ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. - Үйге не берілді ? - М.Дулатовтың Мектепке және Мектептен өлеңін жаттап келу. 1.Оқушылар өлеңді жатқа айтады. 2.Сұрақ – жауап. (оқушылар өздері жүргізеді) Мектепке өлеңі бойынша. -Ақын қысқы қар туралы не дейді? - Ақынның пікірі: -Осы пікір бұрын оқыған қай өлеңде кездесіп еді ? Мектептен өлеңі бойынша. – Балалардың көңіл күйі туралы не делінген ? Екі мәтінге ортақ белгілер бойынша сұрақтар.
– Авторы кім? – Өлеңде жылдың қай мезгілі бейнеленген ? - Суыққа тоңған адамдардың беті туралы екі өлеңдегі пікір қандай ? 3.Қайнап тұрған самауырдың суреті . Бұл жөнінде не айтар едің ? -Самауыр отпен қайнайды. Оған ағаш, көмір салады. Сергіту сәті: Торғай, торғай, тоқылд Жерден тары шоқып ап. Дірілдейді, тоңады Жан – жағына қарап ап Сергіту сәті. ІҮ. Жаңа сабақ. (қыс мезгілінің суреті) 1.-Балалар, қыста құстар бола ма ? Болады. Бірақ аз. – Олар қайда кеткен ? Күзде жылы жаққа ұшып кетеді. Ал кейбір құстар қыстап қалады. Олар: суықторғай, құр, сауысқан, тоқылдақ т/б. Ендеше балалар біз осы құстар жайлы жаңылтпаш айтып көрейік. Қыс қатты – ақ Қыспаққа ап, Құс тоңып жұр Қыстап қап. (түсініп оқу, жаттау)
2. Міне біз бүгін Мағжан Жұмабаевтың әңгімесінде қыстап қалған балапан жайында оқимыз.
А) Сызбаны пайдаланып М. Жұмабаев туралы әңгімелеңдер.
Ә) Балапан қанат қақты. 1.Оқушылар мәнерлеп оқиды.
2.Суретпен жұмыс. – Жылдың қай мезгілі бейнеленген ? – Балапан неге жылы жаққа кете алмады? - Мәтіндегі жазушы сөзін пайдаланып, суреттегі балапанның қимылын, іс-әрекетін сипатта. Қандай?
3.Дәптерге жазу.
Қанаты қатып жетпеген, суық сүйегінен өткен, ызғар өкпесіне өткен, аш, тоңған. 4. Енді әңгімедегі оқиғаны өз бетімізбен жалғастырып ,әрі сахналап ойнап көрейік. Балапан киімін киген оқушы сахнада, автор мәтінді оқиды. Балапан өз ролін көрсетіп жатыр
Ү. Қорытынды: 1. Әңгімені оқушылар өз ойларымен жалғастырады және аяқтайды. 2. Барлық оқушы хормен айтады. Нан қиқымын шашпаңдар Жерде жатса баспаңдар Теріп алып қастерлеп Торғайларға тастаңдар (торғайға нан қиқымын беріп жүрген балалар суреті)
ҮІ. Үйге тапсырма: Балапан қанат қақты. Оқисыздар, әңгімені әрі қарай жалғастырып келесіздер және балапанның суретін саласыздар.
ҮІІ. Бағалау:
2 сынып Еңбек
Сабатың тақырыбы: Жіп туралы мағлұмат.
Сабатың мақсаты. Оқушыларды жіп иіру, жіптен тоқылатын заттар және олардың түрлерімен, сапасымен таныстыру.
Жіпті қандай жағдайда қалай таңдау керектігін үйрету. Зейін қою, есте сақтау қабіліттерін дамыта түсу. Ұқыптылыққа, мәдениеттілікке және көркемді, сәнді заттарға көңіл аудара білуге тәрбиелеу.
Көрнекілгі: жіп түрлері, тоқыма бұйымдар, фабрика суреті, тоқымаға
арналған сымдар.
І . Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Еңбек сабағының қауіпсіздік және басқа да ережелерін ескерту.
ІІ. Өткен сабақтарға шолу жасау.
1. Мақта жайында не білеміз ?
Қазақстанның оңтүстігінде өседі. Оны қолмен немесе комбайынмен
жинайды. Мақтадан жіп жасайды, жіптен мата тоқиды.
2. Алғашқы адамдардың киімдері жайлы не білеміз?
Олар мата дегенді білмеген , киімдерін теріден тігіп киген.
3. Инені қайдан алған ?
Аңдардың сүйегінен жасаған.
4. Маталар неден жасалады ?
5. Маталардың түрлерін білесіңдер ме?
6. Мата не үшін қажет ?
Бүгінгі күнде матанаң қанша түрі бар екенін айту қиын , күн сайын шеберлер , мамандар неше түрін шығаруда.
Достарыңызбен бөлісу: |