Сабақты қорытындылау.
- Зат есім қалай жасалады?
- Көптік жалғау нені білдіреді?
Үйге тапсырма.
Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдерді қатыстырып, қазақтың салт-дәстүріне байланысты шағын шығарма жазу.
38-жаттығу.
Тапсырма. Мәтіннен көптеліп тұрған және көптелмейтін зат есімдерді тауып, себебін түсіндіру.
Ережені оқу.
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
Сабақта меңгерілетін оқу, дағдылық мақсаттары: зат есімнің тәуелденуі туралы түсінікті меңгереді, яғни заттың , қандайда бір нәрсенің біреуге тән , соның меншігі екенін білдіретін қосымша тәуелдік жалғау деп аталатынын біледі; сөйлеу дағдыларын жетілдіредіу, тілін дамытады.
Оқу ресурстары: кесте, слайдтар
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдерді қатыстырып, қазақтың салт-дәстүріне байланысты шағын шығарма жазу.
38-жаттығу.
Тапсырма. Мәтіннен көптеліп тұрған және көптелмейтін зат есімдерді тауып, себебін түсіндіру.
Өткен сабақты еске түсіру мақсатында сұрақтар:
- Зат есім қалай жасалады?
- Көптік жалғау нені білдіреді?
- Қазақ тілінде неше жалғау бар? түрлері
Жаңа материалды қабылдауға дайындық.
Сабақтың тақырыбына қызығушылығын оятуға байланысты жұмыстар.
Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Оқушылардың бұрынғы білімдерін жаңғырту үшін сұрақ-тапсырмалар:
Жалғау дегеніміз...........
А) сөздің мағынасын өзгертетін қосымша
В) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
С) түбір сөз
- Жұрнақ дегеніміз..............
А) түбір
В) сөздің мағынасын өзгертеді
С) сөз бен сөзді байланыстырады
Ортада тәуелдену деген сөз шықты. Бұл зат есімнің тәуелденуі . Зат есімнің жаңа бір қасиеті. Мақсатымыз зат есімді тәуелдеп үйрену.
Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншікті екнін білдіреді.
Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.
Тәуелденудің түрлері
|
Жақ
|
Тәуелді заттың иесі
|
Тәуелдік жалғаулы сөздер
|
Жалғаулары
|
жекеше
|
көпше
|
Оңаша тәуелдену
|
І
ІІ
ІІІ
|
менің
сенің
сіздің
оның
|
ел-ім,бала-м
ел-ің, бала-ң
ел-іңіз, балаңыз
ел-і, бала-сы
|
ел-дер-ім
ел-дер-ің
ел-дер-іңіз
ел-дер-і
|
-м,-ым,-ім
-ң,-ың,-ің
-ңыз,-ңіз
-ыңыз,-іңіз
-сы,-сі,-ы,-і
|
Ортақ тәуелдену
|
І
ІІ
ІІІ
|
біздің
(біздердің)
сендердің
сіздердің
олардың
|
ел-іміз,
бала-мыз
ел-ің,
бала-лар-ың
ел-іңіз, балаңыз
ел-і, бала-сы
|
ел-дер-іміз
ел-дер-ің
ел-дер-іңіз
ел-дер-і
|
-мыз,-міз
-ымыз,-іміз
-ың,-ің,-ң
-ыңыз,-іңіз
-ңыз,-ңіз
-сы,-сі,-ы,-і
|
Тапсырма: Тәуелдік жалғаулы сөздердің қандай сөзбен байланысатынын естеріңе түсіріп, берілген сөздерді оңаша және ортақ түрде үш жақта тәуелдеңдер.
Үй, киім, бала, Отан, бөлме.
|
Жақ
|
үй
|
киім
|
бала
|
Отан
|
бөлме
|
Оңаша
|
І
ІІ
ІІІ
|
үйім
үйің
үйіңіз
үйі
|
|
|
|
|
Ортақ
|
І
ІІ
ІІІ
|
үйіміз
үйің
үйіңіз
үйі
|
|
|
|
|
39-жаттығу.
Тапсырма.
Берілген жалғаулы сөздердің оңаша түрін ортақ, ал ортақ түрін оңаша тәуелдеуге айналдырып жазыңдар.
Қуанышым,әкеміз, кітабың, дәптері, үстеліңіз, мектебіміз, ұстазың, туысқанымыз, досыма, баласы, көршіңіз, інім.
Үлгі: қуанышым-қуанышымыз,...............
Әкеміз-әкем,................
Деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.
І деңгей тапсырмасы. Ағалар, апалар, аналар деген зат есімдерді ортақ тәуелде.
ІІ деңгей тапсырмасы. Төмендегі мәтіннің мазмұныныа мән бере отырып, ортақ тәуелденген зат есімдерді тап.
«Жақыныңды жаттай сыйла-
жат жанынан түңілсін»
Өзіміздің адамдар ғой деп жақын туыстарға көңіл бөлмей қарау- тәрбиелілік емес. Бір анадан туса да, ағасы буырына, қарындасына, інісі мен қарындасы әпке-ағаларына жанашыр болуы тиіс. Бауырмалдық, жанашырлық сезім жоқ жерде туысқандық, сыйластық, ауызбірлік те болмайды. Ал өзінің ең жақын адамдарын- үй ішіндегі туыстарын қадір тұтпаған адам басқа жұртты да сыйлап жарытпайды.
Бұл мақал татулыққа, сыйластыққа, жанашырлық пен мейірімділікке тәрбиелейді.
ІІІ деңгей тапсырмасы. Құрамында ортақ және оңаша тәуелденген зат есімдері бар өзің білетін өлең шумақтарын жатқа жаз. Қалаған бір сөзіңе фонетикалық талдау жаса.
Сабақты қорытындылау (оқушылармен бірге)
-тәуелдік жалғау бір заттың екінші затқа тәуелді, меншікті екенін білдіреді.
- бір не бірнеше заттың бір ғана затқа я адамға меншікті екенін білдіру оңаша тәуелдену;
- бір не бірнеше заттың көп затқа я адамға меншікті екенін білдіру ортақ тәуелдену дейді.
Үйге тапсырма. 40-жаттығу. Оңаша және ортақ тәуелденген зат есімдерді қатыстыра отырып, «Қазақстан баспанасы- киіз үй» атты мәтін құрастыру. Ережені оқу.
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Сабақта меңгерілетін оқу, дағдылық мақсаттары: Зат есімнің септелуі туралы түсінікті, септік жалғауларының белгілі бір грамматикалық мағына үстейтіндігін меңгереді, сөйлеу дағдыларын жетілдіреді, тілін дамытады.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау. 40-жаттығу. Оңаша және ортақ тәуелденген зат есімдерді қатыстыра отырып, «Қазақстан баспанасы- киіз үй» атты мәтін құрастыру.
Септік аттарының өзі яғни, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес - өздерінің аттарын ашады. Бұл қазақ тіліндегі жеті септік. Олардың сұрақтары және септік жалғаулары бар екендігін сендер бастауыш сыныпта танысқан едіңдер. Соларды еске түсіріп көрейік.
Ілік септігі – сөздердің бір – бірімен іліктестігін көрсетеді.
Мысалы, кімнің кітабы? Асанның кітабы.
Барыс септігі – бару деген мағынаны білдіреді.
Мысалы, кімге бардың? Асанға бардым.
Табыс септігі – табу деген ұғымды білдіреді.
Мысалы, кімді көрдің? Асанды көрдім.
Жатыс септігі – орын, мекен дегенді білдіреді.
Мысалы, қайда болдың? Мектепте болдым.
Шығыс септігі – шығу деген мағынаны білдіреді.
Мысалы, неден оқыдың? Кітаптан оқыдым.
Көмектес септігі – жәрдемдесу, көмек ету деген ұғымды білдіреді.
Мысалы, кіммен таныстың? Асанмен таныстым.
Зат есімнің септік жалғаулары
Септіктердің аты
|
Сұрақтары
|
Септік жалғаулары
|
Атау септік
|
Кім? не?
|
|
Ілік септік
|
Кімнің? Ненің?
|
- ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің
|
Барыс септік
|
Кімге? Неге? Қайда?
|
- ға, - ге, - қа, - ке
|
Табыс септік
|
Кімді? Нені?
|
- ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті
|
Жатыс септік
|
Кімде? Неде?
|
- да, - де, - та, - те
|
Шығыс септік
|
Кімнен? Неден?
|
- нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен
|
Көмектес септік
|
Кіммен? Немен?
|
- мен, - бен, - пен
|
Сонымен септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде она басқа сөздермен байланысқа түсіреді.
Тәуелденген зат есімнің септелуін жай септеумен салыстырғанда барыс, табыс, жатыс септіктерінде айырмашылық бар.
Септіктер
|
Тәу.жалғаудың І,ІІ жақтарынан кейін
|
Тәу.жалғаудың ІІІ жағынан кейін
|
Атау септік
|
|
|
Ілік септік
|
-ның,-нің
|
-ның,-нің
|
Барыс септік
|
-а,-е
|
-на,-не
|
Табыс септік
|
-ды,-ді
|
-н
|
Жатыс септік
|
-да,-де
|
-нда,-нде
|
Шығыс септік
|
-нан,-нен
|
-нан,-нен
|
Көмектес септік
|
-мен
|
-мен
|
Суретте көрсетілген ұлттық аспаптармен таныс болып, септеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |