Жасанды гипервентиляциямен туындатылған тыныс алу өзгерістерін зерттеу.
Әдісі: Наркоз жағдайындағы егеуқұйрықтың кеңірдегіне түтік енгізіледі. ЖӨВП құралы көмегімен трахеостома арқылы жасанды желдетілу жасалынады. Гипервентиляциядан кейінгі апноэ мен тыныс алудың қайта қалпына келуіне назар аударылады. Тыныс алу қалпына келгеннен кейін, қайтадан жасанды гипервентиляция жасалынады. Сонда постгипервентиляциялық апноэ басталғаннан кейін, 1-2сек-тан соң, егеуқұйрықты электр ағымымен ауыртып тітіркендіреді. Тыныс алу өзгерістері сипатының түрі мынадай болады:
Мына сұрақтарға жауап бере отырып тұжырым және қорытынды жасалынады:
Неге жасанды гипервентиляция тоқтатылғаннан кейін апноэ қалыптасады және тыныстың өздігінен пайда болу тетіктері қандай?
Неге постгипервентиляциялық апноэ кезеңінде ауыртып тітіркендіргенде тыныс алу тез арада қалпына келеді?
Постгипервентиляциялық кезеңдегі тыныс алудың өзіндік және жасанды (электр ағымының көмегімен) қалпына келуінің айырмашылығы неде?
Адамның гипервентиляциясына мысал келтіріңіз.
№ 1 есеп.
Науқастың өкпесінің желдетілу қызметін зерттеу барысында келесі өкпелік көлем мен сыйымдылық анықталды: ТК↓, ТМК↑, даРК↓, ӨТС↓, ӨЖС↑ ,ӨҚК↑, ҚДШ1↓, Тиффно индексі↓. Қай дертке осындай көрсеткіштер тән?
Науқастың өкпесінің желдетілу қызметін зерттеу барысында келесі өкпелік көлем мен сыйымдылық анықталды: ТК↓, ТМК↑, даРК↓, ӨТС↓, РКдш↓,ӨЖС↓ ,ӨҚК↓, Тиффно индексі - 90%. Дерт түрлерінің қайсысына көп жағдайда осындай көрсеткіштер тән?
№ 2 есеп. Науқас Ж., 21 жаста, суицид жағдайында барбитураттың көп мөлшерін қабылдап, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде АҚҚ 95/65 мм.с.б.б., тамыр соғысы минутына 105 рет. Артериялық қанның газдық құрамы анықталды. Науқаста қандай қорытынды күтілетіндігін таңдаңыз.
рО2 45 мм.с.б.б., рСО2 45 мм с.б.б., рН 7,45
рО2 55 мм с.б.б., рСО2 70 мм с.б.б., рН 7,5
рО2 65 мм с.б.б., рСО2 35 мм с.б.б., рН 7,45
рО2 75 мм с.б.б., рСО2 60 мм с.б.б., рН 7,3
рО2 98 мм с.б.б., рСО2 60 мм с.б.б., рН 7,2
ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. – Б. 482-519.
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 484-495.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010. Раздел Патофизиология внешнего дыхания.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 447-471.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник:. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009. С. 384-385
Патофизиология: Учебник п/ред А.И. Воложина, Г.В. Порядина.- Т.3. –М.: «Академия», 2006.-С.158-186
Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б 349-365
Қосымша
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 169-178.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 519 - 525
Майкл А.Гриппи. Патофизиология легких. Перевод с англ. – М.Бином, 1997. – 327с.
БАҚЫЛАУ
Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 349-365
№ 11 САБАҚ
№ 23 тақырып. Жүрек ырғағы бұзылуының патофизиологиясы
Сабақтың мақсаты:
Жүрек ырғақсыздығының этиологиясы мен патогенезінің сұрақтаын меңгеру
Теориялывқ материалдан алған білімін ЭКГ сараптағанда қолдану
Тақырып сұрақтарын талдағанда пікірсайыс дағдысын қалыптастыру
Оқытудың міндеті:
1.Жүрек аритмиясының этиологиясы мен патогенезін, жіктелуін зерттеу.
Әртүрлі аритмиялар кезінде ЭКГ-дағы өзгерістерін танып білу
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жүрек ырғақсыздығы, түсінігі,жіктелуі.
Автоматизм, қозғыштық, өткізгіштік қасиеттері бұзылыстарымен байланысты әртүрлі аритмиялардың этиологиясы мен патогенезі. Қарыншалар жыпылығы туралы түсінік. Жүректің дефибрилизациясы.
Синустық тахикардия, синустық брадикардия, синустық аритмия, экстрасистолия, ұстамалы тахикардия, толық және жартылай атриовентрикуларлық бөгеттерде гемодинамика жағдайы, ЭКГ ерекшеліктері.
Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Оқытушының қатысуымен және бақылауымен ауызша талдау және пікірсайыс жүргізу, ЭКГ сараптау.
Бақылау әдістері:
Ауызша сұрау, тапсырмалардың орындалу қорытындыларын тексеру, тест жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |