Сыртқы белгісін стандартты үлгіге немесе қалыпты құжатқа қарап салыстыра отырып анықтайды.
Өлшемі: Ірі объектілері үшін 3см-ден жоғары миллиметрлік өлшеуішпен 10-15 рет өлшейді. Ұсақ объектілерді (3см-ге дейінгі) миллиметрлік қағазға жайып 20-30 рет өлшеп, ортаңғы мәнін есептейді. Домалақ шар тәрізді тұқымдарды домалақ өлшемді саңылауы бар елеуіштерден елеу арқылы оның өлшемін анықтайды.
Шикізаттың түсін күндізгі жарықта анықтайды. Шикізаттың түсін оның үстіңгі бетіне қарап (жапырақты екі бетіне қарап) және шикізаттың сынығына, кесіндісіне қарап (тамырлары, тамырсабағы, қабығы) анықтайды.
Иісін саусақпен ысқылау арқылы немесе келіге салып анықтайды. Кейде қалыпты құжат бойынша ыстық суға салу туралы нұсқау беріледі.
Дәмін шикізаттың жас немесе кептірілген күйінде дегустация арқылы (жұтпай) немесе 10%-дық қайнатпасының дәмін көру арқылы улы өсімдіктердің дәмін анықтамайды.
№2 жұмыс. Д.Ө.Ш. - ның морфологиялық топтарының (жапырағы, гүлі, шөбі, қабығы, жемісі, тұқымы, тамыры, тамырсабағы және басқа жер асты органдарының) микропрепараттарын дайындау.
Жапырағы - Fоlia жұқа жапырақтарын жапырағының кесіндісін жасамай-ақ үстіңгі бетін микроскоп арқылы қарауға болады. Ұлпаларын түссіздендіру үшін құрғақ жапырақтарын сілті ерітіндісінде қайнатады. Жапырақ ұлпаларын 30%-дық хлоралгидрат ерітіндісінде 10-15 минут қайнату арқылы жақсы түссіздендіруге болады. Ұсақ жапырақтарын түссіздендіруге бүтіндей алады, ірі жапырақтарының маңызды диагностикалық бөліктерін: жапырақ шетін, тістерін, бас жүйкелерін, жапырақтың жоғары ұшын алады. Түссіздендірілген немесе сумен жуылған жапырақтары мен олардың кесінділерін скальпельмен алып заттың шыныға салып глицерин немесе хлоралгидрат тамызып жақсылап жаймалайды. Үстін жабық шынымен жауып, ауаны кетіру үшін қыздырады да суытып алып микроскоппен қарайды.
Гүлдері - Flores зерттелетін препаратты алдын ала 2-3 минут суда немесе 1-2%-дық күйдіргіш натр ерітіндісінде қайнатады. Жеке гүлдер бөліктерін заттық шыныға салып бір тамшы глицерин ерітіндісін тамызып препаровальді инемен жайып, бетін жабық шынымен жауып ауаны ығыстыру үшін қыздырады. Микроскоптың көмегімен препараттың үстіңгі бетінен қарайды.
Шөбі - Herba. Шөбіне талдауды жапырағы арқылы жасайды, сондықтан микропрепарат дайындау үшін жапырағын немесе жапырақ бөлігін алады. Жапырақсыз шөптерді анықтау үшін сабақ эпидермісінің препаратын немесе сабағының көлденең кесіндісін дайындайды. Сабағының кесінділерін алдын ала сілті ерітіндісінде қайнатып алғаннан кейін скальпельмен эпидермісін алады. Көлденең кесіндісін дайындау үшін сабағын алдын ала жібітеді. Түссіздендіретін ерітінді ретінде әдетте су, глицерин немесе хлоралгидрат ерітіндісі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |