Қауіпсіздік техникасының ережелері
1. Ампуланы ашқанда шыны сынықтармен жаралануыңыз мүмкін, сондықтан міндетті түрде мақта шаригін қолдану керек.
Жаралану жағдайындағы көмек:
А) жарада шыны сынығы болса,алып тастау;
Ә) жараны сутегі тотығымен жуу;
Б) жараның шет-шеттеріне гауһар жасыл ерітіндісін жағу;
В) жараға құрғақ асептикалық таңғыш байлау.
2. Қолданылған инені шприцтен алғанда, залалсыздандыру үшін инелерді орағанда, қол саусақтарын шаншып алуы мүмкін.
Қауіпсіздік шаралары: Қолданылған шприцке қақпақ кигізбеу.
3. Иненің өткізгіштігін тексергенде саусақпен канюляны ұстап тұру керек, өйткені ине шприц конусынан атып кетіп, маңайдағыларды жарақаттауы мүмкін.
Көмек: ампуланың сынығымен жараланған жағдайдағы көмекті қараңыз.
4. Спиртке малынған мақтамен инені жабуға мүлдем болмайды, себебі мақтаның талшықтары тері астындағы инфильтратпен іріңдеуді туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |