
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы сұрау
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Тапсырмалады орындау
5. Үйге тапсырма беру.
2. Үйге берілген тапсырманы сұрау
Үзінді дегеніміз не?
Үзінділерді белгілеу жолдары қандай?
Үзінділермен қандай әрекеттерді орындауға болады?
3. Жаңа түсініктер:
Суретті қағазға басып шығару үшін Файл-Печать командасын орыңдаңдар. Баспа (Печать) диалогтық терезесі пайда болады. Печатать бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп, Число копий өрісіне қажетті дана санын енгізіңдер. Содан соң ОК батырмасын шертіңдер.
Құжат басылымға қандай түрде берілетінін қарап шығу үшін Файл-Предварительный просмотр командасын орыңдаңдар. Егер құжат кескіні өздеріңе ұнаса, осы терезеде Печать батырмасын шертіңдер. Олай болмаған жағдайда Закрыть батырмасын шертіңдер де, суретті өңдеуді жалғастыру үшін, Paint программасының бас менюіне қайтыңдар.
Өзің орыңда!
Өткен материалды пысықтау үшін сендерге бірнеше практикалық тапсырмаларды орындауды ұсынамыз.
1-тапсырма.
Суретті өте ұқыпты қарап шығып, амалдар тізбегі мен қолданылатын командаларды ауыстырмай орындаңдар .
Сурет сал:
а) экран жартысына теңіз (толқын) суретін сал;
ә) кеме сал;
б) суда жүзіп жүрген балықтарды сал;
в) аспандағы шағалаларды сал;
г) кеменің сол жағына күннің суретін сал;
д) кеменің сол жағына пальмасы бар арал сал.
2. Суретті боя.
3. Мұғалімджі шақыр.
4. Күннің суретін өшір.
5. Күннің орнына айдың суретін сал.
6. Суда жүзіп жүрген балықты өзгертпей шағаланың аузына апар.
7. Жұлдыздар сал.
8. Кеменің сол жағына орналасқан аралды, оның оң жағына жылжыт.
9. Кемені басқа жаққа бұр.
10. Біріншісімен бірдей шағаланың 3 көшірмесін сал.
11. Шағаланың екеуін оңға, ал екеуін солға бұр.
12. Мұғалімді шақыр.
Егер бұл жұмысты орындағанда тапсырманың барлық пункттерін толық орындап үлгермесеңдер, оны кез келген атпен сақтап қойыңдар. Келесі сабақта сол файлды ашып, тапсырманың орындалмаған тармақтарын орыңдаңдар.
Сабақты бекіту:
Салынған мәтінді қалай баспаға жібереміз?
Алдын ала орындалатын шарттары?
Үйге тапсырма: Суретті қағазға басып шығару.
Оқушыларды бағалау.
Күні: 27.01.14 ж
Пән аты: Информатика
Сынып: 5
Сабақ №19
Сабақтың тақырыбы: «Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға редактордың құрал-саймандарын дұрыс пайдалана білу және командалары орындай алу қызметін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру, ақпараттық мәдениеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: оқушы білімін бекіту.
Сабақтың әдісі: деңгейлеп-саралап оқыту.
Сабақтың түрі: практикалық
Көрнекілігі: компьютерлер.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Деңгейлік тапсырмалар.
4.Сабақты қорытындылау
5. Үйге: Paint графикалық редакторы туралы 5 сұрақтан тест құрап келу
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1. «Paint» программасын іске қосу командасы?
2. «Paint» программасының терезе элементтері?
3. Суретті сақтау командасы?
4. Сурет салу қанша кезеңнен тұрады?
3. Деңгейлік тапсырмалар.
І. Деңгей. Шеңбер немесе дөңгелек құралын пайдаланып, бірдей 9 шеңбердің суретін салыңыз. Әр қатарда және әр бағанада түстер әртүрлі болатындай етіп оларды үш түсті пайдаланып бояңыз.
ІІ. Деңгей. Дөңгелек немесе шеңберді, төртбұрышты, сызықтың түрлерін қолданып, «Аққала» қардың суреттерін салыңыз. Осы салынған «Аққала» деп сақтаңыз.
ІІІ. Деңгей. Жазу құралын таңдап, ұстаздарды алда келе жатқан «Наурыз» мерекесімен құттықтап өз ойларынан сурет салып, құттықтау сөздерін жазып, суретті сақтап қойыңыз.Салынған суретті баспаға шығарамыз.
4.Сабақты қорытындылау
1.Paint қандай редактор?- Графикалық редактор
2.Paint программасының терезе элементтерін ата - Іске қосу-Компьютерді өшіру – Өшіру
3. Мәзір қатарын ата - Тақырып, мәзір, құралдар жиыны, сурет салу алаңы, түстер палитрасы, қалып күй
4. Paint программасын іске қосу командасы- Іске қосу – Программалар-Стандартты-Paint 7. Терезенің ең төменгі бөлігі қалай аталады? Қалып күй қатары
5. Үйге: Paint графикалық редакторы туралы 5 сұрақтан тест құрап келу
6. Бағалау
Күні: 03.02.14 ж
Пән аты: Информатика
Сынып: 5
Сабақ №20
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Word Pad редакторымен жұмыс істеуді үйрету. Тақырып бойынша алынған теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану, алдына қойған мақсаттарына жету;
Тәрбиелігі: Оқушылардың танымдық белсенділігі мен оқушылар алған білімдерін өздігнен іс жүзінде қолдана білуге үйрету, ой еңбегін жандандыруға бағыттау. Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру
Дамытушылығы: Компьютермен жұмыс істеу іскерлігін дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, дәптерлер, слайд-шоу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Бекіту тапсырмадан тұрады
V.Оқушылардың білімдерін бағалау
VI. Үйге тапсырма
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы ретінде оқушылардан Paint графикалық редакторы тақырыбынан сұрақтар қою.
Paint қандай оператор?
Paint операторын қалай іске қосамыз?
Paint операторының жұмыс аланы неше бөлімнен тұрады?
Құрал саймандар тақтасында қанша әрекет орындауға болады?
Түстер палитрасы көмегімен қанша түсті тандауға болады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі».
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютердегі мәтінді түзетуге, оған мәтін үзінділерін қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге, жолдарды экран ортасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады. Яғни осыларды жүзеге асыру үшін Word Pad мәтіндік редакторы қолданылады.
WordPad мәтіндік редакторы – қарапайым мәтіндік құжат құруға арналған windows-тың стандартты программасы.
Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу үшін:
Достарыңызбен бөлісу: |