Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Фармакогнозия және химия кафедрасы
Мамандығы : 051103 «Фармация»
Пәні : Фармакогнозия негіздері
Курсы : 4
Тәжірибелік (семинарлық, зертханалық) сабақтарға
арналған әдістемелік өңдеу
2014-2015 оқу жылы
Кафедра мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № ____ «___»___________20___ ж.
Кафедра меңгерушісі, х.ғ.д., проф. ____________________ Патсаев Ә.Қ.
Сабақ №1
1. Тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізатын фармакогностикалық талдау. Макроскопия. Микроскопия.
2. Мақсаты: Д.Ө.Ш. - ның өзі екендігін анықтау барысында зерттелетін объектінің морфологиялық жалпы белгілерінің ішінен өзіне тән ерекше белгілерін (табу) анықтау.
3. Оқыту мақсаты:
Д.Ө.Ш. - ның талдау барысында фармацевтер қолданылатын негізгі кәсіби сөздіктерді пайдалану;
Д.Ө.Ш. барлық топтарына макроскопиялық және микроскопиялық талдау жүргізуді үйрену;
Ө.Ш. нормативтік құжатқа сәйкестігі туралы қорытынды жасай білу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Дәрілік өсімдік және Д.Ө.Ш. түсінігіне анықтама беріңіз.
Д.Ө.Ш. өзі екендігіне анықтама беріңіз.
Д.Ө.Ш. сапасына анықтама беріңіз.
Макроскопиялық және микроскопиялық талдаудың мақсаттары.
Макроскопиялық талдау техникасы.
Микропрепараттарды дайындау және зерттеу үйрету және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері
№1 жұмыс. Д.Ө.Ш. әртүрлі морфологиялық топтарына МФ ХІ – сәйкес макроскопиялық талдау жасау. Берілген үлгі бойынша хаттама толтырыңыз.
Орындау әдістері:
Кептірілген шикізатты (ұсақ және етжеңді жапырақтары, жемісі, тұқымы қабығы және жер асты бөліктері) жәй көзбен, айнаның (Х6-10) немесе стереомикроскоптың көмегімен қарау үшін кленкаға немесе қағазға жайып төсейді. Кептіру барысында пішінін өзгерткен шырынды жемістерін, жұқа жапырақтарын, гүлін, өсімдіктің майысқан бөліктерін (сабақтарының жапырағы мен гүлдерінің бөліктері) алдын-ала 2-5 тен ылғалды камерада немесе 5-10 минут ыстық суға салып жібітеді. Жұмсарған шикізатты шыныға, кленкаға немесе тегіс қара қағаз бетіне жайып асықпай жаймалайды. Гүлін алдымен бүтін күйінде кейін ішкі құрылысын микроскоппен қарау үшін препарат дайындайды. Жемісінен жеміс шырыны мен тұқымын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |