|
Сабақ №1 Тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізатын фармакогностикалық талдау. Макроскопия. Микроскопия
|
бет | 18/31 | Дата | 23.08.2023 | өлшемі | 465,5 Kb. | | #43203 | түрі | Сабақ |
| метод-ПЗ-осн-ФГЗ-фармация-казСабақ№2
1. Тақырыбы: «Қабық» дәрілік өсімдік шикізатының макроскопиялық анализі. Макроскопиялық анализдің техникасы.
2. Мақсаты: Өсімдік шикізатының осы тобының макроскопиялық анализінің техникасын білу.
3. Оқыту мақсаты:
Дәрілік өсімдік шикізатының микроскопиялық анализін жүргізу барысында фармацевтер қолданатын профессионалды терминдерді ажырата білу.
Өсімдіктер шикізатының осы тобының анатомиялық құрылысының ерекшеліктерін білу;
Дәрілік өсімдік шикізатының морфологиялық топтарының, олардың латынша, қазақша атауларын білу;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Анықтамаларға түсініктеме бер: а) дәрілік өсімдік; б) дәрілік өсімдік шикізаты; в) дәрілік құралдар.
2.Микроскопиялық анализді жүргізу ерекшеліктері және оның мақсаты.
3.Дәрілік өсімдік шикізатының сапасын қанағаттандыратын нормативті құжаттар.
5. Білім берідің және оқытудың әдістері: лабораториялық жұмыстарды орындау.
Қабықтың жанама кесінділерін дайындайды. Өлшемі 2-3, 0,5-1см болатын қабық бөліктерін 5мин бойы сынауықта сумен қосып қайнатады. Жұмсарған бөліктерін скальпілмен алады. Тіліктерін жасап, глициринде немесе хлор алгидрат ерітіндісінде микроприпарат дайындау.
Қатайған элементтері. Шыны үстіндегі кесіндіге флороглюцин ерітіндісінің бірнеше тамшысын 25%ті күкірт қышқылының 1тамшысын таызады. 1минуттан соң сүзгі қағазбен сұйықтықты сорып алады, кесіндіні хлоралгидрат немесе глицирин ерітіндісіне батырып жабынды шынымен жауып қояды (қыздырмай қарау керек); Қатайған механикалық элементтер қызыл-таңқурай түске боялады.
Крахмал. Крахмалды анықтау үшін құрғақ қабықты Люголь ерітіндісінде қарайды. Крахмалды бөлшектер көк түске боялады. Кішкентай мөлерінің және анатомиялық құрылысының суретінің схемасын салу.
Ұлпаның белгілері бойынша диагностикалық талдау жасап кестені толтыру
Ұлпа
|
Сипаттамасы.Диагностикалық белгісі.
|
Жабынды ұлпа
|
|
Калленхима
|
|
Біріншілік қабық
|
|
Екіншілік қабық
|
|
Механикалық элементтер
|
|
Кристалды қосылыстар
|
|
Анықтаған белгілеріңді нормативті құжаттың «Микроскопия» бөлімімен салытырыңдар.
Анықталып отырған дәрілік өсімдік шикізатына нормативті құжаттың «Микроскопия» бөліміне сай қорытынды жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|