§17 оқу
2)Оқушыларды бағалау
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар.
Күні:27.01.2014 ж.
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), б баспаға дайындау. Баспадан шығару.
Бағдарламалық – ОЕТС, ОЖ Windows 98.
дидактикалық Оқулық.
қамсыздандыру: Жұмыс дәптер
Сабақтың мақсаты: 1. Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.
Болдырмау командасын пайдалануды үйрету, суреттерді сақтауға
үйрету. Суретке мәтін енгізуге, мәтін атрибуттарының тақтасын
пайдалануға үйрету.
2. Оқушылардың соңғы үш әрекеттерді болдырмау қалай жасалатынын, суретті сақтау командалары, олардың ерекшеліктерін, мәтіні бар сурет салу әрекеттерінің тізбегін білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Практикум
Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс
қойылатын талаптар: - соңғы үш әрекеттерді болдырмау қалай жасалатынын;
суретті сақтау командалары, олардың ерекшеліктерін;
мәтіні бар сурет салу әрекеттерінің тізбегін.
Оқушылар үйренуі тиіс:
Отменить командасын пайдалануды;
Сохранить командасын пайдалануды;
Сохранить как командасын пайдалануды;
суретке мәтін кірістіруді;
жазудың қарпін, түсін, өлшемін өзгерту.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
А деңгейі
Суретке «Құттықтаймын!» мәтінін орналастырыңдар. Суреттің масштабын өзгертіңдер. Түспен толтыру сайманын пайдаланып, әр әріпті өз түсіне қайта бояп шығыңдар
В деңгейі
Көбелектің суретін салыңдар (95- сурет, 145 бет).
Кескінді бірнеше рет көшіріңдер.
Суреттің мөлшерін барлық мүмкін тәсілдермен өзгертіңдер.
Әр өзгертуді жазып, белгілеңдер. Мысалы, «30 градусқа бұру» .
Суретті сақтаңдар.
С деңгейі
«Жаңа жылдық орман»
Шыршаның сурін салыңдар, Алдымен бір бөлігін:
Оны көшіріңдер және бұрыңдар:
Бірінші сол жағын, одан кейін оң жағын көшіріп, қөосыңдар.
және бояңдар:
Файлды өз бумаларыңда «Шырша» деген атаумен сақтаңдар.
Paint-тің тағы бір терезесін ашып, орманның суретін салыңдар.
Шырша файлынан шыршаның суретін қайта-қайта көшіріп, оларды созып және бұрып әртүрлі шыршалардын орман жасаңдар.
Суретке ағаштарды, бұтақтарды, гүлдерді, жеміс ағаштарын, жануарлар мен өендерді қосып салыңдар.
Файлды өз бумаларыңда «Орман» деген атаумен сақтаңдар.
V. Қорытындылау
1)Үйге тапсырма: тест сұрақтарына жауап беру
2)Оқушыларды бағалау
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар.
Күні:3.02.2014 ж.
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.
Бағдарламалық – ОЕТС, Windows ОЖ.
дидактикалық Оқулық.
қамсыздандыру: Жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты: 1.Windows 98-дің колданбаларымен, қарапайым WordPad мәтіндік
процессорымен танысу. Құжаттың құралымы,стилі, баспа бетінің
геометриясы туралы түсінік беру. WordPad қолданбасының терезесі
меню, пішімдеу құрал-саймандар тақталары, сызғыш туралы түсінік
алу. Мәтінімен жұмысқа дағдылану (теру, түзету, пішімдеу).
Құжаттарды құруға, ашуға үйрету.
2. Оқушылардың мәтіндік процессор деген не және ол не үшін қолданылатын, берілген мәтіндік процессордың мүмкіншіліктерін білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Практикум элементтері, бар, көрсете түсіндіру.
Зертханалық жұмыс.
Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:
қойылатын талаптар: - мәтіндік процессор деген не және ол не үшін қолданылатын;
берілген мәтіндік процессордың мүмкіншіліктерін;
процессорда жұмыс істеу мен режімін;
WordPad қолданбасы терезесінің құрылымын;
тақталар мен сызғыштарды қолдану әдістерін;
мәтінді пішімдеу тәсілдерін.
Оқушылар үйренуі тиіс:
мәтіндік файлдарды құруды, редакциялауды, сақтауды, ашуды;
алмасу буферін қолдануды;
пішімдеу тақтасы мен сызғышты қолдана отырып, құжатты
пішімдеуді;
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
WORDPAD мәтіндік редакторында жұмыс
Мәтіндік процесссор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету үшін ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдармалар класы. Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WORDPAD мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайданылады.Тек осы редактор ғана DOS OЖ-да орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.
WORDPAD қолданбасының арналуы:
1.Мәтінді теру.
2.Мәтін түзету.
3.Мәтінді пішімдеу.
-Қаріптің гарнитурасын таңдау.
-Қаріптің өлшемін өзгерту және таңдау.
-Қаріптің әлпетін басқару
-Қаріптің атрибутын басқару (түсін, алып тастауды, астын сызуды)
-Туралау әдістерін басқару (ортасы бойынша, оң жақ немесе сол жақ шеттері бойынша)
-Абзац мәтінінің сол жақ пен оң жақ өрістерінен шегісін және арнайы бірінші жол шегінісін беру
Құжатпен мәтінді дайындау процесінде дербес компьютердің мүмкіндіктері қандай?
ДК-дің мәтін мен құжатты жасау мүмкіндіктерін ұғыну үшін, төмендегілермен танысу керек:
Мәтінді жөндеуге, мәтіннің үзінділерін кірістіруге, әр түрлі құжаттарды бір құжатқа «жапсыруға», мәтіннің шекараларын түзетуге, жолдарды ортаға туралауға, құжатты қандай да болса санын басып шығаруға және сақтауға болады.
Әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
Мәтінге кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге болады, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлендіруге болады (оны қисық бойы орналастыруға, «көлем» беруге, көлеңкелеуге және т.с.).
Дайын жазудың мәтінін немесе кітаптың мәтінін сканерлеуге және тану бағдарламаларының көмегімен мәтін пішініне түрлендіруге болады.
Стандартты құжаттарды дайындағанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.
Тапсырма. WordPad мәтіндік редакторын арналуы қандай?
WordPad редакторының мүмкіндіктерінің шекті екеніне көңіл аудару керек.
WordPad редакторы мәтін мен абзацтарды, шекараларды, шегіністерді, әр түрлі қаріптерді, графикалық кескіндерді, дыбыс пен бейне клип үзінділерін қолданып, қарапайым мәтіндік құжаттар жасауға арналған.
WORDPAD мәтіндік редакторын іске қосу әрекеттерін тізбек түрінде көрсет:
Пуск Программы Стандартные WordPad
5.1.2. Тапсырма. Келесі анықтамаларды жаз.
Тапсырма WordPad қолданбасын негізгі ұғымдар бақылауға арналған.
Кірістіру нүктесі - бұл жыпылықтап тұратын тік сызық.
Мәтінді енгізгенде символ қай жерде пайда болатынын көрсетеді.
Меңзер - I түріндегі маус нұсқашығы.
ТЕРЕЗЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
МІНДЕТТЕРІ
WordPad мәтіндік редакторы қолданбасы терезенің құрылымы.
Қолданбаның пиктограммасы, файлдың аты, қолданбаның аты мен терезенің оң жақ бұрышындағы оның өлшемін басқаратын үш батырма бар тақырыптық жол.
Меню жолы.
Құрал-саймандар тақтасы.
Пішімдеу тақтасы.
Пішімдеу сызғышы. Негізгі мәтінді теру өрісінің басы мен аяғын, бас жолды, маркерлерді орнату үшін қолданылады.
Жұмыс өрісі. Терезенің негізгі бөлігі мәтінді теру үшін пайдаланылады.
Қалып-күй жолы.
Тақталар, сызғыш және қалып-күй жолы пайдаланушының қалауы бойынша экранда болуы немесе алынып тасталуы мүмкін ( меню жолындағы «Түр» пункті).
5.1.3. Тапсырма. Терезенің негізгі элементтерін атап, олардың арналуын (міндетін) жаз.
WordPad мәтіндік редакторының терезесімен танысқанда, оның әр элементінің міндетіне көңіл аудару керек.
№
|
Аты
|
Міндеті
|
1
|
Тақырып жолы
|
Терезені басқару батырмасы, құжаттың аты, жүйелік меню бар.
|
2
|
Меню жолы
|
Негізгі командалар бар
|
3
|
Құрал-саймандар тақтасы
|
Көп қолданылатын командаларды тез шақыруға арналған батырмалар бар
|
4
|
Пішімдеу тақтасы
|
Мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынау батырмалары бар
|
5
|
Абзац шегінісінің маркері
|
Шегініс орнатуға арналған
|
6
|
Сызғыш
|
Мәтінді шекарасын реттеуге арналған
|
7
|
Жұмыс алаңы
|
Мәтінді енгізуге арналған
|
8
|
Қалып- күй жолы
|
Терезенің қазіргі жағдайын көрсетуге арналған
|
5.1.4. Тапсырма.
Сен WordPad мәтіндік редакторының құрал-саймандар тақтасының батырмаларын есте сақтадың ба?
Тапсырма құрал-саймандар тақтасының керекті батырмасына маус нұсқағышын апарып отырып орындалады.
Мәтінді теру және түзету ережелері:
- Пернетақтаның таратылуын ауыстырып қосу
-(орысша-қазақша-ағылшынса)- Alt+Shift (сол жақ)
-Негізгі мәтіннің басын орнату (сызғыштың төменгі сол жақ үшбұрыш маркері)
-Азат жолды орнату (сызғыштың жоғарғы үшбұрыш маркері)
- Беттің енін орнату (сызғыштың төменгі оң жақ үшбұрыш маркері)
-Мәтін абзацын теру кезінде Tab пернесін пайдаланбау керек
- Бас әріп -Alt+Shift+әріп
- Мәтінді бас әріппен басу - CapsLock
- Bacspace – меңзер алдындағы әріпті жою
- Del – меңзер артындағы әріпті жою
- Enter пернесі – жаңа абзацқа көшу
- Мәтіннің үзіндісін белгілеу – маустың сол жақ батырмасын басып қозғалту арқылы немесе Shift пернесі + бағдаршалар
- Del – белгіленген үзіндіні жою
- Белгіленген үзіндіні буферге көшіру – пішімдеу тақтасындағы батырма немесе
Ctrl + Ins
- белгіленген үзіндіні буферге қиып алу – пішімдеу тақтасындағы батырма немесе
Shift + Del
- буферден кірістіру – пішімдеу тақтасындағы батырма немесе Shift + Ins
WORDPAD ҚҰЖАТЫН ЖАСАУ
5.1.5. Тапсырма. WordPad қолданбасында құжаттарды жасаудың негізгі кезеңдерін ретімен орналастыр.
Тапсырма материалды оқу барысында орындалады.
Қаріпті және оның өлшемін таңдау
Мәтінді енгізу және редакциялау
Мәтінді пішімдеу
Құжатты сақтау және ашу
Баспаға шығару
5.1.6.Тапсырма. Сөздерді ағылшын тілінде енгізуге арналған пернетақтаның таратылуын ауыстырып қосып, тақпақты тер.
Пернетақтаның таратылуын орысшадан латын қарпіне ауыстырып қосуды, сондай-ақ ағылшын тілінде сөздер енгізуді қалыптастыруға арналған.
5.1.7.Тапсырма. Қаріпті, әлпет пен өлшемді бір уақытта өзгерту әрекетінің тізбегін көрсет.
Шрифт (қаріп) диолог терезесінің параметрлерін тереңірек меңгеруге арналған.
Формат Шрифт Параметры
5.1.8. Тапсырма. Кестені толтыр.
Негізгі пернелерді қолдану мен оларды түсініп игеруге бағытталған.
5.1.9.Тапсырма. Құжат бойынша жылжыту пернелерінің комбинациясын көрсет.
Оқушыларға батырма комбинациялары кестесін, компьютерде тексере отырып толтыру ұсынылады.
Мәтінді пішімдеу - бұл символдардың әлпеттерін, әр түрлі қаріптерді таңдаумен беттердің шетіне туралаумен мәтінді процесі.
Мәтінмен жұмыс істегенде мыналарды қолдануға болады:
Баспа құжатының құрылымы мен стилі.
Әдетте құжаттар абзацтарға бөлінген негізгі мәтіннің әр түрлі деңгейлі тақырыптарынан тұрады, тағы тізімдер (тізбектер) де кездесуі мүмкін. Мәтінді безендіру процесін жеңілдету үшін, стиль жүйесін пайдаланады (мәтіннің берілген абзацына тән безендіру элементтерінің жиыны).
Стильдің негізгі элементтері:
қаріптің гарнитурасы (әріптерді жазу тәсілі, мысалы, аяғында керткен таңбасы бар немесе жоқ, бояуының дәрежесі әр түрлі әріптер). Пішімдеу тақтасының «Қаріп» пункітінде таңдалады.
қаріптің кеглі (өлшемі). Пішімдеу тақтасының «Қаріп өлшемі» пункітінде таңдалады. Қағаздың форматымен және стилімен (А4 үшін 11-12, А5 үшін 10, қосымша мәтін -8-9, тақырып үшін – 14 және одан жоғары).
Қаріп әлпеті (әдеттегі, жартылай қалың, астын сызумен қаріптің түсі). Түс басу кезінде қолданылмайды, ал дайындау кезінде - өзгертулерді белгілеу үшін.
Интерлиньяж (жолдар арасындағы қашықтық). Бұл процессорда оның өзгертілуі жоқ.
Туралау тәсілі (ортасы бойынша, оң жақ немесе сол жақ шеті бойынша, бұл қолданбада ені бойынша - берілмейді). Ортасы бойынша тақырыптар тураланады. Сол жақ шеті бойынша – негізгі мәтін. Оң жақ шеті бойынша – ескертулер мен анықтаулар, бұл өте сирек кездеседі.
Тасымалдауларды орналастыру әдісі. WordPad-тың сөздерді автоматты түрде тасымалдау мүмкіндігі жоқ. Сөздерді тасымалдауы жоқ мәтін бетті ені бойынша туралағанда сөздердің арасында созылулары болуы мүмкін. Сөзді тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар:
Ресми құжаттарда және кітаптарда созылулар жіберілмейді.
Ресми құжаттарда және кітаптарда (газеттер мен журналдардан басқа) қатарынан үш тасымалдаудан артық болуы жіберілмейді.
Жолда екі әріп қалдыру немесе оларды басқа жолға тасымалдау ұнамсыз.
Абзацтың соңғы жолын жаңа бетке тасымалдау, сондай-ақ бастапқы жолды алдыңғы бетте қалдыру жіберілмейді.
Абзац шегінісі (азат жол). Сызғыштың жоғарғы үшбұрышымен орнатылады. Сонда негізгі мәтін сызғыштың төменгі үшбұрышы орнатылған жерден басталады. Абзацтың мәтіні «Enter» пернесін пайдаланбай-ақ теріледі.
Абзацтар арасындағы қашықтық. Орыс тілінде абзацтар арасында жіберулер жасауға болмайды, бірақ абзац азат жолдан басталады, ал ағылшын тілінде – бір жолдық жіберулер жасалады, бірақ азат жол болмайды.
Табуляция орындары (позициясы). Пішімдеу сызғышындағы көрінбейтін маркерлерді пайдаланып кестелер жасау.
Табуляция орнын қолдану – горизонталь бойынша бекітілген шегініс позицияларын беруге мүмкіндік беретін арнайы көрінбейтін маркерлерді (түсіндіру, көрсету, іс жүзінде қолдану) қолдану. Осы мүмкіндіктерді қолданып, өзгеше кестелерді бөлу графаларын жасауға болады.
Арнайы көрінбейтін маркерлерді керекті жерге орналастыру – пішімдеу сызғышында маустың сол жақ батырмасымен шертсе, сонда сызғышта бұрыш пайда болады.
Графа мәтінін әдеттегідей теру.
Tab пернесі – келесі графаға өту.
Enter пернесі – келесі жолға өту.
Сызғыштағы бұрыш (маркер) сызғыштың сыртына тасымалдау арқылы жойылады.
Кестені белгілеп және маркерді қозғалту арқылы бағанды тұтас жылжытуға болады.
WordPad қолданбасында мәтінмен маустың көмегінсіз жұмыс істеуге арналған «ыстық» пернелер мен олардың комбинацияларын есте сақтауға бағытталған.
тапсырма. Символдарды пішімдеуді орында.
Тапсырма пішімдеу элементтерімен жұмыс дағдысымен біліктілігін қалыптастыруға бағытталған.
Баспа бетінің геометриясы. Қағаздың 5 пішімі бар:
А1 (594*841мм), А2, А3, А4, А5 (әр пішім – алдыңғының жартысы), және тұтынушы пішімі, ол А4-ке жуық. Баспа бетінің барлық жағынан өрісі, (шетінен шегініс) және жоғарғы, төменгі колонтитулдары (онда беттің нөмірі, қысқаша тақырыптар немесе бет мазмұнынның сипаттамасы, безендіру элементтері қойылады) болуы керек. Беттің параметрін баптау «Бет макеті» диалог терезесінде орныдалады.
ҚҰЖАТТАРМЕН ӘРЕКЕТ
Тапсырма. Құжаттармен әрекет.
Диалог терезелерінің параметрлерін: Сохранить как, Открыть, Новый документ, Печать, жете терең түсінуге арналған.
Құжатты қандай жолмен
Құруға болады
Файл
Құру
Құжаттың типі
ОК батырмасын
басу
Ашуға болады
Файл
Ашу
Файлдың аты
Ашу батырмасын басу
Сақтауға болады
1-ші сақтау
Файл
.... сақтау
Файл аты
Файл типі
Қайтадан сақтау
Файл
Сақтау
5.1.12.Тапсырма. Қағаз бетінің (парағының) өлшемін таңдау әрекеттерінің тізбегін көрсет.
«Макет страницы» («Бет макеті») диалог терезесінің параметрлерін терең түсінуге арналған.
Альбомдық
Файл Макет Ориентация
Кітаптық
5.1.13. Тапсырма.
Құжатты баспаға шығару.
Қалай беруге болады.
Алдын ала қарау
Файл
Алдын ала қарау
Қосымша параметрлер
Файл
Баспа
Параметрлер
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
5.1.1-5.1.13 – тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау
1)Үйге тапсырма : §19 оқу
Windows 98-дің WordPad қолданбасымен танысу.
2)Оқушыларды бағалау
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар.
Күні:10.02.2014 ж.
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту.
Бағдарламалық – ОЕТС, Windows ОЖ.
дидактикалық Оқулық.
қамсыздандыру: Жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты: 1. WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерімен
танысу. Алмасу буферімен жұмыс істеуді, мәтінге графикалық
объектілерді және графикаға мәтіндерді енгізуді үйрету.
2. Оқушылардың процессорда жұмыс істеудің қосымша әдістері мен
режимдерін, мәтіннің үзіндісін көшіру мен жылжыту кезінде алмасу буферін қолдана білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Практикум элементтері, бар, көрсете түсіндіру.
Зертханалық жұмыс.
Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:
қойылатын талаптар: - процессорда жұмыс істеудің қосымша әдістері мен режимдерін;
Оқушылар үйренуі тиіс:
мәтіннің үзіндісін көшіру мен жылжыту кезінде алмасу буферін
қолдануды;
құрылатын файлдарға объектілерді енгізуді;
мәтінді іздеуді және ауыстыруды.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
МӘТІННІҢ ҮЗІНДІСІН КӨШІРУ МЕН ЖЫЛЖЫТУ
Қажетті теориялық материал оқулықта толық берілген.
5.2.1.Тапсырма. Сөйлемдерді аяқтап жаз.
Оқулық бойынша өзіндік жұмысқа арналған. Көшіру, Жылжыту және мәтіннің үзінділерін жылжыту командаларын, алмасу буферін қолдануды ұғынуға бағытталған.
5.2.2.Тапсырма. Қайталанатын үзінділерді көшіре отырып, мәтінді тер. Көшірілген үзінділерді басқа түспен ерекшеле.
Көшіру, Жылжыту және мәтіннің үзінділерін жылжыту командаларын, алмасу буферін қолдануды ұғынуға бағытталған.
5.2.3.Тапсырма.
Диалог терезелерінің Мезгіл мен уақыт, Іздеу, Ауыстыру параметрлерін тереңірек меңгеруге арналған.
WordPad бағдарламасының құжатында төмендегі әрекеттерді қалай
ұйымдастыруға болады?
Мәтін іздеуді
Түзету
Табу
Үлгі
Ары қарай табу
Мәтінді ауыстыруды
Түзету
Ауыстыру
Үлгі
Ауыстыру
Мезгіл мен уақытты кірістіруді
Кірістіру
Мезгіл мен уақыт
ОК
Объектілерді кірістіріп қою.
«Түзету» менюіндегі «Кірістіру» пункті арқылы немесе құрал-саймандар тақтасындағы батырмаларды қолданып, буферден мәтіндер мен графикалық объектілерді кірістіріп қоюға болады.
«Арнайы кірістірме» арқылы («Түзету» менюінің пункті
Буферден үзіндіні, дайын файлды бірден-ақ қоюға болады немесе графикалық объект жасауға немесе сәйкес белгіше түрінде объектіні кірістіріп қоюға болады.
5.2.4.Тапсырма. Графикалық объектіні кірістіріп қою үшін, дұрыс әрекеттер тізбегін көрсет:
Оқушының білімін бақылауға арналған.
Paint графикалық редакторында сурет салады немесе дайын суреттер кітапханасынан сурет алады.
Объектіні белгіле (яғни Paint-қа оны Белгілеу батырмасының көмегімен қиып алу).
Түзету менюінен Көшіру немесе Қиып алу командасын таңдайды.
Сурет кірістіретін бағдарламаның құжатын ашады.
Сурет пайда болатын жерге меңзерді апарып, Правка Вставить (Түзету – Кірістіріп қою) командасын орындайды немесе Кірістіру батырмасын шертеді.
Суретті маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, оны іліп алып, мәтін бойынша жылжытуға болады.
5.2.5. тапсырма. Paint графикалық редакторын ашыңдар. Өздеріңнің алдыңғы тапсырмаларыңдағы мәтінге иллюстрация жасаңдар.
Басқа қолданбаларда құрылған графикалық объектілерді Көшіру және Жылжыту командаларын, алмасу буферін пайдалану дағдылары мен біліктілігін қалыптастыруға бағытталған. Озат оқушыларға мәтінге толық иллюстрация құруды, ол нашар оқитындарына – қалауы бойынша иллюстрация үзінділерін құруды ұсыну керек.
5.2.6. Тапсырма. Қосымша тапсырма.
«WordPad мәтіндік редакторы» тақырыбын оқуды аяқтау кезінде, практикалық дағдылар мен біліктілікті және білімді тексеруге бағытталған.
5.2.7. Тапсырма(Ү). Ребусты шеш және оны ондағы сөзді оқы.
Оқушының танымдылық белсенділігін арттыруға бағытталған.
WordPad – бұл Windows 98-дің қолданбасы.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
5.2.1-5.2.5 – тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау
1)Үйге тапсырма:§20 мазмұндау
WordPad қолданбасымен танысу.
5.2.7-тапсырма.
2)Оқушыларды бағалау
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар.
Күні:17.02.2014 ж.
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.
Бағдарламалық – ОЕТС, Windows ОЖ.
дидактикалық Оқулық.
қамсыздандыру: Жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты: 1. Блокнот бағдарламасының арналуы(міндеті). Бағдарламаны іске
қосу. Көшіру мен кірістіріп қою командалары. Мәтінді пішімдеу.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар көрсете түсіндіру. Зертханалық жұмыс.
2. Оқушылардың блокнот редакторының міндетін, менюімен жұмыс режимін, блокнот бағдарламасында мәтіндік файлды құруды, редакциялауды, сақтауды, аша білу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Практикум элементтері, бар, көрсете түсіндіру.
Зертханалық жұмыс.
Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:
қойылатын талаптар: - Блокнот редакторының міндетін, менюімен жұмыс режимін.
Оқушылар үйренуі тиіс:
Блокнот бағдарламасында мәтіндік файлды құруды, редакциялауды, сақтауды, ашуды.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Блокнот – бұл өте шағын мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін жадтың аз көлемі қажет.
Блокнот жұмыс уақытында белгі құруға, ке,йін оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға болатын мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған.
Блокнот бағдарламасын іске қосу:
Пуск Программы Стандартные WordPad
Терезенің негізгі элементтері мен міндеттерін көрсет.
Блокнот мәтіндік редакторының терезесін іске қосқанда, WordPad редакторы сияқты, терезенің әр элементінің арналуына және оның шектелген мүмкіндіктеріне көңіл аударылады.
Тақырып жолы – Терезені басқару батырмалары, құжаттың аты, жүйелік меню бар.
Меню жолы – Негізгі командалар бар.
Жұмыс өрісі – Мәтінді енгізуге арналған.
Айналдыру жолағы – Терезені қарап шығуға арналған.
6.1.1 – тапсырма(Ү). Блиц-сұрау
Оқулық бойынша өзіндік жұмысқа арналған және бақылау сұрауға дайындалу кезінде қолданылады. Блокнот қолданбасының негізгі мүмкіндіктерін ұғынып игеруге бағытталған.
6.1.2 – тапсырма. Көшіру және Кірістіріп қою командаларын пайдалана отырып, мәтінді тер.
Алмасу буферін, Көшіру және мәтін үзіндісін жылжыту командаларын пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Алмасу буферімен жұмыс істеу түсінігін және блокнот редакторында пішімдеу мүмкіндіктерін бақылауға арналған.
- Алмасу буферіндегі қашанға дейін кірістіріп қоя беруге болады?
Қанша рет болса да
Ертегінің екінші үзіндісін белгіле, қаріпті курсивке өзгерт.
- Мәтінде қандай өзгерістер болды?
Мәтіннің барлық әлпеті курсивке өзгерді.
6.1.3.Тапсырма(Ү). Сөзжұмбақты шеш.
Оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыруға арналған. «Блокнот мәтіндік редакторы» тақырыбы бойынша оқушының білімін бақылауға ұсынылады.
Ол арқылы символдың әлпетін өзгертуге болатын команда.(Қаріп)
«Іздеу» («Пойск») диалог терезесінде не беру қажет?(Үлгі)
Алмасу буферімен жұмыс істейтін команда.(Көшіру)
Алмасу буферімен жұмыс істейтін команданың бірі.(Кірістіру)
WordPad командасының жұмыс объектісі.(Мәтін)
Түзету менюінің құрамындағы команда.(Болдырмау)
Қаріп түрі.(Әлпет)
Мәтінді пішімдеу командаларының бірі.(Туралау)
-
1
|
|
|
|
|
П
|
|
|
2
|
|
|
|
І
|
|
|
|
3
|
|
|
Ш
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
І
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
М
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
Д
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
Е
|
|
|
|
|
|
8
|
|
У
|
|
|
|
|
|
|
|
Бақылау сөз дұрыс жауапты тексеру үшін берілген.
ПІШІМДЕУ
«Мәтіндік редактор» тақырыбы бойынша білімді тексеру тестін өткізу керек.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
6.1.2 – тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау
1)Үйге тапсырма: §21 , 168 беттегі 4-9 сұрақтарға жауап беру.
6.1.1, 6.1.3 - тапсырма.
2)Оқушыларды бағалау
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар.
Пәні, сыныбы: Информатика, 5 сынып
|
Күні: 24.02.2014 ж.
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мәтінді редакциялау және пішімдеу
|
Жалпы мақсаты
|
Мәтіндік редакторда дайындалған құжаттарды пішімдеудің әдіс-тәсілдерін біле алады; мәтінді редакциялауды үйрене алады; мәтінді өңдей алады.
|
Оқу нәтижелері
|
Мәтіндік редакторда дайындалған құжаттарды пішімдеудің әдіс-тәсілдерін біле алады (кейбіреуі).
мәтінді редакциялауды үйрене алады (барлығы);
мәтінді өңдей алады(барлығы);
|
Сабақ түрі:
|
Жаңа білімді меңгерту.
|
Сабақтың әдісі:
|
ОЖТ(оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме
СТО:Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары
АКТ: интерактивті тақта,электрондық оқулық
ОБжК: (оқытуды басқару және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау
ОҮБ: (формативті, сумативті)
Дарынды және талантты балаларды оқыту: Деңгейлік
тапсырмалар
|
Көрнекілігі
|
ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам, постер.
|
Түйінді идеялар
|
Бірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.
|
Сабақ кезеңдері
Кіріспе
Уақыты: 5 мин
|
Қызығушылықты ояту.
Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу
Тренинг: «Жақсы лебіз» ойыны
Оқушылар шаттық шеңберіне жиналады. Бір оқушы қасындағы көршісіне жақсы лебіз білдіреді. Екінші оқушы үшіншіге т.с.с
Гүл арқылы сыныпты 2 топқа бөлу.
|
Тұсаукесер
Уақыты: 5 мин
|
Миға шабуыл. «Аңшы» ойыны
Флипчарт арқылы әр түрлі аңдардың суреттерінің астында сұрақтар жасырылады. Оқушылар өздері қалаған аңдарын таңдай отырып, артында жасырылған сұрақтарға жауап береді
1.Мәтіндік редактор не үшін қолданылады?
2. Мәтіндік редакторды қалай іске қосады?
3.Мәтіндік редактордың кеңейтімі қалай жазылады?
4. Жұмыс үстелін түсіндіріңдер.
5. Алгоритмнің қандай түрлері бар?
|
Негізгі бөлім
Уақыты:25 мин
|
Мағынаны тану.
1-топ: «Мәтінді пішімдеу»
2-топ: «Мәтінді енгізу және редакциялау»
Деңгейлік тапсырмалар.
А-деңгей:
WordPad мәтіндік редакторында құжаттарды қалай сақтайды?
В-деңгей:
Жауабы: WordPad- Windows’98-дің қолданбасы
С-деңгей
Кестені толтыр.
Сергіту сәті.
Беркіту тапсырмасы:
sin_kaz электрондық оқулығы №6 модульдің 5 және 6 тапсырмаларды орындау.
|
Қорытынды
Уақыты: 6 мин
|
Рефлексия
Не үйрендім?
|
Не үйренгім келеді?
|
|
|
|
Үй тапсырмасы
Уақыты: 2 мин
|
§22 оқу, тест сұрақтарына жауап беру.
|
Бағалау
Уақыты: 2 мин
|
Формативті (қол белгісі арқылы) бағалаулар және сабаққа қатыстары бойынша жиынтық баға қойылады.
|
Дерекккөздер
|
Н.Ермеков, Н.Стифутина «Информатика-7» оқулығы, Алматы «Атамұра» 2012, 7-сыныпқа арналған электрондық оқулық, «Әдістемелік нұсқау», Дидактикалық материалдар (практикум), Интернет материалдары
|
Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |