Сабақ №1. Тақырыбы: Кіріспе



жүктеу 1,57 Mb.
бет11/15
Дата13.11.2018
өлшемі1,57 Mb.
#19141
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
ІV. Бекіту.

А

1. Жеміс гүлдің қай бөлігінен пайда болады?

2. Олар неше топқа бөлінеді?

3. Шырынды жемістер неше түрге бөлінеді?



Б

1. Неліктен құрғақ жемістер деп аталады?

2. Құлпынай жемісін не себепті шырынды жеміске жатқызбайды?

В

1. Бұршаққап пен бұршаққынның айырмашылығын түсіндіріңдер.

2. Жидек жеміс пен жидек тәрізді жемістерді сипаттап мысалмен дәлелдеңдер.

Үй тапсырмасы. §26 оқу.

Күні : 21.11.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 22.
Тақырыбы: Тірі организм ретінде өсімдік мүшелерінің өзара байланысы. Өсімдіктер және қоршаған орта.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Тірі организм ретінде өсімдік мүшелерінің өзара байланысы. Өсімдіктер және қоршаған орта арасындағы байланысты түсіндіру.

Дамытушылық: Өсімдіктің көптүрлілігін, кездесетін жерлерін және бұрыннан білетін білімдерін кеңейту

Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: аралас (жеке, топтық, топтастыру)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:


  1. Суреттермен жұмыс.

  2. «Артығын тап!» ойынын ойнау.

  3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

ІІІ. Жаңа сабақ мазмұны:

Қоршаған ортамен байланысы

Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен, әсіресе топырақпен және климатпен тығыз байланыста болады. Жасыл өсімдіктер ауаданкөмірқышқыл газын, күннен — энергияны, ал топырақтан — су мен минералдық тұздарды алады. Көмір қьшқыл газының ауадағы мөлшері 0,03%-тен аспайды, ал өсімдікке қажетті тұздар мен судың мөлшері топырақтың құрамында өте аз және шашыраңқы түрде болады. Осылардың барлығы өсімдіктің сору мүмкіңдігінің үлкен (жоғары) болғанғындығын қажет етеді. Эволюцияның барысында өсімдік өзінің вегетативтік денесін сыртқы ортамен қарым-қатынаста болатындай аса үлкен көлемге дейін (жапырақтарын ауамен, тамырларын топырақпен), жоғары деңгейде жетілген жануарлардан бірнеше есе артық ұлғайтқан. Өсімдіктің тіршілік ортасының өзгеруіне тез және ерекше назіктікпен жауап беруінің өзі осыған байланысты болады. Сонымен бірге өсімдіктердің өзі тіршілік жағдайының барысыңда, өздерін қоршаған ортаны өзгертеді. Орманның жыл өткен сайын биікке көтеріліп, аса қалың жасыл шымылдьгқ (полог) түзетіні белгілі. Бұл бұталар мен шөптесін өсімдіктер жабыны үшін, орман ішінің жағдайын өзгертеді.

Тау етегіндегі тегістіктен, тау басына көтеріле отырып, өсімдіктер қауымдастықтарының ғана емес (шөлейт, орман, және альпібелдеулері, тундра), сонымен бірге жақын түрлердің, кейде тіптен бір түрдің өзінің тіршілік формасының структурасының басқаша өзгеретіндігін (трансформациясын) айқын аңғаруға болады. Таудың жоғарғы белдеулерінің ерекше климаты мен топырақ жағдайларының өсері (салқындықтың, физиологиялық құрғақшылықтың, жарықтың сапалығы және т.б.) ағаштар мен бұталардың жатаған аласа формаларының қалыптасуына, биік шөптесін өсімдіктердің жартылай жертаған және жертағандар түзуіне өкеліп соқтырады. Өсімдіктердің структурасы мен физиологиялық қасиеттерінің өзгеруін Памирдің теңіз деңгейінен 3600 м. биіктігінде отырғызылған өсімдіктерде жан-жақты зерттелген. Өсімдіктердің құрылысының, оның ішінде анатомиялық құрылысының өзгеруімен бірге, олардың құрамындағы қант пен витаминдердің де консентрациясының жоғарылағандығы байқалған. Соған байланысты таудың жоғарғы белдеулерінің жем-шөптік өсімдіктерінің құнарлығы аса жоғары болады. Өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделушілігін тек таудың жағдайынан ғана емес, сонымен бірге, әр уақытта, түрлер жаңа ортаға (қарама-қарсы жағдайға) тап келгенде байқауға болады. Бұл өсімдіктің табиғи өсетін ортасының өзгеруіне байланысты және оны мәдени жағдайға ендіргенде (при интродукции1) байқалатын құбылыс. Кейбір сор топырақта өсетін өсімдіктер (теңіз қышасы-горчица морская ; шөптесін бұзаубас сораң-солерос травянистый) құрамында тұзы жоқ топырақтарда, сор топырақта өсетін өсімдікке тән белгілерін, мысалы, жапырақтарының етженділігін (суккуленттігін) жоғалтады.



ІҮ. Бекіту.

Ү. Үйге тапсырма: «Өсімдік және қоршаған орта» эссе жазып келу.

Күні : 27.11.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 23.

Сабақтың тақырыбы: Топырақтан суды және минералды заттарды сіңіру. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар. Фотосинтез, күннің жарығы мен хлорофиллдің осы процестегі рөлі. Күн энергиясын органикалық заттардың химиялық байланыстарында қорға жинақтайтын автотрофтылар ретінде жасыл өсімдіктердің рөлі.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға атмосфераның құрамы және құрылысы туралы және жасыл өсімдіктердің фотосинтез процесіндегі ролі туралы түсінік беру.
2. Тақырып бойынша оқушылардың өз бетімен ізденуіне, ұйымшылдыққа жүйелі жұмыс жасау қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды ауаны және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек - сызбалар, слайдтар, проект тақта, электрондық оқулық, қосымша әдебиеттер.
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, баяндау, танымдық тапсырмалар.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың пән аралық байланыстары: жаратылыстану, экология.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Кіріктірілген бөлім.
Бағдарлау – мотивациялық кезеңі. Қызығушылығын ояту.
Жердің сыртқы құрылысы

Асмосфера
Гидросфера
Биосфера
“Атмосфера” – грекше “атмос” – бу, “сфера” – шар деген мағынаны білдіреді.
«Биосфера» - грекше «биос» - тіршілік, «сфера»- шар дегенді білдіреді.
Тіршілік ортасы.----------→ Жердің беткі қабаты

Ауада Суда
ІІІ. Сараланған бөлім. Операциялық - орындаушылық кезең.
Фотосинтез - жер бетіндегі жасыл жамылғының күн жарығы энергиясының қатысында органикалық заттарды түзу үрдісі. Фотосинтез: көмірқышқыл газы + су + күн сәулесі = қант + оттегі
жарық түскенде өсімдік жапырағының оттегін бөлуі (сурет)
Фотосинтез процесінің жүруі атмосфераның қай қабатында деп ойлайсыңдар. Олай болса, назарымызды тақтаға аударайық.
А1. Атмосферанің жоғары қабаты
2. Статосфера
3. Тропосфера
Атмосфера қабаттары туралы электрондық оқулықтан көрсету.
ІҮ. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
3 - деңгей. Сәйкестендір
Атмосфера ------------ Қатты қабығы
Гидросфера ---------- Жердің өзегі
Ядро -------------------- Ауа қабығы
Биосфера -------------- Шапан
Мантия ---------------- Су қабығы
Литосфера ----------- Тіршілік қабаты
3. Биологиялық диктант
1. Өсімдіктерге қанттың түзілуі жарық, көмірқышқыл газы, судың қатысуымен тек... болады.
2. Фотосинтез үшін энергия көзі -.....
3. жапыраққа жарық түскенде хлоропластар ауадан..... сіңіреді.
4. Жапырақта хлорофилдер түзілу үшін..... керек.
5. Фотосинтез өсімдікте өскін пайда болғаннан бастап гүлшанағы шыққанға дейін..... жүреді.
6. Өсімдіктер..... пайдаланатын көмірқышқыл газының жартысынан көбі топырақтағы микроағзалардың органикалық заттарын...... түзеді.
7. Көмірқышқыл газы мен тамырдан келген су қосылып..... түзеді.
8. Ауаны көмірқышқыл газынан тазартып барлық тірі ағзалар тыныс алатын оттегімен байытатын құбылысты..... дейді.
9. Хлорофиль табиғаты жағынан.....
10....... қант түзілмеді
Жауаптар:
1. Көмірқышқыл газын
2. Қант
3. Хлоропластарда
4. Фотосинтез
5. Көмірқышқыл газысыз
6. Жарық
7. Күрделі эфир
8. Жарық темір тұзы
9. Ыдырауынан
10. Қарқынды
Ү. Үйге тапсырма беру.§18. биология


Күні : 04.12.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 24.

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктің тыныс алуы және ауамен қоректенуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды өсімдіктің жасыл жапырағында жүретін
үдерістерімен таныстыру; Өсімдіктер бөлімі жөніндегі теориялық білімдерін меңгертіп, оны іc - жүзінде қолдануға үйрету. Фотосинтез бен тыныс алу туралы түсінік беру;
Дамытушылық: оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көз - қарастарын дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Өсімдіктер бөліміндегі білімдерін жүйелеп біртұтастыққа қарастыру, оқушылардың ақыл - ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым - қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабағы.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кеппешөптер, бөлме өсімдіктері,
тірек - сызба, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер, слайдтар, плакат, қосымша әдебиет, электрондық оқулықтар.
Сабақтың барысы.
І – Ұйымдастыру
ІІ – Үй тапсырмасын тексеру. «Бәйге» сұрақтар.
“Уақытынды тиімді пайдалана білсең, оның бағасы да арта түседі” (Ж. Ж. Руссо)
1. Қосарланып ұрықтануды тапқан ғалым. (С. Г. Навашин, 1898ж.)
2. Жемістер мен тұқымдар не арқылы таралады?(Жел, жануар, адам, су, өздігінен.)
3. Тыңайтқыштардың қандай түрлерін білесіңдер?(органикалық және бейорганикалық)
4. Тозаң дәндері. (тозаңдықтар)
5. Тозаңдану дегеніміз не?(Тозаңның аталықтың аузынан аналы аузына келіп түсуі)
6. Көбею мүшелері. (гүл, тұқым, жеміс)
7. Гүлдің негізгі бөліктері.(аталық, аналық)
8. Тамыржеміске қандай өсімдіктер жатады?(қызылша, сәбіз, шалқан)
9. Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы.(гүлшоғыр)
10. Шие, алхоры, алма ағаштары қалай тозаңданады?(жәндіктер арқылы тозаңданады).
ІІІ – Жаңа тақырып.
400 жыл бұрын Ян Ван Гельмонт - бельгиялық зерттеуші тәжірибе жасады Ыдысқа 80 кг топырақ салып, оған күрең ағашын алдын ала өлшеп алып отырғызды.
5 жыл бойы өсімдікке ешқандай тыңайтқыш қоспай, тек жаңбыр суымен қоректендіріп отырды. 5жылдан кейін өлшеп қараса, күрең ағашының салмағы 65кг артқан екен, ал топырақ 50гр кемігенін байқаған. Өсімдіктің 64кг 950г органикалық заттарды қайдан алғаны
Ван Гельмонтқа құпия болып қалды.
1. Тамырдың тыныс алуын оқулықта сипатталған тәжірибе арқылы дәлелдеуге болады. Тамыр атмосфералық оттекпен тыныс алады.
2. Жапырақтың тыныс алуын сурет арқылы түсіндіру. Жапырақ атмосфералық оттекпен саңылаулар арқылы тыныс алады.
3. Сабақтың тыныс алуын сурет арқылы түсіндіру. Сабақ қабығындағы жасушалар арасындағы арнайы саңылаулар (жасымықша) арқылы тыныс алады.
4. Өсімдіктерге тыныс алуына сыртқы орта факторлары әсер етеді. (Температураның әсері, улы заттардың әсері, су әсері, топырақтың құрылымы,
тығыздылығы, тұздылығы, шамадан тыс ылғалдығы)
5. Ауамен қоректену фотосинтез арқылы жүзеге асады. Қоректену – организмнің заттар мен энергия алмасу процесі. Жасыл жапырақтар - ауамен қоректену мүшелері. Оларда лептестік арқылы фотосинтез үшін көмірқышқыл газы түседі. Фотосинтез барысында күн энергиясы химиялық химиялық энергияға түрленеді – органикалық заттар өсімдіктің басқа бөліктеріне барады да, олардың тіршілік әрекеттерінің процестеріне қажет органикалық заттармен қамтамасыз етеді немесе қорға жинайды.
6. Түйін:
- Тамыр оттекпен тыныс алады.
- Жапырақтар лептестік арқылы оттекпен тыныс алады.
- Жасымықша сабақтарды лептестік рөлін атқарады.
- Өсімдіктердің тыныс алуына сыртқы орта факторлар әсер етеді
- Өсімдіктердің қоректенуі ауа арқылы жүзеге асады.
- Жасыл жапырақтар – ауа арқылы қоректенудің негізгі мүшесі.
- Жасыл өсімдіктер күн энергиясын “қор” ретінде жинайды.
- Тыныс алу күндіз де, түнде де, ал фотосинтез тек күндіз жарықта жүзеге асырылады.
- Барлық тірі организмдер атмосфералық оттекпен тыныс алады, ал фотосинтез процесінде фотосинтездің қосымша өнімі ретінде оттек бөледі.
ІV – Бекіту. Оқулықпен жұмыс. Қандай пікір дұрыс?
1. Өсімдік атмосфералық оттекпен тыныс алады.
2. Өсімдік көмірқышқыл газымен тыныс алады, нәтижесінде оттек бөлінеді.
3. Өсімдік тыныс алғанда көмірқышқыл газын бөледі.
4. Лептестік өсімдікте қолайлы жағдай болса ашылады, ал қолайсыз жағдай болса жабылады.
5. Фотосинтез процесі үшін оттек керек.
6. Белгілі бір жағдайда өсімдіксіз өмір сүруге болады.
V – Қорытындылау.
VІ – Үйге тапсырма. §26. оқып білу. Сұрақтарға жауап беру.
VІІ – Бағалау

Күні : 05.12.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 25.
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды өсімдіктің жасыл жапырағында жүретін
үдерістерімен таныстыру; Өсімдіктер бөлімі жөніндегі теориялық білімдерін меңгертіп, оны іc - жүзінде қолдануға үйрету. Фотосинтез бен тыныс алу туралы түсінік беру;
Дамытушылық: оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көз - қарастарын дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Өсімдіктер бөліміндегі білімдерін жүйелеп біртұтастыққа қарастыру, оқушылардың ақыл - ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым - қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабағы.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кеппешөптер, бөлме өсімдіктері,
тірек - сызба, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер, слайдтар, плакат, қосымша әдебиет, электрондық оқулықтар.
Сабақтың барысы.
І – Ұйымдастыру
ІІ. «Ой қозғау» әдісі:

-Иә, су кімге керек, кімге керек? (үзіліс).

Ол кімге керек емес, ойланайықшы?! (ойланып) Гүлге де, жеміс жидекке де ағаш-бұтақ, ұшқан құс, жүгірген аң мен адамға жан-жануарға бәріне су керек. Жапон халқының аңызға айналған ертегісін білесіз бе?

....Бір күні мыстан кемпір мен су патшасы шахмат ойнап, әлемдегі бар затты мыстан кемпірге ұттырып алады. Ақылсыз патша енді не ойынға тігерін білмейді, сол кезде

мыстан кемпір патшадан әлемдегі суды тігуін сұрайды. Бірақ су патшасы одан да ұтылып қалады. Міне, осы екзде не болды дейсіз ғой, сұмдық: өзен, көл, мұхит, бәрінің суы тартылып, өсімдік құрғап, жан-жануар су іздеп қаңғып кетіп, қырылу шегіне жетеді. Осы кезде бақа жан-жануарды жинап:

-Достар, босқа өлмейік су патшасына барып мұңымызды айтайық деп, пілді, жолбарыс, түлкі, қораз, жылан, т.б. ертіп, су патшасына барады. Бірінші болып әңгімені бақа бастайды:

-тақсыр патша ием не істедіңіз, не бүлдірдіңіз, әлем апат болатын болды ғой. Су керек, бізге су керек,-деп зар қағңып жылайды.

-Су жоқ, не істе дейсіздер, маған, бәрін ұтқызып жібердім.

Сол кезде бақа жұлып алғандай:

-Бұлтты да ма,-депті.

Патша: -Дұрыс айтасың, бұлт бар екен ғой,-деп бұлттарды жинап, жауын жауғызады. Жер көктеп, тіршілік қайта қалпына келеді. Сай-сала, өзен, көл қайта суға толады.

-Иә, су деген тіршіліктиің тірегі ғой, сусыз тіршілік жоқ. Егерде әлемде бір минут болмай қалса, жан-жануар, өсімдік мүсәпір қалпына түскен болар еді. Ең ақырында жердің бетін жансыз әлем басар еді.


ІІІ.Жаңа сабақ мазмұны:

Ылғалдылық. Су - барлық ағзалардың тіршілігіне қажетті жағдай.

Суға байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары.

Гидатофиттер – суда толығымен немесе біршама бөлігімен тұрып өсетін өсімдіктер.

Гидрофиттер – құрлық –су өсімдіктері, олардың көпшілік бөлігі суда өседі, су тоғандарында, шалшық суларда, балшықтарда өсетін өсімдіктер.

Гигрофиттер – құрлықтағы өсімдіктер, олардың көпшілігі ылғалды ауасы бар жерлерде, ылғалды топырақта өседі.

Мезофиттер – аздаған және өте шөлді жерлерде өсетін өсімдіктер.

Ксерофиттер - ылғалы жеткіліксіз жерлерде өседі.



Суккуленттер – бойына шырын жинаған шырынды өсімдіктер, оларда суды паренхималары мен түрлі органдарында жинау қабілеттері бар.
ІҮ. Бекіту: суға қатысты мақал мәтелдер жарысы:

“Су-ырыстың көзі, еңбек-кірістің көзі”, “Егер жерді әке десек, онда суды ана дейміз”, “Суы тасыған жердің көгі тасыр”. (қазақ мақалдары)


“Су-сұйық қозғалғыш және бәрін еріткіш зат есебінде барлық дүниенің бастамасы болады”.

(Грек ойшылы Фалес).


“Біз табиғатта өз құрамында су сақтамайтын, ешбір қатты затты көргеніміз жоқ”.

(Академик В.И.Вернадский).


Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тіршілік тәмам бауырым.

Судың біздер біле тұра маңызын

Көп болған соң ұмытамыз қадірін.



Сонымен бір тамшы судың құпиясы туралы бір с абақта айтып жеткізу мүмкін емес болса да оқушылар судың қасиетін терең ұғына алды.

Ү. Үйге тапсырма: « Су – тіршілік көзі» тақырыбында эссе жазып келу .

Күні : 11.12.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 26.
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану
Мақсаты:
1. Тозаңдану мен ұрықтанудың өсімдік тіршілігіндегі маңызын ұғыну.
Гүл – тұқыммен көбею мүшесі екендігі туралы қорытынды пікірге негіз қалау.
2. Гүл, гүлдің құрылысы, көбею жөніндегі білімдерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту.
3. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланысы: экологиямен, әдебиетпен, тілмен, халық педагогикасымен.
Сабақтың көрнекілігі: Гүлдің моделі, «Гүлдің құрылысы», «Тозаңдану», «Ұрықтану», Гүлшоғырлар сызбалары. Сөзжұмбақтар, Венн диаграммасы, вагон суреттері, т. б.
Сабақты өткізу әдісі: Аралас, ойын сабақ. Оқушыларды түгендеп, үй тапсырмасын анықтап болған соң сабақты мынадай өлең жолдарымен бастадым.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Кел, балалар, ойлайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Оқушылар ойын сабақ екенін бірден сезеді. Оқушыларға ойын шарты түсіндіріліп, тапсырманың ұраны мен мақсаты хормен плакаттан оқылады.
Сабақтың ұраны: Тіршіліктің тірегі өсімдікті қорғайық.
Тұқымдарын молайтып өсіруді ойлайық!
Сабақтың мақсаты:
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің?!
Ойын шарты:
4. Іші жұмсақ, сырты қатты.
Еті қызыл, сүті тәтті.
Соғым сайлап қойдым
Кіндігінен байлап қойдым. (қарбыз)
5. Аласа ғана бойы бар, қабат - қабат тоны бар. (орамжапырақ)
6. Бір анадан жүз бала
Жүзі де боз бала. (жүзім)

ІІІ. Жаңа сабақ – белгісіз әлемге саяхат.
Ұраны:
Білгенің тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
Мақсаты: Гүлдің тұқыммен көбею мүшесі екендігін ұрықтану мен тозаңданудың көбеюдегі маңызын ұғыну.
Сабақ жоспарлы тірек - сызбалары арқылы түсіндіріледі.
1. Тозаңдану
Бунақдене (шие, шай)
Өздігінен Айқас Жел (жүгері, емен)
(бетеге, тары)
2. Ұрықтану.
Тозаңдану 
ұрықтану.
Гүлді өсімдік – қосарынан ұрықтану.
(Навашин)
3. Қосымша мәлімет.
4. Гамета. Зигота. Спермин.
5. Жұмыртқа жасуша. Орнитофилия.
6. 5 дәптермен жұмыс. 1) Жаңа ұғым.
2) а) жынысты көбею
ә) тозаңдану оның түрлері.
б) ұрықтану.

ІҮ. Қорытынды.
«Оқығаныңды айтпа – тоқығаныңды айт»
А) Тозаңдану – ұрықтану – жеміс – тұқым.
Ә) Венн диаграммасы.

Ү. Бекіту. Жеміс пен тұқым өнімнің алтын қоры.
(Сөзжұмбақтар шешу арқылы) «Зигота», «Тұқымбастама» сөзжұмбағы
1. Тозаңдануға қажетті тозаңқапта жиналатын түйіршік. (тозаң).
2. Аталық гамета. (спермия).
3. Жыныс клеткасы. (гамета).
4. Тұқымбастама ұшындағы жіңішке өзек. (тозаңтүтік).
5. Екі жыныс клеткасының қосылуы. (ұрықтану).
6. Аналық гамета. (жұмыртқажасуша).
1. Гүлдің жыныс мүшесінің бірі. (Аталық).
2. Тұқымбастамадан дамитын, жеміс ішінде болатын өсімдік негізі. (Тұқым).
3. Гүлдің жыныс мүшесі. (Аналық)
4. Аталығы да, аналығы да бар гүл. (Қосжынысты).
5. Аналықтың екінші бөлімі. (Мойны).
6. Аталық және аналық гүлдері бар өсімдік. (Бірүйлі).
7. Гүлдің мүшелері орналасатын бөлімі. (Гүлтабан).
8. Жіңішке гүл дамып жетілетін гүл бөлігі. (Гүлсағақ).
9. Аналықтың жеміс дамитын бөлігі. (Түйін).
10. Тозаң жиналатын орын. (Тозаңқап).
11. Түйіннен пайда болатын өсімдік негізі. (Жеміс).
12. Аналықтың бірінші бөлімі. (Аузы).
ҮІ. Үйге тапсырма.
«Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану» тақырыбын оқып, біліп келу. Сөзжұмбақтар дайындау.
Еліміз дәулетті, еліміз сәулетті болсын!
ҮІІ. Бағалау.
Күні : 12.12.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 27.
Сабақтың тақырыбы: Өсімдікттердің өсуі және дамуы. Өсімдіктердің өсуі мен дамуының қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі. Өркен мен тамырдың өсуге бағытталуы. Өсімдік дамуының кезеңдері (ұрықтық, жастық, жетілу және қартаю). Өсімдік тіршілігінің ұзақтығы.
Сабақтың мақсаты: 1. Өсімдіктің тірі ағза екенін айта отырып, оның тіршілігіне қажетті орта мен жағдайлар туралы білімін пысықтау, мекен ортасына қарай тіршілік ету ұзақтығы жайында мағлұмат беру.
2. Табиғатты аялауға, қамқор болуға тәрбиелей отырып, экологиялық білім беру.
3. Табиғат туралы білімдерін пысықтап, күнделікті өмірде бақылау әдістерін дамыту
4. Оқушыларда ғылыми түсінік қалыптастыру.
Көрнекіліктер: суреттер, сызбалар, қажетті өсімдіктер.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың типі: ізденіс сабақ, топтық жұмыстар.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, өз ойын ортаға салу, әңгімелеу, салыстыру, зерттеу.
Пәнаралық байланыстар: математика, ана тілі, бейнелеу өнері, қазақ тілі.
Сабақтың бөлімдері Сабақтың мазмұны
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
(2 минут)

- Бүгінгі сабағымызда топтарға бөлініп, жарысып, білімімізді, жылдамдығымызды сынаймыз. Енді сол сабаққа өздеріңнің бір - бірлеріңе қандай сәттілік тілектерің бар? «Шаттық шеңберін» құрып, сәттілік тілектеріңді айтыңдар.
Шеңбер болып тұрайық.
Алақанды созайық,
Сәттілік тілеп сабақта
Көңілді де болайық.( тілек айтады)
Жаңа сабаққа дайындық
(2 минут) Алдарыңдағы қиындылар дұрыс құрастырыңдар сонда шыққан сурет топтарыңның аты болады.
Топтарға белгілерін тапсыру.
«Ақ бидай», « Ақ қайың», «Күнбағыс»
Әр топ өзіне топ басшысын сайлап алсын.
- Қайың, күнбағыс, бидай осы үшеуін жалпы қалай атаймыз?(өсімдіктер)

«Үй тапсырмасын тексеру»
(дайындалуға 2 минут, жауап беру үшін әр топқа 3 минуттан) «Қайталау - білім анасы» демекші осыған дейінгі білімдеріңді тексеріп, білімдерімізді сынап көрейік. Әр топқа әр түрлі тапсырма.
1 - топқа тапсырма: «Өсімдіктердің алуан түрлілігі» (суретпен жұмыс,) (слайд№3)
Қиып, желімдеу арқылы суреттегі өсімдіктерді топтап орындарына орналастыру.
Ылғал сүйгіш: бақбақ
Құрғақшылыққа төзімді: сүттіген
Жарық сүйгіш: бидай
Көлеңкеге төзімді: саумалдық
Жылу сүйгіш: жүгері
Суыққа төзімді: бидай

2 - ші топқа тапсырма:«Өсімдіктердің топталып өсуі»
Ылғал сүйгіш. Құрғақшылыққа төзімді.
Жарық сүйгіш. Көлеңке төзімді.
Жылу сүйгіш. Суыққа төзімді.
(суретпен жұмыс) (слайд№4) Суреттен ағаштар, бұталар, шөптер туралы өсімдіктердің топталуын айта отырып, олардың адамдарға ұқсастығын дәлелдеу.

3 - інші топқа тапсырма:
Үйде жаттап келген өлеңдерін, жаңылтпаштарын, шығармаларын айтқызу.(тексеру)(слайд№5,№6,№7)
Оқушылардың жауаптарын бағалау
- Өсімдіктердің өзі бірігіп өмір сүріп, бір - біріне қамқор болады екен. Әлсіздерін әлділері қорғайды.

Жаңа сабақ (2 минут)
Түсінік беру: (2 минут)
Кітаппен жұмыс: (4 минут)

«Байқа, ойла, зертте»
(зерттеп, ізденуге, жауап беруге 12 минут, әр топқа 4 минуттан

«Ойлан тап!»
Шағын тесті (2 минут)

Тексеру:
«Топ басшылары сайысы» (3 минут)
Қорытындылау (3 минут)
Бағалау (1 минут)

Үйге тапсырма (1 минут)
- Иә, бірнеше сабақтан бері өсімдіктер туралы айтудамыз.
- Бүгін осы өсімдіктер туралы әңгімемізді одан әрі жалғастырамыз. Жаңа сабағымыздың тақырыбын табу үшін мына сұрақтарға жауап беріп көріңдер.)
«Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?»
- Иә, өсімдік те тірі ағза болғандықтан кез келген тіршілік иесі сияқты белгілі бір уақыт мөлшерінде тіршілік етеді. Кейбір өсімдіктердің дәнін(тұқымын) көктемде топыраққа отырғызып күтсе, күзді күні пісіп жетіліп, жемісін береді. Бұларды бір жылдық өсімдіктер дейді.
Ал кейбір өсімдіктердің тұқымынан бірінші жылы сабақ, жапырақ, тамыр ғана шығады. Ол тек келесі жылы ғана жеміс береді. Оларды екі жылдық өсімдіктер дейді.
Ал көптеген өсімдіктер ұзақ уақыт өмір сүреді. Олардың көбі белгілі бір жасқа келгенде гүлдеп жеміс береді. Оларды көпжылдық өсімдіктер дейді.
Біз өсімдіктердің алуан түрлілігі деген сабақты өткен кезде Толқынай өсімдіктің жылу сүйгіштігін байқау мақсатымен бидай отырғызған екен, ендеше Толқынайды тыңдайық(оқушы өзінің жасаған тәжірибесін айтып түсіндіреді, оның жылу сүйгіштігін дәлелдейді)
Сендер қалай ойлайсыңдар бидай қанша жыл тіршілік етеді екен? Осы бидай өсімдігінің қанша жыл өмір сүретіндігі жөнінде оқулықта не делінген?
Кітаптарыңды ашып, бидай туралы айтылған бөліктердің астын қарындашпен сызып, анша жыл өмір сүретіндігін анықтату.
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда не білдік? Нені үйрендік? Немен таныстық? Жарысу ұнады ма?


Күні : 18.12.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 28

.

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер систематикасы туралы түсінік. Өсімдіктер дүниесі. Оның дүние тармақтарына бөлінуі: Дүние тармағы, Бөлімдер, Класстар, Тұқымдастар, Туыстар, Түрлер.Түр — өсімдіктер систематикасының негізгі бірлігі.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің тыныс тіршілігімен танысып олардың жіктелуін, жүйеленуін оқып үйрену
Білімділігі: Білім маңыздылығын түсініп, қажетті іс - әрекетті белсене және өз бетінше орындауға, тапсырмаларды өзі таңдап, өзі іздеп табуға, құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге, рухани және әлеуметтік жағынан білімдерін көтеру.
Дамытушылығы: Баланың дүниетанымын кеңейтіп, рухани өсуіне, жеке
тұлға ретінде өзіндік пікірін қалыптастыруға жағдай жасау.
Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге және қорғауға, туған елін жерін сүюге, адамгершілікке, еңбекке, ұқыптылыққа, жан - жануарларды аялап күтуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ашық тұқымды өсімдіктер және жабық тұқымды өсімдіктер жинақтамасы, кестелер, суреттер ылғал препараттар балдыр, саңырауқұлақтар жинақтамасы.
Сабақтың түрі Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап, СТО стратегияларының түрлері, деңгейлік тапсырмалар, кестелер, суреттер
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезең.
2.Үй тапсырмасы: Пысықтау сабағы.
3.Жаңа тақырыбымыз: Өсімдіктер тіршілігімен танысу және оларды жіктеу.
Жалпы өсімдіктер төменгі сатыдағы және жоғары сатыдағы өсімдіктер деп үлкен екі топқа бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге тек балдырлар ғана жатады. Бұрын төменгі сатыдағы өсімдіктерге топтастырылған қыналар тіршілік ерекшеліктеріне байланысты саңырауқұлақтар дүниесінің қыналар бөлімі болып жеке қарастырылуда. Ал, балдырлар қарапайым құрылысты біржасушалы және күрделі құрылысты көпжасушалы болып келеді. Алайда олардың сабағы да, жапырағы да, болмайды. Мүктер, қырықбуындар, плауындаржылысқылар), қырықжапырақ тектестер сопра арқылы, жынысты, жыныссыз жолмен көбейетін жоғары сатыдағы өсімдіктер. Олардың тамыры, сабағы, жапырағы бар. Жыныстық мүшелері - көпжасушалы. Ал жоғары сатыдағы өсімдіктерге жататын ашық және жабық тұқымды өсімдіктер тұқым арқылы көбейеді. Енді біз төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің дүние тармағын қарастырамыз. Өсімдіктерге тән ортақ белгілер: Барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктер зат алмасу, қоректену, тыныс алу, көбею, тітіркену үрдістеріне қатынасады. Өсімдіктер жасушалардан тұрады. Өсімдіктердің көпшілігінде түзуші, жабын, тірек, фотосинтездеуші, қор жинаушы, өткізгіш, бөліп шығарушы ұлпалар болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің сабағы, жапырағы, тамыры бар. Өсімдіктердің тіршілігінің соңына дейін үздіксіз өсе береді. Өсімдіктер өсімді, жыныссыз, жынысты жолдармен көбейеді. Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз – жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті. Өсімді көбею дегеніміз - денеден тіршілік ете алатын бөліктердің бөлінуі арқылы түрдің жеке санының артуы. Жыныссыз көбею - споралар немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Споралардың талшығы болмайды. Спора түзілетін қалта төменгі сатыдағы дамыған өсімдіктерде (балдырларда)- бір жасушадан, жоғары сатыдағы сабақты – жапырақты өсімдіктерде көп жасушадан түзіледі. Зооспора(грекше зоон - жануар, спорос - сеппе, екпе) қозғалғыш споралар деген мағынаны білдіреді. Олардың ерекше қозғалысқа келтіретін талшықтары болады. Зооспоралар арқылы көбею - суда, ылғалы мол топырақта өсетін балдырларға тән қасиет. Споралар мен зооспоралар аналық өсімдіктен бөлінген соң қолайлы ортаға түссе, олардан жас өсімдік пайда болады. Мұны жыныссыз көбею деп атайды. Жыныссыз көбею кезінде ағзаның қалыптасқан белгілі пішіні бар бөлігінен аналық өсімдік пайда болады. Жынысты көбею кезінде қасиеттері жағынан айырмасы бар гаметалар (жыныстық жасушалар) қосылып зигота пайда болады. Гаметалардың қосылуынан ұрықтану үдерісі жүріп, гаметалардың цитоплазмасы мен ядросы қосылады. Пайда болған жас ұрпақтың тіршілікке бейімділігі, ортаның қолайсыз әсерлеріне төзімділігі арта түседі. Осы арқылы жыныстық көбею түрлерінен ерекшеленеді. Өсімдіктерді жіктеу. Адам ерте кезден – ақ өсімдіктердің жемістерін, тамырларын күнделікті тұрмысында пайдаланды. Сондықтан өсімдік түрлерін ажырату үшін оларға ат қою қажеттігі туды. Қазір жер бетінде 500 мыңдай, Қазақстанда 5600 - дей өсімдік түрі бар. Олар туыстық белгілеріне сәйкес топтастырылып, жүйеленген. Жер бетіндегі өсімдіктер алуан түрлі. Оларды нақты білу үшін, бірін - бірі ұқсас өсімдіктерді топтарға бөліп қарастырады. Өсімдіктердің ұқсас түрлерін – туысқа, ұқсас туыстарды - тұқымдасқа, ұқсас тұқымдастарды - қатарға, қатарларды - класқа, кластарды бөлімге біріктіреді. Жүйелеу бойынша әрбір топқа жататын өсімдіктердің арғы тегі бір. Мысалы, бір бөлімге, бір класқа жататын өсімдіктер бір тектен дамыған. Түрлер, туыстар және басқа да топтар ұзақ жылдар бойы әр түрлі сыртқы ортаға бейімделудің, басқа өсімдіктермен бірігіп өсудің нәтижесінде бірте - бірте пайда болды. Жүйенің ең кіші бірлігі – түр. Түр туралы ұғым олардың біріне - бірінің ұқсас болуына және өзара будандасып, өздеріне ұқсас ұрпақ бере алатындығына байланысты қалыптасқан. Түрді анықтау кезінде көптеген жағдайлар ескеріледі.
Олар: 1. Барлық белгілерінің ұқсас болуы;
2. Экологиялық жағдайының ұқсас болуы;
3. Таралу аймағының ортақ болуы.
Өсімдік түрлерін ажырату үшін оларды жүйелейді. Жүйелеудің ең жоғары сатысы — дүние. Жүйелеудің қысқаша мынадай сызба нұсқамен түсінуге болады:
дүние --- бөлім --- класс --- қатар --- тұқымдас --- туыс --- түр.

Сабақты қорытындылау
Семантикалық карта толтыру
---------------- Ашық тұқым ------- Жабық тұқым ------ Дара жарнақ ------ Қос жарнақ
Арша
Алма
Інжугүл
Асқабақ
Қияр
Помидор
Шырша
Картоп
Раушангүл

Венн диаграммасы
Біз не білеміз
Не білгіміз келеді
Не білдік

Сабақты бекіту:
І - деңгей
1) Өсімдіктерге тән ортақ белгілер?
2) Жынысты көбею дегеніміз не?
3) Түр дегеніміз не?
ІІ - деңгей
1) Өсімдіктерді жіктеу дегеніміз не?
2) Жыныссыз көбею дегеніміз не?
3) Өсімдіктер қалай жүйеленеді?
ІІІ - деңгей
1) Жынысты көбеюдің басқа көбею түрлерінен айырмашылығы неде?
2) Жіктеу мен жүйелеудің айырмашылығы неде?
3) Жоғары сатыдағы өсімдіктердің қандай мүшелері бар?

Бағалау: Оқушылардың алған білімін бағалаймын.

Үйге тапсырма: Өсімдіктердің тіршілігімен танысу оларды жіктеу
Өсімдіктерді жіктеу суретін салу


Күні : 19.12.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 29
Сабақтың тақырыбы: Балдырлар бөлімі.Балдырлардың бөлімдері.
Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы.

Сабақ мақсаты:Балдырлардың құрылысын,қызметін,жалпы сипаттамасын түсіндіру.
А) Балдырдың пішінін,хромотофорын,біржасушалы және көпжасушалы болатынын түсіндіру.
ә) Ой- өрісін дамыту,ойлау қабылетін дамыту.
б) Оқушыларды топтық жұмысқа,зейін қоюға,кітаппен жұмыс жасауға,өз бетінше дайындалуға тәрбиелеу.
Сабақ типі:Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ түрі: СТО технологиясы
Сабақ әдісі: Топқа бөлу,интерактивті тақтамен жұмыс жасау.
Сабақ көрнекілігі:Балдырлардың суреті,интерактивті тақта,әртүрлі тапсырмалар қағазы.
Пәнаралық байланыс:Биология,химия,география.
Сабақ барысы:1)Ұйымдастыру бөлімі.(Топқа бөлу,топ басшысын сайлау,3 толқа бөлу)
2) Үй тапсырмасын тексеру.Ортадағы қаламсап.
1.Негізгі жүйелік ерекшеліктері,түрлердің белгілері.
2.Тірі табиғат Дүниелері,Бөлімдері
3.Гүлді өсімдіктердің Кластары,Тұқымдастары
4.Өсімдіктердің ортақ белгілері қандай
5.Көбеюдің түрлері,маңызы. 
3.Жаңа сабақ.1.топ.Біржасушалылар
2.топ.Көпжасушалылар
3.топ.Теңіз балдырлар.
Түртіп алу немесе UNSERT . Мәтін берем.
1 топқа.
Балдырлар теңіз,көл,өзендерде және тоқтау суларда,топырақта тіршілік етеді.Олардың тамыр,сабақ,жапырақ,гүл,жемісі болмайды.Денесі біржасушалы,көпжасушалы болып бөлінеді.Көпжасушалы өкілді бөлігі таллом деп аталады. Таллом—грекше «таллос»--өсінді,қатпыршақ деп аталады.Цитоплазмасында органиодтары және вакуолі болады.Жасушасында балдырға түс беретін хроматофорлары біреу,екеу,кейде одан да көп болады.Хроматофор (грекше «хромос»—бояу,бояулы) дейді.Табиғатта жасыл,қызыл ,қоңыр балдырлар кездеседі.Балдырлар талшықты және талшықсыз жеке жасушалар,шоғырлы күйінде болады. 
Хламидомонада тоқтау суларда тіршілік етеді.Жасуша қабырғасы жасунықтан (целлюлозадан) тұрады.Хроматофоры астау тәрізді екі талшығы,жиырлығыш вакуолі қызыл көзшесі болады.Оттегімен тыныс алады.Көбеюі жынысты және жыныссыз.Жыныссыз көбею 2-ге,4,16,32-ге бөлініп,әрқайсысы сонша есе кішірейген хламидомонадаға айналады.Оларды зооспоралар деп аталады.Жынысты көбеюде жасушадағы цитоплазма бірнешеге бөлінеді.
Хлорелла хроматофоры жазық астау тәрізді.Талшығы және қызыл көзшесі болмайды.Жыныссыз көбейеді.Хлорелла бірнеше рет ғарышта болып қайтты.Тәжірибелер жүргізілді.1.Хлорелла суда өседі.Оған су қажет.Ғарыш кемесін ауырлатады.2.Хлорелла өсетін ыдыс герметикалық болу керек.3.100г хлорелланы күніне үшмезгіл тамаққа қосып бергенде,1 апта өткен соң адамдар мазасыздана бастады.Хлорелланың жаснуықты жасуша қабықшасын адамның асқорыту мүшелері қорта алмаған.Жапонияда хлорелладан нәруыз бен витаминдер алынды.
Хлорококк топырақта,ағаштың діңдерінде өседі.Құрылысы хломидомонадаға ұқсас.Хлорококк топырақ түзуге қатысады.
2 топқа
Көпжасушалы жасыл балдыр --- спирогира.Тұщы суқоймаларында,теңіз суларында кездеседі.Табиғатта13 мың түрібар.Таспа пішінді хроматофоры оралма тәрізді.Өсімді және жынысты жолмен көбейеді.Улотрикс жіп тәрізді жасыл балдыр.Хроматофоры жалпақ білезік тәрізді болып келеді.Жынысты және жыныссыз көбейеді.
3 топқа.Теңіз балдырлары.Олар теңіз және мұхиттарда тіршілік етеді. Қоңыр және қызыл балдырлар болып бөлінеді.Қоңыр балдырлардың барлығы көпжасушалы,1500-дей түрі бар.Биіктігі бір миллиметрден бірнеше метрге жетеді.Қоңыр балдырдың жасушасы қабықшасының сырты созылыңқы сілеймелі қабықшамен қапталған.Жасушасының қор заты—полисахаридтер.Қоңыр балдырларға ламинария,саргассум жатады.Ламинария теңіз жағалауындағы 5-10 шақырым аймақты қамтып,20-30 метр тереңдікте өседі.Жалпақ таспа тәрізді.Жынысты жолмен көбейеді.Саргассум жидекке ұқсас домалақ өсінділері бар.Турбинария балдырына ұқсас сондықтан жергілікті тұрғындар( теңіз жүзімі) деп аталады.
Қызыл балдыр теңіздің түбінде 270м-де тіршілік ететін көпжасушалы балдыр.Талломы таспа,тақташа,жіп тәрізді,кейде жіптері тарамдалған.Түрлері хондрус,коралина,порфира,плюмария.Өсімді,жынысыз,жынысты жолдармен көбейеді.Балдырлардың табиғаттағы,шаруашылықтағы маңызы.
Бір грамм қара топырақта 5000 балдыр болады.Суды тазартады.Балықтар,теңіз жәндіктеріне қорек.Балдырдың құрамында иод,фосфор,мыс болады.Кладофорадан қағаз алады.Ульваны теңіз салаты деп атайды.Қытайда және Жапонияда порфира балдырын тамаққа көкөніс ретінде пайдаланады.Ламинарияны теңіз орамжапырағы деп атайды.Адамның қалқанша безінің жұмысын жақсартады,жемсау ауруынан сақтайды.Олардан иод,спирт,сірке қышқылы,жасунық,агар-агар алынады.
Мәтіннен түртіп алу арқылы кестені толтырады.
Білетін ақпарат Жаңа анықтама Менде басқа ақпарат Тереңірек білгім келеді
Ой толғаныс.
Төменде аталған балдырларды ажыратып,кестеге орналастыр.
1.Хлорелла. 4.Хламидоманода 7.Хлорококк 10.Ульва
2.Хондрус 5.Плюмария 8.Спирогира 12.Турбинария 
3.Ламинария 6.Саргассум 9.Улотрикс 13.Коралина.
Жасыл балдыр Қоңыр балдыр Қызыл балдыр
Ойлану баспалдағы.3 сөзге сұрақ дайындау.
1.Балдыр. 2.Таллом. 3.Хроматофор
1.Балдырлардың тіршілік ортасы
2.Таллом дегеніміз не
3.Хроматофор түрлері,пішініБалдырлард
Бағалау. Топ басшылары бағалайды.
Үйге. Оқып келу.Сұрақтар жазып келу.
Күні : 25.12.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 30

Тақырыбы: Балдырлардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға балдырлардың әр түрлі болатындығын түсіндіру судың түсінің жасыл ,сары-жасыл болатындығы балдырларға байланысты екендігі туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Балдырлардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызын меңгертіп, оқушылардың балдырлар туралы білімін жетілдіру;

Тәрбиелік : Оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу; топта

ынтымақтастықта жұмыс істеуге баулу.

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық /жеке жұмыс, сипаттау,

салыстыру,кері байланыс.

Пәнаралық байланыс: География, тарих

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Ой-ашар.  1. Биология ғылымы нені зерттейді?

2. Тамырдың сыртқы құрылысы нешеге бөлінеді?

3. Жасушаны кім алғаш көрді?

4. Ұлпа дегеніміз не?

5.Өсімдікке жасыл түс беретін қандай пластид?

6. Қызыл кітап не үшін қажет?

7. Микроскоптың құрылысын ата.

8. Ұсақ гүлдер тобы?

9. Өсімдікті зерттейтін биологияның саласы.

10. Өсімдік ұлпаларын ата.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  Топтық тапсырма: Жоба қорғау


І-топ Білім шыңы. Жасыл балдырлар
ІІ-топ Сөз тәртібі.Көпжасушалы жасыл балдырлар
ІІІ-топ Сәйкестендіру кестесі. Қоңыр балдырлар
ІV-топ Білгенге маржан. Қызыл балдырлар

ІV. Жаңа сабақ : Балдырлардың табиғаттағы және халық

шаруашылығындағы маңызы

1. Бір жасушалы жасыл балдырлардың маңызы.

2. Көп жасушалы балдырлардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы.

V.Сергіту сәті «Жаңбыр» 

Бекіту тапсырмалары

VІ. «Ұғыну» полиглоты 

А. «Балдырлар» Берілген әріптерден сөз құрау .

1.мдомодаихлана 7.сраропиги

2.ксотрилу 8.лхралоел

3.сумсарсаг 9.иналаримя

4.авьлуа 10.пакаулер

5.хкокрлоок 11.фипорра

6.рафокладо 12.ямариплю

Ә. «Сандар» сөйлейді.



13 мың

1 500 -дей

270 м

1.5 млрд

20-30 метр

3

VІІ. Дұрыс па әлде бұрыс па?

1. Улотрикс ағын су түбіндегі заттарға бекінбейді.

2. Хламидомонада тоқтау суларда тіршілік етеді.

3. Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлар-жасыл балдырлар.

4. Саргассум балдырын теңіз жүзімі деп те атайды.

VІІІ .


Оқушыларға балдырлардың суретіне қарап, балдырларды сипаттап және салыстырып, балдырлар туралы сабақта игерген білім деңгейін білу.

ІХ. Білімді тиянақтау: Сұрақ-жауап . Слайд №18

1. Қандай балдыр тағам ретінде пайдаланылады?

2. Қағаз өнеркәсібінде пайдаланылатын балдыр?

3. Қалқанша без жұмысын жақсартуға, жемсау ауруынан сақтандыру үшін тамаққа қосатын балдыр?

4. Қытай мен Жапонияда көкеніс ретінде пайдаланатын балдыр?

Х. Рефлексия.

1. Қай тапсырма қиын болды?

2. Бүгінгі сабақтан сен не үйрендің?

3. Топтық жұмыста кім белсенділік танытты?

4. Топта кім нашар жұмыс істеді?

ХІ.Кері байланыс . 

Басбармақ Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

Үйге тапсырмасы және оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы :Балдырлардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы.

Күні : 26.12.2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ № 31

Тақырыбы:Қорытынды сабақ.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға балдырлардың әр түрлі болатындығын түсіндіру судың түсінің жасыл ,сары-жасыл болатындығы балдырларға байланысты екендігі туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Балдырлардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызын меңгертіп, оқушылардың балдырлар туралы білімін жетілдіру;

Тәрбиелік : Оқушыларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу; топта

ынтымақтастықта жұмыс істеуге баулу.

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық /жеке жұмыс, сипаттау,

салыстыру,кері байланыс.

Пәнаралық байланыс: География, тарих

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Ой-ашар.  1. Биология ғылымы нені зерттейді?

2. Тамырдың сыртқы құрылысы нешеге бөлінеді?

3. Жасушаны кім алғаш көрді?

4. Ұлпа дегеніміз не?

5.Өсімдікке жасыл түс беретін қандай пластид?

6. Қызыл кітап не үшін қажет?

7. Микроскоптың құрылысын ата.

8. Ұсақ гүлдер тобы?

9. Өсімдікті зерттейтін биологияның саласы.

10. Өсімдік ұлпаларын ата.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  Топтық тапсырма: Жоба қорғау


І-топ Білім шыңы. Жасыл балдырлар
ІІ-топ Сөз тәртібі.Көпжасушалы жасыл балдырлар
ІІІ-топ Сәйкестендіру кестесі. Қоңыр балдырлар
ІV-топ Білгенге маржан. Қызыл балдырлар

ІV. Жаңа сабақ : Балдырлардың табиғаттағы және халық

шаруашылығындағы маңызы

1. Бір жасушалы жасыл балдырлардың маңызы.

2. Көп жасушалы балдырлардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы.

V.Сергіту сәті «Жаңбыр» 

Бекіту тапсырмалары

VІ. «Ұғыну» полиглоты 

А. «Балдырлар» Берілген әріптерден сөз құрау .

1.мдомодаихлана 7.сраропиги

2.ксотрилу 8.лхралоел

3.сумсарсаг 9.иналаримя

4.авьлуа 10.пакаулер

5.хкокрлоок 11.фипорра

6.рафокладо 12.ямариплю

Ә. «Сандар» сөйлейді.



13 мың

1 500 -дей

270 м

1.5 млрд

20-30 метр

3

VІІ. Дұрыс па әлде бұрыс па?

1. Улотрикс ағын су түбіндегі заттарға бекінбейді.

2. Хламидомонада тоқтау суларда тіршілік етеді.

3. Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлар-жасыл балдырлар.

4. Саргассум балдырын теңіз жүзімі деп те атайды.

VІІІ .


Оқушыларға балдырлардың суретіне қарап, балдырларды сипаттап және салыстырып, балдырлар туралы сабақта игерген білім деңгейін білу.

ІХ. Білімді тиянақтау: Сұрақ-жауап . Слайд №18

1. Қандай балдыр тағам ретінде пайдаланылады?

2. Қағаз өнеркәсібінде пайдаланылатын балдыр?

3. Қалқанша без жұмысын жақсартуға, жемсау ауруынан сақтандыру үшін тамаққа қосатын балдыр?

4. Қытай мен Жапонияда көкеніс ретінде пайдаланатын балдыр?

Х. Рефлексия.

1. Қай тапсырма қиын болды?

2. Бүгінгі сабақтан сен не үйрендің?

3. Топтық жұмыста кім белсенділік танытты?

4. Топта кім нашар жұмыс істеді?

ХІ.Кері байланыс . 

Басбармақ Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

Үйге тапсырмасы және оқушыларды бағалау.

Күні : 09.01.2015. Биология . 6 – сынып.
Тақырыбы: Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі
Мақсаты: Мүктәріздес өсімдіктердің тірі табиғаттағы маңызы туралы жаңа түсініктерді қалыптастыру.
Міндеттері

Дамытушылығы: білім алушылардың ерікті түрде тұрақты зейін қоюын дамыту. Салыстыру және қорыту біліктілігін дамыту.
Білімділігі: Мүктәріздес өсімдіктердің тірі табиғаттағы маңызы туралы жаңа түсініктерді қалыптастыру. Мүктәріздес өсімдіктердің көбею, даму, өсу ерекшеліктерін түсіндіру.
Тәрбиелілігі: білім алушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Санитарлық – гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Мүктәріздес өсімдіктер суреттері, флипчарт, электронды көрсетілімдер.
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдістемелік шешім: сұхбат, әңгіме-сұхбат, кестелер суреттер көрсету, тақтамен жұмыс
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Сабақ жоспарымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:


  1. Жоғары сатыдағы өсімдіктер туралы не білесің?

  2. Жоғары сатыдағы өсімдіктер ерекшеліктері


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1. Мүктәріздес өсімдіктер ерекшелігі

2. Көкек мүгі


Дүние жүзінде 22 – 27 мыңға дейін түрлері бар.

Бриология – мүктерді зерттейтін ғылым.

Мүктәріздестер – аласа, көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер. 1 мм – 70 см дейін.

Құрылысы


Ризоид сабағы жапырағы

Ризоид – бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабығының өсіндісі

Сабағы - сыртын бірнеше қатар жасушалардан тұратын қабықша жауып тұрады.
Көкек мүгі – екіүйлі өсімдік. Аталық- көпжылдық, аналық – біржылдық. Биіктігі – 40 см. Сабағы бұтақтанбайды. Сабағында тірек ұлпасы болады. Фотосинтез жүреді.

Көбеюі


Жынысты жыныссыз

Жынысты – аталық өсімдік ең ұшында аталық жыныс жасуша. Аналық ең ұшында аналық жасуша. Аналық + аталық – ұрықтанады – жұмыртқажасуша – қауашақ – спора.

Жыныссыз – споралар шашылып, өніп, өскін пайда болады.


Әсер етуші факторлар




Жүйелі жіктеу

1.Шымтезек мүгінің құрылысы

2. Маңызы


Шымтезек мүгінің сабағы жиі бұтақталған көпжылдық өсімдік. Басқа мүктәріздес өсімдіктерден айырмашылығы – ризоиды болмайды. Сабақ арқылы сіңіреді.

Жапырақ жасушалары

Ұзын, жіңішке, хлорофилл ішінде цитоплаз

дәндері бар жасыл -масы жоқ өлі

түсті тірі жасушалар жасушалар
фотосинтез жүреді су қоры жиналады

Көбеюі


Жынысты жыныссыз
Шымтезек мүгі – ылғалы мол жерлерде өседі. 1. Топырақтың батпақтануын тездетеді.

2. Топырақ түзеді

3. Балапан шығаратын құстардың қорегі, тығылатын орны.

4. Шымтезек өндіреді

5. Су – тұщы су қоры.


Әсер етуші факторлар

ІV. Бекіту: 1. Ризоидтың тамырдан айырмашылығы

2. Мүктәрізділердің жынысты және жыныссыз көбеюін талдау.


V. Қорытынды: Мүктәріздестер қоңыржай белдемде кең таралған. Мүктердің көпшілігі сабақты және жапырақты болып келеді. Тамыр қызметін ризоид атқарады. Мүктер өсімді, жыныссыз, жынысты жолмен тек суда ғана көбейеді. Мүктәріздестердің аса кең тараған өкілі. Көкек мүгі және шымтезек мүгі. Көкек мүгі спора арқылы, өсімді, жыныссыз жолмен көбейетін екі үйлі жасыл өсімдік.

Шымтезек мүгінің 350-ден астам түрі бар. Ол – бірүйлі өсімдік. өте ылғал жерлерде тамырсыз және ризоидсыз, тікелей суды сабағы және жапырағы арқылы сіңіреді. Шымтезек мүгі суды өз салмағынан 20-25 есе көп сіңіре алады. Құрғақшылық кезінде, су болмағандықтан, өлі жасушалардың іші ауаға толады да мүктің түсі ағарып кетеді. Сондықтан ақ мүк деп те атайды. Шымтезек мүгінің сабағы түпкі бөлігінен қурайды. Сөйтіп, шымтезек түзеді. Шымтезек мүгі латынша сфагнум деп аталады.



VІ. Үй тапсырмасы: 7-сыныптың оқулығы, §17 -18 оқып, сұрақтарға жауап беру.
VІІ. Бағалау

Сынып: 6 Биология Күні: 15.01.2015жыл.
Тақырыбы: Қырықжапырақтәріздес өсімдіктер бөлімі
Мақсаты: қырықжапырақтәріздес өсімдіктердің құрылысы, қызметі, табиғаттағы маңызы туралы білім беру.
Міндеттері

Дамытушылығы: тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту
Білімділігі: өсімдіктердің құрылысы, қызметі, табиғаттағы маңызы туралы білім беріп, осы өсімдіктердің ерекшелігі және көбеюі жолдары туралы білімдерін толықтыру.
Тәрбиелілігі: өзін - өзі бақылау дағдысын тәрбиелеу. өздігінше ойлануға баулу. Денесін жетілдіру қажеттілігін сезінуге баулу
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, кеппешөптер, флипчарт
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдістемелік шешім: сұхбаттасу, әңгімелесу, білім алушылардың ойын тыңдау, көрсетілмдер көрсету, кітаппен жұмыс
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Плаун мен қырықбуын құрылысын салыстыр.

  2. Қырықбуынның кебеюі туралы айтыңдар

  3. Плаунның көбеюі жолдары


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:

Жүйелі жіктеу

1.Жалпы сипаттама

2.Көбею жолдары


Қырықжапырақтәріздестер – жоғары сатыдағы өсімдіктердің ең ертесі. 10000 астам түрі бар. Қырықжапырақтылар – тең споралы. Қазақстанда усасыр қырықжапырағы кездеседі. Ол ылғалды жерлерде өседі. Ол тамырсабақты өсімдік. Тамырсабақты қысқарған сабақ дейді. Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады. 1) фотосинтез, 2) споралар түзіліп, көбеюге қатысады.

Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделгендіктен, өсімдік қырықжапырақ деп аталады.

Қырықжапырқтар өсімді, жыныссыз, жынысты жолдармен көбейеді.

Өсімді көбею тамырсабақтары және өнім бүршіктері арқылы жүзеге асады.

Жыныссыз көбею жаз кезінде қырықжапырақтың жапырағының астыңғы бетінде, орталық жүйкені бойлай қоңыр төмпешіктер түзеді. Оларды сорустар деп атайды. Сорус дегеніміз- спарангийлердің жиынтығы.

Жыныстық көбею - өскіншеде жүзеге асады. өскінше жүрек пішінді, жасыл түсті, диаметрі 4 мм. Ол ризоидтары арқылы топыраққа бекінеді.

Қырықжапырақтыларды өсімдікжайда сәндік үшін өсіреді.


Әсер етуші факторлар


ІV. Бекіту: Усасыр қырықжапырағының құрылысы.
V. Қорытынды: Мүктәріздес өсімдіктер мен қырықжапырақтәріздес өсімдіктерді салыстыру, тақтамен жұмыс.
VІ. Үй тапсырмасы: 21 параграфты оқып, сұрақтарға жауап беру.
VІІ. Бағалау


жүктеу 1,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау