І. Ұйымдастыру кезеңі.
А. Оқушылармен салемдесу
Ә. Сыныпты түгендеу
Б. Кітап дәптерлерін ретке келтіру
В. Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Сабақтың мақсатын ашу
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру
Киберқылмыстың бір құралы – компьютерді вируспен зақымдау. Вирус мысалға, сендердің электронды ақшаларыңды немесе Интернет – банкинг туралы мәліметеріңді, жеке ақпараттарды ұрлауы мүмкін, онда оны әзірлеуші сендерді бопсалау мүмкіндігіне ие болады.
Компьютерлік вирустардың тарихы ДК – ді жасау мерзімінен басталған. Зиян келтіретін программаны немесе вирусты жазы онша қиын емес. Онымен өз талантта-рына басқа қолданыс таппаған программа әзірлеушілер айналасады. Компьютерлік вирустарды жасау мен тарату кодексімен қудаланады.
Компьютерлік вирус – кішкентай көлемді, мақсаты өзін – өзі көбейту болып табылатын және өзінің көшірмелерін компьютерлік программаларға ендіре алатын, арнайы құрылған программа. Вирустардың негізгі мақсаты компьютерді басқаруды өзіне алу және компьютерді қалыпты жұмыс істеу қабілетінен айыру.
Компьютерлік вирустардың бірнеше он мыңдаған түрі белгілі, сондай – ақ күннен – күнге жаңалары пайда болуда.
Компьютерлік вирустарды жіктеуге болатын бірнеше белгісі:
Операциялық жүйелерде таралуы бойынша;
Зақымдалған нысандар бойынша: файлдық, жүктемелік, макровирустар;
Қолданылатын технологиялар бойынша: полиморфты, стелс – вирустар, руткиттар;
Жасау құралы бойынша: программалау тілі , орындалу тілі;
Зақымдалу амалдары бойынша: резиденттік және резиденттік емес;
Қосымша зиянды функциялары бойынша.
Резидентті вирус жедел жадыда өзінің негізгі бөлігін қалдырады, олар амалдық жүйелердің вирусты жұқтыруға болатын объектілерге қатынасын өзіне қаратып алып олардың (файлдардың, дисктің жүктеуші бөлігіне және т.б.) денесіне енеді. Резидентті вирустар жедел жадыда сақталады және компьютерді қайта жүктегенше не өшіргенше сақталады.
Резидентті емес вирустар компьютердің жадысына жұқпайды, сондықтан шектеулі уақыт қана белсенді бола алады.
Макровирустар құжаттарды зақымдайды. Құжаттар мәтіннен өзге кірістірілген нысандардан, форматтау сипаттамасынан, сонымен қатар макростардан тұрады.
Макростарды тағайындау – құжаттармен жұмыс жасауды автоматтандырады. Ол үшін MS Office программа пакетінің құрамына программалау тілінің арнайы нұсқасы енгізіледі. Макровируспен зақымдап алмау үшін Қауіпсіздікті басқару орталығынан макростарды іске қосуды өшіру керек, гер сендер қатыстарың жоқ түрлендіру туралы хабарлама келсе, normal.dot файлын жою керек.
Полиморфты вирустар өз беттерінше кодтарын өзгерте алады. Мұндай екі вирус бір – бірінен өзгеше болуы мүмкін. Макровирустар, файлдық вирустар және басқалары полиморфты болып саналады.
Көптеген файлдық вирустар файлды зақымдай отырып , оның ұзындығын соза береді.
Құрттар (червь) – қолданушының қатысуынсыз программалық қамтамасыз етудегі қателер мен кемшіліктерді пайдалана отырып таралатын вирустар. Червьтер компьютерлік желілер арқылы таралады. Олар электронды хатты жіберушінің адресін жасап алып, зақымдалған вирустарды жіберуі, жүйені бір неше рет қайта жүктеуге шақыруы мүмкін.
Трояндық программа басқа программалардың ішінде тығылып тұрады және көбінесе компьютерге жүктелетін программалар арқылы таралады.
Вирустарға қарағанда трояндық программалар әрқашан жоятын іс – әрекетке – мәлі-меттерді жою , өзгерту, көшіру немесе бұғаттауға әкеліп соғады. Олар өз беттерінше көбеймейді. Пернетақтадан енгізіліп жатқан мәліметтерді бақылауға арналған тыңшы программалар трояндық програмааларға жатады.
Соңғы кезде дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда. Олар электронды пошта арқылы таралады. Зақымдалған құжатты ашып жүктеу кезінде вирусқа басқару беріледі, жүктелген макровирус әрекетке кіріседі.
Достарыңызбен бөлісу: |