Сабақ: физика Мектеп: Күні: Мұғалімнің есімі: Сынып: 9



жүктеу 221,9 Kb.
Дата11.01.2022
өлшемі221,9 Kb.
#32511
түріСабақ
Қмж тербелмелі


Сабақ жоспары


Сабақ: физика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

§24.25. Механикалық тербелістер.Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар.

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Тербелістер, тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар туралы түсінік беру


Табыс критерийлері

Барлық оқушылар: тербелмелі қозғалысқа мысалдар келтіре алады және анықтамасын айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі: тербелмелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамаларды айта алады.

Кейбір оқушылар: формулаларын жаза алады.



Тілдік мақсат

Оқушылар тербелмелі жүйені құраушы денелерді айта алады. Математикалық және серіппелі маятникте тербеліс тудыра алады.

... (істей) алады



Негізгі сөздер мен тіркестер: механикалық тербелістер, тербеліс периоды, тербеліс жиілігі, тербеліс амплитудасы, тербеліс фазасы

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:

Талқылауға арналған тармақтар: (тыңдалым)

Тербелмелі қозғалысты қандай шамалар сипаттайды?

Анықтау формулаларын қалай жазу қажет?

Тербелісті сипаттайтын теңдеу түрін қалай жазамыз?



Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? (айтылым)

Период пен жиілік неліктен кері шамалар?

Механикалық тербелістер теңдеуі неліктен косинус не синус функциясымен сипатталады?


Жазылым бойынша ұсыныстар:

Механикалық тербелістер – бұл дәлме-дәл не жуықтап қайталанатын қозғалыстар.

Тербелістің периоды – бұл бір тербеліс толығымен қайталанатын ең аз уақыт аралығы.

Тербелістің жиілігі – бұл 1 сек уақыт ішіндегі тербелістің саны.

Тербелістің амплитудасы – бұл тербелістегі шаманың ауытқуының ең үлкен мәні.

Ығысу – бұл дененің тепе-теңдіктен ауытқуы.

Тербелістің фазасы – тербелістегі шаманың күйін сипаттайтын физикалық шама.


Алдыңғы оқу

«Сақталу заңдары» тарауын қайталау

Жоспар

Сабақ кезеңдері Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Психологиялық ахуал



Дара жұмыс. Өткен тарау бойынша сұрақтар:

1. Дене импульсі дегеніміз не?

2. Күш импульсі дегеніміз не?

3. Импульстің сақталу заңы қалай тұжырымдалады?

4. І және І ғарыштық жылдамдық неге тең?

5. Зымыранның құрылысы және олардың қозғалуы.

6. Энергия, энергия түрлері.

6. Энергия мен жұмыс арасында байланыс қандай?

7. Энергияның сақталу және айналу заңы қалай тұжырымдалады?


Интербелсенді тақта



Ортасы

Топтық жұмыс. Мағынаны тану:

Механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.



Мысалдар:

Ығысуға пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер гармоникалық тербелістер деп атайды. F=-kx (Гук заңы)


Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт арадығы тербеліс периоды деп аталады.

Бірлік уақыт ішінде жасалатын тербелістер саны тербеліс жиілігі деп аталады.



Тербелістер амплитудасы деп дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады.




Жұптық жұмыс: Есеп шығару

409.

Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін анықтаңдар.

410.

Масаның қанат қағу тербеліс жиілігі 600Гц, ал араның қанат қағу тербеліс периоды 5мс. 1 мин ішінде қай жәндік қанатын көп қағады және қанша көп қағады?

411.

Шекті өшпейтін тербеліс жасайтын нүктесінің амплитудасы 1мм, жиілігі 1 кГц. Нүкте 0,2с ішінде қандай жол жүреді?


оқулық


Аяқталуы

Рефлексия. Кері байланыс «Сөйлемді аяқтау» әдісі

«Мен үшін ... қиын болды».

«Мен ... түсіндім»

«Мен ... үйрендім»

«Мені ... таң қалдырды»

«Алдағы уақытта ...»



Оқу мен оқытуды бағалау «Менің шыққан шыңым»

Стикерлер

Интербелсенді тақта


Келесі оқуға арналған тапсырмалар

(үй тапсырмасы)



§24.25

Қосымша ақпарат





Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзіреттілік. Құндылықтармен байланыс.








Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Оқу неге бағытталған болды? Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?










Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетін не білдім?




жүктеу 221,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау